Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет2/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

АЛҒЫ СӨЗ


Топырақтану – оқулығы студенттерге топырақ туралы түсінік беретін, топырақтың бүкіл биосфераның басты экологиялық қуысы ретінде, табиғаты мен қасиеттерін оның қоршаған ортамен байланы- сын көрсеткен, іргелі теориялық ғылыми пəндердің бірі. Топырақ – ерекше биокосты дене. Ол геологиялық жəне биологиялық денелер- мен тығыз байланысты, ал оларды оқып-білу эколог мамандарына өте маңызды.


Топырақтану – топырақтың түзілуі, құрамы мен қасиеттері, олар- ды қорғау жəне тиімді пайдалану жолдары туралы ғылым.
Ландшафтың туындысы жəне элементі бола тұрып топырақ жер бетінің табиғатының дамуына маңызды орта болады. Атмос- фера, биосфера, литосфера, гидросфера арасында үздіксіз байла- нысты болып, топырақ жамылғысы Жер бетінде осы сфералардың арасындағы тіршіліктің дамуына аса қажет тепе-теңдікті сақтайды. Өзінің құнарлығы арқылы топырақ өндірістің негізгі құралы болады. Сондықтан да топырақты, оның биосферадағы жəне адам өміріндегі маңызын білу өте қажет.
Пəнді оқытудың мақсаты – Жердің тірі қабаты – топырақ тура- лы, оны табиғи дене ретінде қарап, оның қасиеттері, түзілуі, эволю- ция туралы білім негіздерін қалау. Топырақ түзілу процесін, оның жер бетінде дамуын, топырақ түзілуіне экологиялық факторлардың əсерлерін, топырақ қорларын тиімді пайдалану жолдарын оқып білу.
Пəнді оқыту міндеттері – курсты оқу нəтижесінде:

  • топырақтың адам өміріндегі жəне биосферадағы маңызын;

  • биологиялық алуантүрлілікті сақтаудағы топырақтың маңызы;

  • жер бетіндегі топырақтардың зоналық таралу заңдылықтарын жəне оның табиғи зоналықпен байланысын;

  • топырақ түзілу процесін, топырақтың қасиеттерін жəне оларға əсер ететін экологиялық факторларды;

  • топырақ құнарлығы, оның категорияларын, элементтерін жəне егіншілікте пайдалану нəтижесіндегі өзгерістерін;

  • топырақ қорларын қорғау жəне тиімді пайдалану жолдары ту- ралы білу керек;

  • алған білімдерін практикада қолданып, топырақ экологиясын зерттеулерді жүргізу əдістерін пайдалану;

  • топырақтанудың зертханалық-аналитикалық жұмыстарын теориялық жəне практика жүзінде жүргізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет