Жалпы «Абай жолы» -бұл ғасырлық туынды. Төрт томды роман қазақ қоғамының ғасырлық, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын айқын, әрі адал бейнелейді



Дата23.01.2022
өлшемі12,93 Kb.
#113340
түріСабақ
Байланысты:
Абай жолы пікір


Жалпы «Абай жолы» -бұл ғасырлық туынды. Төрт томды роман қазақ қоғамының ғасырлық, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын айқын, әрі адал бейнелейді. Бұл шығармадағы оқиғалар тез өтіп жатады, бірін-бірімен сабақтас қалпында көрініс болады. Біз шығармадан, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын көреміз, сонымен қатар рухани қорымызды байытамыз. Абайдың өмірінен үлгі аламыз. Мұхтар Әуезов Абайдың жеке басына түскен қиындықтан, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көрсете білді.Жас Абай деген бала, дана Абайға дейінгі өмір кезеңін қамтитын бұл шығарманың қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі сәттері қамтылып, көптеген көрініс тапқан. Сонымен қатар романда қазақ халқының тұрмысы, діні, жалпы дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, аза тұту, ас беру, жұт, аң аулау мен табиғи көріністері көркем айшықталып, талқыланған. «Абай жолы» - бұл жай ғана тарихи роман емес, көркемдік ойдан өткен, осы өмір шындығы бейнеленген, әрине де халықтың тағдыры, өткені мен келешегі жайында терең ойлар қамтылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет