Оқулық Алматы, 2012 2 (075. 8) Ббк 32. 81 А 99


Ақпараттық қамтамасыз етуді қалыптастыру кезеңдері



Pdf көрінісі
бет9/30
Дата17.04.2020
өлшемі8,17 Mb.
#62878
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
aiajanov-akparattyk-juielerdin


Ақпараттық қамтамасыз етуді қалыптастыру кезеңдері
Ақпараттық 
қамтамасыз етуді 
қалыптастыру кезеңі
Сипаттамасы
Объектінің жай-күйін 
сипаттау
Осы көрсеткіштердің тиісті жіктелуімен 
басқарушы жəне басқарылатын жүйені 
сипаттайтын техникалық-экономикалық 
көрсеткіштер мен параметрлердің жиынын 
жорамалдайды
Жеке статикалық 
модельдер құру
Себептік-салдарлық тəуелділіктерінің бөлінуімен 
ақпараттық массивтердегі жіктелу байланыстарын 
модельдеу 
Өндірістегі сандық 
жəне сапалық өзгеріс 
үдерістерін негіздеу
Жекелеген элементтер мен үдерістерді 
динамиканың ақпараттық модельдерінде көрсету. 
Сандық өзгеру ақпараттарға түзетулер жасауды, 
ал сапалық өзгеріс – оны ішінара немесе толық 
қайта құруды ұйғарады. 
Өндіріс үдерісінің 
ақпараттық 
модельдерін біріктіру 
Жергілікті үдерістер мен бүкіл өндірістің өзара 
байланысы мен динамикасын көрсетеді
 
Осылайша,  ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі – бұл 
мəліметтердің өзара байланысты ағындарымен ұйымдасқан объекті 

106
мен оны қоршаған ортаны дамытуға бағытталған мақсаттар, жай-
күйлері туралы деректер жиынтығы. Бұл жүйеге деректерді алу, 
сақтау, іздеу, өңдеу мен оларды пайдаланушыға беру əдістері кіреді.
Ақпараттар қозғалысын зерттеу, яғни өндірістік жүйеде (басқару 
аппаратының құрылымдық бөлімшелері арасында) қажет байла-
ныстар мен сыртқы ортамен (мекемелермен жəне ұйымдармен) 
оның байланыстарын қамтамасыз ететін ақпарат ағынын талдау
аса маңызды бағыт болып саналады. Ақпарат көздері мен оның 
қабылдаушылары арасындағы ұтымды байланыстар мен оның айна-
лыс жолдарын тиімді атқарымының өте қажет шарттарының бірі бо-
лып саналады. Құрылымдық бөлімшелердің өзара тəуелділіктерінің 
салыстырмалы тұрақтылығы ақпараттар қозғалысы жолдарының 
ұтымды құрылымы мен əрбір байланыс арнасы үшін неғұрлым 
тиімді техникалық құралдарды таңдауға мүмкіндік береді.
Осылайша,  ақпараттар ағыны – бағыты ақпарат көзі мен 
ақпараттар алушының мекенжайларымен берілетін, ақпараттың, 
ақпарат көзінен алушыға қозғалысы. Ақпарат ағындары, жүйеде бо-
латын уақыт бірлігінде өңделетін, ақпараттар санымен сипатталады. 
Деректер: туындауына қарай, тасқынды; ақпараттар жинақталып, 
содан кейін күні бұрын белгіленген уақытаралығы арқылы өңделген 
жəне орын ауыстырған кездегі, тұрақты мерзімділікпен; жекелеген 
ақпараттық жиынтықтардың туындауына қарай өңделуі жəне орын 
ауыстыруы мүмкін. 
Ақпараттар қозғалысының түрі мен басқарушы жүйеге оның түсу 
мерзімдері өндіріс циклімен уақыты үйлесуі жəне өндіріс барысына 
уақытылы араласу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. 
Басқару қызметін ойдағыдай жүзеге асыру үшін сыртқы орта 
ақпараты, сол сияқты фирмаішілік ақпарат қажет болатын басшы-
лар, ақпарат ағындарын жүйелеу қағидаттарын атап айтқанда:
• шаруашылық қызметтің барлық жақтары есебінің толықтығы 
мен дұрыстығын қамтамасыз ету, жедел, статистикалық жəне 
бухгалтерлік есеп арасындағы ажырағысыз байланыстарға қол 
жеткізу;
• ақпараттық шуды барынша азайту жəне сенімділік талаптарына 
ғана артық ақпаратты шектеу;
• сыртқы жəне ішкі ақпараттар арасындағы ажырағысыз байла-
ныстар мен басқару сатыларының барлық деңгейлерінде шешімдер 
қабылдауды қамтамасыз ету қағидаттарын сақтауы тиіс.

107
 
Агрегатор – объектілерді кім неғұрлым жоғары деңгейдегі 
санатқа агрегаттайды, жинайды, топтастырады, контент – айрықша 
мағыналық құндылыққа ие ақпарат болып саналады. Контенттің 
агрегаторы – бұл əртүрлі көздерден ақпаратты өзіне жинайтын жəне 
қандай да бір түрде оны өңдейтін немесе ұйымдастыратын сервис. 
Мысалы, жаңалықтық агрегаторлар – бұл, ақпараттық жобалардан 
жаңалықтарды автоматты жинайтын сервистер.
Техникалық жүйелерге агрегативтік тəсілдеме, жалпы 
айтқанда, біріншіден, жүйені «қара жəшік» ретінде көрсетуге, 
екіншіден – кездейсоқ əсерлер кезінде n-өлшемдік кеңістіктегі 
траекторияларды көрсетуге барып тіреледі. Техникалық жүйені 
теңдеулер жүйесі ретінде сипаттау жəне оның шешуін беру 
мүмкіндігі бар екендігі анық немесе анық емес түрде жора-
малданады. Бұл, əсіресе басқару есептерін шешу кезінде қажет 
жəне жекелеген жағдайлар үшін орындауға мүмкіндік бар, əрі 
оңайлатылады, жорамал енгізіледі жəне жүйе күрделі жəне 
ықтимал түрде қарастырылады.
Агрегат – күйлер, дабылдар мен хабарлар жиынына жəне ауысу-
лар операторларына шектеулер қоюмен алынатын, бірыңғайланған 
жүйе:  t 
T - уақыт мезеттері; x  ∈  X - кіру дабылдары; u  ∈U - 
басқарушы дабылдар; y 
∈ Y - шығу дабылдары; c ∈ C - күйі, x(t), u(t), 
y(t), c(t) – уақыт атқарымдары. 
Агрегат - c(t) жəне y(t) атқарымдарын жүзеге асыратын, T,X,U,Y,C 
жиындармен жəне H жəне G операторлармен анықталатын объекті. 
H жəне G операторлар құрылымы агрегат ұғымы үшін айқындаушы 
болып саналады. b = (b
1
,  b
2
, ..., b
n

∈  B агрегат параметрлерінің 
кеңістігі енгізіледі.
G шығулар операторы G’ жəне G’’ операторлардың жиынтығы 
ретінде жүзеге асырылады. G’ оператор шығу дабылдарын берудің 
кезекті мезеттерін таңдайды, ал G’’ операторы – дабылдардың 
мазмұнын таңдайды.
y = G’’{tc(t), u(t), b}.
Жалпы жағдайда G’’ оператор кездейсоқ оператор болып сана-
лады, яғни t, c(t), u(t), b G’’ бөлу атқарымымен у жиыны сəйкестікке 
қойылады.  G’ операторы келесі шығу дабылын беру мезетін 
анықтайды. 
c(t) жəне c(t+0) агрегаттың күйін қарастырамыз. V операторы х
n
(t) 
дабылдардың агрегатқа түсетін, t
n
 уақыт мезетінде жүзеге асырыла-

108
ды.  V
1
 операторы дабылдардың түсу мезеттері арасындағы агрегат 
күйінің өзгеруін сипаттайды. 
c(t’
n
 + 0) = V{t’
n
, c(t’
n
), x(t’
n
), b},
c(t) = V
1
(t, t
n
, c(t + 0), b}.
Кейбір нақты жүйелерді сипаттаудың ерекшелігі атқарымдық 
үдеріспен үзілетін деп аталатын агрегаттарға əкеледі. Агрегаттың 
жұмысы тоқтатылғанға дейін қалатын уақытқа сəйкес келетін 
айнымалының болуы осы агрегаттарға тəн болып саналады.
Нақты күрделі жүйелердің атқарымдық бүкіл үдерістері, 
негізінен, кездейсоқ сипатқа ие, сондықтан кіру дабылдарының 
түсу мезеттерінде кездейсоқ үдерістің қайта генерациялануы 
жүреді. Яғни, кіру дабылдары түскеннен кейін осындай жүйелерде 
үдерістердің дамуы бұрынғы жайттарға қатысты болмайды.
Автономдық агрегат – кіру жəне басқарушы дабылдарды 
қабылдай алмайтын агрегат. Автономдық емес агрегат – жалпы 
жағдай.
Үзіктік-марков агрегаты – үдерістері үзік марков үдерістері 
болып саналатын агрегат. Кез келген агрегатты марков үдерісіне 
келтіруге болады. Үзіктік-үзіліссіз агрегат дабылдар беру 
аралықтарында автономдық агрегат ретінде жұмыс істейді. Үзіктік-
сызықтық агрегат: dc
v
(t)/dt = F
(v)
(c
v
).
Фазалық айнымалыларды таңдаудың біржақты еместігінен, 
нақты жүйелерді агрегаттар түрінде көрсету біржақты болмайды. 
Жүйелік динамика – уақыт бойынша олардың тəртібін жəне жүйе 
элементтері құрылымдарына тəуелділік пен олардың арасындағы 
өзара əрекетті зерттейтін, күрделі құрылымдарды зерделеудегі 
бағыт. Оның ішінде: себептік-салдарлық байланыстар, кері байла-
ныстар тұзағы, реакциялардың кешігуі, орталардың əсері жəне т.б. 
Осындай жүйелерді компьютерлік модельдеуге ерекше назар ауда-
рылады. 
Жүйелік динамика философиясы, ұйымдардың тəртібі (неме-
се уақыт бойынша даму тарихы) ең бастысы оның ақпараттық-
логикалық құрылымымен анықталатын жорамалдарына негізделеді. 
Ол өндірістік үдерістердің физикалық жəне технологиялық 
аспектілерін ғана емес, сонымен бірге одан да маңыздырақ, 
ұйымдардағы шешімдер қабылдау үдерісін анық немесе анық емес 
түрде анықтайтын, саясат пен дəстүрлерді көрсетеді. Жекелеген 
атқарымдар терминдеріне қарағанда, ұйым оның негізіне жата-

109
 
тын ағындар терминдерінде неғұрлым тиімді көрсетілетін жора-
мал  жүйелік динамика философиясының өзге аспектісі болып та-
былады. Адамдар, ақша, материалдар, өтінімдер мен жабдықтар 
ағындары, сондай-ақ ақпараттардың біріктірілген ағындары барлық 
ұйымдарда анықталған болуы мүмкін.
Жүйелік динамика əдіснамасы ағындық диаграммаларды 
көрсетудің түрлендірілген əдістерін, ағымдағы жағдайларды 
көзбен шолып көрсету үшін математикалық жəне еліктемелік 
модельдеуді пайдаланады. Ағындық диаграммалар сол сияқты 
теңдеулер жүйелері: жинақтаушылар мен ағындар сияқты 
екі санаттың көмегімен басқару байланыстарын көрсетеді. 
Жинақтаушы кейбір қорлар: білім (идеялар), қорлар, жұмыс көздері 
жəне т.б. шоғырландырылатын дүниенің нақты іске асатын осын-
дай объектілер болып көрінеді. Ағындар – бұл жүйелердің бүкіл 
белсенді компоненттері: күш жұмылдыру (талпыныстар) ағындары, 
ақпараттық ағындар, шығыс төлемдері жəне т.б.
Егер басқару жүйесі жинақтаушылар мен ағындар желілер түрінде 
көрсетілетіндей болса, онда тиісті жүйелік-динамикалық модель 
компьютерлік бағдарламалар түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Осын-
дай бағдарламалардың көмегімен басқару саясатындағы ұсынылатын 
өзгерістерге эксперименттік тестілеу жүргізуге болады. 
Жүйелік динамика əдіснамасына сапалық жəне сандық сатылар 
кіреді. Зерттеуші сапалық (квалитативтік) сатыларда модельді сипат-
тайды жəне өзара əрекеттер сипаттамаларын анықтайды. Компьютерлік 
сылтауратулар (симуляциялар) барысында, зерттеуші сандық сатылар-
да, оның моделі қаншалықты дұрыс екенін анықтайды жəне жүйелердің 
тəртібі туралы өз гипотезаларын тестілейді. 
Жүйелік-динамикалық модельдеудің артықшылығы мынадай:
• Сараптамалық жолмен алынған алғашқы деректерді өзгерте 
отырып, болашақта əртүрлі нұсқаларды тез есептеу (сценарийлерді 
модельдеу) мүмкіндігі. 
• Неғұрлым сыни факторларды анықтау, осылайша модельденетін 
ортада пайда болатын мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді 
маңыздылық дəрежелері бойынша саралауға болады.
• Модельденетін ортада объективті түрде қолданылатын 
еліктемелік модельдер элементтері арасындағы себептік-салдарлық 
байланыстардың үлкен санын пайдалану. 
• Енгізілетін деректер мен алынатын нəтижелердің көрнекілігі.

110
Жүйелік динамика технологияларының күшті жағы – диффе-
ренциалды теңдеулермен көптеген нақты үдерістерді сипаттаудың 
əмбебаптығынан туындайтын, қолданудың əмбебаптығы. Осы 
үдерістердегі ортақтары – бұл ішкі жүйелер жəне уақыт бойынша 
əртүрлі тектегі: қаржылық, материалдық, аз дəрежеде адам (неғұрлым 
нысандандырылуы қиын) қорларының қозғалысы. Осы қорлар 
қозғалысының қажетті мақсаттар тұрғысынан бақыланатындай 
болуы жəне қозғалыс траекториясының көптеген шектеулер-
ден тыс шығып кетпеуіне жол бермеу маңызды болып табылады. 
Технологиялардың интерактивтілігі қажетті бағытта басқарушылық 
ықпал етуге мүмкіндік береді, яғни жүйе операциялы. 
Компьютерлік модельдеу – қазіргі уақытта қолда бар неғұрлым 
тиімді, адам түйсіктерін қолдау мен нақтылау құралдарының бірі. 
Модель, ақиқаттың өте дəл түсінігі болып саналмаса да, ол адам 
қабылдауы мүмкін шешімге қарағанда, неғұрлым негізді шешімдер 
қабылдау үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл проблемаларды неғұрлым 
тереңірек түсіну үшін оны пайдаланатын адам мүмкіндіктерін 
күшейтетін, икемді құрал. 
Шешімдер қабылдауды қолдау үшін құрылымданған жəне пай-
даланылатын компьютерлік модельдердің артықшылығы мыналар 
болып табылады: 
• Ол, шешім қабылдаушы тұлғаны, өзінің басында сақтайтын 
проблемалардың туындау себептерінің сөзбен сипатталуын дəлірек 
жəне толығырақ тұжырымдауға мəжбүрлейді. 
• Модельдерді формалды құру үдерісінде, талдаушы, модельдер 
туралы өзінің жорамалдарындағы көптеген ішкі қайшылықтар мен 
күдікті ашады жəне жояды. 
• Модельдерге «жүгірту» жасаған кезде, логикалық «тестілеу» 
мүмкін жағдайға айналады. Модельдің көмегімен, көп уəде ететін, бірақ 
ой қорытындыларын беретін шешімдердің салдары оңай бағаланады. 
Модельдердің тəртібін бақылау нақты объектінің құрылымы туралы 
жаңа гипотезалардың пайда болуына оң ықпал етеді. 
• Сенімділіктің қолайлы деңгейіне жеткен кезде əртүрлі 
басқарушылық баламалардан оның ықтимал салдарын тез ашатын 
басқару саясатын тұжырымдау жөніндегі формалды эксперимент-
тер мүмкін жағдайға айналады. Модельде «егер, ... болса, не бола-
ды?» типіндегі жағдайлар оңай зерттелуі мүмкін.
• Формалды түрде операциялық модель əрқашан аяқталған, 

111
 
бірақ мазмұндық мағынасына байланысты əрқашан соңына дейін 
аяқталмаған. Əдетте эпизодтық түрде жəне уақытында (олар шешімді 
қолдауды есеп дайындау мезетінде ғана қамтамасыз етеді, бірақ 
одан ерте, не кеш емес) пайдаланылатын, жоспарлаудың сандаған 
əдістерінен өзгешелігі - модель шектелген жəне интерактивті. Мо-
дель уақыттың кез келген мезетінде қолжетімді жəне проблемалар-
ды жақсырақ түсіну үшін құралдар береді.
• Модельдердің орнықтылығын талдау – эмпирикалық зерттеу-
лер маңызды мəселерге əкелетін, талқылау аймағы. Егер көптеген 
параметрлердің шынайы мəні белгісіз болса (бұл корпоративтік 
стратегиялық жоспарлау кезіндегі кəдімгі құбылыс), онда зерттеуді 
неден бастау керектігі алғашқы болып саналады, бұл параметрлер 
мəндерінің ауытқуы кезіндегі модельдер тəртібін талдау. 
• Операциялық модель, оны құруға қатыспаған адамдар 
арасындағы коммуникациялар құралы болып пайдаланылуы 
мүмкін. Басқару саясаты мен модельдік параметрлерді өзгерту жəне 
осы өзгерістердің нəтижелерін кейіннен талдау кезінде, осы адамдар 
нақты жүйелердің даму динамикасын жақсырақ түсінуі мүмкін. 
Кері байланыстары бар циклдердің бір-бірімен жалғасқан жиынтығы 
айнымалының тəртібіне əсер етуі мүмкін. Осындай жүйелер түрінде 
берілетін басқарудың күрделі есептері, циклдердің үлкен санынан 
тұруы мүмкін. Атап айтқанда, циклдерінің саны үлкен осындай күрделі 
жүйелер жүйелік динамиканы зерделеу пəнін құрайды. Жүйелердің 
күрделіленуіне қарай, тиісінше формалды талдамалық шешім алудың 
күрделілігі де арта түседі. Сондықтан осындай жүйелерді талдау үшін 
еліктемелік модельдеу қолданылады.
Модель зерттелетін объектінің нақты немесе ойдағы мақсатты 
бағытталған түрдегі көрсетілуі. Еліктемелік модель, уақыттың 
белгілі бір кезеңі ішінде объектінің тəртібін елестетін модель; 
бұл мағынада еліктемелік модель динамикалық болып санала-
ды. Еліктемелік модельде кіретін бүкіл айнымалылардың мəні 
модельдік уақыттың əрбір мезетінде есептеледі. Содан кейін 
белгілі бір аралықта (интервалда) бұрынғы мəндері негізінде 
өзгермелілердің жаңа мəні есептеледі. Осылайша, еліктемелік 
модель, модельдік уақыттың берілген кесігі ішінде белгілі бір 
траекториялар бойынша «дамиды». 
кері байланыстары бар ішкі жүйе болып түсіндіріледі. Кері байланыс-
пен бір циклге кіретін айнымалының тəртібі, өзге цикл ге кіретін, өзге 

112
Динамикалық жүйелердің еліктемелік модельдерін құру үшін: 
уақыт, қор, ағын жəне конвертор сияқты төрт типтің айнымалылары 
пайдаланылады. 
Айнымалы «уақыт» динамикалық жүйелердің еліктемелік 
модельдері үшін бастапқы болып саналады: оның мəні жүйелік 
таймермен генерацияланады жəне дискретті өзгереді, яғни кейбір 
бастапқы мəннен бастап, əрбір такті үшін уақыт модельдік уақыттың 
бірлігі болып пайдаланылатын, ертерек берілген шамаға ұлғаяды. 
Тактілердің сандары мен уақыт бірлігі модельдердің «жүгіртпе» 
параметрлері болып пайдаланылады жəне ертерек анықталады. 
«Қор» типіндегі айнымалы бастапқыдан ағымдағы мезетке 
дейінгі модельдер «өмірінің» уақыты ішіндегі кейбір қоймада 
жинақталған, кейбір «өнімнің» көлеміне (санына) тең. Өнім қорға 
түсуі жəне/немесе одан алынуы мүмкін. Сондықтан уақыттың 
ағымдағы мезетіндегі қордың мəнін алдыңғы мезеттегі оның 
мəнінің қосындысы жəне модельдік уақыт бірлігі үшін өнімнің 
кіретін жəне шығатын ағындары шамаларының айырымы-
на тең шамалар ретінде есептеуге болады. Материалдық жəне 
адам қорлары сияқты ақиқат мысалдардан өзге, осы типтегі 
айнымалылар жинақталған ақпараттардың көлемін сипатта-
уы, уақыттың белгілі бір мезетінде кейбір оқиғалардың болу 
субъективті ықтималдықтарын бағалау үшін пайдаланылуы, бір 
субъектілердің кейбір үдерісінің өзге үдерістерге əсерінің шегін 
білдіруі мүмкін. Бүкіл түрлердің орташа шамаларын сондай-ақ 
арнайы ақпараттық қорлар ретінде қарастыруға болады. 
«Ағын» типіндегі айнымалы, модельдік уақыт бірлігінде тиісті 
қордан түсетін немесе алынатын өнім көлеміне (санына) тең. Осы 
айнымалының мəні əсерлерге қатысты өзгеруі мүмкін. Анығында, өзге 
ағындар мен қорлардың мəндерінен алынған атқарым ретінде көрсетуге 
болады. Кері байланысы бар циклдің ең қарапайым мысалы, шамасы, 
осы ағын түсетін қордың мəніне қатысы, кіретін ағынды құрайды.
Қорлар жүйелердің статикалық күйін, ал ағындар – оның динамика-
сын сипаттайды. Егер уақыттың қандай да бір мезетінде жүйедегі бүкіл 
үдерістер тоқтайтын болса, онда қорлар, тоқтау мезетінде болған мəнге 
ие болады, ал ағындар нөлге тең болады. Екіншіден, белгілі бір уақыт 
аралығы үшін ғана ағынның шамасы туралы жорамал айтуға болады. 
Қорлар мен ағындардан өзге, динамикалық жүйелердің 
еліктемелік модельдерін құру кезінде қосымша айнымалылар – кон-

113
 
верторлар пайдаланылады. Бұл айнымалылар константаларға немесе 
өзге айнымалылардан (оның ішінде «уақыт» айнымалыдан) алынған 
математикалық функциялардың мəндеріне тең болуы мүмкін, яғни 
бір сандық мəнді өзге сандық мəнге түрлендіруге («айырбастауға») 
мүмкіндік береді.
Жүйелік динамика мүмкін шешімдердің бүкіл спектрін 
стандартталған архетиптердің шағын жиынына əкеледі. Жүйелік 
динамика өзінің модельдерінде жүйелердің сапалық өзгерістерін 
ескермейді. Жүйелік динамикада жүйелердің принципті жаңа сапаға 
ауысуына орын жоқ. 
Осыдан келіп жүйелік динамиканың тағы бір үлкен кемшілігі 
байқалады, ол - ұйымдардағы проблемаларды шешудің жолдарын 
көрсетуге қабілетті, бірақ ақыр соңында кейбір балансқа, тұрақты 
status quo сақтауға ұмтылады. Жүйелік динамика, ұйымдардың 
стратегиялық тұрғыдан қалай дамитынына жауап бере алмайды. Дəл 
осындай, сондай-ақ жүйелік динамика, егер болашақта кез келген 
кездейсоқтық ортаның сапалық өзгерісі, мысалы, технологиялық 
төңкерістер немесе экономикалық дағдарыстар туындайтын болса, 
дамуды алдын ала болжай алмайды. 
 
ҚОРЫТЫНДЫ
• Жүйенің болашақтағы тəртібін анықтайтын үдерістер, уақыттың 
осы мезетінде жүйе қандай күйде болатындығына ғана емес, со-
нымен бірге уақыттың бұрынғы мезетіндегі қандай да бір болма-
сын дəрежедегі оның тəртібіне қатысты болатын салдар көптеген 
құбылыстар мен үдерістерге тəн.
• Ақпарат – басқару элементі жəне басқарылатын еңбек заты ре-
тінде, басқарылатын жəне басқаратын жүйелердің есептері мен жай-
күйі туралы сапалық түсініктерді қамтамасыз етуі жəне олардың қа-
жет жай-күйінің мінсіз модельдерін əзірлеуді қамтамасыз етуі тиіс.
• Ақпараттық қамтамасыз ету – өндіріс элементтерінің нақты 
жəне мүмкін жай-күйі мен өндірістік үдерістің атқарымдық сыртқы 
жағдайларымен өндіріс элементтерін өзгерту жəне түрлендіру логи-
касы туралы өндірістік үдерістің атқарамдық сыртқы жағдайы туралы 
деректер жиынтығы болып көрінеді.
• Басқару жүйесінде тіркелетін, берілетін жəне қайта өңделетін 
ақпараттар жиынтығы басқару жүйесімен бақыланатын жəне реттелетін, 

114
нақты жəне мүмкін жай-күйлердің бүкіл алуандығын көрсетуі тиіс.
• Экономикалық ақпараттарды өңдеуді ұйымдастыру кезінде 
бұлжытпай орындау көзделетін, уақыттылық, толықтық пен дұрыс тық 
талабы, өндірісті басқару жүйелеріндегі экономикалық ақ параттарға 
қойылатын айрықша маңызды талаптар болып саналады.
• Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі – бұл мəліметтердің өзара 
байланысты ағындарымен ұйымдасқан объекті мен оны қоршаған ор-
таны дамытуға бағытталған мақсаттар, жай-күйлері туралы деректер 
жиынтығы. Бұл жүйеге деректерді алу, сақтау, іздеу, өңдеу мен оларды 
пайдаланушыға беру əдістері кіреді.
• Ақпарат көзі мен ақпараттар алушының мекенжайлары арқылы 
көрсетілетін, ақпарат бағытының ақпарат көзінен алушыға қозғалысы. 
Ақпарат ағындары жүйеде болатын уақыт бірлігінде өңделетін 
ақпараттар санымен сипатталады.
• Агрегатор – объектілерді кім неғұрлым жоғары деңгейдегі санатқа 
агрегаттайды, жинайды, топтастырады, контент – айрықша мағыналық 
құндылыққа ие ақпарат болып саналады. Контенттің агрегаторы – 
əртүрлі көздерден ақпаратты өзіне жинайтын жəне белгілі бір түрде 
оны өңдейтін немесе ұйымдастыратын сервис.
• Жүйелік динамика – уақыт бойынша олардың тəртібін жəне жүйелер 
элементтері құрылымдарына тəуелділік пен олардың арасындағы өзара 
əрекетті зерттейтін, күрделі құрылымдарды зерделеудегі бағыт. Оның 
ішінде: себептік-салдарлық байланыстар, кері байланыстар тұзағы, 
реакциялардың кешігуі, орталардың əсері жəне т.б. Осындай жүйелерді 
компьютерлік модельдеуге ерекше назар аударылады.
СОӨЖ жəне СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
1. Жүйелердің жалпы теориясында жүйенің атқарымдық сипаты 
қандай жалпы жорамалдарға сүйенеді?
2.  Жүйенің болашақтағы тəртібін анықтайтын үдерістерді 
атаңыз.
3.  Басқару жүйесіндегі ақпараттарды сипаттау кезінде қандай 
бөліктерге бөлінеді?
4. 
Басқару жүйесінде тіркелетін, берілетін жəне қайта өңделетін 
ақпараттар жиынтығы нені көрсетеді?

115
 
5. 
Экономикалық ақпараттың қандай ерекшеліктері бар?
6.  Ақпараттарды ұйымдастыру үдерісінде оны бөлуде қандай 
принциптер маңызды болады?
7. 
Ақпараттар ағыны немен сипатталады?
8. 
Агрегатор, контент түсініктерінің мəні қандай?
9. 
Жүйелік динамиканың анықтамасы. 
10.  Жүйелік-динамикалық модельдеудің қандай артықшылық-
тары бар?
11.  Шешімдер қабылдауды қолдау үшін құрылымданған жəне 
пайдаланылатын компьютерлік модельдердің артықшылықтарын 
атаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет