Диагностика (грек сөзі: диа – ашық, айқын жəне гнозис - білу) – зерттелуші объект немесе процесс жөніндегі ақпараттарды күні ілгері алудың жалпы тəсілі. Педагогикалық даму саласындағы диагностиканың мəн-мағынасы, медицинадағы сырқатты күні бұрын
анықтаумен бірдей. Диагностика жолымен тəрбие процесіндегі қандай да өзгерістердің белгілері мен себептері, оның сипаты анықталып, ол тəрбиені болашақта дұрыс жолға келтірудің жоспарына негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика барлық еңбекті зая етіп, алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ түгіл, оны асқындырып жібереді. Сондықтан да, даму желісін диагностикалау жоғары мамандық пен жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық іс.
Оқушының тəн-дене дамуын диагностикалау қиындық тудырмайды. Бұл үшін бүкіл дүниежүзінде жалпы жəне айрықша сапалардың даму дəрежесін өлшестіруші ерекше тестер (нұсқау-көрсетпелер) қолданылады. Берілген тапсырманы орындауына қарай оқушының қажетті деңгейге, тəн-дене дамуындағы нақты өлшемдерге сəйкестігі анықталады. Алынған деректер жас мүмкіндіктермен салыстырылады.
Рухани, əлеуметтік дамуды диагностикалау үлкен қиындық тудырады. Бұл мақсатта қолданылатын əдістемелер əзірше күрделі, қорытынды дəлдігін қамтамасыз ете бермейді. Диагноз анықтаудың сенімділігін көтеруге орай комплексті тексерістер, антропометриялық, əлеуметтік жəне психологиялық деректер жинақталып, өзара салыстырылады, ал бұл үшін арнайы жабдықталған клиникалар мен зертханалар, дайындықты мамандар қажет. Нақты педагогикалық практикада мектеп психологтары мен мұғалімдері тұлғаның жекеленген қасиет-сапаларын анықтауы мүмкін, бірақ мұндай зерттеулердің нəтижесіне негіздеп, даму құрылымдарына жалпы баға беріп болмайды.
Оқушылардың дамуындағы кейбір ерекшеліктерді диагностикалаудың қарапайым əдістерін үйреніп алу кəсіби педагогикалық дайындықтың аса маңызды шарты. Мектеп мұғалімдерін аса қызықтыратын жəйттер – оқушылардың ақыл-ой əрекеттерін, мінез-құлық сеп- түрткілерін, қажетсіну деңгейін, көңіл- күй шабытын, əлеуметтік бітістер дамуы мен т.б. маңызды сапаларын күні ілгері байқастыру. Аталған сапаларды зерттеудің кең тараған əдісі- бұл тестілеу. Мұғалімдердің өз қызметтерінде пайдалануы үшін чех психологы Й. Иырасектің алты жасар балалардың ойлау қабілетін анықтауға жəрдемін тигізер тестерді кейбір өзгерістер енгізіп үлгі ретінде ұсынып отырмыз:
Қай жануар үлкенірек – жылқы ма, ит пе? Жылқы –0 , қате жауап- -5.
Күндіз оқимыз, ал түнде… ?
Ұйықтаймыз-0, ойнаймыз, сабақ оқимыз жəне т.б. - -3.
Күндіз жарық, ал түнде ….?
Қараңғы –0, қате жауап –4
Аспан көк, ал шөп…? Жасыл –0, қате жауап- 4.
Алма, алмұрт, шие… бұл не?
Жеміс –1, қате жауап-1.
Неліктен адамдар өтетін жолда қызыл бағдаршам жанады? Сақтандыру үшін, т.т. –0, қате жауап-1.
Сағат неше? (қағаз сағатта: жетіге 25мин. қалды, 5мин. кем 8,
он екіге 5мин. қалды).
Жақсы көрсетілген –4, бір ғана уақыт көрсетілген-3, білмейді-0.
Мəскеу,Алматы, Астана деген не? Қалалар –1, станциялар-0, қате жауап- -1.
Кішкентай сиыр-бұзау, кішкентай ит …, кішкентай қой …?
Күшік, қозы –4, екеуінің біреуі-0, қате жауап - -1.
Ит мысыққа не тауыққа ұқсай ма? Несімен ұқсайды?
Мысыққа (бір белгісі жеткілікті)-0, мысыққа ұқсас (белгі келтірмей- ақ)-1, тауыққа - -3.
Автомобильдерге тежегіш неге керек?
Екі себеп (таудан түскенде, тоқтау үшін жəне т.б.)-4, бір себеп-0, қате жауап- -1.
Балға мен балта несімен ұқсас?
Екі ұқсастық-3, бір ұқсастық –2, қате жауап-0.
Жолбарыс пен мысық несімен ұқсас?
Екі ортақ белгі –3, бір ұқсастық –2, қате жауап-0.
Шеге менен винт немен ажыралады?
Винттің тілімі бар-3, винттің гайкісі бар-2, қате жауап-0.
Футбол, волейбол, суда жүзу –бұл …?
Спорт (дене шынықтыру-3, ойындар (жаттығу, жарыс)-2, қате жауап –0.
Қандай автокөліктерді блесің?
Үш жол көлігі жəне ұшақ не корабль-4, жəрдемдесумен жауап-2, қате жауап-0.
Кəрі жас адамнан қалай ажыратылады?
Үш белгі-4, бір не екі ерекшелік-2, қате жауап (таяғы бар, шылым шегеді)-0.
Адамдар неге спортпен шұғылданады? Екі себеп-4, бір себеп-2, қате жауап-3.
Неліктен сабақтан қашу жаман? Дұрыс жауап –2, қате жауап-0.
Неліктен хат конвертіне марка жабыстыру керек?
Тасудың төлем ақысы –5, айыппұл төлемес үшін-2, қате жауап-0.
Тест нəтижесі – жеке сұрақтарға берілген балл қосындысы. Нəтижелердің сарабы (классификациясы) :
өте жақсы… +24 жəне одан жоғары жақсы …+14 +28 дейін қанағаттанарлық… +0 +13 дейін
жаман … -1 -10 дейін
өте жаман … -11-дан төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |