Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қазақстан топырақ қорлары жəне олардың құнарлығын арттыру жолдары



бет156/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu
Лабораторная 4

Қазақстан топырақ қорлары жəне олардың құнарлығын арттыру жолдары




Өркениеттің үдемелеп дамуына байланысты ауылшаруашылыққа қажетті көптеген жерлер басқа мақсаттарға пайдаланылып келеді. Мысалы, олар əр түрлі құрылыстар салуға, жол жəне электр тораптарын тартуға т.б. мақсаттарға жұмсалуда. Ал өндірісті қарыштатып дамыту үшін көптеген минералды заттарды, құрылыс материалдарды барлау, қазып
алу жəне байыту кезіндегі жұмыстарды үлкен геологиялық жұмыстармен салыстыруға болады. Мəселен, 1970 жылдың ба- сында жер бетіндегі əрбір тұрғынға шаққанда орта есеппен жыл сайын жер астынан 20 тонна əртүрлі минерал мен тау жыны- сын қопарса, қазіргі кезде əр адам үшін 30 тоннадай минерал мен тау жыныстарын шығарады (Василенко В. Н., 1991). Деген- мен, жер қыртысынан шығарылған соншама көп заттардың тек 2%-дайы ғана пайдалы мұқтаждыққа жұмсалады да, қалғаны табиғатқа «ұнамсыз», «сіңімсіз» түрде қайтарылады. Бұл жағдай табиғат «денсаулығына» көп нұқсан келтіреді. Көптеген пайдалы жерлерді басып калып, пайдасыз етеді. Сондықтан мұндай жер- лер көп ұзамай қайта қалпына келтіріліп, пайдаға асуы кажет. Себебі бүкіл əлемдегі сияқты біздің елімізде де жылдан-жылға халық саны үдемелеп өсуде. Адам қоғамының жерден өндіретін тамақтық, киімдік заттарға мұқтаждығы, талғамы жылдан-жылға аспаса, кемімейді. Жер-Ананы пайдалануға негізгі бағыт – əр гектар жерді тиімді пайдаланып, ғылым мен техниканың барлық жетістіктерін орынды пайдалана отырып, егістіктердің əр гекта- рынан түсетін өнімді арттыру, жерді талан-тараждықтан сақтау. Жерді тиімді пайдаланудың бір жолы – осы айтылған өзіміз бүлдірген жерлерді қайта қалпына келтіріп культивациялау (ре- культивация), құнарландыру.
Баршаға мəлім, соңғы жылдары үкіметіміз біздің сарқылмас ал- тын қорымыз – жерді тиімді пайдалану, оның құнарын арттыру, оны дүрыс пайдаланбаған мекемелерге тиісті шаралар қолдану жөнінде заңдар қабылдады. 1991 жылы республикамыздың жер туралы жаңа заңы қабылданды. Бұл заңдарда айтылғандай, жерді жарақаттаған мекемелер қазба-байлықтарды алып болған соң, көп ұзамай өз қаражатымен бұзылған жерлерді қайта культивациялап, калпына келтіруі тиіс. Өкінішке орай, бұл мəселе Қазақстанда əлі жөнді колға алынбай келеді.
Жерді қайта культивациялауда Украинада, Мəскеу аймағындағы, Грузияда, Оралда, Сібірдің кейбір жерлерінде жап-жақсы жетістіктері бар. Біздің республикамызда кезінде қазылып, қазір бос тасталған кен карьерлері, тау жыныстарының үйінділері, жылу электростаниияларынан шығарылған күлдер, тағы басқа əртүрлі қоқыс-қалдықтар, үйілген жарамсыз жиын- дылар көп-ақ. Бұл аймақтар табиғатқа адам қоғамының даму-
ымен енгізілген «жарақаттары» Бетінде шөп өспейтін болған соң олар желге ұшып, суға ағып, аймақты былғайды. Мұндай жерлер Қазақстанның өндірісі мен құрылысы дамыған барлық облыстарында кездеседі. Соңғы есептеулерге қарағанда. Қазақстанда мұндай өндіріс бүлдірген жер көлемі 200 мың гектардай. Оның басым көпшілігі бұрынғы Автомобиль жол- дары, Түсті Металл, Құрылыс, т.б. министрліктерінің үлесіне тиеді. Ал бүкіл ТМД-да мұндай бұзылған жерлер көлемі 2 млн гектардан асады. Республикамызда осы күнге дейін «жарақат» жерлерді қайта культивациялап, қалпына келтіру əлі де жақсы жолға қойылған жоқ. Бұл бұдан əрі созуға болмайтын, толғағы жеткен мəселе.
Қазақстанда жерді қайта культивациялау бағытында бүкіл ре- спублика көлемінде жөнді қолға алынбағанымен, бұл мəсслені өз инициативаларымен қолға алып, шұғылдана бастаған ме- кемелер бар. Оның ішінде едəуір жетістіктерге жеткендердің бірі – Қарағанды көмір өндірушілері. Көмір шахталары бар ал- каптарда террикондар – көмірдің үстіңгі бетін жауып жататын, көмір қалдықтары аралас бос жыныстардан тұратын үйінділер кездеседі. Бұлар қалаға жақын жатып, кейбіреулері тіпті жа- нып, желге ұшып, қаланың санитарлық жағдайын нашарлата- ды. Оның үстіне, құрылысқа, ауыл шаруашылығына қажетті қымбат жерлерді істен шығарады. Мұндай террикондар саны Қарағандыда соңғы жылдарға дейін жүзден астам болатын. Террикондар астындағы жəне санитарлык аймақты қоса есеп- тегенде, 7000 гектардан астам жер пайдасыз жатқан. Кейінгі кездерде Қарағанды көміршілері бұл террикондарды құртуда жақсы нəтижелерге жетуде. Көптеген жылдар үйілген тау жы- ныстары қолдан жасалған ойпатты жерлерді немесе табиғи жағдайда кездесетін сай-саланы тегістеуге, жол құрылысында, жол деңгейлерін биіктетуге төселініп, пайдаға асуда. Тау жы- нысынан босап, тазаланған жəне қолдан тегістелген жерлер- ге топырақ қабаттары төгіліп, көк шөптер, гүлдер, ағаш пен бұталар егіліп, отырғызылып, ауа тазарып, қаланың сəні жақсаруда. Жүзден астам террикондардың жартысына жуығы қазірдің өзінде жойылды.
Бүлінген жерлерді қайта культивациялаудың дайын жобалары министрлікте баршылық, алайда, іс жүзіне асуы баяу жүргізілуде.
Себебі бұл жұмыс əлі де сыннан өтуді қажет етеді. Жерді қайта культивациялау дегеніміз жерді бұрынғы бүлінбеген жағдайына, яғни жердің құнарын кемітпей, бұрынғы қалпына келтіру деген сөз. Ол үшін қазылған, құнарсыз карьерлер тегістеліп болғаннан кейін онын бетіне құнарлы топырақ қабаттары төселінуі тиіс. Əнгіменің негізгі түйіні осы, бірақ төсейтін құнарлы топырақ қабаттары көпшілік жағдайда табыла бермейді. Мұның себебі қайта культивациялауға қажет карьерлердің көбісі ескі. Ал соңғы уақыттарға шейін карьерлер қазудан бұрын топырақ қабаттары алынып, оларды жерді қайта культивациялау мақсаты үшін ар- найы сақталған емес. Табиғи жағдайда ғасырлар бойы түзіліп, пайда болатын топырақтың негізгі қарашіріндісі бар, ең құнарлы қабаттары кезінде өзіміздің қателік жасап, ескермеуімізден рəсуə болып, үйінділер астында қалған. Ал қазір керек кезінде оны табу өте қиын. Қазіргі жер туралы заңда жер қыртысын бұзушы мекемелер алдын ала құнарлы қабатты бөлек алып, жерді қайта культивациялауға дейін сақтау кажеттігі айтылған. Демек, бұдан былай қазылатын карьерлерді қайта культивациялау көп оңайға түседі деген үміт бар.
Қазіргі кезде республикамызда бүлінген, «жарақаттанған» жерлерді культивалиялау негізінен топырақтың құнарлы қабаттары сақталмаған жағдайларда өткізілуде. Мұндай жағдайда құнары жоқ немесе құнары өте аз топырақтын төменгі қабаттарын немесе құнарлануға бейім ұнтақталған, таза тау жыныстарын жерді қайта культивациялауға пайдалануға тура келеді. Құнарсыз тау жынысында немесе құнары аз жер қыртысының төменгі қабаттарында ештеңе өсіп жарытпай- тыны белгілі. Сондықтан оны ауыл шаруашылығымызға пай- далану үшін құнарын арттыру керек. Ол үшін бүл жерлерге əртүрлі тынайтқыштар енгізіп, осындай жағдайға өсуге бейім өсімдіктерді таңдап өсіру керек. Бұған культивациялауға пайдаланылған тау жыныстарының құрамы, қасиеттері көп əсер етеді. Мəселен, тау алқаптарында тараған лесс жəне осыған тек- тес тау жыныстары көп жағдайда бұршақ тұқымдас өсімдіктер мен ағаштардың кейбір түрлерінің өсуіне жарамды. Ал кей рет- терде топырақтың құнарлы қабаттары сақталып қалады, бірақ оның көлемі қайта культивациялауға кажетті жерлерге төселуге жетпейді. Бұл кезде топырақты жұқалау етіп төсесе, кейбір
өсімдіктерге онша көп зиян келмеуі мүмкін. Осы мəселелердің барлығын өндіріске енгізбей тұрып, тəжірибе жүзінде ал- дын ала тексеріп алу пайдалы. Мұндай тəжірибе жұмыстары Украинада, Мəскеу төңірегінде жүргізілген. Қазақстанның өзінде жер, климат жағдайларының əртүрлілігінен бір жерде жүргізілген тəжірибе, екінші жерде ойдағыдай нəтиже бере қоймайды. Сондықтан Қазақстанның əртүрлі топырақ-климат жағдайларында бұл бағытта тəжірибе жұмыстары жүргізілуі тиіс.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет