Оқулық Алматы, 2012 2 (075. 8) Ббк 32. 81 А 99



Pdf көрінісі
бет2/30
Дата17.04.2020
өлшемі8,17 Mb.
#62878
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
aiajanov-akparattyk-juielerdin


қоғамның ақпараттық 
инфрақұрылымдарын (бүкіл дүниежүзі үшін жаһандық, ұлттық 
немесе өңірлік) құру жəне дамыту проблемасын шешуге мүмкіндік 
берді. Жаһандық немесе корпоративтік желілер арқылы ұжымдық 
пайдалану үшін берілетін ақпараттық қорларды, ашық жүйелер идео-
логиясы мен стандарттар негізінде құрылған АЖ қалыптастырады 
жəне қолдайды. Сондықтан ақпараттық инфрақұрылымдар пробле-
масы, жекелей алғанда оны жүзеге асыру, əрбір АЖ-ге ғана емес, 
сонымен бірге инфрақұрылымдар шеңберлерінде өзара бірлесіп 
жүзеге асыратын жиынтық АЖ-ге ашық жүйелер идеологиясын 
таратуға саяды. 
Бүгінгі күні ашық жүйелер тұжырымдамаларында ОЖ мен 
мəліметтер қорлары (МҚ) стандарттарына ғана емес, сонымен 
бірге қолданылатын жүйелерді, қосымшалар мен пайдалану-
шыларды біріктіретін стандартталған интерфейстерге де назар 
аударылған. Бұл көзқарас дүниежүзінде танылған стандарттарды 
интерфейстерге, хаттамаларға, мəліметтер алмасу форматтарына 
шоғырландыруды талап етеді. Қазіргі ашық АЖ-нің гетерогендік 
ортасында мэйнфремдер (əмбебап ЭЕМ) мен суперкомпьютерлер, 

16
Unix жəне Windows платформаларда серверлер, жергілікті жəне 
жаһандық желілер арқылы байланысқан дербес компьютерлер 
мен жұмыс стансалары біріктірілуі мүмкін. Осылардың барлығы 
желілерге жəне желілердің өзіне қосылатын əрбір жүйедегі ашық 
жүйелер стандарттарын таңдау мен жүзеге асыру үшін жүйелік 
əдіснамалық негіздерді қажет етеді. 
Осыдан ары қарайғы тақырып мазмұны осы əдіснаманы зерделеу-
ге арналған жəне оған мыналар кіреді:
•  ашық жүйелердің негізгі анықтамасы мен қасиеттері;
•  ашық жүйелердің тұжырымдылық моделі (жүйелер тəртібінің 
моделінен өзгешілігі референстік модель деп түсіну керек);
•  пəннің əдіснамалық негізі болып қабылданған OSE/RM (Open 
System Environment/Reference Model) эталондық модельдердің 
интерфейстері; 
•  ашық жүйелердің негізгі қасиеттерін қамтамасыз ету құралдары;
•  ашық жүйелер профильдерін қалыптастыру жəне қолдану 
əдіснамасы;
•  ашық ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялардың 
базалық стандарттары.
Осы пəнді оқып үйренетін студенттер, құрылымдық жəне 
объектіге бағдарланған талдау жасау мен ақпараттық жүйелерді 
жобалау жəне осы жүйелер үшін қолданбалы бағдарламалық 
кешендерді бағдарламалау əдіснамаларымен таныс деген ұйғарым 
жасаймыз. Осы пəнді оқып үйрену, олардың қолданылатын 
стандарттар мен спецификациялардың ұшы-қиыры жоқ шексіз 
мұхитынан, нақты қолданбалы сала үшін қажетті жəне жеткілікті 
стандартталған ортаны таңдай алуына жəне ең соңында, құрылатын 
АЖ-ні қандай стандарттар қанағаттандыруы тиіс деген сұраққа жа-
уап беруге көмектеседі. 
АЖ-ні жобалау барысында алынған, осы сұраққа берілген толық 
жауап, құрылатын қосымша ұзақ өмір сүретін, жаңа жобаларда 
жəне аталған АЖ-ні дамыту кезінде қайталап пайдалануға бола-
тын жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл, онсыз ай-
налып өтуге болмайтын, оны сүйемелдеу жəне дамыту қиын (кейде 
мүмкін емес) бұрынғы жүйелерден «мұра болып қалған» проблема 
болашақта туындамас үшін қажет. 

17
 
ҚОРЫТЫНДЫ
• Ғылыми-техникалық революция қоғамдық өндірістің бет-
бейнесін, еңбек жағдайын, сипаты мен мазмұнын, өндіргіш 
күштердің құрылымын, қоғамдық еңбек бөлінісін өзгертеді, 
өндіргіш күштердің шапшаң өсуіне мүмкіндік береді, адамдардың 
мəдениетін, тұрмысын, психологиясын, қоғамның табиғатпен өзара 
қатынасын қоса алғанда, қоғамдық өмірдің барлық жақтарына 
ықпал етеді, ғылыми-техникалық ілгерілеуді (ҒТІ) күрт жеделдету-
ге əкеледі. Өндірісті автоматтандыру – бұл бұрын адам орындаған 
басқару мен бақылау функцияларын аспаптарға жəне автоматты 
құрылғыларға беретін машиналық өндірісті дамытудағы үдеріс.
• Өндірісті автоматтандыру – бұл бұрын адам орындаған 
басқару мен бақылау функцияларын аспаптарға жəне автоматты 
құрылғыларға беретін машиналық өндірісті дамытудағы үдеріс.
• Өндірісті автоматтандырудың мақсаты өндірістің бүкіл қорларын 
оңтайлы пайдалану үшін еңбек өнімділігін арттыру, шығарылатын 
өнімдердің сапасын жақсарту, жағдай жасау болып табылады. 
• «Жүйе» ұғымын пайдалануға деген қажеттілік, өте ертедегі 
уақыттан əртүрлі физикалық табиғат объектілері үшін пайда бол-
ды: сол кездің өзінде-ақ Аристотель, тұтастық (яғни жүйе – авт.) 
– оны құраушы бөліктердің қосындысы ғана еместігіне назар ау-
дарды.
• Ақпараттық қорлардың ықпалдасуы қазіргі АЖ-ні құруда 
маңызды рөл атқарады. Мəліметтер қорлары, білім қорлары, 
қайталап пайдаланатын бағдарламалар қорлары ақпараттық қорлар 
болып түсіндіріледі. Осы қорларды құруға жұмсалатын шығындар 
аса елеулі, ал осыған дейін қолда бар қорлардың көлемі мен 
құндылығы аса зор жəне тез өсіп отырады. Сондықтан қазіргі АЖ-ні 
құру кезінде екі есепті шешуге тура келеді.
• Соңғы жылдары ықпалдасқан ақпараттық-телекоммуника-
циялық жүйелер (ЫАТЖ) құру мен оны пайдалану үдерісі белсенді 
дамуда. Осындай жүйелерде АЖ функциялары мен мəліметтер беру 
жүйелері біріктіріледі жəне осы кезде, мысалы, байланыс арнала-
ры бойынша оларды сақтау, өңдеу жəне беру кезінде мəліметтерді 
қорғау бойынша жоғары талаптар қойылады. ЫАТЖ-нің осындай 
мысалдары болып мыналар саналады: электронды банкаралық есеп 
айырысу жүйелері мен қаржы-несие аясының өзге де жүйелері, əуе 

18
тасымалдауын басқару жүйелері, құқық қорғау органдарына қызмет 
көрсететін жүйелер. 
• Осы бағытты одан əрі дамыту əртүрлі салалар, əсіресе, ғылым, 
мəдениет жəне білім беру салалары үшін электронды мəліметтер ал-
масу форматтарына стандарттар əзірлеумен байланысты болды. 
Ғылыми жарияланымдардың электронды көрсетілулерімен алмасудың 
стандартталған форматтары осы салалардағы объектілердің өзіндік 
ерекшеліктерін ескере отырып, математика, химия, биология жəне меди-
цина мен өзге де ғылым салалары үшін ұсынылған. Сондай-ақ мұражай 
коллекцияларының (сəулет, живопись, мүсін, музыкалық шығармалар) 
жəне құжаттамалық мұрағаттардың электронды көрсетілулері үшін 
стандартталған форматтар бар. 
СОӨЖ жəне СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
1. Өндірісті автоматтандыру дегеніміз не?
2. «Жүйе» ұғымын қалай түсінеміз?
3. Ашық жүйелер не үшін қажет?
4. Ашық жүйелер тұжырымдамасы қалай пайда болды?
5. АЖ-нің маңызды ерекшеліктері қандай?
6. Ақпараттық қорлардың ықпалдасуы қазіргі АЖ-ні құруда 
қандай рөл атқарады? 
7. Ықпалдасқан ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер құру 
мен пайдалану принциптері қандай? 
8. АЖ-ні қолданудың əртүрлі салалары үшін қандай халықаралық 
стандарттар əзірленген?
9. Ашық жүйелердің қандай əдіснамалық негіздері бар?
10. ААЖ идеологиясы мен стандарттары қандай?
2. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына 
жауап беру:
1.
Экономикалық ақпараттық жүйенің компоненттеріне не 
жатады?
A) Есептеуге арналған бастапқы жəне анықтамалық ақпараттар
B) Материалдық 

19
 
C) Мəліметтер
D) Дұрыс жауабы жоқ
E) Аталғандардың барлығы жатады
2.
Ақпараттық жүйенің компоненттері дегеніміз -
A) Есептеуге арналған бастапқы жəне анықтамалық ақпараттар
B) Бағдарламалық құжаттар
C) Деректерді басқару жəне сақтау жүйесін түзететін ақпараттық 
процессор
D) Материалдық жүйелердің қызмет ету процесінде іске асатын 
бағдарлама
E) Мəліметтер базасы
3.
ЭАЖ сақталатын жəне өңделетін мəліметтердің 
жинақталған түрі -
A) Форматталмаған мəліметтер
B) Форматталған мəліметтер 
C) Мəліметтер
D) Бағдарлама
E) Аталғандардың барлығы жатады
4.
Деректер базасы (ДБ) дегеніміз не?
A) Сəйкес материалдық жүйе үшін жалған болады
B) Сəйкес емес материалдық жүйе үшін ақиқат болады
C) Сəйкес емес материалдық жүйе үшін жалған болады
D) Дұрыс жауабы жоқ
E) Сəйкес материалдық жүйе үшін ақиқат болып табылады
5.
ДБ қандай түрде сақталады?
A) Анықтама түрінде
B) Материалдық түрде
C) Мəліметтер түрінде
D) Ақпарат бірлігі түрінде
E) Форма түрінде
6.
Атрибут дегеніміз не?
A) Кейбір құбылыстың не үрдістің жеке қасиеттерінің ақпараттық 
кескіні
B) Мəліметтердің материалдық кескіні
C) Сақталатын құжаттардың кескіні

20
D) Деректер жинағы
E) Формулалар жиынтығы
7.
Кез келген мəлімет қандай түрде жазылады?
A) Форматталмаған
B) Материалдық 
C) Мəліметтер
D) Дұрыс жауабы жоқ
E) Форматталған 
8.
ЭАЖ деректер базасы есептеуіш жүйесінің қандай 
құрылғысында сақталады?
A) ДБ 
B) Кез келген жерінде 
C) Есте сақтау
D) Сақтамайды
E) Дискетада
9.
Коцептуалды concept сөзінен шыққан қандай мағ наны білдіреді?
A) Сақтау
B) Ұғым, түсінік
C) Мəлімет
D) Өңдеу
E) Аталғандардың барлығы жатады
10.
Ақпараттық процессор -
A) Есептеуге арналған бастапқы жəне анықтамалық ақпараттар
B) Нəтижеге жетпес үшін ДБ жəне концептуалды схема 
операцияларының командасын атқаратын механизм
C) Нəтижені алу үшін ДБ жəне концептуалды схема операцияларының 
командасын атқаратын механизм
D) ДБ мəліметтерді сақтайтын құрылғы
E) Дұрыс жауабы жоқ
11.
Оперативті есте сақтау құрылғысы неге арналған?
A) Бағдарлама мен деректерді сақтау үшін
B) Бағдарлама мен деректерді өңдеу үшін
C) Мəліметтерді жинау үшін
D) Бағдарлама мен деректерді жою үшін
E) Мəліметтерді тез табу үшін
ы

21
 
12.
Деректер базасын басқару жүйесі дегеніміз не?
A) Бастапқы жəне анықтамалық ақпараттар
B) Бағдарламаларды есте сақтау құрылғысы 
C) Мəліметтер жиынтығы
D) ДБ енетін деректерді орталықтан сақтау, жинау, өзгерту жəне беруді 
қамтамасыз ететін бағдарламалар кешені
E) Аталғандардың барлығы жатады
13.
Заттық облыс -
A) ЭАЖ-де сақталатын жəне өңделетін ақпататтарды, материалдық 
жүйенің элементтерін атайды
B) ЭАЖ-де сақталмайтын, бірақ өңделетін ақпараттарды, материалдық 
жүйенің элементтерін атайды
C) Мəліметтер базасының аймағындағы деректер жиынтығын айтады
D) Кез келген облыстағы мəліметтер
E) Дұрыс жауабы жоқ
14.
Ақпараттық база -
A) Есептеуге арналған бастапқы жəне анықтамалық ақпараттардан 
тұрады
B) Материалдық құндылықтардан тұрады
C) Бір немесе бірнеше бағдарламалардан тұрады
D) Бір мəліметтен тұрады
E) Бір немесе бірнеше деректер базасынан тұрады
 
15.
Объект -
A) Қандай да бір жүйенің кез келген элементі
B) Кез келген облыстағы бір дерек 
C) Мəліметтердің бір жерде шоғырлануы
D) Элементтер базасының жиынтығы
E) Аталғандардың барлығы жатады
16.
Транзакция дегеніміз не?
A) Өзара байланыс
B) ДБ жиынтығы
C) Есте сақтау
D) Кез келген өзгеріс
E) Объектілерді өңдеу

22
17.
ДБ администраторы -
A) ДБ Мəліметтерді жояды
B) ДБ мəліметтерді сақтаушы
C) ДБ қолданушыларына қызмет ететін маман не мамандар тобы
D) Объектілерді іздестіретін бағдарлама
E) Аталғандардың барлығы жатады
18.
Үш деректер моделі бар
A) Ақпараттық, реляциялық, желілік
B) Реляциялық, желілік, қолданушылық
C) Мəліметтік, иерархиялық, желілік
D) Дұрыс жауабы жоқ
E) Реляциялық, желілік, иерархиялық
19.
Ақпараттың негізгі екі түрі бар, бірі ақпараттың құрама бірлігі, 
екіншісі -
A) Ақпарат
B) Атрибут 
C) Мəлімет
D) Бағдарлама
E) ДБ
20.
Ақпарат бірлігінің атын өзгерту -
A) Анықтамалық ақпараттарды өзгертуді айтады
B) Материалдық құндылықтарды сақтауды айтады
C) Мəліметтерді қорғауды айтады
D) Жаңа ат беруді айтады
E) Аталғандардың барлығы жатады

23
 
2-ТАҚЫРЫП. ЖҮЙЕЛЕР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТЕРІ
Дəрістің мəнмəтіні
Мақсаты:  Ақпараттық жүйелердің негізгі ұғымдары мен 
құрылымын оқып білу, жүйелік талдау.
Дəріс жоспары 
1. Жүйелер теориясының терминологиясы 
2. Ақпараттық жүйе ұғымы 
3. Жүйелік талдау
Негізгі түсініктер: деректер базасы, ақпарат бірліктері, пəндік 
аймақ, ақпараттық қор, объектінің қасиеті, элемент, құрылым, 
сатыластық, байланыс, күй, модель
Тақырыптың мазмұны: Қазіргі уақытта «жүйе» ұғымын 
анықтауда бірлік жоқ деуге болады. Қандай да бір формалардағы 
алғашқы анықтамаларда, жүйе – бұл элементтер жəне олардың 
арасындағы байланыстар (қатынас) екендігі туралы айтылады. Мы-
салы, жүйелер теориясының негізін қалаушы Людвиг фон Берталан-
фи жүйені өзара əрекеттесуші элементтер кешені немесе бір-бірімен 
жəне ортамен белгілі бір қатынастарда болатын элементтердің 
жиынтығы ретінде анықтады. А. Холл жүйені заттар арасындағы 
жəне олардың белгілері арасындағы байланыстармен бірге заттар 
жиыны ретінде анықтайды. Қай термин - «қатынас» немесе «байла-
ныс», қолданысқа жақсы деген талас жүруде.
Одан кейінірек жүйелер анықтамаларында мақсаттар ұғымы 
пайда болады. Мəселен, «Философиялық сөздікте» жүйе белгілі 
бір түрде бір-бірімен қатынастарда жəне байланыстарда болатын, 
кейбір тұтастық бірлікті құрайтын элементтер жиынтығы ретінде 
анықталады. 
Кибернетиканың негізін қалаушылардың бірі У. Р. Эшби алғашқы 
болып зерттеуші мен зерттелетін жүйе арасындағы өзара əрекетті 
есепке алу қажеттілігін атап көрсетсе де, соңғы уақыттарда жүйелер 
ұғымын анықтауда элементтермен, байланыстармен жəне олардың 
қасиеттерімен, мақсаттарымен қатар бақылаушы термині енгізіле 
бастады.

24
М. Месарович пен Я. Такахара «Жалпы жүйелер теориясы» 
кітабында, жүйе – «Бақыланатын белгілер мен қасиеттер арасындағы 
формалды өзара байланыс» деп санайды.
Осылайша, ескерілетін факторлардың саны мен абстрактылық 
дəрежелеріне қатысты «жүйе» ұғымын анықтауды келесі символ 
формасында көз алдымызға елестетуге болады. Əрбір анықтаманы 
D əрпімен (латынша defi nitions) жəне факторларды анықтауда 
ескертілетін санмен сəйкес келетін реттік нөмірмен белгілейміз.
D1. Жүйе бұл тұтастық:
S=A(1,0)
Бұл анықтама бар болу мен тұтастық фактісін білдіреді. А (1,0) 
екілік байымдау осы сапалардың бар болуын немесе жоқ болуын 
бейнелейді.
D2. Жүйе дегеніміз - ұйымдасқан жиын (Темников Ф. Е.)
S=(ұйымд.М),
мұндағы ұйымд. – ұйымның операторы; М – жиын.
D3. Жүйе дегеніміз - заттардың, қасиеттер мен қатынастардың 
жиыны (Уемов А. И.):
S=({m},{n},{r}),
мұндағы, m – заттар, n – қасиеттер, r – қатынастар.
D4. Жүйе дегеніміз - құрылымдар құратын жəне қоршаған орта 
жағдайларында белгілі бір тəртіпті қамтамасыз ететін элементтер 
жиыны:
S=(е, ST, ВЕ, Е),
мұндағы е – элементтер, ST – құрылым, ВЕ – тəртіп, Е – орта.
D5. Жүйе дегеніміз - өтулер операторымен жəне шығулар опера-
торларымен сипатталатын, кірулер жиыны, шығулар жиыны, жай-
күйлер жиыны:
S=(Х,Y,Z,H,G),
мұндағы, Х – кірулер, Y – шығулар, Z – жай-күй, Н – өтулер (ауы-
сулар) операторы, G – шығулар операторы. Бұл анықтама автомати-
када қарастырылатын бүкіл негізгі компоненттерді ескереді. 
D6. Бұл - кейін сөзбен тұжырымдау қиын болатын, алтымүшелі 
анықтама. Ол биожүйелер деңгейіне сəйкес келеді жəне генетикалық 
(тектік) GN бастауды, KD өмір сүру жағдайын, МВ алмасу құбылысын, 
EV дамуды, FC қызметін жəне RP көшірмені (жаңғыртуды) ескереді: 
S=(GN, KD, МВ, EV, FC, RP).
D7. Бұл анықтама F модельдері,  байланыстар, R қайта санау, 

25
 
FL өз бетімен оқу,  өзін-өзі ұйымдастыратын, СО байланыстарды 
өткізгіштік жəне JN модельдерді өршіту ұғымдарына сүйеніп пай-
даланылады:
S=(F, SC, R, FL, CJ, JN).
Аталған анықтама нейрокибернетикалық зерттеулер кезінде 
ыңғайлы.
D8. Егер D5 анықтаманы уақыт жəне атқарымдық функционалдық 
байланыстар факторымен толықтырсақ, онда əдетте автоматты 
басқару теориясында пайдаланылатын жүйелер анықтамасын ала-
мыз:
S=(Т,Х,Y,Z,W,V,η,φ),
мұндағы, Т – уақыт, Х – кірулер, Ү – шығулар, Z – жай-күйі, W – 
шығулардың операторлар сыныбы, V – шығулардағы операторлардың 
маңызы,  η – y(t
2
)=η(x(t
1
), z(t
1
),t
2
) теңдеулердегі атқарымдық байла-
ныс, φ–z(t
2
)=φ(x(t
1
), z(t
1
),t
2
) теңдеулердегі атқарамдық байланыс.
D9. Ұйымдық жүйелер үшін жүйелерді анықтауда төмендегіні 
ескерген ыңғайлы болады:
S=(PL, RO, RJ, EX, PR, DT, SV, RD, EF), 
мұндағы,  PL – мақсаттар мен жоспарлар, RO – сыртқы қорлар, 
RJ – ішкі қорлар, EX - орындаушылар, PR - үдеріс, DT - кедергілер, 
SV - бақылау, RD - басқару, EF – эффект (əсер).
Анықтамалар тізбегін қойылған мақсаттарға жетуде, шешілетін 
есептер үшін қажет нақты жүйелердегі элементтер, байланыстар мен 
əрекеттердің сондай саны ескерілетіндей, Dn(n=9,10,11...)-ге дейін 
жалғастыруға болады. Жүйелер ұғымын анықтауда жүйелер теория-
сы жөніндегі əдебиеттерде көбінесе: жүйе – белгілі бір тұтастықты, 
бірлікті құрайтын, бір-бірімен қатынаста жəне байланыста болатын 
элементтер жиыны екені қарастырылады.
Жүйе қалдықсыз, оның қасиеті дискреттік элементтердің 
құрамды бөліктерінің қасиеттеріне (қасиеттердің аддитивті 
еместігі) жатқызылмайтын объекті болып түсіндіріледі. Жүйенің 
біріктірушілік қасиеті оның тұтастығын, оны құрайтын бөліктермен 
салыстырғанда сапалық жаңа құрылымды қамтамасыз етеді. 
Жүйенің кез келген элементін, негізінен, неғұрлым төмен реттегі 
сияқты, дербес жүйе (қандай да бір атқарылымдық блокты немесе 
зерттелетін проблеманың аспектісін сипаттайтын математикалық 
модель) ретінде қарастыруға болады. Жүйенің əрбір элементі 
өзінің функцияларымен сипатталады. Кіретін жəне шығатын 

26
үдерістер арасындағы тірі жəне сүйектік материяларға тəн заттық-
энергетикалық жəне ақпараттық қатынастар атқарымы болып 
түсіндіріледі. Егер осындай элемент ішкі құрылымға ие болса, онда 
оны ішкі жүйе деп атайды жəне осындай сипаттама жүйелерді син-
тездеу мен талдау əдістерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы 
мүмкін. Бұл, жүйелік талдау қағидаттарының бірінде – кез кел-
ген элемент я кейбір жүйеде ішкі жүйе болуы мүмкін, я осындай 
санаттардағы объектілер жиынының арасында ішкі жүйе болуы 
мүмкін екендігі туралы айтатын жүйелілік заңда көрініс тапты. Эле-
мент əрқашанда жүйенің бөлігі болып саналады жəне одан тыс өз 
мағынасын жоғалтады. 
Жүйелер анықтамасын таңдау. Жүйенің əртүрлі анықтамасын 
қарастыра отырып жəне олардың бірде-бірін негізгі ретінде бөліп 
көрсетпестен, əдетте жүйелер ұғымының күрделілігін, зерттеудің 
əртүрлі сатыларындағы сипаттау формаларын таңдаудың біржақты 
еместігін атап көрсетеді. Жүйелерді сипаттау кезінде барынша 
толық тəсілді пайдалануға, содан кейін, оның жұмысына əсер ететін 
неғұрлым маңызды компоненттерді бөліп көрсетуге жəне жүйенің 
жұмыстық сипаттамасын тұжырымдауға кеңес беріледі. 
Жүйелердің құрылымы мен жұмыс істеуін сипаттайтын негізгі 
ұғымдарды қарастырамыз.
Элемент. Жүйенің ең қарапайым бөлінбейтін бөлігін элемент 
деп түсіну қабылданған. Осындай бөлік болып не саналады де-
ген сұраққа біржақты жауап беру мүмкін емес жəне жүйе ретінде 
объектіні қарастыру мақсаттарына, оған деген көзқарасқа неме-
се оны зерттеу аспектісіне қатысты болады. Осылайша, элемент 
– бұл қойылған мақсатты жəне нақты есептерді шешу көзқарасы 
тұрғысынан жүйелердің бөліну шегі. Жүйені, мақсаттардың 
тұжырымдалуына жəне зерттеу үдерісінде оны нақтылауға қатысты 
əртүрлі тəсілдермен элементтерге бөлшектеуге болады. 
Ішкі жүйе. Жүйе элементтерге бірден бөлінбеуі мүмкін, ол 
элементтерге қарағанда неғұрлым ірі компоненттер жəне сол 
мезілде, тұтас жүйеге қарағанда, неғұрлым дəл толық компонент-
тер болып көрінетін ішкі жүйелерге тізбекпен жүйелі бөлшектенеді. 
Жүйелердің ішкі жүйелерге бөліну мүмкіндігі, жүйенің жалпы 
мақсаттарына жетуге бағытталған ішкі мақсаттарды, салыстыр-
малы тəуелсіз функцияларды орындауға қабілетті, өзара байла-
нысты элементтердің жиынтықтарын бөлшектеумен байланысты 

27
 
болады. «Ішкі (қосалқы) жүйе» атауымен, осындай бөлік жүйелер 
қасиеттеріне (жекелей алғанда, тұтастық қасиетіне) ие болуы керек 
екендігі атап көрсетіледі. Осы арқылы ішкі жүйе, ол үшін ішкі мақсат 
тұжырымдалмаған жəне тұтастық қасиеті орындалмайтын (осындай 
топтар үшін «компоненттер» атауы пайдаланылады), элементтердің 
қарапайым топтарынан өзгешеленеді. Мысалы, АБЖ ішкі жүйелері, 
ірі қаладағы жолаушылар көлігінің ішкі жүйелері.
Құрылым. Бұл ұғым, құрылым, орналасуы, тəртібі дегенді 
білдіретін, латын stucture сөзінен шыққан. Құрылым жүйедегі 
өзгерістер кезінде шамалы өзгеретін жəне жүйелер мен оның 
негізгі қасиеттерінің өмір сүруін қамтамасыз ететін элемент-
тер мен олардың топтары арасындағы неғұрлым түбегейлі өзара 
қатынастарды көрсетеді. Құрылым – бұл элементтер мен олардың 
арасындағы байланыстардың жиынтығы. Құрылым кестелер мен 
теориялық-жиындық сипаттамалар графтар мен құрылымдарды 
модельдеудің өзге тілдерінде берілуі мүмкін. 
Құрылымдарды көбінесе сатыластықтар (иерархиялар) 
түрінде береді. 
Сатыластық – бұл маңыздылық (көпсатылық, 
қызметтік баспалдақ) дəрежелері бойынша компоненттердің 
реттілігі. Баспалдақтық құрылымдар деңгейлері арасында төмен 
жатқан деңгейдегі компоненттердің (түйіндердің) жоғары жатқан 
деңгейдегі компоненттердің біріне қатаң бағыну өзара қатынасы, 
яғни ағашқа ұқсас тəртіп деп аталатын қатынас болуы мүмкін. Осын-
дай сатыластықтар күшті немесе «ағаш» типтес сатыластықтар деп 
аталады. Олардың басқару жүйелерін беруде оларды ыңғайлы құрал 
жасайтын бірқатар ерекшеліктері бар. Бірақ сатыластықтардың 
бір деңгейі шектерінде байланыстар болуы мүмкін. Төмен жатқан 
деңгейдегі сол, түйін бір мезгілде жоғары жатқан деңгейдің бірнеше 
түйіндеріне бағынуы мүмкін. Осындай құрылымдар «байланыс-
тары əлсіз» сатыластық құрылымдар деп аталады. Сатыластық 
құрылымдар деңгейлері арасында неғұрлым күрделі, мысалы, 
«страт», «қабаттар», «эшелондар» типтес өзара қатынастар бар болуы 
мүмкін. Сатыластық құрылымдардың мысалдары: энергетикалық 
жүйелер, АБЖ, мемлекеттік аппарат.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет