(А. Н. Розанов, Е. В. Лобова, 1951)
тұзды қабаттың
орналасу тереңдігі
|
тұздардың мөлшері
|
тұздардың құрамы
(аниондар бойынша)
|
тұзданған қабатының тереңдігі,
см
|
топырақ аты (тұздану
деңгейі)
|
тұздар мөлшері,
%
|
топырақ аты (тұздану
деңгейі)
|
Cl:SO4
|
SO4:Cl
|
аты
|
150 см-ден төмен
|
сорлан- баған
|
0,25-0,5
|
нашар сорланған
|
2
|
0,5
|
хлорлы
|
100-150
|
терең сорланған
|
0,5-0,7
|
орташа сорланған
|
1-2
|
0,5-1
|
сульфатты- хлорлы
|
70-100
|
терең
сорланған
|
0,71,0
|
мол
сорланған
|
0,2-1,0
|
1-5
|
хлорлы-
сульфатты
|
30-70
|
мол
сорланған
|
1-2
|
мол
сорланған
|
0,2
|
5
|
сульфатты
|
0-30
|
Сор
топырақ
|
>2
|
сор
топырақ
|
0,2
|
5
|
сульфатты
|
кесте
Сорланған топырақ құрамындағы тез ерігіш тұздардың мөлшері мен сапасының ауыл шаруашылығы дақылдарына əсері
(В. А. Ковда т.б., 1960)
Сорланған
топырақтарға егілген өсімдіктер жағдайлары
|
Сорлану
деңгейі
|
Топырақтағы тұз құрамының типі
|
сода-
лы
|
содалы-
хлорлы
|
содалы
сульфатты
|
хлор-
лы
|
сульфатты
хлорлы
|
суль-
фатты
|
0,60 см тұздар қосындысы,
%
|
0-100 см тұздар
қосындысы, %
|
Өсімдіктер
жақсы өсіп, дамиды
|
Сорлан-
баған
|
0,10
|
0,15
|
0,15
|
0,15
|
0,20
|
0,30
|
Өсімдіктерге
аздап зиян келтірілген, өнім 10-20% төмен
|
Аздап
сорланған
|
0,10-
0,20
|
0,15-
0,25
|
0,15-0,30
|
0,15-
0,30
|
0,20-0,30
|
0 30-
0,60
|
Өсімдіктерге
орташа зиян келтірілген, өнім 20-50 % төмен
|
Орта ша
сорланған
|
0,20-
0,30
|
0,25-
0,40
|
0,30-0,50
|
0,30-
0,60
|
0,30-0,60
|
0,60-
1,0
|
Өсімдіктерге
қатты зиян келтірілген, өнім 50-80 % төмен
|
Мол
сорланған
|
0,30-
0,50
|
0,40-
0,60
|
0,50-0,70
|
0,50-
0,80
|
0,60-1,0
|
1,0-2,0
|
Өсімдіктер
өспейді, өнім жоқ
|
Сор
топырақ
|
0,50
|
0,60
|
0,70
|
0,80
|
1<
|
2<
|
Сортаң топырақтардың негізгі белгісі – натрий катионы- на қаныққан қатты сортаң қабаттың болуы. Табиғи жағдайларда сортаңдарды осы қабаттың тереңдігіне қарай бөледі: жоғарғы сортаңданған, терең сортаңданған немесе орта қабатында сортаңданған. Ал əрі қарай бөліп жүйелеу олардың құрамындағы сіңірілген натрий катионының мөлшеріне байланысты. Егер жалпы топырақ сіңіру кешенінің 25-30%-дан астамы натрий үлесіне тисе, онда оны сортаң топырақтар қатарына жатқызады. Сонымен натрий үлесіне сіңірілген катиондардын 40-60%-ы тисе, ол топырақтар қатты сортаң топырақтар қатарына, ал оның үлесі сіңірілген катиондардың 15-20%-ын құраған жағдайда жай сортаңданған топырақтар қатарына жатады.
Сортаңданған топырақ зона аралық топырақ қатарында болып, барлық топырақ зоналарында кездесе бермейді. Олар орманды дала зонасынан бастап, дала, құрғақ дала, шөлейт зоналарында орын алған. Сортаң топырақтардың біршама бөлігі шөлді жағдайда да кездеседі. Дегенмен, бұл зонада басымырақ кездесетіні – сорланған топырақтар.
Сортаңданған топырақтардың құнарын кемітіп, оны ауыл шаруашылығына игеруге кедергі келтіретін жағдай оның нашар физикалық жəне химиялық қасиеттерге ие сортаң қабаты, мұны жақсарту жолын да осы қабаттан бастау керек. Алдымсн натрий катионынан құтылудың амалын іздестірген жөн. Дəлірек айтсақ, сіңірілген натрийді басқа катионмен ауыстыру. Бұл сортаңданған топырақты гипстеу арқылы жүзеге асырылады. Реакция төмендегідей жолмен жүреді:
4
(Топырақтың Na++Са SО
(Топырақтың Ca+++Nа
SО4
2
сіңіру кешені) сіңіру кешені)
Сортаң түрлері əрқалай болғандықтан, олардың мелиорациялау жолдары да əралуан болады. Бұл жайында Қазақстандағы сортаң жерлерді жақсарту мəселелері деген бөлімде айтылады.
Солодтар (кермектер) – зона аралық топырақтардың бір түрі, негізінен суббореалды белдеудің құрғақтау аймақтарында орын ала- ды. ТМД елдері мен Қазақстан, Батыс Сібір жазығы мен Солтүстік Қазақстан облыстарының орманды-далалы зонасы мен шалғынды дала зоналарының ойпаңды, ағынсыз жерлерінің қайыңды- көктеректі жəне шалғынды шөптер өскен бөліктерін алып жатыр. Жер беті ойпаңды ағынсыз болғандықтан, бұл жерлер қосымша жер бетінің, сол арқылы жерасты ыза сулары аса тереңде болмай, жер бетіне жақынырақ түзіліп 2,5-3,5 м топырақтарда гидроморфты жағдайлар қалыптасады. Олардың көлемі не бары 1-1,5 млн гектар- дай.
К. К. Гедройц солодтардың пайда болуы сортаң топырақтардың жер бедерінің ойпаң жерлеріндегі əрі қарай шайылып, өзгерістерге ұшырауымен байланыстырады. Ойпаң жерлерде ылғал молырақ жи- налып, сортаң топырақтардың ылғалды төмен өткізбеу қасиетіне байланысты топырақ бетінде ылғал жиналып көп уақыт сақталады. Натрийге қаныққан органикалық коллоидтар мен балшықты ми- нералдар коллоидтары сілтілі ортада еріп топырақтын төменгі қабатына жылжиды.
Топырақтың жоғарғы қабатына сілтіге, қышқылға ерімейтін кварц жиналып, оның түсі ағарып, күлгін тартады. Осы процесс кезінде сіңірілген натрий ионы орнына сутегі келеді де, натрий топырақтың төменгі қабаттарына жиналады. Сонымен бұл құбылыстар жыл сайын қайталана беретіндіктен бұрынғы сортаң қабат түгел бұзылып, оның орнына шайылған күлгінденген (солодты) қышқыл қабат түзіледі. Түзілген қабатта органикалық жəне минералды коллоидтар өте аз болады, ал оның есесіне қалдықты кварц жəне аморфты кремний балшығы көп. Осындай қабаты бар топырақтарды солодталынған топырақтар дейді. Бұл топырақтарды терістік орманды зонада түзілетін күлгінді топырақтардың құрғақтану аймақтарында, ойпаң бөлікше жерлерде түзілетін ерекше бір нұсқасы деп түсінуге бола- ды. Солодты топырақтарда оларға тəн солодты (шайылған) қабатпен
қатар, оның астында жинақты, натрий катионына бай, сілтілі реак- циясы бар сортаң қабат кездеседі. Сонымен бірге, мұнда қышқыл қабат та, сілтілі қабат та алмасып отырады.
Бұл жағдайлар терістік күлгінді топырақтар зонасында орын ал- майды. Зерттеулер солодты топырақтардың пайда болуы тек сортаң топырақтардың шайылуынан ғана емес, сорланып, шалғынды- батпақты топырақтардың осындай жер бедерінің ойпаңды бөлікшелерінде орналасу жерасты ыза суларының жақын орналасқан жағдайларында түзілу мүмкіндіктерін анықтады.
Жалпы орманды ағаштар астында түзілген солодты топырақтар пішіні төмендегідей:
А0 – орман қалдықтарының қабаты 0-5 см;
А1 – қарашірінді-шайынды қабат, қалындығы небары 5-10 см, түсі ақшыл сұр, құрылымы бос-кесекті;
А2 – шайылған солодты ақшыл қабат, қалындығы 10-15 см, қатайған, қабыршақты-жапырақты құрылымды, көкшіл қоңыр- темірлі-марганецті таңбалар бар, осы қабаттан келесі жиынтық қабатқа тілшелер жылжиды;
В1– жиынтықты-балшықты-темірлі қабат, көбінде сортаңданған, бұл қабаттың қалыңдығы 30-40 см-ден 80-100 см-ге жетеді, түсі күнгірт құба, құрылымы ірі-орта жаңғақты, қатайған. Одан төмен карбонатты жинақты, балшықты қабат В2.
Солодтардың жоғарғы қабатында қарашірінді мөлшері 3-4%, бірақ төмендеген сайын тез кемиді. Негізінен орманды жерлер. Кейбір бөлікшелері шабындыққа жақсы пайдаланылады. Мал жай- ылымдары үшін де тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |