Отаншылдық тəрбиесі. Бұл тəрбиенің мақсаты – оқушыда өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, оған адал қызмет жасауға, оны қорғауға баулу; туған ел тарихы жəне өз халқы мен басқа да ұлыстардың мəдени мұрасын, салттары мен дəстүрлерін қастерлеу қатынасын қалыптастыру;
Отаншылдық тəрбиесінің мазмұны:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздерін (Ел таңба, Ту, Əнұран) зерттеп, тану. Сонымен бірге басқа елдердің де мемлекеттік белгілерін білу;
отаншылдық (өз Отаныңа болған сүйіспеншілік) пен интернационализмнің (басқа ұлт адамдарына, елдерге, мемлекеттерге бағытталып қалыптасқан достық, қатынастар сезімі) əрқилы тұстарын түсініп, қайта қарастыруға мүмкіндік беретін білімдер шеңберін кеңейту;
туған өлке табиғаты мен тарихын зерттеу;
елімізбен байланысқан өзге мемлекеттер тілін, тарихын, ондағы халықтар салты мен дəстүрлерін білу;
халқымыздың жауынгерлік даңқы мен қаhармандығына байланысты нақты дерек көздерін іздеу жəне зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |