Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары



бет159/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары





  1. Əртүрлі минералды компоненттерден тұратын, топырақ түзілетін субстрат:

  1. тау жыныстары

  2. топырақ түзуші жыныстар

  3. биогенді заттар

  4. сүйекті заттар

  5. биологиялық сүйекті заттар




  1. Топырақта бай энергияны, күрделі органикалық қосылыстарды жəне алғашқы органикалық заттарды жасаушылар:

  1. биогенді заттар

  2. микроорганизмдер

  3. өсімдіктер

  4. сапрофагтар

  5. ұсақ кемірушілер




  1. Топырақ профилінің қалыптасуына, қарашіріктің сақталуына, қарашірік горизонттарының қуаты мен топырақ құрылымына нелер əсер етеді?

  1. актиномицеттер

  2. бактериялар

  3. саңырауқұлақтар

  4. сапрофагтар

  5. бір клеткалы балдырлар




  1. Топырақта тіршілік ететін жəне талас құратын ағзалар:

  1. гельминтоза

  2. сапрофаги

  3. неофаги

  4. солитеры

  5. клострадтар




  1. Қазіргі кезде бұзылуға ұшыраған егістікті қалай атайды ?

  1. тақырланған

  2. аридизацияланған

  3. дефилицияға ұшыраған

  4. ормансызданған

  5. деструкцияға ұшыраған




  1. Көлемді территориялардың ылғалдылығын азайтатын күрделі жəне əртүрлі кешенді процестер қалай аталады:

  1. тақырлану

  2. аридациялану

  3. дефиляциялану

  4. ормансыздану

  5. деструкциялану.




  1. Жердің биологиялық потенциялының азаюы мен құрғақшылықтың жиі болуы қандай жағдайға əкеледі:

  1. жердің тозуына

  2. ормансыздануға

  3. шөлденуге

  4. бұзылуына

  5. қарашірік қабатының азаюына




  1. Жер қоры жағдайын болжау жүйесінде жағымсыз үрдістер сал- дарын жою мен ескерту, анықтау мен бағалауды қалай атайды?

  1. жер кадастры

  2. топырақ қорғау шаралары

  3. жерге орналастыру

  4. жер мониторингі

  5. жер есебі




  1. Өсімдік ауруларымен, зиянкестермен күресу үшін қандай химиялық немесе биологиялық дəрі-дəрмектер қолданылады?

  1. кумуляция

  2. антицептиктер

  3. родентицидтер

  4. десиканттар

  5. пестицидтер




  1. Топыраққа ғылыми анықтама берген ғалым:

  1. В. В. Докучаев

  2. П. А. Костычев

  3. Н. М. Сибирцев

  4. В. И. Вернадский

  5. И. С. Кауричев




  1. Топырақ туралы ғылымның негізін салушы:

  1. Ю. Либех

  2. А. Тэер

  3. В. В. Докучаев

  4. М. В.Ломоносов

  5. Н.М.Сибирцев




  1. Атмосфера, гидросфера жəне биосфераның ықпалымен қосылатын минералды тау жыныстарының күрделі жəне əртүрлі үрдістерінің сандық жиынтығы:

  1. аридация

  2. топырақ түзілу

  3. аккумляция

  4. үгілу

  5. гидротация

  1. Жер қабығының терең қабатында силикатты балқымалардан құралған жыныстар:

  1. биосүйекті

  2. магмалық

  3. метаморфтық

  4. элювиальды

  5. шөгінді




  1. Су бөлігінің минералдар бөлігімен қосылуының химиялық үрдісі:

  1. гидролиз

  2. судың минералдануы

  3. қышқылдану

  4. ерігіштік

  5. гидротация

  1. Пайда болған жерінде қалған негізгі жыныстардың үгілген өнімдері:

  1. метаморфтық

  2. шөгінді

  3. магмалық

  4. элювиальды

  5. сүйекті




  1. Топырақты жырту барысындағы топырақ көлемінің қысқаруы:

  1. қаттылық

  2. қарсыласу

  3. отыру

  4. ісіну

  5. байланысу




  1. Жаңбырлы жəне тасқынды сулардың көшіруінен тау бөктерлерінде тұнған жыныстар:

  1. элювиальды

  2. аккумлятивті

  3. пролювиальды

  4. аллювиальды

  5. делювиальды

  1. Мұзбен, сумен, желмен араласқан үгілу өнімдері:

  1. элювиальды

  2. шөгінді

  3. метаморфтық

  4. магмалық

  5. аккумлятивтік




  1. Таулы өлкелердегі тау бөктерінде су жəне сел тасқындарының күшінен қалыптасқан жыныстар:

  1. пролювиальды

  2. элювиальды

  3. аллювиальды

  4. делювиальды

  5. көлдік

  1. Күшті мұз тасқындары əрекетінен пайда болған шөгінділер:

  1. моренналық

  2. көлдік

  3. флювиогляциалдық

  4. пролювиальдық

  5. саздақ




  1. Топырақ профилі мен бөлек горизонттарда жаңа құрылым құрайтын, топырақ режимін қалыптастыратын алғашқы реттегі қарапайым топырақ үрдістері:

  1. микроүрдістер

  2. мезоүрдістер

  3. макроүрдістер

  4. жаңа үрдістер

  5. генезис




  1. 1 га биомассаның орташа жылдық өсімінен жалпақ жапырақты ормандарда жинақталатын көміртегі мөлшері:

A) 74, 3
B) 60, 8
C) 54, 5
D) 42, 7
E) 39, 5



  1. Сұр орман топырағы мен орманды даланың қара топырақ зо- насына қан аймақта?

  1. Оңтүстік Қазақстан

  2. Солтүстік Қазақстан

  3. Алтай-Саян

  4. Шығыс Қазақстан

  5. Батыс Қазақстан




  1. Қазақстандағы қара топырақты аймақтың көлемі:

  1. 27 млн. га

  2. 90, 5 млн га

  3. 119, 4 млн га

  4. 86, 3 млн га

  5. 34 млн га




  1. Қара-топырақты дала зонасына қай аймақта?

  1. Батыс Сібір

  2. Каспий бойы

  3. Торғай

  4. Шығыс Қазақстан

  5. Сібір Алтайы




  1. Қазақстандағы шөлді массивтердің көлемі, га:

  1. 40 млн.

  2. 27 млн.

  3. 66 млн.

  4. 86, 3 млн.

  5. 38, 9 млн.




  1. Деффиляция үрдістері қай облыстың территориясын қамтыған:

  1. Павлодар

  2. Батыс Қазақстан

  3. Атырау

  4. Алматы

  5. Шығыс Қазақстан




  1. Топырақ түзуші басты факторлар:

  1. тау жыныстары

  2. химиялық үрдіс

  3. аналық жыныс

  4. гидрологиялық жағдай

  5. топырақтың биофизикалық ылғалдануы




  1. Қара шірінді, ол:

  1. ажыратуға болмайтын қалдықтар

  2. тірі ағзалар қалдығы

  3. топырақтағы органикалық заттар

  4. топырақтың беткі қабаты

  5. топырақтағы кесектер




  1. Өсімдіктердің қоректену элементтерінің ұйымдасуы жəне органикалық заттардың гуминденуі мен минералдану процестерін байланыстыратын əртүрлі топтағы микроорганизмдердің тіршілігімен анықталатын топырақ режимі:

  1. су-ауа

  2. физика-химиялық

  3. сіңірулілік

  4. биохимиялық

  5. тұздылық




  1. Өсімдікте онсыз хлорофил түзілмейтін топырақтағы эле- мент:

  1. азот

  2. кремний

  3. оттегі

  4. алюминий

  5. темір




  1. Топырақ құрамындағы оттегі қанша %:

A) 38, 9 %
B) 33, 6 %
C) 47, 2 %
D) 49, 0 %
E) 50, 2 %



  1. Топырақтық климаттық зонаның бөлінуі неге байланысты?

  1. климатқа

  2. рельефке

  3. ылғалдылыққа

  4. өсімдік жамылғысына

  5. əртүрлі топырақ түзуші жыныстарға




  1. Қай зонада ми батпақтың болуы мүмкін?

  1. тундра топырағында

  2. орманды дала

  3. дала

  4. шөлейт

  5. тропиктік




  1. Ауаның біркелкі ластануынан қандай топырақ түрі қалыптасады ?

  1. саз балшықты

  2. құмды

  3. жеңіл сазданған

  4. орташа сазданған

  5. кермекті




  1. Топырақтың қатты түйірлерінің бу күйіндегі ылғалды ұстау қабілеті:

  1. су ұстау

  2. ылғал ұстау

  3. судың борпылдақ топырақпен байланысы

  4. ішкі түйіртпектік

  5. гироскопиялық




  1. Топырақтың жылу сыйымдылығы:

  1. жылу өткізгіштік

  2. жылу жұтушылық

  3. альбедо

  4. температуралық режим

  5. жылу сыйымдылығы




  1. Топырақтағы ауаның атмосферамен алмасу процесі:

  1. диффузия

  2. ауа сыйымдылығы

  3. ауа өткізгіштік

  4. аэрация

  5. желдің бағыттары




  1. Топырақтың генетикалық типтері туралы ілім негізінде салынған топырақ классификациясы:

  1. экологиялық-генетикалық

  2. морфо-генетикалық

  3. эволюциялық-генетикалық

  4. тарихи-генетикалық

  5. физикалық-генетикалық




  1. Климаттың термиялық ерекшеліктері бойынша бөлінуі қалай аталады?

  1. топырақтық-биоклиматтық аймақ

  2. топырақтық-климаттық белдеу

  3. топырақ зоналары

  4. зоналық жүйелер

  5. зоналық спектр

Топырақтану пəнінен емтихан сұрақтары





  1. Топырақтану ғылымы, оның мақсаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік.

  2. Топырақтанудың экология ғылымымен байланысы. 3.Топырақтанудың тарихы, ғылым ретінде дамытудағы В. В. До-

кучаевтың рөлі.
4.Топырақтану топрырақ туралы ғылым, топырақ түзілу процесі. 5.Үгілу жəне топырақтың түзілуі.

  1. Үгілудің типтері.

  2. Алғашқы топырақ түзуші процесі.

  3. Топырақ түзуші экологиялық фактор.

  4. Топырақтың морфологиялық көрсеткіштеріне экологиялық факторлардың əсері.

  5. Топырақтың морфологиясы.

  6. Топырақтың морфологиялық қасиеттері.

  7. Топырақтың гронулометриялық (механикалық) құрамы жəне оның маңызы.

  8. Топырақтың механикалық құрамының биологиялық, физикалық, химиялық қасиеттеріне əсері.

  9. Топырақтың компоненттік құрамдары жəне олардың қасиеттері.

  10. Топырақтың минералогиялық құрамы.

  11. Топырақтың химиялық құрамы.

  12. Топырақтың химиялық құрамының қалыптасуы.

  13. Химиялық элементтердің топырақ қабатында таралуы.

  14. Топырақтың органикалық заттармен жəне оның топырақ құнарлығын қалыптауындағы маңызы.

  15. Органикалық заттар жəне олардың топырақ құнарлығын қалыптастырудағы маңызы.

  16. Топырақ гумусы. 22.Топырақ құнарлығы.

  1. Топырақтың су-физикалық қасиеттері.

  2. Топырақтағы ылғал түрлері

  3. Топырақ ауасы.

  4. Топырақ ауа қасиеті.

  5. Топырақтың физикалық қаситеттері жəне оның экологиялық маңызы.

  6. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері.

  7. Топырақ түзуші экологиялық факторлар жəне олардың зоналдығына əсері.

  8. Топырақтың табиғи зоналдылығы.

  9. ТМД топырақ қоры.

  10. Қазақстанның топырақ қорлары.

  11. Топырақтың физикалық қасиеттері.

  12. Топырақтың механикалық құрылымы.

  13. Топырақтың су қасиеттері.

  14. Топырақтың химиялық қасиеттері. 37.Топырақтану ғылымының Қазақстандағы дамуы.

  1. Топырақ түзілу процесі жəне оған экологиялық факторлардың əсері.

  2. Топырақтың морфологиялық қасиеттері жəне олардың экологиялық факторлармен байланысы.

  3. Топырақтың сіңіру қабілеті оның экологиялық маңызы. 41.Топырақтың су-физикалық қасиеттері, олардың экологиялық

маңыздылығы.

  1. Топырақтың табиғи зоналығы.

  2. Қазақстан топырақтары, олардың табиғи экологиялық сипат- тамасы.

  3. Қазақстанның жазық территорияларының топырақтары, олардың экологиялық жағдайы.

  4. Қазақстанның таулы топырақтары, олардың экологиялық жағдайы.

  5. Топырақ пішінінің құрылымы.

Термин сөздерге түсінік




Аллювий – өзен тасығанда шығып қалған құмдар, қиыршық тас- тар жəне т.б.
Бонтировка – топырақтың сапалылығын бағалау.
Бонитет – топырақ сапасының көрсеткіші.
Геологиялық эрозия – табиғатта болуға тиісті биологиялық про- цесс, ол топырақты жаңартуға көмегін тигізеді.
Дефляция – топырақ пен борпылдақ тау жыныстарының түйірлерін жел үрлеп ұшыруы.
Дефляция эрозиясы – топырақтың желмен ұшып кету процесі.
Диагенез – шөгінді лайлы жыныстардың қатаюы.
Десукция – өсімдіктердің топырақ суын тамырларымен соруы
Далалық ылғалсиымдылық – ыза суы терең орналасқан жағдайда топырақты үстіңгі жағынан сулағанда топырақтың ұстап қалған су мөлшері.
Ортзаңдар – тығыз, шірік, қоңыр түсті темірдің қабыршықтары.
Ортштейндер – темір мен марганец тотықтарының кесек немесе тары тəріздес.
Рекультивация – топырақ жамылғысын қайта қалпына келтіру.
Жасанды құнарлық – адамның еңбек нəтежиесінде пайда бо- лады. Табиғи жəне жасанды құнарлылықпен қатар, экономикалық құнарлық құрастырады.
Жерлерді бағалау – құнарлығын жəне тұрған орны жер учаскелердің сапалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер бойын- ша анықтау.
Зонасыз топырақтар – табиғаттың барлық зоналарында өзен бойлары мен ойпатты жерлерде немесе құм жиындары бар жерлерде кездесетін топырақтар.
Ирригациялық эрозия – адамдардың суды дұрыс пайдаланбау- ынан болатын эрозия.
Кадастр – есеп, салық үшін жер бағасын есептеу
Қалыпсыз топырақтар – өзен мен көлдер аллювилері, жел үйінділері.
Коагуляция – коллоидтардың ертіндіден тұнбаға көшу процесі.
Криогенді су режимі – үнемі тоң болып жататын суға төзімді қабат түзіп, соның нəтижесінде жауын-шашынның аздығына қарамастан, жылдың жылы мезгілінде топырақтың суға қанығуы.
Қалыпты зоналық топырақтар – 5 топырақ типінен тұратын құрғақ шөпт топырақтар
Құрғақшылықтың өлі қабаты – аспалы қылтүтік топырақ суының төменгі шегі мен ыза суының қылтүтік жиегінің жоғарғы шегінің арасында, қабат салу ылғалдылығына жақын жатқан ылғалды қалыңдылық.
Гравитациялық су – грунтты топырақта ауырлық күшінің əсерінен қылтүтіктерде ұстап тұрылмай, жоғарыдан төмен жылжи- тын су.
Гигроскопиялық су – топырақтың ауадан сіңіре алатын бу тəрізді ылғалдылықтың ең жоғарғы мөлшері.
Мезорельеф – рельефтің орташа мөлшері. Мысалы, тау аңғарлары, алқаптар, шұңқырлар.
Макрокомбинациялар – мезокомбинацилардың жер бедерінің ірі өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы.
Микрорельеф – рельефтің өте ұсақ түрі. Мысалы, ұсақ құм төбелер, сор ойпаңдар жəне т.б.
Пестицидтер – ауру туғызатын ұсақ бунақденелілерді жою үшін қолданылатын химиялық заттар.
Сорланған топырақтар – құрамында суға тез ерігіш тұздардың біршама мол кездесетін топырақ түрлері.
Сор топырақ – суға тез ерігіш тұздардың топырақтың беткі қабатынан бастап мол кездесуі.
Сортаң топырақ – топырақтың коллоидты кешені негізінен на- трий катионына қаныққан топырақтар.
Солодтар – қалдықты кварц жəне аморфты кремний балшығы көп топырақтар.
Топырақ-биоклиматтық белдеу – топырақтардың көлбеулі зоналар мен биіктік белдеулердің радиациялык жəне жылу жағдайларының біртектестігі.
Топырақ-биоклиматтық облыс – топырақ зоналарының тек радиациялық жəне жылу жағдайлары ғана емес, сонымен катар ылғалдану жəне құрғақтану жағдайларының біртектестігі.
Топырақты бонитеттеу – топырақтың табиғи құнарлығын салы- стырып бағалау, оларды табиғи қасиеттер бойынша жіктеу.
Топырақ провинциясы – топырақ зонасының кейбір топырақ жəне оның түзілу ерекшеліктеріне байланысты (ылғалдану, құрғақтану немесе температуралық өзгерістері) – зонаның бір бөлігі.

26–1427
401



Топырақ округі – топырақ провинциясының жер бедері топырақ түзуші жынысқа байланысты топырақ жамылғысын біркелкі құрылымда кездесетін топырақ провинциясынын бір бөлігі.
Топырақ ауданы – топырақ округінің жергілікті жағдайларға тіпті, кейде əкімшілік бөлінісіне қарай бөлінетін ең кіші бөлігі.
Топырақ зоналары – топырақ түрлерінің түзілуі мен генетикалық қасиеттері өзіндік биоклиматтық жағдайына сай қалыптасқан табиғи аймақтар.
Топырақ типі – топырақ жіктелуінің басты белгісі.
Топырақ құнарлылығы – топырақтың өсімдіктерді өніп-өсуіне қажетті су, қорек элементтерімен қамтамасыз етуі жəне олардың түсімділігіне керекті жағдай туғызу қасиеті.
Топырақ пісуі – топырақтың жабысқақтығы мен байланысы маңызды агрономиялық қасиеті.
Топырақтың тоңдануы – топырақтың қысқы аяздарда құрамындағы ылғалы мұзға айналып қатуы.
Топырақ тегі – аналық тау жынысы өзгешелігіне орай бөлінетін топырақ бөлігі ( кебірленген, сорланған, корбонатты).
Тип – топырақтың жіктелуінің басты белгісі.
Топырақ аймағы – бір немесе екі аймақтық топырақ типінің жəне осыларға сəйкес интрааймақтық жəне аймақ ішіндегі топырақ типтері таралған жер кеңістігі.
Топырақ аймақшасы – топырақ аймағына сəйкес таралған бір топырақ типшесі таралған жер аумағы.
Топырақ фациясы – жылу режимінің жəне жыл мерзімдері ішінде ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі.
Топырақ округы жəне топырақ ауданы – жер бедерінің жəне топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.
Тиксотропия – мəңгі тоңды өлкелердегі топырақтарда кең тараған құбылыс.
Топырақтың тұздануы – өсімдіктер үшін зиянды болып келетін тұздардың топырақтың жоғарғы қабатына жинақталу процесі.
Толық ылғалсыйымдылық – топырақтың толық сумен қанығуы.
Топырақ провинциясы – топырақ жəне оның түзілу ерекшеліктеріне байланысты топырақ зонасының бір бөлігі.
Өтпелі топырақтар – шайылған жəне жер бетіне төселген топырақтар.
Үлкен геологиялық айналым – құрлық жер мен мұхит арасын- да жүретін химиялық элементтер жолы.
Шабындық – жаз бойы өсіп толысатын, көбнесе орташа ылғалдыққа бейімді шөптекті өсімдіктер тобы биогеоценозы.
Шөгінді – өзен суына ілесіп келген минаралдық жəне органикалық түйірлі заттар.
Шурф – құрғақ жерде топырақты зерттеу үшін қазылатын тік шұңқыр.
Фаза – топырақты құрайтын бөліктер.
Фиксация – топырақтың катиондарды қайта алмастырмай сіңіруі.
Фосфорлы тыңайтқыш – өсімдіктерді қоректі фосформен қамтамасыз ету үшін топыраққа шашылатын органикалық заттар.
Экономикалық эрозия – ғылыми негізсіз жер байлығын тиімсіз пайдалану нəтижесінде топырақтың бүлінуі.

Белгілер мен қысқартулар


Берілген оқулықта кейбір белгілер мен қысқартулар бар:


% – пайыз
0С – градус цельсий М3 – метр куб
М – метр
кВт – киловатт кПа – килопаскаль т – тонна
ТМД – Тəуелсіз мемлекеттер достығы (ТК) – транспирация коэффициентi (ЖСП) – жалпы су пайдалану
(СПК) – су пайдалану коэффициентi (ТС) – тұрақты солу ылғалдығы
(КБҮ) – капиллярлық байланыстың үзiлу ылғалдылығы
(ЕТС) – ең төменгi ылғал сыйымдылығы ТМ-3 – максималды термометр
ТРЭ – Топырақтағы радиоактивтік элемент мин – минут
сағ – сағат
мг – миллиграм кг – килограмм
г/см3 – грамм сантиметр куб град – градус
м/с – метр секунд лк – электр қуаты В – ватт
атм – атмосфера Гкал – гегакалория мПа – мегапаскапаль
ШМК – шекті мүмкіндік ластануы т.б. – тағы басқа

Пайдаланылған əдебиеттер





  1. Қазақстан топырақтары: орысша-қазақша анықтамалық сөздік

  • Почвы Казахстана: русско-казахский словарь справочник. – Алма- ты: Каз ККА, 2008 – 270 б.

  1. Мирзадинов Р. А., Үсен Қ., Торғаев Ə. Ə., ж.б.- Топырақтану: оқу құралы / Алматы: Каз ККА, 2009.- 276б.- 1 ч.з., 2 агр., 97 уч.а.

  2. Жамалбеков Е. Топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы: Алматы: Қазақ университет, 2006.

  3. Шилибек С. Қ. Топырақтану жəне топырақтар механикасы. оқу құралы/ Алматы: Веро баспасы, 2009 – 127 б.

  4. Жамалбеков Е. У.; Бильдебаева Р. М., Бигалиев А. Б. Жалпы топырақтану. – Алмата, 2001.

  5. Тазабеков Т. Т. Топырақтың құнарлылығы. – Алматы, 1999.

  6. Добровольский В. В. География почв с основами почвоведе- ния. М., Изд-во «Владос», 1999.

  7. Добровольский В. В. Задачи почвоведения в решении со- временных экологических проблем. Санкт-Петербург: ЦМП. 2004.

  8. Асанбаев И. К., Фаизов К. Ш.. Почвоведение с основами экологии и географии почв. Учебное пособие., Алматы «Қазақ университеті», 2007.

  9. Карипов Р. Х., Иванников А. В., Лазник Ю. А. К методике реального планирования урожайности зерновых культур. В кн.: Пути интенсификации производства зерна. Научные труды//ЦСХИ.

– Целиноград, 1992, с. 55-58.

  1. Вронский В. А. Прикладная экология. – Ростов-на-Дону: Фе- никс, 2004.

  2. Касьяненко А. А. Почвоведение. – М.: Инфра, 2004.

  3. Реймерс Н. Ф. Почвоведение: теория, законы, правила, прин- ципы и гипотезы. – Дрофа, 2004.

  4. http://www.distedu.ru/edu7/p11 – Классификация почв по грану- лометрическому составу.

  5. Вальков В. Ф. Почвоведение: учеб. для вузов / В. Ф. Валь-ков, К. Ш. Казеев, С. И. Колесников. – Ростов н/Д.: МарТ, 2004. – 496 с.

  6. Тайжанова Ш. Т. Топырақтану. 1 бөлім. Оқу құралы. – Павло- дар, 2002.

  7. Тайжанов Ш. Т. Топырақтану. Оқу құралы. – Павлодар, 2004.

  8. Ковриго В. П., Кауричев И. С., Бурлакова Л. М., Почвоведение с основами гелогии. – Москва: Колос, 2000.

  9. Новиков Л. Н. Почвоведение. Учебник. Москва: Агроконсалт, 2001.

  10. Хабаров А. В., Яскин А. А. Почвоведение. – М: Колос, 2001.

  11. Ковда В. А. Розанов Б. Г. Почвоведение. Почва и почвообразо- вание. – М.: Высш. шк., 1988. – 400 б.

  12. Тайжанов Ш. Т., Канитаев Н. А. Изменение плодородия почв Кокшетауской области при длительном сельскохозяйственном ис- пользований. В сб. актуальные вопросы повышения урожайности сельскохозяйственных культур, плодородия почв и получения эко- логической чистой продукции в Северном Казахстане. – Кокшетау, 1994, – С. 111-112.

  13. Фаизов К. Ш. и др. Почвы Республики Казахстан. – Алматы, 2001. – 328 б.

  14. Бигалиев А., Жамалбеков Е., Білдебаева Р. Қазақстан топырағы жэне оның экологиясы. – А.: Санат,1995. – 128 б.

  15. Добровольский В. В. География почв с основными почвоведе- ния. 4-е изд. – М.: Владос, 1999.

  16. Жамалбеков Е. Ү., Білдебаева Р. М Жалпы топырақтану жəне топырақ географиясы. – Алматы, 2000.

  17. Тазабеков Т. Т., т.б. Жалпы топырақтану. – Алматы.1998. –136 бет.

  18. Тазабеков Т. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Рауан, 1993. – 448 б.

  19. Тазабеков Т. Т. Топырақтың құнарлылығы. – Алматы, 1999.

  20. Мирзадинов Р. А., Үсен. Қ.,Торғаев Ə. Ə. Топырақтану: Оқу құралы / ж.б. – Алматы; 2009. – 276 б.

  21. Шилибек С. Қ. Топырақтану жəне топырақтар механикасы [Текст]: Оқу құралы / Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі. – Алматы, 2009. – 127 б.

  22. Жамалбеков Е. У.; Бильдебаева Р. М., Бигалиев А. Б. Жалпы топырақтану. Алматы, 2001.

  23. Добровольский В. В. Задачи почвоведения в решении со- временных экологических проблем. – Санкт-Петербург: ЦМП, 2004.

  24. Асанбаев И. К., Фаизов К. Ш. Почвоведение с основами экологии и географии почв. Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.

МАЗМҰНЫ


АЛҒЫ СӨЗ 3
КІРІСПЕ 4
ТОПЫРАҚТАНУ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 4

  1. БӨЛІМ. ТОПЫРАҚТАНУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ 7

  2. БӨЛІМ. ТОПЫРАҚТАНУ

ТОПЫРАҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ 24

  1. тарау. Топырақ түзілу процесі 24

    1. Үгілу жəне топырақтың түзілу 24

    2. Алғашқы топырақ түзілу процесі 26

    3. Топырақ түзілу процесі туралы 28

    4. Топырақ пішінінің қалыптасуы 31

    5. Топырақ түзілу процесінде биологиялық,

экологиялық факторлардың рөлі 33

    1. Топырақтардың табиғи туындысы ретінде

жалпы ерекшелігі жəне түзілуінің материалдық негіздері 43

    1. Топырақ жамылғысына антропогендік

факторлардың əсері 49
Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары 53

  1. тарау. ТОПЫРАҚТЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

ФАКТОРЛАРДЫҢ ƏСЕРІ 60

    1. Топырақтың морфологиясы 60

    2. Топырақ пішінінің құрылымы 63

    3. Топырақтың генетикалық қабаттары,

олардың диагностикасы, символикасы 67

    1. Топырақ пішіні құрылымдарының типтері,

олардың топырақ-экологиялық байланысы 71

    1. Топырақтың морфологиялық қасиеттері 79

    2. Топырақтың морфологиялық қасиеттерінің, олардың түзілуінің экологиялық жағдайларымен

байланысы 81
Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары 82

  1. тарау. ТОПЫРАҚТЫҢ ГРОНУЛОМЕТРИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖƏНЕ МАҢЫЗЫ 88

    1. Топырақтың гронуорметриялық құрамы, механикалық элементтердің жіктелуі, топырақтарды

гронулометриялық құрамы бойынша жіктеу 88

    1. Топырақтың гронулометриялық (механикалық)

құрамының топырақтарды түзудегі маңызы 90

    1. Топырақтың механикалық құрамының биологиялық, физикалық, химиялық қасиеттеріне əсері 93

Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары 95

  1. БӨЛІМ. Топырақтың компоненеттік құрамдары

жəне олардың қасиеттері 103

  1. тарау. ТОПЫРАҚТЫҢ МИНЕРАЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ 103

    1. Топырақтың минералогиялық құрамының қалыптасуы 103

    2. Алғашқы минералдар жəне олардың маңызы 104

    3. Екіншілік минералдар жəне олардың маңызы 106

    4. Алғашқы жəне екіншілік минералдардың топырақ түзелудегі жəне топырақ құнарлығын

қалыптастырудағы маңызы 106

    1. Балшықты минералдар 108

    2. Топырақтағы əртүрлі минералдардың үгітілуі 109

    3. Əртүрлі тау жыныстырнан түзілген топырақтардың минералогиялық құрамы 114

      1. Массивті-кристалдық тау жыныстары 115

      2. Шөгінді жыныстар 116

      3. Метаморфтық тау жыныстары 122

    4. Тау жыныстарының үгітілуі 123

      1. Массивті-кристалдық тау жыныстарының үгітілуі 123

      2. Физикалық үгітілу 124

      3. Химиялық үгітілу 125

      4. Биологиялық үгітілу 127

    5. Шөгінді жыныстардың үгітілуі 128

Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары 130

  1. тарау. ТОПЫРАҚТЫҢ

ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ 136

    1. Тау жыныстары жəне топырақтағы химиялық элементтердің мөлшері 136

    2. Топырақтағы химиялық құрамының қалыптасуы 138

    3. Химиялық элементтердің топырақ

қабаттарында таралуы 139

    1. Топырақтың макро-жəне микроэлементтері 142

    2. Макро- микроэлементтердің

тірі организмдерге əсері 145

    1. Биогенді элементтер 158

    2. Ауыр металлдар 160

    3. Топырақтың радиоактивті элементтері 164

    4. Экологиялық факторлардың топырақтардың

химялық құрамына əсері 108
5.10 Топырақтың сіңіру кешені жəне топырақтың
сіңіру қабілеті 171

    1. Топырақтың қышқылдылығымен сілтілігі 175

    2. Топырақ ерітіндісі реакциясының

өсімдіктерге əсері 179

    1. Сілтілі жəне қышқыл топырақтарды

жақсарту жолдары 182
Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары 183

  1. тарау. ТОПЫРАҚТЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРМЕН ЖƏНЕ ОНЫҢ ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ

МАҢЫЗЫ 190

    1. Топырақтағы органикалық заттардың көздері 190

    2. Экологиялық жағдайлардың органикалық

заттардың мөлшеріне əсері 191

    1. Топырақтың спецификалық жəне спецификалық

емес органикалық заттары 195

    1. Топырақ қара шіріндісі 198

    2. Топырақтағы қара шірінді мөлшерінің азаюы–маңызды экологиялық мəселелердің бірі 205

    3. Топырақтардың қара шірінді жағдайын реттеу 206

  1. тарау. ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ 210

    1. Құнарлықтың элементтері жəне факторлары 218

    2. Егіншілікте пайдалану нəтижесінде топырақ құнарлығының өзгеруі жəне

оны қалпына келтіру жолдары 220

  1. тарау. ТОПЫРАҚТЫҢ СУ-ФИЗИКАЛЫҚ ЖƏНЕ

ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ 222

    1. Топырақ ылғалы 227

    2. Топырақтың су қасиеттері 229

    3. Топырақтағы ылғал түрлері 233

    4. Топырақ су режимі жəне оның экологиялық маңызы 235

  1. тарау. ТОПЫРАҚ АУАСЫ 245

    1. Топырақ аэрациясы 250

  2. тарау. ТОПЫРАҚ ТЕМПЕРАТУРАСЫ 252

    1. Топырақтың жылулық режимі жəне оның экологиялық маңызы 255

    2. Топырақ жылу режимін реттеу шаралары 260

  3. тарау.ТОПЫРАҚТЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖƏНЕ ОНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ 262

    1. Жалпы физикалық қасиеттердің топырақты

мекендейтін тірі организмдерге əсері 269
Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары 279
4- БӨЛІМ. ТОПЫРАҚ ТҮЗУШІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ
ЗОНАЛДЫЛЫҒЫНА ƏСЕРІ 285

  1. тарау. ТОПЫРАҚТЫҢ ТАБИҒИ ЗОНАЛДЫЛЫҒЫ 285

    1. Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары жəне оның қоршаған ортаның экологиялық

факторлармен əсері 285

    1. Топырақтың көлденең зоналдылығы 288

    2. Топырақтыңжіктелуі 289

    3. Интразоналдылық топырақтар жəне олардың ерекшеліктері 293

    4. Əлемнің топырақ жамылғысы 299

    5. Полярлы, бореальды, субборияльды, субтропикалық, тропикалық белдеулердің топырақтары 301

    6. Əлемнің топырақ қорлары 305

    7. ТМД топырақтары, олардың түзілуінің

экологиялық жағдайы 311

    1. ТМД топырақ зоналары жəне олардың қалыптасуы 314

    2. ТМД топырақ қоры 326

    3. Арктикалық жəне тундралық зоналарының топырақтары 326

    4. Тайгалы-орманды зоналарының топырақтары 328

    5. Батпақты топырақтар 330

    6. Жалпақ ормандардың орманды құба топырақтары 330

    7. Орманды-дала зонасының орманды сұртопырақтары 334

    8. Құрғақ дала мен жартылай шөл даланыңтопырақтары 335

    9. Сорланған топырақтар 336

    10. Шөл зонасының топырақтары 337

    11. Тау етегінднгі шөл даланың, құрғақ

субтропиктердің топырақтары 338

    1. Ылғалды-субтропикалық жəне ормандардың топырақтары 340

    2. Тау аймақтарының топырақтары 342

Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары 345

  1. тарау. ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҚТАРЫ 351

    1. Қазақстан топырақтары жəне олардың

қалыптасуының экологиялық жағдайы 351

    1. Қазақстанның жазық территориялардың

көлденең зоналдық топырақтары 360

    1. Сортаң топырақтар 363

    2. Қазақстан топырақтарының экологиялық мəселесі,

оларды шешу жолдары 367

    1. Қазақстанның таулы аймақтарының тік белдеулілігі 375

    1. Шалғынды -дала, орташа-таулы орманды, аласа-таулы дала, тау етегі белдеулерінің топырақтарының

экологиялық сипаттамасы 377

    1. Биік таулы шалғынды белдеудің ерекшеліктері 379

    2. Таулы топырақтарды пайдалану, олардың

құнарлығын арттыру жолдары 379

    1. Қазақстан топырақ қорлары, оларды пайдалану

жəне қорғау жолдары 383
Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары 388
Топырақтану пəнінен емтихан сұрақтары 398
Термин сөздерге түсінік 400
Белгілер мен қысқартулар 404
Пайдаланылған əдебиеттер 405

Ж. К. ҚАБЫШЕВА


ТОПЫРАҚТАНУ

Оқулық


Басуға 14.11.13 қол қойылды. Қағазы офсеттік.
Қаріп түрі «Times». Пішіні 60х90 1/16 . Баспа табағы 26. Таралымы: Мемлекеттік тапсырыс бойынша 1000 дана + баспа есебінен 200 дана. Тапсырыс № 1427.


1




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет