Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар



бет92/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы

Семинар -меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу- танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары , бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі.

Жүргізу тəсіліне орай семинарлардың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде аса кең тарағаны – семинар-сұхбат : оқытушының қысқа кіріс сөзі жəне қорытындылауымен жоспарға сəйкес кең əрі ашық сұхбат- əңгімелесу формасында өтеді. Семинарға жоспар сұрақтары бойынша барша оқушылардың мұқият дайындығы қажет, бұл тақырып бойынша белсенді талқы, пікір-талас ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоспардың əр сұрағы бойынша жеке оқушылар хабарламалары тыңдалады, соңынан олар басқа оқушылар тарапынан талқыланады əрі толықтырылады.

Кейде семинар қатысушылары сұрақтарды өзара бөліп алады да, баяндамалар, хабарламалар дайындайды, кейін олар семинар сабағында тыңдалады жəне талқыланады.

Семинардың ерекше түрі семинар-сөз-жарыс. Ол қандай да бір проблеманың шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады. Мұндай семинардың мақсаты –дүниетанымдық бағыт-бағдар бекіту, бағалау пікірлерін қалыптастыру, пікірталас жүргізу ептіліктерін дамыту, өз көзқарастары мен ұстанымдарын қорғауға үйрету, өз ойын қисынды да анық баяндауға баулу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет