Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет151/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu
Лабораторная 4
Топырақты қорғау іс-шаралары. Заманауи техникасының ауыл шаруашылығының ғылыми жəне жетістіктері топырақ құнарлылығын тұрақты деңгейде ғана емес, оны асыруға да, мүмкіншіліктерін жаратады.
Мəселен, Алмания жəне Францияда астық, жүзім жəне басқада техникалық дақылдардан жоғары өнім алғанына қарамастан, топырақтың құнарлылығын сақтап қалған.
Қымбат болса да, олар химиясыз өндірген экологиялық таза өнімдерді жақсартады.
Ауылшаруашылық өндіріс көлемі бойынша АҚШ əлемде бірінші орында тұрады. Қазіргі уақытта АҚШ ауыл шаруашылығында 3,1 млн. адам еңбек етеді, ол барлық тұрғындардың 1,7%-ын құрайды. Əр жылы онда 1 млн. гектар жер ауыл шаруашылық айналымынан шығып кетеді.
Тың игеру кезінде (1954-1955) Қазақстанда 18 млн га жер жыртылған, жалпы 25 млн гектар игерілген. Солтүстік Қазақстанның 5 облысы (Қостанай, Көкшетау, Ақмола, СҚО, Павлодар) 600000 км2 аумақта орналасқан.
Қазақстанда жел эрозиясынан қорғауды қажет ететін жерлер 12 млн. гектарды, ал сумен шайылатын жерлер 5 млн. гектарды құрайды. Суарылмайтын жерлер (34 млн.га) жалпы Қазақстан жер қорының (272,5 млн.га) 12,5%-ын құрайды.
Соңғы 25-30 жылда жер пайдалану нəтижесінде топырақтағы қарашірінді мөлшері 25%-ға дейін азайып кеткен.
Қазақстанда жайылым жерлер 185,7 млн. гектарды құрайды, бұл жалпы жер қоры ауданымен салыстырғанда 68%-ды құрайды. Соның 15 млн.га жері ауылшаруашылық айналымынан шығып кеткен.
1996 жылының шілде айында американың «Файненшал таймс» газеті: «Қазіргі уақытта Қазақстан ауылшаруашылық өндірісі жылына 4 млрд доллар пайда алып келеді. Бұл ЖҰӨ (ВНП)-ның 25%-ын құрайды. Заманауи əдістерді қолдап жəне инфрақұрылымды жақсартып ол 20 млн көп астықты жинап алуы мүмкін», – деп жазған.
Бүгінгі күнде Қазақстанда астық өнім орташа 1 т/га ға тең. Ал Еуропалық бірлестігі елдерінде астық өнімділігі 3,5 т/га –ға тең. Егер Қазақстанда осының жартысын өндіре алса, онда бидайдың өзінен ғана 25 млн. т дəнді алу мүмкіншілігі бар.
Қоршаған табиғи ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, ұтымды пайдалануға, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы жерлерді негізсіз алынып қойылуын болғызбауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық жəне басқа іс-шаралар жүйесін қамтитын іс-əркеттер жерді қорғау жұмыстары болып саналады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінде жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері айқын көрсетілген. Осы кодекстің 139-бабына сəйкес жерді қорғаудың мақсаттарына:

  1. өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынта-

ландыру, орман мелиорациясы мен мелиорация жұмыстарын жəне басқа іс-шараларды жүргізу арқылы жердің азып-тозуы мен бүліну, шаруашылық қызметтің басқа да қолайсыз зардаптарын болғызбау;

  1. азып-тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

  2. жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тəжірибеге енгізу жатады.

Жер Кодекіснің 140-бабында жер учаскелері мен жер пайдаланушыларға жерді қорғау үшін келесідей міндеттер жүктелетіні көрсетілген:

  1. жерді су жəне жел эрозиясынан, селден, су басудан, қайталап сортанданудан, құрғап кетуден, тапталуынан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық биологиялық, радиоактивті жəне басқа да зиянды заттармен ластанудан, өзге де бүліну процестерінен қорғау шараларын іске асыруға;

  2. ауылшаруашылық жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғауға;

  3. бүлінген жердің жаңартылуына, оның құнарлылығын жəне жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;

  4. жердің бүлінуіне əкеліп соқтыратын жұмыстар жүргізілген кез- де топырақтың құнарлы қабатын алуға, сақтауға жəне пайдалануға бағытталған шараларды жүргізуге міндетті.

Жердің үстіңгі құнарлы қабаты – топырақтың жел жəне су эро- зиясынан азып-тозбауы үшін оларды алдын алу шараларын, со- нымен бірге бұл құбылыстарға шалдыққан жерлерде олардың əрі қарай дамымауын қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру керек.
Топырақты эрозиядан қорғау: ұйымды шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациясы жəне гидротехникалық сияқты топтарға жататын іс-шаралар жүйесін қамтиды.
Ұйымдық-шаруашылық іс-шаралары қатарына эрозияға қарсы қолданылатын жұмыстардың жоспарын жасап, негіздеу жəне оның іске асырылуын қамтамасыз ету жатады. Осы жұмыс барысын- да жер аумағының эрозияға төзімділігі бағаланып, топырақтың оған шалдығу дəрежесінің картограммасы жасалынады. Осы
жинастырылған деректерге сүйене отырып, эрозияға төзімді болып келетін шаруашылықтың жер аумағын ұйымдастыру жоспары жаса- лынады.
Топырақты эрозиядан қорғаудың агротехникалық іс-шаралары қатарына топырақтың эрозияға төзімділігін арттыратын əдістерін қолдану, көпжылдық шөптер мен бір жылдық дақылдардың топырақты қорғау қасиеттерін пайдалану, қар тоқтату жəне оның еруі қарқынын реттеу, топырақ құнарлылығын арттыру жұмыстары жатады.
Жел эрозиясына қарсы қолданылатын іс-шараларды зерттеу жолында А. И. Бараев атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми институты жəне басқа ғылыми өндірістік мекемелер ғалымдары мен қызметкерлері бірлесіп үлкен жұмыс атқарды. Олар егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін қалыптастырып, оны ауыл шаруашылығы саласында қолданып, іске асырды. Осы жаңа егіншіліктің топырақ қорғау жүйесінің басты буы- ны – топырақты соқаның орнына, жазықтілгіш құралдармен өңдеп, топырақ бетінде аңыз, өсімдік қалдықтарын мол қалдыру. Сөйтіп, топырақ бетінің желге төзімділігін арттыру, қыста мол қар жинап топырақтың ылғалдылығын жақсарту. Сонымен бірге топырағы қарқынды өңделетін, эрозияға төзімсіз пар алқабында қышадан ықтырма егу жəне пар мен егіс алқабын əр 100-200 м сайын кезектестіріп, жолақтап оларды желдің соғу бағытына көлдеңен келтіріп орналастыру. Ал желге өте төзімсіз жеңіл гранулометриялық құрамды (құм, құмайт, жеңіл құмбалшық) топырақтарда жоғарыда аталған агротехникалық шаралармен бірге арнайы топырақ қорғау ауыспалы егісін қолдану. Яғни дəнді-дақылдар мен пар жəне көпжылдық алқаптарын жолақтап, 50-100 м сайын кезектестіріп орналастыру.
Жел эрозиясына өте шалдыққан топырақтарды егістіктен шығарып, оларға көпжылдық екпе шөптерді егеді.
Жоғарыда баяндалған Қазақстан ғалымдарының қалыптастырған топырақты жел эрозиясынан қорғау іс-шаралары жүйесі ТМД мемлекеттері ішінде қолдау тауып, мақұлданып осы елдердің ауыл шаруашылығы саласында іске қосылған.
Топырақта су эрозиясынан қорғау үшін де оның үстінде мол өсімдік қалдықтарын қалдырып топырақты жазықтілгіш құралдармен өңдеу қолданылады. Топырақты өңдеу, саңылаулар
қалыптастыру тұқым себу, қар тоқтату жұмыстары еңістікке, яғни су ағысына көлденең бағытта жүргізілуі тиіс.
Су эрозиясы байқалып, жырашалар қалыптасқан беткейлерде жер бетін тегістеп, көп жылдық шөп егілген болуы керек.
Орман мелиорациясы (ағаштар мен бұталар егу) шаралары жы- ралар, сайлар жағалауына, су қоймалары, суару жүйесінің бойы- на жүргізілуі тиіс. Егілген ағаштар мен бұталар жыралардың əрі қарай дамуын тежеп, топырақтың су эрозиясына төзімділігін арт- тырады.
Егер жоғарыда көрсетілген шаралар су эрозиясын елеулі түрде бəсеңдетпесе, онда күрделі гидротехникалық шаралар қолданылады. Олар: тау беткейлерін террасалау, жыраларды бекітіп, инженерлік құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болдырмау үшін арықтардың, каналдардың табаны мен қапталып бетондау, не басқа заттармен бекіту.
Қорыта келгенде, топырақты жел мен су эрозиясынан қорғау, оның басқа жолмен азып-тозуын болғызбау, улы заттармен, өндіріс қалдықтарымен ластануының алдын алу – үлкен маңызы бар мемлекеттік, халықтық іс, жер иелерінің, жерді пайдаланушы кəсіпорындар мен ұжымдардың, жеке тұлғалардың абройлы міндеті, келешек ұрпақ алдындағы борышы.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет