Азаматтық тəрбие мəні – кемелденудегі ұрпақты отаншылдық, құқықтық, адамгершілік сезімдеріне баулып, өз қадірін, тұлғалық еркіндігін, тəртіптілікті, басқа азаматтар мен мемлекеттік билікті сыйлауды үйрету, сонымен бірге жүктелген міндеттерді орындау, отаншылдық, ұлтжандылық жəне ұлтаралық сыйластық сезімдерін үйлесімді байланыстыра білу қабілетін дамыту.
Азаматтық тəрбие мақсаты – əр адамда қоғамның адамгершілік мұраттарын, Отанға деген сүйіспеншілік, бейбітшілікке ат салысу ықылас –ниеттерін қалыптастыру. Азаматтықтың негізгі элементтері – мемлекет жəне басқа азаматтарды құрметтеуге байланысты өз міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін адамгершілік жəне құқықтық мəдениет. Кемелденген азаматтықтың белгісі – сөз бен істің бірлігі. Адам тұлғасының дамуына бағытталған гуманистік қадамдар да – осы азаматтық сезімдердің деңгейімен бағаланады.
Азаматтық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны: əрекет- қылықтың конституциялық жəне құқықтық талаптарын зерттеу, үйрену; бейбітшілікке, зорлау күшін жұмсамауға тəрбиелеу; қоғам жəне тұлға мүддесін танытушы қоғамдық сананың бір формасы азаматтың сезімін, ұлтаралық ортақтасу жəне құқықтық қатынастар мəдениетін, еліміздің жетістіктері жөніндегі білімдер жүйесін, адамның қоғамда өз мүмкіндіктерін іске асыруға себепші азаматтық тəжірибесін қалыптастыру.
Азаматтық тəрбие тиімділігін көтерудің арқасында төмендегідей жетістіктерді қолға түсіруіміз мүмкін:
азаматшылдық идеяларын қабылдаудың психологиялық кейіп жағдайлары жасалады;
азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады;
бірлікті өмір сүруге дағдыланады;
өз талаптарында , əрекет-қылықтарында , əдеттері мен əрекеттерінде, ниеттері мен қалауларында астамдылыққа бармауға үйренеді;
басқалар мүддесін де ескерудің қажеттігін сезінетін болады;
қоғамдағы бейбітшілік, өзара түсіністік, ымырашылдық пен тəртіптілік сақтау үшін қажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау мен қадағалау жүргізуге бейімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |