Тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыру
Соңғы педагогикалық зерттеулерде «тұлғаның базалық мəдениеті» түсінігі қабылданған. Адамның іс-əрекеті барысында жүзеге келетін білімдер , ептіліктер, дағдылар, ой-өріс, адамгершілік жəне эстетикалық даму деңгейі, ортақтасу əдістері мен формалары- бəрі қосылып, «тұлғаның базалық мəдениетін» құрайды.
Тəрбие тұлғаның аталған мəдениетін дамытушы əрі қалыптастырушы бірден бір құрал. Соңғы педагогикалық əдебиеттерде тұлғаның базалық мəдениетін түзуге көмектесетін бірнеше жеке элементтер аталады:
табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тəрбиесі, тұлға сапасы ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау);
өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын жəне оның құндылық мəнін дəріптеу; бақыт, еркіндік, ар-намыс, əділдік-теңдік, туысқандық жəне т.б. сынды құндылықты категорияларды қалыптастыру);
қоғамға бағытталған құндылықтар (қоғамның құқықтық негізі жəне оның саяси құрылымымен танысу; қоғамдағы жеке адам проблемасын зерттеу: «Мен» жəне қоғам, отаншылдық тəрбиесі);
еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбектік дағдыларға үйрету).
Дəстүрлі педагогикада тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыруға орай жүргізілетін тəрбиелік іс-əрекеттердің бірқанша бағыттары аталады. Ғалымдардың көбі тəрбиелік істердің келесідей бағыттарын ұстанады (Б.Лихачев, В.А.Сластенин, М.П.Подласый, т.б.):
ғылыми дүниетаным қалыптастыру;
азаматтық тəрбие;
еңбек тəрбиесі;
адамгершілік тəрбиесі;
эстетикалық тəрбие;
дене тəрбиесі.
Тəрбиелік істердің кейбір жетекші бағыттарының мазмұнын ашайық.
Достарыңызбен бөлісу: |