Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет188/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар


  1. XX ғасыр ақыны Ли–Чачаудың ой–тұжырымының нәтижесі жайлы айтыңыз.

  2. Қытай әдебиетіндегі повесттің қалыптасуы, оның негізін қалаған жазушы.

  3. 1970 жылы Қытайда белең алған үдеріс?

  4. Постмодернизмнің өзіндік ерекшелігін көрсетіңіз.

  5. Қытай сыншыларының бірі Ло Ганның ұстанған идеясы?

  6. Ма Юань шығармашылығына тән өзіндік ерекшелік?

  7. 1990 ж. пайда болған жазушылардың қызығушылықтарын оятқан бағытты сипаттаңыз.



Иран әдебиеті
ХХ ғасырда Иранда пайда болған әдеби журналдар елдің әдеби өміріне біршама өзге­ріс­тер әкеледі. Егер бұрын-соңды иран ақындары ірі қоғам қайраткерлер айналасында жина­ла­тын болса, енді олар әдеби журналдар арқылы біріге бастайды. Осындай әдеби журналдарда поэзия, проза, Иран және шетел әдебиеті туралы жаңалықтар да жарияланып отырады.

1910 ж. қараша айы мен 1922 ж. сәуір айына дейін «Бахар» журналы елге қызмет етеді. Оның редакторы Иранның атақты мәдени қайрат­кері Мирза Йусеф-хан Аштияни болған. «Бахар» журналында әдеби материал­дармен қатар ғылыми, саяси, тарихи және әлеуметтік мәселелерге арналған мақалалар жарияланып отырғанына қарамастан, бұл басылымды Ирандағы алғашқы әдеби журнал деп айтуға болады.

Тегеранда 1920 ж. пайда болған «Анджомане адабийе Иран» атты әдеби қоғам мен журналдың бірлестігінде Бахар, Хабиб Йагмаи, Саид Нафиси мен Рашид Йасеми үлкен орын алады. Ұйым мүшелері маңызды әдеби ескерткіштер мен атақты ақындардың өлеңдер жина­ғын жарыққа шығару үшін көп еңбек етеді. Олар Низами шығармаларының жеті томдық жинағы мен адиб әл-Мамалектің, Каем-Макам Фараханидің дуанын, Баба Тахир мен Обейда Заканидің шығармалар жинағын, Насрабадидің антологиясы мен басқа да құнды кітаптарды жарыққа шығарады.

30-шы жылдары аталған әдеби қоғам әлсірей бастап, өз жұмысын шектеуге мәжбүр болады. Бұл қоғамның негізін қалаған Уахид Дастагарди үлкен күш жұмсап, «Армаган» әдеби журналын құру арқылы әдебиеттің дамуына зор үлесін қосады. 1920 ж. жарық көре бастаған бұл журналда парсы әдебиетінің классикалық туындылары мен қазіргі таңның атақты авторларының шығармалары, сонымен қатар тіл білімі мен мәдениет саласындағы зерттеу жұмыстары, атақты Батыс және Кеңес шығыстанушыларының мақалалары жариял­анатын. Журналда көбіне ғылымдағы және қоғамдық өмірдегі өзекті мәселелер қозғалатын.

Парсы көркем прозасының дамуындағы біршама өзгерістер роман, повесть, новелла сынды жаңа жанр түрлерінің дамуына ықпал етті. Ирандағы алғашқы нағыз әлеуметтік роман ретінде 1921 ж. жарық көрген «Техране махуф» («Қорқынышты Тегеран») атты шы­ғар­маны ерекше атап өтуге болады. Оның авторы Мортаза Мошфек Каземи (1889-1978) кәсіби елші болатын. Ол қызмет бабымен жиі шетелдіктермен қарым-қатынас жасап, Еуропа елдеріне сапар шегіп, батыстық роман үлгілерімен де танысады.

Мошфек Каземидің «Голе пажморде» («Солған гүл») романы мен «Розегар уә анди­шеха» («Өткен туралы ойлар») атты шығармасында жазушының жеке өмірінен естеліктер келтіріліп, ХХ ғ. бірінші жартысындағы Иранда орын алған жағдайлар баяндалады.

«Қорқынышты Тегеран» романының жарыққа шығуы парсы прозасындағы естен кетпес оқиға болды. Бұл шығарма жаңа типтегі алғашқы роман болды және онда алғаш рет Иран қоға­мына тән құбылыстар шебер суреттеледі. Роман халық арасында кең тарап, үлкен жетіс­тікке ие болады.

Аталмыш шығармада бір-біріне өлердей ғашық болған екі жастың қайғылы тағдыры баяндалады. Махиннің әкесі қызының кедей отбасынан шыққан Фаррохқа тұрмысқа шы­ғуы­на тыйым салады. Ол қоғамда беделге ие болып, мәжіліс депутаты болу үшін қызын ақсүйек отбасынан шыққан бай адамға қоспақшы болады. Екі жас өз бақыты мен махаббаты үшін күресіп, талай қиындықтарды да бастан кешіреді. Соңында Фаррох тұтқындалып, Махин қа­за табады. Ал Фаррохтың әкесі ұлының қайғысын көтере алмай көз жұмады.

Фаррох пен Махиннің бұл оқиғасы Каджар әулетінің билігі тұсында басталып, кейін Пехлеуи әулеті деп аталған Реза-Ханның әскери төңкерісі кезінде (1921 ж. 21 ақпаны) өз жал­ға­сын табады. Романда Иран қоға­мында ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен шаруа­ларды мәжбүрлеу арқылы сайланған мәжіліс депутаттары, қызмет өкілеттілігін жеке мақсаттары үшін қолданатын министрлер мен моллаларға дейін өткір сынға алынады. Жал­пы айтқанда, бұл шығармада «қорқынышты» Тегеранның барлық жағым­сыз жағы шебер сурет­телген. «Қорқынышты Тегеран» романының авторы өз шығармасында қоғамды адам­гер­шілік құндылықтармен өмір сүретін еңбекші­лер және әдепсіз жексұрындардан тұратын басқарушылар деп екі тапқа бөледі.

Мошфек Каземи Еуропа әдебиетімен жақсы таныс болып, тіпті француз романдарын түпнұсқада оқыса да, Батыс үлгісінің ықпалына ұшырамастан, ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, жаңа парсы әлеуметтік романын дүниеге әкеледі. Шығарманың тілі ауыз екі тілге өте жақын. Романда халықтың күнделікті тұрмысы мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі сипатталып, табиғат көрініс­тері әсем бейнеленеді.

ХІХ ғ. жазылған парсы тіліндегі «үлкен көлемді» прозалық шығар­маларда басты кейіп­кер ретінде тарихи тұлғалар алынатын болса, «Қорқы­нышты Тегеран» деп аталатын атал­мыш романда алғаш рет көркем образдар басты назарға алынған. Бұл шығарманың тағы бір ерекшелігі, онда автор оқиға­ларды құр баяндаудан гөрі суреттеуді жиі қолданып, кейіпкер­лер­дің сыртқы бейнесі мен жандүниесін шебер сипаттайды.

20-30 ж. Иранда «Қорқынышты Тегеран» атты шығармадан кейін Мохаммад Хеджази, Саид Нафиси, Аббас Халил сынды авторлардың еңбектері пайда бола бастайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет