Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет5/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu
Лабораторная 4
(В. В. Докучаевке дейін) дамуы


1765 жылы Петербургта егіншілік пен экономика салалары- мен шұғылданатын Ресейдің алғашқы ауыл шаруашығы қауымы
– Ерікті экономикалық қоғам ұйымдастырылды. Оның құрамына
негізінен табиғат зерттеушілері мен экономистер болатын. Орыс қара топырағы тек Ресейді ғана асырап қойған жоқ, сонымен қатар онда өсірілетін астық, бидай Еуропамен байланыстыратын негізгі сауда көзі болды.





  1. сурет. П. А. Костычев

(1845-1895)
Қара топырақтың пайда болуы жөніндегі алғашқы дұрыс болжам орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоно- сов (1763) айтқан. Ол «Жер туралы» атты кітабында: «Қара топырақтың пай- да болуы минералды емес, табиғи екі патшалықтан өсімдіктер мен жануар- лардан пайда болғанын барлықтарымыз мойындаймыз», – деп жазды. В. В. Доку- чаев бір ғасырдан кейін осыны негізге алды. Қара топырақтар туралы XVIII ғасырда профессорлар М. А. Афонин, И. М. Комовтар да жазды. Бірақ олар

қара топырақтардың пайда болуымен шұғылданған жоқ.
Ерікті экономикалық қоғамның бағдарламасына əртүрлі топырақтардың агрономиялық қасиеттері туралы мəліметтер сұрақ-жауап ретінде жиналды. Сұрақтар əр губерниялар мен уез- дерде қанша жер өңделуде, оның құнарлылығы құрамы қалай деген мағынада болатын.
Ерікті экономикалық коғаммен қатар топырақ туралы мəліметтерді мемлекеттік мүлік министрлігінің ауыл шаруашылығы Департамент есепшілері жинады. Осы материалдарды жинас- тырып, 1851 жылы К.С. Веселовский Ресейдің Еуропалық бөлігі топырағының сызбанұсқа түріндегі картасын жасады. Ал 1879 жылы В. И. Чаславскийдің дəл осы территорияның топырағына арналған жаңа толықтырылған картасы жарық көрді. Шаруа мен диқаншылардан салық жинау мақсатында құрастырылған бұл карта ғылыми тұрғыда негізделмеген, бір жүйеге келтірілмеген еді. Осы кезде Петербургтің орман институтының профессоры П.А. Костычев (1845-1895) топырақтанудан алғашқы оқулық жазды (1886). Батыс Еуропаның агромəденихимиялық агрогеологиялық топырақтанушыларының көзқарасына қарағанда П.А. Косты- чев топырақ қасиеттерін өсімдіктер жəне микроорганизмдер өмірімен тікелей байланыстырды. Ол орыс қаратопырағын зерт-

теуге үлкен үлес қосып, 1886 жылы «Ресейдің қаратопырақты облыстары» еңбегін шығарып, онда қаратопырақтағы топырақ шіріндісінің түзілуі, оның топырақ құрылымына əсері мен осы топырақтардың құнарын сақтап, ұлғайтудың шараларын ұсынды, əрі топырақтануды тек агрономиялық қана емес, сонымен қатар оны биологиялық ғылымға жатқызды. В. В. Докучаевтың ең жақын шəкірті Н. М. Сибирцев П. А. Костычевті топырақтанудың ғылыми негізін салушылардың бірі деп бағалаған.


В. В. Докучаев – топырақтану ғылымының негізін қалаушы



ХІХ ғасырдың көптеген табиғаттанушы – саяхатшылардың қаратопыраққа біршама көңіл аударып, оның пайда болуы тура- лы өздерінің болжамдарын (мұхиттардан, батпақтардан, жер беті өсімдіктерінің əсерлерінен) айтқандарымен, қаратопырақтардың шын мəнісінде пайда болуы, олардың таралуы мен қасиеттері, көп жыл бойы бидай егісіне пайдаланудан топырақ құнарының азаю себептері осы ғасырдың 80-жылдарына шейін белгісіз болып келді. Міне, осы мəселелерді шешу үшін Ерікті экономикалық қоғам 1876 жылы арнайы қаратопырақ жөнінде комиссия құрды. Комиссия жұмысына Петербург университетінің геология жəне минерология кафедрасында қызмет істейтін жас ге- олог В. В. Докучаев шақырылды. Бұл таңдау кездейсоқ емес еді. Өйткені ол бұрында Ерікті экономикалық қоғамның Петер- бург табиғат зерттеушілер мен минерологтар қоғамдарының белсенді мүшесі болып, осы қоғамның қаржыларымен экспеди- ция ұйымдастырып, топырақтануға жақын мəселелермен, дəлірек айтсақ, төрттік дəуірдің шөгінділерімен, өзен арналарымен, сай-салалардың құрылысы жəне пайда болуы мəселелерімен шұғылданған. Егер далалық жұмыстар 1877-1878 жылдары жүргізілсе, одан кейінгі 1879-1881 жылдары химия-аналитикалық жəне ғылыми-өңдеу жұмыстары қолға алынды.
Сонымен, 1883 жылы В. В. Докучаевтың тарихта топырақ- тану жөніндегі əлемге əйгілі «Орыстың қаратопырағы» деген ғылыми жарық көрді. Бұл туралы В. В. Докучаевтың шəкірті, аса дарынды ғалым геохимик В. И. Вернадский кезінде: «То- пырақтану ғылымының дамуы үшін қаратопырақ, каль- цит кристаллографияның, бақа физиологияның, ал бензол
органикалық химияның дамуына үлкен рөлін атқарды», – деген. Бұл еңбектерінің нəтижесінде Докучаев тек қаратопырақтың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар оның қасиеттерін, кеңістіктегі өзгерістерін, таралу заңдылықтарын анықтай келіп, жалпы топырақ туралы жаңа түсінікке келді. Топырақты зерттеудің ерекше жаңа топырақ географиялық салыстырмалы зерттеу əдісін ұсынды. Докучаев топырақтың табиғаттың ерек- ше табиғи, əрі тарихи денесі екенін анықтады. Топырақтың өте күрделі құрылымды екенін, ол өзін түзген тау жыныстар- дан морфологиялық көрінісі жəне химиялық құрамы жағынан жақсы ажыратылатынын, оның қалыңдығы тек жыртылған қабатпен шектелмейтінін көрсетті.
1888 жылы Ерікті экономикалық қоғам жанынан В. В. Докучаевтың басқаруымен арнайы топырақ ко- миссиясы құрылды. Бұл комиссия жұмысына тек ғалымдар ғана емес, топырақтануға қатысы бар басқа меке- мелер қызметкерлері де тартылды. Ко- миссия, алдымен Ресейдің Еуропалық бөлігінің топырақ картасын жасады. 1889 жылы Топырақтану комиссиясы
«Топырақтану» журналын шығарды. Ол

  1. сурет. Н. М. Сибирцев

(1860-1900)
журнал күні бүгінге дейін Ресей Ғылым академиясының осы саладағы жалғыз басылымы.

1891 жылы Ресейдің қаратопырақты зонасының негізгі жерінде қатты құрғақшылық болды. В. В. Докучаев «Біздің далаларымыздың бұрынғысы мен қазіргісі» деген классикалық еңбегінде Ре- сей диқаншыларының егіншілікті дұрыс жүргізбей, топырақты тоздырғаны жайлы сөз болды. Егістіктерді ауыстырып екпей, бір жерге бір дақылды қайталап еге бергені, ылғал сақтау шараларын қолданбауы, ол үшін орманды ағаш жүйелерін тиімді пайдаланбағаны жайында да айтылады.
1892-1895 жылдары В.В. Докучаев Ново-Александр ауыл- шаруашылық институтында (қазір ол Польша жерінде) директор болып қызмет атқарды, ауыл шаруашылығы жүйесіне дұрыс білім беруге біршама үлес қосты. Институтта əлемде бірінші бо-

лып топырақтану кафедрасын ұйымдастырды. Кафедраны В.В. Докучаевтың шəкірті Н. М. Сибирцев (1860-1900) басқарды. Ол 1900 жылы Докучаевтың топырақ жайындағы идеяларын жүйелі етіп баяндаған алғашқы «Топырақтану» оқулығының авторы болды. 1898-1900 жылдары Докучаев Кавказ тауларының топырақтарын, Түркістан, Каспийдің шығысын, тіпті, Қарақұмдағы Чарджау аймағындағы Репетек құмдарын, гипсті топырақтарды зерттеді. Докучаевтың бұл əртүрлі аймақтарды зерттеу, оның топырақтану жайындағы ілімінің аясын кеңейте түсті. Бұл топырақтың, жалпы ландшафтардың көлденең жəне тік зоналық заңдарын негіздеуге мүмкіндік берді. Оның осы кездердегі еңбегі – «Табиғат зоналығы туралы ілім, көлденең жəне тік белдеулік зоналары». Сондай-ақ, оның Жердің терістік жарты шарының сызбанұсқалық топырақ кар- тасы Парижде өткізілген Əлемдік көрмеде көрсетіліп, дипломға ие болды.
В. В. Докучаев «Табиғат зоналары туралы ілім» деген мақаласын:
«Табиғатты, оның күшін, апатын, денесін тану үшін ХІХ ғасырда алып қадамдар жасалды, сондықтан мұны табиғаттанушылар ғасыры, табиғат ғасыры деуі жай емес. Дегенмен, адамзаттың осы ұлы білім жеңістеріне назар аудара отырып, əсіресе Лавуазье, Ляй- эл, Дарвин, Гельмгольц, т.б. жұмыстарынан кейін, аса маңызды əрі мəнді кемістікті байқамауға болмайды. Негізінен əр түрлі денелер
– минералдар, тау жыныстары, өсімдіктер мен жануарлар жəне олардың болмысы, кейбір табиғи заттар – от, су, жер, ауа зерттелді. Тек олардың қатынастары, пайда болулары, ғасырлық, əрдайым заңды табиғат күштері мен денелері, тірі мен өлі табиғат арасындағы байланыстары мен болмыстары зерттелмеді. Ал шын мəнінде, тек осы қатынастар, осы заңды қарым-қатынастар мен бір-біріне əсері табиғаттанудың негізін құрайды, табиғаттанудың ең бір тамаша əрі жоғарғы ғажабы» – деп бастайды.
В. В. Докучаев өзі негізін қалаған ғылым – топырақтану ғылымы жоғарыда жіберілген кемістіктерді ескеріп, табиғаттағы бұрыннан бар тірі мен тірінің, тірі мен өлі табиғаттың қарым-қатынастарын жəне бірінің-біріне əсерін зерттейтін ғылым деді. Докучаев осы терең ғылыми түсініктерімен табиғат ландшафтары туралы ілімді қалыптастырды. Ландшафтағы топырақ маңызын айта келіп, топырақты «ландшафтың айнасы» деп сипаттады.
Топырақтану ғылымының XX ғасырда Ресейдегі дамуы








  1. сурет. В. В. Вильямс

(1863-1939)

  1. ғасырда Ресейде топырақ зерт- теу жұмыстары негізінен топырақтың географиялық жұмыстарымен байла- нысты болды. Топырақтану саласында кейін аса белгілі тұлғаларға айналған В. В. Докучаевтың шəкірттері Л. И. Пра- солов, С. С. Неуструев, А. И. Безсонов, Н. А. Димо, Б. А. Келлер, М. М. Фи- латов сияқты ғалымдар шықты. 1908 жылы Ресейдің бас көші-қон басқармасы Сібір мен Орта Азияға (Қазақстанды қоса) топырақ-ботаникалық экспедиция- лар ұйымдастырды. Бұл жұмыстарды К.

Д. Глинка басқарды. Экспедицияның мақсаты Ресейдің Еуропалық бөлігінен халқы аз Азиялық бөлігіне көшіру, топырақ жер жағдайын зерттеу еді. Бұл материалдардың бастапқы есептері арнайы енбек- терде, ал ең соңғы нəтижелері 1920 жылдары К. Д. Глинканың авторлы- ғымен бірнеше монографияларда жарияланды (К. Д. Глинка, 1923). Бұл аймақтарда бұрын топырақтанушылар кездестірмеген топырақтар типтері (құба, қара қоңыр, сұр, сортаң жəне сор топырақтар) кездесіп картаға түсірілді. Бұл зерттеулер ауылшаруашылық өндірісіне жаңадан жер қорларын игеруге мүмкіндік берді. 1913 жылы Ерікті экономикалық қоғамның топырақ комиссиясы өз алдына жеке До- кучаев топырақ комитетіне айналды, оны К. Д. Глинка, Л. И. Пра- солов пен С. С. Неуструев басқарды. Комитет топырақтану сала- сында экспедициялар ұйымдастырып еңбектерін жариялап тұрды. Сонымен қатар топырақтанумен Петербург университетінде про- фессор С.П.Кравков, орман институтында проф. П. С. Коссо- вич, академик К. К. Гедройц шұғылданды. XX ғасыр басында Мəскеу университетінде топырақтану кафедрасын талантты ғалым А. Н. Са- банин басқарды, кейін профессорлар В. В. Геммерлинг, М. М. Фила- товтар жалғастырды.
Мəскеудегі топырақтанудың тағы бір орталығы Тимирязев атын- дағы ауылшаруашылығы академиясы болды. Мұндағы аса көрнекті тұлға академик В. В. Вильямс (1863-1939) еді. Ол топырақтанудың биологиялық бағытын қолдады. Топырақтың құнарын арттырудың

егіншіліктегі шөптанапты жүйесін ұсынды. Егіншіліктің бұл жүйесі ТМД елдерінің көп аймақтарында осы күнге шейін қолданылып келеді.


Топырақтану ғылымының кеңес кезінде дамуы










  1. сурет. К. К. Гедройц

(1872-1932)
(1872-1932) 1925 жылы Докучаев атындағы топырақтану комитеті, КСРО Ғылым академиясының В. В. Докучаев атындағы топырақтану институты болып қайта құрылды. Оның директоры болып академик К. Д. Глинка тағайындалды. Кеңестік заманның əр кезеңдерінде КСРО-ның əр республикаларында да ар- найы топырақтану жəне агрохимия ин- ституттары ұйымдастырылып, жемісті зерттеу жұмыстарын бастады. Бұлардың барлығына В. В. Докучаев атындағы Топырақтану институты методикалық

жетекшілік етті. КСРО-ның кең байтақ территорияларында топырақ- географиялық зерттеулер өріс алса, кейбір республикаларда топырақты мелиорациялау бағыттарында зерттеулер жүргізіле бастады. Ылғалы мол батыс аймақтарында топырақты құрғату, ал Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан, Кавказдың оңтүстігінде топырақты суару мелиорациялары дамыды. Осы кезде топырақтанудағы ірі тұлға К. К. Гедройц (1872-1932) еді. Ол топырақтану химиясы саласында, дəлірек айтсақ топырақтың сіңіру комплексін, сор топырақтар мен сортаң топырақтарды зерттеу- де аса ірі теориялық жетістіктерге жетті. Топырақтану, жалпы жер қыртысы геохимиясы саласындағы ірі ғалым Б. Б. Полынов (1877-1952) болды. Бұл екеуінің кейінірек академик болып сайлануы кездейсоқ емес екені анық. Кеңестік заманда топырақтың органикалық бөлігі ту- ралы ірі жетістіктерге академик И. В. Тюрин жетсе, топырақтың гео- графиясы саласында академиктер Л. И. Прасолов, И. П. Герасимов, топырақ агрохимиясы саласында академиктер Д. Н. Прянишников пен Я. В. Пейве терең зерттеулер жүргізіп, көптеген жаңалықтар ашты. В. В. Докучаевтың шəкірті академик В. И. Вернадскийдің айтуынша топырақ – аса күрделі, əрі өлі, əрі тірі дене. Сондықтан оны зерттеу де оңайға түспейді. Бір жағынан оған геологиялық ғылымдар əдісі қажет болса, екінші жағынан, биологиялық ғылымдар əдістерін қолдану

қажет. Алайда топырақ таза геологиялық та, таза биологиялық та дене болмағандықтан, оны зерттеулер əдістері үнемі дұрыс нəтижелер бермейді. Топырақ сияқты күрделі денеге екі əдіс жеткіліксіз. Топырақ осындай күрделі дене болғандықтан осы күндерге шейін оны белгілі бір ғылымдар қатарына жатқызу туралы əлемде біртұтас пікір жоқ. Мы- салы, КСРО-да біздің елімізде 1948 жылға шейін топырақтану ғылымы Жер туралы ғылымдарға жатқызылып, ол саладағы мамандар жоғары оқу орындарының геология-топырақтану факультеттерінде дайындал- ды. 1948 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының та- мыз сессиясынан кейін Топырақтану ғылымы бірауыздан биологиялық ғылымдарға жатқызылды.
Мамандарды да дайындау оқу орындарының биология- топырақтану факультеттерінде басталды. Сонымен топырақтану ғылымы аса күрделі жəне өте қажетті ғылым. Халық санының күн сайын өсуі, олардың əл-ауқатының көтерілуі үшін топырақтанудың маңызы жылдан-жылға арта бермек.
Топырақтану ғылымы жалпы табиғаттану ғылымдарының қатарына қосыла тұрып, оның қолданбалы ғылымдар ішінде жəне халық шаруашылығының басқа салаларында алатын орны да ерекше.
Топырақтану ғылымының халықаралық мəселелерін шешу үшін Халықаралық топырақтанушылар қоғамы бар. Бұл қоғам 1924 жылы ұйымдастырылған. Содан бері топырақтанушылардың Халықаралық ХV конгрестері болып, оның екеуі бұрынғы Одақ кездерінде Мəскеуде (1930, 1974) өтті.
Топырақтанушылардың Одақ кезінде бүкілодақтық қоғамы жұмыс атқарады. Бұл қоғамның Одақ кезінде VІІІ съездері өтті. Бұл форумдарда Топырақтанудың бүкілодақтық мəселелері талқыланып, съезд өткен аймақтардың топырақтарымен бірнеше күндік экс- курсиялар арқылы танысатын. Кезінде Алматыда 1971 жылы Бүкілодақтық топырақтанушылардың ІV съезді өткен. Одақтың əр бұрышынан жəне шет елдерден келген 1000-нан аса қонақтар Жер шарындағы табиғаттың биіктік белдеу зоналығының бір үлгісі бо- лып саналатын Іле Алатауының топырақ климаттық зоналығымен көзбе-көз танысқан еді.
Топырақтану – кең ауқымды жаратылыстану ғылымы. Бұл ғылым топырақты жəне Жер планетасының топырақ жамылғысын зерттеу мəселесі кезінде басқадай жаратылыстану ғылымдармен байла- нысып, олардың əдістемелерін жəне жетістіктерін қолданып оты-

Ƚɟɨɷɤɨɥɨɝɢɹɥɵԕ ԑɵɥɵɦɞɚɪ

ɬɨɩɵɪɚԕ ɝɟɨɯɢɦɢɹɫɵ

ɬɨɩɵɪɚԕ ɦɢɧɟɪɚɥɨɝɢɹɫɵ

ɛɢɨɥɨɝɢɹɥɵԕ ԑɵɥɵɦɞɚɪ

ɬɨɩɵɪɚԕ ɡɨɨɥɨɝɢɹɫɵ

Ɍɨɩɵɪɚԕ ɦɢɤɪɨɛɢɨɥɨɝɢɹ
рады. Қазіргі топырақтану геология ғылымынан дамып, бөлініп шыққан жəне əлі де геологиямен тығыз байланысты болып келеді. Топырақтың шығу тегін, дамуын, топырақ жамылғысының Жер ша- рында таралу ерекшеліктерін, оның минералдық құрамын зерттеу- де геология ғылымының үлкен маңызы бар. Топырақты жəне оның құнарлығын зерттеу барысында топырақтану ғылымы үшін микро- биология, биохимия, өсімдіктер биологиясы өсімдіктану, жануар- тану, экология ғылымдарымен байланысының қажеттілігі туады, (1,2,3-сызбада).


Ɍɨɩɵɪɚԕɬɵԙ ɝɟɨɝɪɚɮɢɹɫɵ ɦɟɧ ɤɚɪɬɨɝɪɚɮɢɹɫɵ








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет