Топырақ профилі (кескіні). Топырақтың қазылғандағы тік қабаттары топырақтың профилі (пішіні) деп аталады. В. В. Доку- чаев топырақты бетінен төмен қарай негізгі үш қабатқа бөлді. А – қарашірікті қабат. В – өтпелі қабат. С – топырақ түзуші аналық тау жыныс қабаты. Олар тағы да өздерінің морфологиялық көріністеріне
байланысты əрқайсысы бірнешеге бөлінуі мүмкін. Оларды А1А2, В1В2, С1С2, т.б. деп белгілейді.
Топырақтың түсі – топырақтың морфологиялық көріністерінің
ішінде ең негізгі белгі. Топырақ аттарының өзі де осы түстеріне қарай қойылған. Топырақтың жəне оның қабаттарының түстеріне əсер ететін негізгі құрамдар:
Қарашірінді заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр түс береді.
Темір жəне марганец тотықтары. Сары, қызыл, сия түстер береді.
Кремний қосылыстары, əк, каолинит, алюминий гидроксиді жəне суға тез ерігіш тұздар (хлоридтер жəне сульфаттар). Олардың түстері-ақ.
Темірдің шала тотығы. Ол көкшіл, сұр сия түсті келеді.
Үш бұрышта ақ, қара, қызыл түстер, ал олардың араларында осы үш негізгі түстердің азды-көптігіне байланысты неше түрлі түстер
болады. Топырақты анық бір түспен айту қиын, сондықтан негізгі түске анықтама қосылады. Оның басым түсі соңына койылады. Мы- салы, қара қоңыр, сарықұба, ашық сары деген сияқты.
Топырақ түсінің практикалық маңызы үлкен. Топырақ қабатының қалың қара түсті болуы гумустың молдығын көрсетеді. Көкшіл неме- се көк түс – топырақтың батпақтануы. Мұндай жерлерді пайдаһану күрделі мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді.