Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет29/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Байланысты:
Акмеология
гос практика, гос практика, тыныс алу айжамал

290
291
формаларын  оңтайландыру  болып  саналатын,  техникалық  жəне 
адамзат ресурстарының өзара əрекеттестігін ескеріп, білімді меңгеру 
мен оқыту үдерісін құрудың, қолданудың жəне анықтаудың жүйелі 
əдісі ретінде анықталады. Бір жағынан, оқыту технологиясы – бұл 
оқу ақпаратын өңдеудің, көрсетудің, өзгертудің,  ұсынудың əдістері 
мен  тəсілдерінің  жиынтығы,  ал  екінші  жағынан – бұл  қажетті 
техникалық немесе ақпараттық құралдарды қолдану арқылы оқыту 
үдерісінде  оқытушының  білімгерлерге  əсер  ету  тəсілдері  туралы 
ғылым. 
Л.Д.  Столяренко  оқыту  технологиясының  мазмұнын  қарасты-
рып,  оны  студенттерге  ұсынылатын  оқу  ақпаратының  мазмұны 
мен  құрылымы  ретінде,  оқу  жəне  кəсіби  біліктер  мен  дағдыларды 
қалыптастыруды қамтамасыз ететін тапсырмалар мен жаттығулардың 
кешені ретінде, кəсіби іс-əрекеттің бастапқы тəжірибесін жинақтау 
ретінде түсіндіреді. Мұнда білім, білік жəне дағдыларды меңгеруге 
бағытталған оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары, олардың 
көлемі  бойынша  арақатынасы,  кезектесуі,  сонымен  бірге  алынған 
білімді  бекітуге  ықпал  ететін  бақылау  формалары  маңызды  рөл 
атқарады. 
Осылайша, оқыту технологиясы оқыту үдерісін ұйымдастыруды, 
басқаруды жəне бақылауды қамтиды. Мұнда осы үдерістің барлық 
қырлары бір-бірімен өзара байланысты жəне бір-біріне əсер етеді. 
Соңғы кезде бірқатар авторлар (А.А. Деркач, В.Г. Зазыкин жəне 
т.б.)  технологияның  жаңа  түрін  құрастырды,  ол – акмебағдарлану 
технологиясы.  Авторлар  осы  технологияның  мəнін  қалай  түсінді-
реді? Оның басқа технологиялардан айырмашылығы қандай? 
А.А.  Деркач  жəне  В.Г.  Зазыкин  қысқаша  акмебағдарланған 
сөздікте,  акмебағдарланған  технология  деп  мəні  бойынша 
«психологиялық  технология»  ұғымына  жақын,  алайда  аса  тар 
бағыттылығымен  айрықшаланатын,  тұлғалық  əлеуетті  ашуға,  
прогрессивті тұлғалық-бағдарлы дамытуға бағытталған гуманистік 
мазмұны  бар  категория  ретінде  түсіндіреді.  Авторлардың 
ойынша,  акмебағдарланған  технологиядағы  басты  əдіс  ретінде 
акмебағдарланған əсер ету əдісі алынады. 
Басқа  технологиялармен  салыстырғанда,  акмебағдарланған 
технологияның  өзіндік  ерекшелігі  болады,  ол  акмебағдарланған 
ғылымның пəніне сүйенеді, аталған ғылым адам, оның кəсібилікке 
жəне шеберлікке өзіндік дамуының заңдылықтары туралы білімнің, 
адамның өзіндік шығармашылықпен жүзеге асыру тəсілдерімен, іс-
əрекет субъектісі жəне тұлға ретінде білім беру жəне педагогикалық 
жүйелерге енуінің тиімді модельдерінің синтезі болып саналады. 
Акмебағдарланған  ғылымның  күрделі  функционалды  жүйелер-
ге  əсер  етудің  факторлық  талдауы  бар,  интеграциялық,  пəнаралық 
жəне практикалық-бағдарлы сипаты болады. 
