Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар



бет27/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы

Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады.

Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса

күрделі де қажет мəселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет