Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар


зерттеудің практикалық маңызы



бет30/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы

зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар жəне т.б. дайындауға арқау болуында.

Жаңалылық тиектері, теориялық жəне практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына да тəуелді келеді.

Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалық- жұмыстар орындауды қажет етеді.

Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.



Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мəні: зерттеу объектті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мəнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық (эксперименталды-теориялық) деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.

Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық жəне гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.

Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нəтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет