2. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына
жауап беру:
1.
j қандай символдардың нөмірі?
A)
ақпараттық
B)
коэффициенттер
C)
дəрежелік
D)
векторлық
E)
тексеріс
2.
i қандай символдардың нөмірі?
A)
ақпараттық
B)
коэффициенттер
C)
дəрежелік
D)
векторлық
E)
тексеріс
3.
Код үшін тексеріс теңдігі мынадай түрде болады:
A)
B)
a1=b2+b3;
C)
b1=a2+a3; b2=a1+a2.
D)
b2=a1+a2;
E)
b1=a2+a3;
4.
Белгілі ақпарат бойынша тексеріс символдарын форматтау
ережесін анықтайтын тексеріс дəрежесінің жүйесі:
116
A)
B)
C)
D)
E)
дұрыс емес.
5.
Қандай код кодтық сөз болатын, екі кодтық сөздің жиынымен
сипатталатын, кодтық сөздер деп аталатын GF (q) n
ұзындығының жүйелі N жиыны, ал өрістің элементіне əр кодтық
сөздің шығарылуы кодтық сөз болып табылады?
A)
Сызықтық кодтар
B)
Топтық кодтар
C)
Сызықтық блоктық (n, k) коды
D)
Модуль 2 бойынша реттеу ережесі
E)
Дұрыс емес.
6.
n , k бұл:
A)
код ұзындығы
B)
тексерістік жүйелі ұзындығы
C)
кодтың кодтық қашықтығы
D)
код артықшылығы
E)
код ұзындығы, ақпараттық жүйелі ұзындығы
7.
Ақпарат қорына материалға ұқсас еңбек жəне ақша қоры
ретінде қарайтын көзқарастар болды. Бұл көзқарас келесі
анықтамада былайша сипатталады:
A)
«Ақпарат» ұғымына берілген барлық анықтамаларды мұқият
сараптаудың нəтижесінде олардың барлығы қанағаттандырылмады
B)
«Ақпарат – заттың, энергияның жəне ақпараттың өзінің түрленуімен
байланысқан процестерді жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа
мəліметтер»
C)
Ақпарат – соңғы қолданушы арқылы пайдалы ретінде қабылданған,
ұғынылған жəне бағаланған жаңа мəліметтер
D)
Ақпарат ретінде соңғы қолданушының білім қорын кеңейтетін
мəліметтер қолданылады
117
E)
Ақпарат жəне жүйе жалпы ұғым ретінде өрнектелмейтін қарапайым
басты категория болып табылады
8.
Ақпараттың фазаларының саны:
A)
1
B)
2
C)
3
D)
4
E)
5
9.
Ассимиляцияланған ақпарат ұғымы:
A)
адамның ұғыну жəне бағалау жүйесіне салынған, адам санасындағы
хабарды көрсету
B)
қандай да бір физикалық тасығышта таңба түрінде белгіленген
мəліметтер
C)
берілу көзінен қабылдау көзіне ақпаратты беру кезінде
қарастырылатын мəлімет
D)
кең көлемде анықтама беру арқылы олар бірнеше түсініксіз
элементтерді енгізеді
E)
берілген жауаптардың барлығы
10.
Құжатталған ақпарат?
A)
адамның ұғыну жəне бағалау жүйесіне салынған, адам санасындағы
хабарды көрсету
B)
қандай да бір физикалық тасығышта таңба түрінде белгіленген
мəліметтер
C)
берілу көзінен қабылдау көзіне ақпаратты беру кезінде
қарастырылатын мəлімет
D)
кең көлемде анықтама беру арқылы олар бірнеше түсініксіз
элементтерді енгізеді
E)
берілген жауаптардың барлығы
11.
Композиция бұл:
A)
əртүрлі құрылымды АҚб-нің бір АҚБ-не түрлену операциясы
B)
Кез келген құрылымды АҚБ-нің екі деңгейлік құрылымға өту
операциясы
C)
берілу көзінен қабылдау көзіне ақпаратты беру кезінде
қарастырылатын мəлімет
D)
қандай да бір физикалық тасығышта таңба түрінде белгіленген
мəліметтер
E)
дұрыс жауап жоқ
118
12.
A)
əртүрлі құрылымды АҚб-нің бір АҚБ-не түрлену операциясы
B)
кез келген құрылымды АҚБ-нің екі деңгейлік құрылымға өту
операциясы
C)
берілу көзінен қабылдау көзіне ақпаратты беру кезінде
қарастырылатын мəлімет
D)
қандай да бір физикалық тасығышта таңба түрінде белгіленген
мəліметтер
E)
дұрыс жауап жоқ
13. «Екі деңгейлі құрылымды АҚБ-нің көпдеңгейлі құрылымды
АҚБ-не түрлену операциясы» анықтамасы қай анықтамаға тəн?
A)
Нормализация
B)
Композиция
C)
Түйіншек (Свертка)
D)
Декомпозиция
E)
Атрибут мəнімен операция
14.
«Бастапқы АҚБ-нің əртүрлі құрылымды бірнеше АҚБ-не
түрлену операциясы» анықтамасы қай анықтамаға тəн?
A)
Нормализация
B)
Композиция
C)
Түйіншек (Свертка)
D)
Декомпозиция
E)
Атрибут мəнімен операция
15.
Жүйе тəртібінің заңының функциясы:
A)
Y=F(X)
B)
F=Y(X)
C)
X=Y
D)
Y=F*X
E)
Y=X(F)
16.
Жүйе дегеніміз не?
A)
уақытқа байланысты хабар келешек (болашақ оқиғалар туралы) жəне
өткен деп бөлінеді
B)
берілу көзінен қабылдау көзіне ақпаратты беру кезінде
қарастырылатын мəлімет
C)
мұндай анықтама жоқ
D)
бір жағынан тұтас бір зат ретінде қарастырылатын, екінші жағынан
құрама бөліктердің өзара байланысқан немесе өзара əрекет ететін кез
келген объектіні атайды
Нормализация бұл:
119
E)
қандай да бір физикалық тасығышта таңба түрінде белгіленген
мəліметтер
17.
Жүйедегі құрылым компонентінің анықтамасы:
A)
жүйеге түсетін немесе жүйеден шығатын мат риалдар ағыны немесе
мəліметтер ағыны
B)
жүйенің көптеген элементтері жəне олардың арасындағы өзара
байланыс
C)
жүйенің жұмыс атқаруы ретінде u1, u2,…, uN айнымалылар
қатарында сипатталады
D)
жүйенің ену жəне шығу өзгерісін байланыстыратын функция Y=F(X)
E)
барлық берілген жауап дұрыс
18.
Жүйедегі ену жəне шығу компонентінің анықтамасы
A)
жүйеге түсетін немесе жүйеден шығатын материалдар ағыны немесе
мəліметтер ағыны
B)
жүйенің көптеген элементтері жəне олардың арасындағы өзара
байланыс
C)
жүйенің жұмыс атқаруы ретінде u1, u2,…, uN айнымалылар
қатарында сипатталады
D)
жүйенің ену жəне шығу өзгерісін байланыстыратын функция Y=F(X)
E)
барлық берілген жауап дұрыс
19.
Жүйе тəртібінің заңы компонентінің анықтамасы:
A)
жүйеге түсетін немесе жүйеден шығатын мат риалдар ағыны немесе
мəліметтер ағыны
B)
жүйенің көптеген элементтері жəне олардың арасындағы өзара
байланыс
C)
жүйенің жұмыс атқаруы ретінде u1, u2,…, uN айнымалылар
қатарында сипатталады
D)
жүйенің ену жəне шығу өзгерісін байланыстыратын функция Y=F(X)
E)
барлық берілген жауап дұрыс
20.
Жүйедегі мақсат жəне шектеу компонентінің анықтамасы
A)
жүйеге түсетін немесе жүйеден шығатын материалдар ағыны немесе
мəліметтер ағыны
B)
жүйенің көптеген элементтері жəне олардың арасындағы өзара
байланыс
C)
жүйенің жұмыс атқаруы ретінде u1, u2,…, uN айнымалылар
қатарында сипатталады
D)
жүйенің ену жəне шығу өзгерісін байланыстыратын функция Y=F(X)
E)
барлық берілген жауап дұрыс
е
е
120
6-ТАҚЫРЫП. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ТАЛДАУ
ЖƏНЕ ЖИНАҚТАУ
Дəрістің мəнмəтіні
Мақсаты: Ақпараттық жүйелерді талдау жəне жинақтауды ме -
геру.
Дəріс жоспары
1. Жүйелерді зерделеудің нəтижелерін нысандандыру
2. Макро- жəне микродеңгейлерде есептердің қойылуы мен алго-
ритмдеу əдіснамасы
3. Ақпараттық жүйелердің құрылымдарын жинақтау (синтез)
əдістері
4. Құрылымдарды оңтайландыру есептері
Негізгі түсініктер: эмердженттілік, шешуші, ақпараттық, басқа-
рушы, гомеостазды, адаптивті жүйелер, макро- жəне микродеңгейлер
Тақырыптың мазмұны: Проблемаларды мінсіз талқылау
үшін оларды дəл жəне анық тұжырымдау қажет. Жүйелер
теорияларындағы базалық ұғымдардың бірі – күрделі (үлкен, өте
үлкен, өте күрделі) жүйелерді түсіну.
Алгоритмдер, автоматтар теориялары базасында сандық талдау-
да жүйелердің күрделілігін анықтауға ұмтылыс жасалды. Бірақ
осындай ұмтылыстар есептердің жеткілікті тұжырымдалмаған
жағдайларында оны пайдалануда қиындықтар туғыза отырып, толық
анықтауға мүмкіндік бермейді. Дəлірек айтатын болсақ, күрделі
жүйе жиын, жүйе сияқты анықталмайтын ұғымдарға жатады.
Бірақ біз «жүйе» мағынасын ұғым ретінде түсінеміз деп са-
най отырып, «үлкен» (күрделі) жүйе қасиетінің суретін сала ала-
мыз. Негізінен, жүйені зерделеу мақсаты немесе жүйені басқару
мақсаты белгілі. Бұл жағдайда біз, қандай да бір аспектіде, аталған
аспектідегі жүйенің зерделеу құралдарынан немесе бақылаушының
(орындаушының) мүмкіндіктері мен айқындамасы тұрғысынан
басқарудағы артықшылытары ретінде, жүйенің күрделілігін анықтай
аламыз. Сонымен, мақсатқа қатысты жүйенің күрделілігін бағалау
да өзгеруі мүмкін.
ң
121
Əдетте, үлкен жүйе эмердженттіліктің болуымен неме-
се тұтастық қасиеттерімен, яғни ішкі жүйелердің бақыланатын
қасиеттері мен жүйелік байланыстарынан шығарылмайтын
қасиеттермен сипатталады. (Ең болмағанда, практикалық есептерді
шешу үшін қажет құралдар мен қорларды « пи»-ге көбейту ережесі
туралы еске түсіреміз). Сондай-ақ егер жүйе «күрделі» сипаттамаға
таласатын болса, алуандық өлшемі бойынша жүйелердің жоғары
бағалануы дағдылы болып саналады.
Күрделі əлеуметтік жүйені, мысалы, сатыластықтардың бір
типіне саюға келмейді, ал мүшеленген жүйе бағыну (теңдей бағыну)
қағидаты бойынша, құрылымдар арасындағы жай байланыстарды
бермейді. Гомеостаз ұғымы күрделі əлеуметтік жүйелерге тəн бо-
лып саналады, яғни бақыланатын жүйелер, олардың айтарлықтай
күрделілігінен айқын емес тепе-теңдікте болады. Жүйелер
күрделілігінің кейбір баламалы анықтамасын қарастырамыз.
Оның тұтастығын жүйелер белгілерінің бірі деп санауға болады
(эмердженттілікті еске түсіреміз). Бұл ретте, тұтастықты аяғына
дейін толық анықтау қажет көзді алып тастау кеңістіктікті көру
мүмкіндігінен айырады, бірақ экономикалық субъектілердің еркін
қатарының жоғалуы экономикалық жүйені бұзбайды, сондай-ақ
экологиялық жағдай индивидуумның жойылуы кезінде өзгермейді
жəне т.б.).
Бестік ретінде тұтастық көзқарасы тұрғысынан S жүйесін
анықтаймыз.
А - элементтердің бос емес жиыны,
Р - қатынастардың (эквиваленттілік қатынастары) жиыны,
«қасиеттер»
R - жаңа қасиеттер, туғызатын тəртіп қатынасы; «ережелер»
Q - предикаттар, қасиеттер сыныптары, қатынастар жиынының
элементтері;
С - B(j)
эквиваленттілік сыныптарынан өкілдердің жиыны.
Егер ол толық атқарымдыққа ие болса, жүйені күрделі деп атай-
тын боламыз. Жүйенің тұтастығы құрылымдық жəне атқарымдық
саралануды қажет етеді; Р қатынастары негізінде B(j)
атқарымдық
ішкі жүйелер құрылады – тірі жүйелердің (организмдердің) толық
құрылымдық-атқарымдық құрылымы жəне олардың атқарымдығын
толық деп санау қабылданған, бес негізгі атқарымдары атап
көрсетіледі:
122
Шешуші – D-жүйе, сыртқы ортамен əрекет ету туралы жаһандық
шешімдер қабылдау жəне жүзеге асыру үшін ішкі жүйелердің
жергілікті есептерін бөлу.
Ақпараттық – оны жаһандық, сол сияқты жергілікті деңгейге бе-
румен, ақпараттарды жинау мен өңдеуді қамтамасыз ететін, І-жүйе.
Басқарушы – жаһандық шешімді жүзеге асыруға арналған,
С-жүйе.
Гомеостазды – ішкі орталардың динамикалық тепе-теңдігін
қолдайтын жəне жүйе мен ішкі жүйелерде зат пен энергия қорларын
жəне ағындарын реттейтін, Н-жүйе.
Адаптивті
–
А-жүйе, жүйелердің құрылымдары мен
атқарымдарын жақсарту үшін тəжірибе жинақтау.
Кез келген жүйе жалпы, осылайша, шешуші (эвристикалық)
автоматтың ақпараттық, басқарушы, гомеостаздық жəне адаптивтік
(икемді) автоматтармен композициясы ретінде пайда болған
абстрактылық автоматпен теңдестірілуі мүмкін. Сондай-ақ күрделі
жүйеде оның бүкіл ішкі жүйелерінің өздері күрделі жүйелер болып
саналады жəне оның əрбірі жоғарыда көрсетілген типтердегі авто-
маттардан тұрады.
Анықталған жүйелердің күрделілігін өлшеуге болады.
Мүшеленбеген жүйенің күрделілік рангысы 0. rank(S(0))=0. Осын-
дай ішкі жүйелерден тұратын жүйенің рангы =1.S(1)=S(0)*S(0) жəне
т.б. Бұл жердегі күрделілік салыстырмалы ұғым болып саналады,
өйткені оны мүшелеуге жатпайтын автоматты зерттеуші таңдайды.
Ақпараттық жүйе, затты немесе энергияны емес, ақпаратты тара-
татын жүйе ретінде түсіндіріледі.
Талданатын жүйелердің атқарымдар кешенімен сипатталатын
формаға өзгеру үдерісі атқарымдық талдаудың негізі болып санала-
ды. Үдеріс кезінде мақсатты бағытталған жүйелер атқарымдарының
анықталуы абстракциялау үдерісіндегі осы талдаудың мəні болып
табылады.
Мақсатты бағытталған жүйелердің құрылымдық ресімдерін
бағалау, негізінен, осындай зерттеудің нəтижесі болып саналады.
Атқарымдарды анықтау қағидаттары: еселік, жинақтаушылық,
толықтық болып табылады.
Еселік қағидаты бойынша ұсынымдар:
анықтаманы тезаурус негізінде, объектілер тізбегі түрінде құру –
етістік – зат есім, етістікті осы шақтың 3-жағында қолдану, егер мұны
123
объектіні кəсіби анықтау дəлдігі талап етпейтін болса, мүмкіндікке
қарай қосымша нақтылауларды болдырмау.
Мысалы:
• Іс жүргізу есепке алуды жүзеге асырады;
• Квитанция (түбіртек) қорларды (запастарды) есепке алады;
• Сыйақы бастаманы ынталандырады.
Жинақтаушылық қағидаты бойынша ұсынымдар:
• атқарымдардың неғұрлым жалпы анықтамасын пайдала-
ну, ортақтық дəрежесі зерттеу нəтижелерімен анықталады жəне
есептердің қойылу ортақтығынан үлкен болмауы тиіс (мəселен, егер
қоймалар бойынша қозғалыс есебі үшін квитанциялар формаларының
рөлі зерттелген болса, есептің бүкіл үдерісін түбегейлі қайта қарауға
əкелетін тұжырымды таңдауға болмайды).
Анықтаудың толықтық қағидаты бойынша ұсынымдар:
• қосалқы анықтамаларды анықтау үшін анықтамаларды қайыра
қайта қарау немесе жүйелер атқарымдарының жеткіліксіз бейнелеп
көрсетілген аймақтарын шектеу.
Атқарымдардың есептік-аналитикалық есебі – атқарымдар
шығындары бойынша ыңғайлы, осылайша қате енгізілген
атқарымдар анықталуы мүмкін.
Атқарымдар анықтамаларының өзін ең көп таралған үш əдіспен
беруге болады:
• кəсіби талдау əдісі (сараптамалық бағалау)
• «қара жəшік» əдісі
• «логикалық тізбектер» əдісі
1-қадам – анық атқарымды бөлеміз (мысалы, «қара жəшік»
əдісімен)
2-қадам – жоғары тұрған атқарымды «неге?» деген жауаппен,
төмен тұрған атқарымды «қалай?» деген сұраққа жауаппен бөлеміз.
3-қадам – үдеріс немесе құрылым ретінде объектілерді жүйеге
біріктіретін себептік-салдарлық байланыстарды көрсететін
логикалық тізбек құрамыз.
Атқарымдардың (функциялардың) түрлері мыналар:
Бастапқы жəне қайталама атқарымдар.
Мысалы, тауар үшін, тұтынушы күтетін атқарымдар бастапқы,
бірақ оны өндіру ерекшеліктерімен байланысты қайталама
атқарымдар да болады.
Басты, негізгі жəне қосалқы атқарымдар.
124
Басты атқарым жүйенің өміршеңдік мағынасын көрсетеді. Негізгі
– қандай да бір сыртқы жүйемен байланысты көрсетеді, олардың
саны байланыстар санына қатысты болады.
Қосалқы – жүйелер ішіндегі байланысты көрсетеді, олар негізгі
атқарымдарды, сонымен қатар жүйенің басты атқарымдарын
толықтырады.
Қолданыстағы, талап етілетін, жоқ, қажет емес атқарымдар
– атқарымдарды əдіснамалық бағалау тəсілі.
Атқарымдарды бағалау тəсілдемелері үш көрсеткіштерді есепте-
уден тұрады:
• атқарымдар мəні - v(i) ~ статистикалық тəсілдемелер
• атқарымдарды орындау дəрежесі - F0(i,j) ~ факторлық талдау
• атқарымға жұмсалатын шығындар мөлшері - N(i,j) ~
сараптамалық бағалаулар
Жаһандық бағалаудың негізі – жүйенің тиімділігі, сондай-ақ сыни
атқарымдардың бейінін бағалау, мысалы, керексіз немесе керісінше,
жоқ атқарымдардың бар болуы.
Оның алдағы бейнесі ретінде жүйенің проблемалық жағдайлары
мен объективті мақсаты берілген мақсатты нəтижелерге жету бо
й
-
ынша белгілі бір əрекеттерді жүзеге асыруды талап етеді.
Бұл жағдайда жүйе атқарымын қойылған мақсаттар жүйесіне
жетудің тəсілі (əрекеттер жиынтығы) ретінде анықтаймыз.
Ақпараттар жиынын ойдағыдай анықтау үшін бұрын атап өтілген:
• ақылмандар талқысы əдісі;
• Дельфи əдісі,
• сценарийлер əзірлеу əдісі пайдаланылуы мүмкін.
Бірқатар жағдайларда атқарымдар жиынын генерациялау үшін
оның ішкі шектеулері мен қарама-қайшылықтарын білмейтін
сыртқы сарапшыларды қатыстыру ұсынылады.
Мысалы, «Нақты кəсіпорынның талаптарына сəйкес келетін ма-
мандар даярлаудың сапасын қамтамасыз ету» мақсаттарын жүзеге
асыру кезінде, мына атқарымдарды (қызмет түрлерін) тұжырымдауға
болады:
• мамандарды мақсатты даярлау бойынша шарттар жасау;
• студенттерді жеке оқытуға ауыстыру;
• кəсіпорын талаптарына сəйкес келетін мамандандырылған
сабақтар циклін дайындау;
• оқу үдерісінің материалдық базасын дамыту жəне т.б.
125
Нақты проблемалық жағдайлар (мақсаттарды тұжырымдау жəне
оларға жету тəсілдері, яғни атқарымдар) үшін жүйелер құрудың
ілгеріде қарастырылған кезеңдері мынадай логикалық қадамдарды
– олардың арасындағы осындай элементтер мен қатынастарды
(жүйенің ішкі құрылымын) анықтауды талап етеді.
Атқарымдарды жүзеге асыру үшін қажет кез келген мазмұн
элементтерін жүйенің бөліктері немесе компоненттері деп атай-
тын боламыз. Жүйелер (компоненттер) бөліктерінің жиынтығы
оның элементтік құрамын құрайды. Мұнда бөлінбейтін болып
қарастырылатын жүйелердің элементтері қарапайым (элементтер)
деп аталатын болады.
Бір элементтен артық жүйелер бөлігі ішкі жүйені құрайды. Со-
нымен бірге, нақты атқарымды іске асыратын ішкі жүйенің əрбірін,
өз кезегінде, жаңа жүйе ретінде қарастыруға болады. Атқарымдарды
іске асыру үшін қажет мақсаттарға қатынасы бойынша түбегейлі
бөліктер арасындағы қатынастардың тəртіпке келтірілген жиыны
жүйенің құрылымын құрады.
Құрылым ұғымы structurе деген, «құрылыс, орналасу, тəртіп»
ұғымын білдіретін латын сөзінен шығады, ал құрылымның неғұрлым
дəлірек анықтамасы мына түрде беріледі: «Жүйе элементтерінің
жиынтығы мен олардың арасындағы өзара байланыстар құрылым бо-
лып түсіндіріледі». Мұнда байланыс ұғымы бір мезгілде жүйелердің
құрылымы (статика) мен атқарымын (динамикасын) сипаттауы мүмкін.
Бұдан өзге талдау жүргізу кезінде құрылымның екі айқындаушы ұғымы:
материалдық құрылым мен формалды құрылым пайдаланылады.
Жалпы жағдайда, қойылған мақсаттар жүйесіне жеткізу
үшін қажет жəне жеткілікті, атқарымдық элементтер мен
олардың қатынастарының жиынтығы формалды құрылым болып
түсіндіріледі. Анықтамадан формалды құрылымның, бір типтегі
жүйеге тəн, жалпыны сипаттауы шығады.
Өз кезегінде, материалдық құрылым жүйелер элементтерінің
нақты типтері мен параметрлерінің жəне олардың өзара
байланыстарының иесі болып санасады.
Келтірілген пайымдар формалды құрылымдардың мəніне
қатысты екі қорытынды жасауға мүмкіндік береді: белгіленген
мақсаттар, негізінен, бір жəне бір ғана формалды құрылымдарға
сəйкес келеді; материалдық құрылымдардың жиыны бір формалды
құрылымға сəйкес келуі мүмкін.
126
Жүйелердің формалды жəне материалдық құрылымдарын зерде-
леу кезеңіндегі жүйелік талдау жүргізу кезінде талдаушылар əдетте
мынадай есептерді шешеді:
• қолданыстағы құрылымның жүйенің жаңа мақсаттары мен
атқарымдарына сəйкестігін анықтау;
• қолданыстағы құрылымды қайта құру, я принципті түрде жаңа
құрылымды жобалау қажеттілігін анықтау;
• құрылымдар элементтері бойынша жүйенің жаңа жəне ескі
атқарымдарын бөлу (қайта бөлу) түрін анықтау.
Əкімшілік, өндірістік-технологиялық жəне есептеу жүйелерін
құру кезінде пайдаланылатын типтік құрылымдарды қарастырамыз
(7-сурет).
Сызықтық құрылым (7 а-сурет), əрбір төбесі екі көрші төбелермен
байланысты екендігімен сипатталады. Бір ғана элементі (байланы-
сы) істен шығып қалған кезде, құрылым бұзылады.
Сақиналық құрылым (7 б-сурет) тұйықталушылығымен
өзгешеленеді, кез келген екі элемент байланыстың екі бағытына ие
болады. Бұл қарым-қатынас жылдамдығын арттырады, құрылымды
неғұрлым жанды етеді.
Ұялық құрылым (7 в-сурет) қорлық байланыстардың болуымен си-
патталады жəне құрылымдардың атқарымдық сенімділігін арттырады.
ɚ
)
ɝ
)
ɛ
)
ɜ
)
ɞ
)
ɠ
)
ɟ
)
ɡ
)
7-сурет. Құрылымдар типтерінің түрлері
127
Көп байланыстық құрылым (7 г-сурет) толық граф құрылымына
ие. Атқарымдық сенімділігі аса жоғары, сондай-ақ қысқа жолдардың
бар болуы есебінен атқарымдық тиімділігі де жоғары, құны - ең
жоғары.
«Доңғалақ» - (7 д-сурет) – көп байланысты құрылымның жекеле-
ген жағдайы болып саналады.
Сатыластық (иерархия) құрылым (7 е-сурет) басқару жүйелерін
жобалау кезінде неғұрлым кең тарауға ие болды: сатыластық деңгейі
неғұрлым жоғары болса, оның элементтері байланыстардың аз саны-
на ие болады. Жоғарғы жəне төменгі деңгейден өзге, бүкіл элемент-
тер, командалық, сол сияқты бағынушылық басқару атқарымдарына
ие болады. Осындай жүйенің əрбір деңгейі кіретін байланы -
тар санының шығатын санына қатынасы ретінде анықталатын
сатыластықтар деңгейімен сипатталады.
Жұлдызды құрылым (7 ж-сурет), центр рөлін атқаратын центрлік
түйінге ие, жүйенің бүкіл қалған элементтері бағынышты болып са-
налады.
Графтық құрылым (7 з-сурет) сатыластық жағынан инварианттық
болып саналады жəне əдетте өндірістік-технологиялық жүйелерді
сипаттау кезінде пайдаланылады.
Тұтастай алғанда, құрылым проблемалық жағдайларды жоюда
мақсатты қызметтің материалдық тасымалдаушысы болып санала-
ды жəне осы қызметтің түпкі нəтижесі көбінесе оның тиімділігіне
қатысты болады.
Құрылымдар нұсқасын таңдау кезінде кейбір жинақталған
тиімділік көрсеткіштерін пайдаланған дұрыс болады. Əдебиеттерде
осындай көрсеткіштердің екі сыныбы қарастырылады:
• жүйенің статикалық параметрлерін сипаттайтын көрсеткіштер;
• оның динамикалық қасиеттерін сипаттайтын көрсетікштер.
Көрсеткіштердің бірінші тобына мыналар жатады: сатыластықтар
деңгейлерінің саны, элементтер арасындағы өзара байланыстардың
сипаты, басқаруды орталықтандыру орталықсыздандыру дəрежесі.
Көрсеткіштердің екінші тобы жүйелердің атқарымдық тиімділігін
сипаттайды: жеделдік, орталықтандыру, перифериялық, жандылық.
Жоғары
да келтірілген көрсеткіштер сипаттамаларына қысқаша тоқ-
таламыз.
Жеделдік жүйелер реакциясының сыртқы ортаға тигізетін
əсерінің уақытымен, я оның өзгеру жылдамдығымен бағаланады
с
128
жəне негізінен, элементтерді жалғау мен олардың орналасуының
жалпы сұлбаларына қатысты болады.
Орталықтандыру жүйе элементтерінің бірінің басшылық
атқарымдарын орындау мүмкіндіктерін анықтайды. Сандық
тұрғыдан орталықтандыру бүкіл қалған орталық (басшы) элемент
байланыстарының орташа санымен анықталады.
Перифериялылық құрылымдардың кеңістіктік қасиеттерімен
сипатталады. Перифериялық сандық тұрғыдан құрылымдардың
ауырлық центрінің көрсеткіштерімен анықталады, бұл ретте
құрылымдар элементтерінің «салыстырмалы салмағы» байланысты-
лар өлшемдерінің бір ғана бағалауы болып пайдаланылады.
Жүйенің жандылығы жүйелер бөліктерінің ақауы болған
кездегі, оның көрсеткіштер мəнін сақтау қабілетін анықтайды. Бұл
көрсеткіш, оны жойған кезде қалған көрсеткіштер ұйғарымды шек-
терден шығып кетпейтін, элементтердің (немесе байланыстардың)
салыстырмалы санымен сипатталуы мүмкін.
«Қара жəшік» моделі жүйелерді сипаттаудың неғұрлым
қарапайым жəне абстрактылы деңгейі болып саналады. Бұл
жағдайда, бөлінген жүйе кірулер мен шығулар жиынтығы арқылы
өтетін ортамен байланысты болады. Шығулар модельдері жүйелер
қызметінің нəтижелерін, ал кірулер қорлар мен шектеулерді си-
паттайды. Бұл ретте, жүйелердің ішкі мазмұны туралы біз ештеңе
білмейміз жəне ештеңе білгіміз келмейді. Модель бұл жағдайда
оның екі маңызды жəне түбегейлі қасиеттерін көрсетеді: тұтастық
жəне ортадан оңашаланғандық.
Осындай модель оның сыртқы ортасының қарапайымдылығын
жəне ішкі құрылым туралы мəліметтердің жоқ болуына қарамастан,
жүйелік талдаудың алғашқы кезеңінде көбінесе пайдалы болып
шығады,
Мысалы, теледидардың жұмыс қабілетін талдау үшін кірулер
(электрмен қоректену бауы, антенна, басқару жəне баптау тұтқасы)
мен шығуларды (кинескоп экраны жəне шығу динамикасы ) тексеру
қажет. Қандай да бір өндірістік үдерісті жүйелік сипаттауды оның
ақпараттық жəне материалдық кірулері мен шығуларын – қызметтің
жоспарланатын жəне қорытқы көрсеткіштерін, қорлар мен түпкі
өнімдер сапасын жəне т.б. таңдаудан бастау қажет.
Ішкі құрылғысын, я мақсатқа сай сипаттау мүмкін емес жүйелер
жиыны бар болатынын атап өту қажет жəне бұл жағдайда «қара
129
жəшік» моделі оларды зерттеудің жалғыз нұсқасы болып саналады.
Мысалы, біз адамның ағзасы қалай құрылғанын білмейміз жəне сол
мезгілде дəрі-дəрмектің оған қалай əсер ететінін білу қажет болады.
«Қара жəшік» моделін нысандандыру кіру жəне шығу айнымалының
екі жиынының тапсырмаларына негізделеді жəне жиындар арасын-
да ешқандай да өзге қатынастар тіркелмейді.
«Қара жəшік» модельдерін құру тривиалды есептер деп
тұжырымдауға жол берілмейді, өйткені жиындар мазмұны туралы
мəселеге жауап беру əрқашанда біржақты емес.
Модельдерді құру зерттеу мақсатын бара-бар көрсететін олардың
түпкі жиынының ортасы мен жүйелер байланысының шексіз
жиынтығын таңдауға негізделеді. Осындай модельдерді моно
жүйеге (яғни, бір көру жəне шығу жүйесімен) келтіруге болмайды,
Х жəне Y жиындары параметрлерінің қажетті жəне жеткілікті санын
негіздеу үшін математикалық статистика əдістерін кеңінен пайдала-
ну, тəжірибелі сарапшыларды қатыстыру қажет.
Жүйелер құрамының модельдері күрделі жүйелерді модельдеудің
келесі деңгейі болып саналады. Кез келген жүйені қарастыру кезінде,
ең алдымен оның тұтастығы мен жекеленуі сыртқы қасиеттер болып
анықталады. Сонымен бірге, жүйелердің ішкі құрылымы сондай-
ақ алуан, біртекті емес жəне атқарымдық элементтердің жиыны-
нан тұрады. «Қара жəшіктің» ішкі құрылымдарын неғұрлым ұсақ
құрамды бөлшектерге (ішкі жүйелерге, жекелеген элементтерге) де-
композициялау жүйелер құрамының модельдерін (8-сурет) құруға
мүмкіндік береді.
Мысалы, егер жүйелер түрінде өндірістік бөлімшені қарастыратын
болсақ, онда ішкі жүйелер түрінде өндірістік учаскелер қатысады,
ал жекелеген элементтер ретінде – жабдық, шикізат, жұмысшылар
қатысады; теледидар жүйесі хабарлар беру аппаратураларынан, бай-
ланыс арналарынан, қабылдау арналарынан тұрады.
Табиғатының алуандығы мен элементтер формалары бойынша
модельдер құру күрделі үдеріс жəне мынадай үш факторлармен
түсіндіріледі:
• «қарапайым элементті» түсіндірудің біржақты еместігімен;
• əрбір мақсат үшін оған сəйкес келетін құрамды бөлуді объективті
талап ететін объектінің көп мақсатты сипатымен;
• тұтасты бөліктерге (жүйелерді ішкі жүйелерге, элементтерге)
бөлу рəсімдерінің шарттылығымен (субъектілігімен).
130
«Қара жəшік» модельдері мен құрамының қарапайымдылығы мен
қолжетімділігі оларды пайдалана отырып, тəжірибедегі есептердің
жиынын шешуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жүйені неғұрлым
тереңірек зерделеу үшін модельде элементтер арасында қатынастар
(байланыстар) орнату қажет. Элементтер арасындағы қатынастар
мақсаттарына жету үшін қажетті жəне жеткілікті жиынтық арқылы
жүйелерді сипаттауды жүйелер құрылымдарының моделі деп атай-
мыз.
Элементтер арасындағы байланыстар тізбесі, бір қарағанда,
біршама дерексіз, абстрактылы модель болып саналады. Шынында
да, егер элементтердің өзі қарастырылмаса, байланыстарды қалай
қарастыруға болады.
Аталған жағдайда сөз тағы да элементтер арасындағы өзара
байланыстарда мақсатты (проблемалық) талдау туралы, яғни
байланыстардың шексіз санынан қолдағы мақсаттарға сəйкес
жəне оларды алдағы уақытта зерделеу үшін олардың қажетті жəне
жеткілікті сандағы байланыстарының шексіз санынан бөліну тура-
лы болуы тиіс. Мысалы, ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін талдау кезінде,
жекелей түрде əрбір элементтің жұмысына көз жеткізе отырып
неғұрлым маңызды: процессор мен терминал арасында клавиатура
мен процессор арасындағы, процессор мен сыртқы жады арасындағы
интерфейстер талдануы қажет.
Бұрынырақ келтірілген жүйелердің құрылымдық анықтамалары,
формалды жəне материалдық құрылымдар түсініктері «қара жəшік»,
құрам мен құрылымдары модельдерін біріктіретін жүйелердің
құрылымдық сұлбасы (модельдері) туралы айтуға мүмкіндік береді.
ɿɲɤɿɠԛɣɟ
ɷɥɟɦɟɧɬ
Достарыңызбен бөлісу: |