Н.В.  Кузьмина  бойынша  қазіргі  заманғы  акмебағдарланған 
технологиялар  əлеуметтік  тəжірибеде  келесі  функцияларды  жүзеге 
асыруға бағытталған: шығармашылық өзіндік жетілдірудегі жалпы-
адамзаттық құндылықтарды, өзін-өзі таныту еркіндігі, адамдардың 
конструктивті өзара əрекеті мен олардың қайта жасаушы кəсіби іс-
əрекеті үдерісінде алуан түрлі жеке тəжірибені жəне өзара түсіністік-
ті  меңгеру. 
Акмебағдарланған  технологиялар  жоғары  мектепте  бірінші 
курстан соңғы курсқа дейінгі оқыту кезеңінің бойындағы студенттің 
интегративті  іс-əрекетінің  «инструментовкасына»  арналған.  Олар-
дың көмегі арқылы студенттердің іс-əрекеттің авторлық жүйелерін 
жобалауы,  оларды  негіздеуі  жəне  қорғауы  жүзеге  асырылады, 
бұлар  өз  кезегінде  студенттің  кəсіпке  енуін  жеңілдетеді.  Аталған 
технологиялар  студенттердің  кəсіби  жауапкершілігін  дамытады, 
яғни  білім  беру  саласындағы  мамандарды  даярлаудың  сапасын 
арттырудың мақсаттарына қызмет етеді. 
В.Н.  Максимова  бойынша,  акмебағдарланған  технологиялар 
білім  беруді  ізгілендірудің  факторы  болып  табылады,  тұлғаның 
əлеуметтік-маңызды  құндылықтарының  (денсаулық,  отбасы,  адам-
гершілік, өмір, азаматтық) басымдылығы негізінде, субъектінің өмір 
сүру  əрекетінің    технологиялық  құндылықтары  (өзін-өзі  дамыту, 
өзін-өзі жетілдіру, біртұтас жəне тұрақты дамыту, өмірлік жетістік, 
даралық)  негізінде,  сонымен  бірге  кəсіби  сапалар  (қабілеттер, 
құзыреттілік,  бағыттылық,  эмпатиялық  сапалар,  ерікті  сапалар, 
шеберлік) негізінде құрастырылады. 
Автор  оқытудың  акмебағдарланған  технологияларының  кез 
келген  педагогикалық жүйенің барлық аспектілерін, процедурала-
рын жүзеге асыратынын атап көрсетеді, яғни акмебағдарланған тех-
нологиялар басқа технологиялармен салыстырғанда, кешенді болып 
табылады. 
В. Н. Максимованың пікірі бойынша, акмебағдарланған техно-
логиялардың маңызды белгілері төмендегі үлгі бойынша беріледі: 

292
293
– бұл əрбір студенттің тұрақты жетістік мотивациясы негізінде, 
оларды  оқыту,  дамыту  жəне  тəрбиелеудегі  жетістіктерге  жəне 
жоғары нəтижелерге (дара) жету технологиясы; 
– бұл сана мен іс-əрекет бірлігі принципінің (С.Л. Рубинштейн) 
психологиялық  заңдылықтары  негізінде,  студенттің  танымдық  іс-
əрекеттің  субъектісі  ретінде  өзіндік  дамытудың  сатылы  үдерісін 
ұйымдастыру технологиясы; 
– бұл əрбір студенттің «жақын даму аймағында»  (Л.С. Выгот-
ский) озық оқытуға сүйеніп, оларды оқыту мен өзіндік дамытудың 
жетістігін арттыру тактикасы; 
–  бұл  оқытудың  алуан  түрлі  технологияларының  əдістері  мен  
тəсілдерін біріктіретін, өскелең жас адамды студент, тұлға, даралық 
ретінде біртұтас дамытуда жетістікке жетуге бағыттайтын оқытудың 
кешенді технологиялары; 
–  бұл  өзіндік  құрылымдық  компоненттері  болатын  техноло-
гиялар:  студенттің  өзіндік  дамыту  сатылары  жəне  параллельді 
педагогикалық  əсердің  блоктары – «шығармашылықпен  дамыту», 
«рефлексия», «еңбекке қабілеттілікті сақтау», «қарым-қатынас жəне 
ынтымақтастық»; 
– бұл оқытушыдан оқытудың негізгі жəне түзетуші бағдарлама-
сын жобалауды талап ететін технологиялар: əртүрлі студенттік топ-
тарды оқытудың жалпы жəне жеке стратегиясы; ақпарат ағындарын, 
білімгерлердің  топтары  бойынша  деңгейлерін  саралау;  студенттің 
өзіндік  дамуының  əрбір  сатысында  əрбір  блоктың  функционалды 
рөлін  қолдану;  параллельді  педагогикалық  əсерді  дамудың  əрбір 
блоктары  бойынша  «параллельді  режимде»  бір  мезгілде  жұмыс 
істеуін жүзеге асыру шеберлігі. 
В.Н. Тарасова акмебағдарланған технологиялардың белгілеріне 
келесілерді  атап  көрсетеді:  креативтілікті  дамытуға  бағыттылық; 
кешенділік;  функционалды  жүйелердің  жоғары  жетістіктерге 
өзіндік  дамуын  ынталандыратын  факторлардың  жүйелі  əсерін 
қамтамасыз  ету;  тұлғаның  өзіндік  дамыту  үдерісін  жəне  кəсіби  іс-
əрекетін  оңтайландыру;  адамның  өзімен  жəне  қоршаған  əлеммен 
қатынастарын құру. Креативтіліктің дамуы тұлғаның сипаттамасына, 
сонымен бірге білім беру, педагогикалық жəне ұйымдастырушылық 
жүйелердің  тиімді  модельдеріне  қатысты,  онда  шығармашылық 
ізденіс  пен  ынтымақтастық  ахуалы  құрылады.  Мұндай  рухани 
ахуал мамандардың аса күрделі, кешенді біліктерін, интеграциялық 
білімді  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін,  ақпаратты  талдау 
жəне  біріктірудің  ұтымды  тəсілдерін,  кəсіби  міндеттерді  шешуде 
ойлаудың  жеке  тəсілдерін  өзара  байытуды  қамтитын  үдерістердің 
коммуникативті жағын күшейту есебінен туындайды. 
Л. Е. Варфоломеева акмебағдарланған технологиялардың келесі 
ерекшеліктерін құрастырды: 
– инвариантты (білім беру маршрутында қолданылады); 
–  комбинаторлы  (басқа  əдістемелердің  элементтерімен  бірік-
тіріледі); 
–  көпфункционалды  (білім  беру  үдерісінің  субъектілерінің 
əртүрлі рөлдік функцияларын орындауда қолданылады); 
– адаптивті (оларды қолданудың нақты жағдайларына бейімде-
луі мүмкін); 
– прогностикалық (соңғы нəтижеге жетудегі ізденістің бағытын 
көрсетеді). 
Акмебағдарланған  технологиялар  білім  беру  үдерісінің  барлық 
қатысушыларының  əрекетінің  үйлесімділігін  қамтамасыз  ететін 
белгілер  мен  көрсеткіштерді  қамтиды  (оқытушы  мен  студенттің 
өзара  əрекеті,  педагогикалық  практика  кезінде  дербес  шешім 
қабылдауды  үйреніп,  өзара  əрекет  ететін  мұғалім  мен  студенттің 
үйлесімі);  сонымен  бірге,  іс-əрекеттің  бастапқы,  ағымдық  жəне 
соңғы  нəтижелері  туралы  алуан  түрлі  түсініктері  бар,  тиімділіктің 
əртүрлі  деңгейлеріне  қол  жеткізетін,  білімгерлермен,  жекеленген 
студенттер жəне ата-аналармен өзара қатынастарды құрудың əртүр-
лі стратегияларын қолданатын белгілер мен көрсеткіштерді қамтиды. 
Акмебағдарланған  технологиялар  педагогикалық  жəне  бі-
лім  беру  технологиялары  арқылы  ынталандырылады  жəне  қам-
тамасыз  етіледі.  Аталған  ынталандыру  студенттердің  əртүрлі 
категорияларымен,  педагогикалық  үдерісті  модельдеу  бойынша 
тренингтерде  технологияларды  өңдеуде,  жетістіктер  үлгісі, 
алгоритмдер арқылы, сонымен бірге имитациялық, іскерлік ойындар 
арқылы өзіндік қозғалысты өңдеуде жүзеге асырылады. 
Осылайша,  акмебағдарланған  технологиялар – бұл  білім  беру 
міндеттерінің сапасына бағдарланатын, білімгерлердің шеберлігінің 
алғышарттарының  негізін  қалайтын,  сапалы  нəтижені  болжауға, 
стратегияларды  таңдауға  мүмкіндік  беретін,  студенттермен  өзара 
əрекеттестіктің мақсатты бағытталған, логикалық құрылған жүйесі. 
Акмебағдарланған технологиялар бір жағынан, өзара əрекеттестік-

294
295
тің,  қатынастар  мен  өзара  қатынастардың  көпдеңгейлілігін 
есепке  алады,  ал  екінші  жағынан,  оқытушының  студенттермен 
жұмысындағы  құралы,  яғни  ішкі  үдеріс  болып  саналады.  Бұл 
технологиялар  басқарылатын  жəне  өзіндік  басқарылатын  үдеріс 
болып саналады. 
Акмебағдарланған  технологияларды  оқытушы  нəтиженің 
бейнесі  ретінде,  яғни  студенттің  нəтижеге  қалай  жетуін  құрас-
тырады.  Оқытушының  аталған  технологияның  мəліметтерін  қол-
дану  нəтижесінде,  студенттер  білім  беру  ортасын  кəсіби  тұрғыда 
қабылдай бастайды, білім беру жүйелерін ажыратады, студенттердің 
бастапқы жəне соңғы нəтижеге жетуге ықпал ететін немесе кедергі 
келтіретін  аталған  жүйеде  болатын  үдерістерді  түсіне  бастайды 
(студенттердің білім беру, кəсіби жəне əлеуметтік жүйелерге енуінің 
сапалық белгілері бойынша бағаланады). 
Сондықтан мынадай тұжырым жасауға болады: технологияның 
мəліметтері студенттің үнемі ізденіс жағдайында болуын талап ете-
ді, яғни акмебағдарланған технологиялар өмірдің ізденістік салтын 
қалыптастырады, кəсіби шығармашылыққа бейімділікті дамытады, 
бұл  өз  кезегінде  болашақ  мамандардың  өзіндік  санасын  дамыту 
негізінде үлгіге бағдарлануын ынталандырады.  
Алайда,  креативті  білім  беру  үдерісінің  əрбір  қатысушысының 
жеткілікті  алғышарттары  болмайды.  Көптеген  студенттердің 
қоршаған  болмысты  жəне  ойлауды  қабылдаудың  жағымсыз  сте-
реотиптері  болады.  Бұл  жағдайда  түзетуші-дамытушы  үдерістің 
акмебағдарланған  технологияларын  қолданған  дұрыс,  олар  өз 
кезегінде  жағымсыз  бағдарларды  позитивті  бағдарларға  өзгертуді 
ынталандырады,  уақытша  жоғалған  əлеуетті  қалпына  келтіреді,  
бұл  əлеуетті  тұлғаның  резервтері  мен  ресурстарына  айналдырады, 
шығармашылық  іс-əрекеттің  алғышарттарын  құрады,  нəтижесінде 
тұлғаның  жəне  студенттердің  рефлексиясы  мен  іс-əрекетін  жедел 
өзіндік дамыту жүзеге асады. 
Жоғары  оқу  орнында  оқудың  алғашқы  жылында  студенттердің 
жағымсыз  стереотиптерінің  пайда  болуын  дер  кезінде  анықтау 
жəне  алдын  алу  үшін  кəсіпке  енудің  сатыларын  жəне  олармен 
қатар  жүретін  дағдарыстарды  білу  қажет.  Əрбір  саты  жоғары  оқу 
орнындағы оқытудың жылына сəйкес келеді. 
Осылайша, кəсіпке енудің бес сатысын айқындауға болады: 
Бірінші  саты – кəсіпке  бейімделу.  Бұл  жоғары  оқу  орнында 
студенттерді  оқытудың  бірінші  жылында  даярлықтың  бірінші 
дағдарыстық кезеңі. Ол кəсіби білімнің жаңа жағдайына бағдарлану 
шеберлігімен  байланысты,  яғни  таңдаған  кəсіпке  бейімделудің 
қажеттілігімен  байланысты.  Студенттер  педагогикалық  үдерістің 
барлық  қатысушыларымен  өзіндік  қатынастарын  үйлесімді  құруға 
тура келеді. 
Екінші  сатыда  (екінші  курс)  студент  өз  мамандығы  бойынша 
пəндердің  жалпы  педагогикалық  блогында  кəсіби  құзыреттілікті, 
кəсіби шеберлікті жинақтай бастайды, шығармашылық жұмыстарды 
(курстық  жұмыстар)  орындауға  дайындығы  қалыптасады. 
Сондықтан  мұнда  шығармашылық  жұмыстардың  табысты  болуы 
үшін жағымсыз стереотиптерді жеңу маңызды болып саналады. 
Үшінші  саты  кəсіпке  енудің  екінші  дағдарыстық  кезеңімен 
сипатталады,  себебі  студенттер  алғаш  рет  өзіндік  шығармашылық 
(курстық)  жұмыстарды  меңгеру  арқылы  өзін-өзі  анықтайды, 
аталған  жұмыстың  барысында  олар  алынған  кəсіби  білімдерін 
интеграциялайды.  Аталған  кезеңде  студенттің  соңғы  кəсіби  өзін-
өзі  анықтауы  жүзеге  асады:  аталған  кəсіпте  студент  қалады  ма 
немесе  оның  дара-психологиялық  ерекшеліктері  таңдаған  кəсіпке 
қарама-қайшы  келеді  ме  (сынды  қабылдамайды,  оқытушылармен 
жəне  қатарластармен  қарым-қатынастағы  қиындық,  ерік  күшінің 
болмауы, негізгі жəне қосымша əдебиеттермен жұмыс істей алмау)?
Егер осы уақытқа дейін жағымсыз стереотиптер жойылмаса, онда 
осы кезеңде олардың артуы жүзеге асуы мүмкін, олар өз кезегінде 
кəсіптен кетуге əкеп соғады. Керісінше, жоғары оқу орнында жақсы 
оқу жағдайында, өзінің болашақ кəсібіне қызығушылықтың болуы 
жағдайында студент осы кəсіпте қалады, яғни ол интеграцияланған 
мамандықтар, СҒЗЖ арқылы білім беру саласында, психологиялық 
қызметте əртүрлі бағыттар бойынша əрі қарай өзін-өзі жетілдіруге 
психологиялық тұрғыда дайын болады. 
Оқытудың  төртінші  сатысы  дамудың  жолдарын  диффе-
ренциациялаумен сипатталады. Аталған кезеңде студент тұлға мен 
іс-əрекеттің қалыптасқан «Мен-тұжырымдамасына» ие болып, оқу-
өндірістік практикада өзін болашақ маман ретінде жүзеге асырады. 
Бесінші  саты – бітіруші    курс.  Мұнда  кəсіби  таңдау,  кəсіби 
мекеме жəне іс-əрекеттің профилі нақтыланып қоймайды, сонымен 
бірге  кəсіппен  байланысты  өмірлік  өзін-өзі  анықтау  нақтыланады. 
Студенттер  болашақ  маман  ретінде  жетілдірілетін  өндірістік 
педагогикалық практикадан өтеді. 

296
297
Осылайша: 
– акмебағдарланған технологиялар тұлғаға көпқырлы позитивті 
əсер етудің (ондағы кəсіпқойдың жүйелі сипаттамасын дамытып), іс-
əрекетке əсер етудің (оның қайта жасауға бағдарлап), тұлғаның қай-
та жасаушы субъект ретінде енгізілген үдеріске немесе ұйымға əсер 
етудің (іс-əрекеттің шарттарын өзгертіп жəне білім беру үдерісінің 
немесе ұйымның өнімді модельдерін құруға ықпал етіп) реттелген 
жүйесін  білдіреді,  онда  шығармашылық  өзіндік  жүзеге  асырудың 
түрлерін таңдау еркіндігі болады;
–  акмебағдарланған  технологиялар  тұлға  мен  интеллектіге 
біртұтас  əсер  етеді,  əдістемелік  жəне  əдіснамалық  деңгейде  кəсі-
биліктің  алғышарттарына    өзіндік  жетуге  ықпал  етеді,  оларда  сту-
денттер стратегиялар арқылы ойлауды үйренеді; 
– акмебағдарланған технологиялар студенттердің болашақ кəсі-
би  іс-əрекетінің  жағымды  жеке  тəжірибесін  арттырады:  білімдер, 
біліктер жəне дағдылар; 
–  акмебағдарланған  технологиялардың  көмегі  арқылы  барлық 
жағымсыз  стереотиптер  жойылады,  олардың  орнын  тұлғаның 
уақытша  жоғалтқан  əлеуетін  қалпына  келтіру  негізінде  жағымды 
стереотиптер алады; 
–  акмебағдарланған  технологиялар  педагогикалық  əсер  ету 
жағдайында  емес,  олар  білім  берудің  классикалық  парадигмасын 
гуманистік  парадигмамен  үйлестірудегі  өзара  əрекет  жағдайында 
қызмет етеді; 
– акмебағдарланған технологиялар білім беру жəне педагогика-
лық технологиялармен үйлеседі жəне психотехниканы қамтиды; 
–  акмебағдарланған  технологиялар  түзету,  өзін-өзі  түзету,  өзін-
өзі  дамыту,  өзін-өзі  жетілдіру  үдерістерін  оңтайландырады,  осы 
үдерістерді басқарады, кəсіби іс-əрекеттің тиімділігін арттырады. 
Технологиялық  міндеттерді  шешуде  технолог  басқарушы  тəжі-
рибені  безендіру  аясында  құрастырады.  Проблематизацияның  не-
гіздемесі  ретінде,  аса  жоғары  нəтижелерге  жетуді,  технологиялық 
талаптарға  сəйкес  қабілеттерді  қайта  құруды  анықтайтын,  кəсіби 
іс-əрекеттегі процессуалды «бейнені» өзгертудің мүмкіндігіне ойша 
бағдарлану алынады. 
Акмебағдарланған технологияның пайда болу механизмінің аса 
айқын формасы ойынды модельдеу, сонымен бірге ойын техникасын 
жобалау,  біртұтас  ойын  техникалық  рефлексияны  даярлау  тəжіри-
бесімен енгізілген. 
Кəсіби іс-əрекет үдерісінде тұлғаның ілгері дамуын қамтамасыз 
ететін  тұлғалық-кəсіби  əлеует  кəсібиліктің  акмебағдарланған 
инварианттар жиынтығын толықтыра отырып, тұлғаның кəсібилігін 
қалыптастырудың  негізі  ретінде  қарастырылады.  Тұлғалық-кə-
сіби  əлеует  адамның  кəсіби  мүмкіндіктерін  анықтайтын  ішкі 
ресурстарының  жиынтығы  ретінде  қарастырылады.  Тұлғалық-
кəсіби  əлеует  контексінде  акмебағдарланған  компонент  тұлғаның 
кəсіптің  талаптарына  сəйкестігін  қамтамасыз  етудің  мүмкіндіктері 
мен  қабілеті  ретінде  болады,  сонымен  бірге  тұлғалық-кəсіби  даму 
жəне жетілдірудің қайнар көзі ретінде болады. 
Кəсібиліктің жəне тұлғалық-кəсіби өсудің жалпылама, негіздел-
ген өлшемдері мен көрсеткіштері, кəсіпқойдың біліктіліктің жоғары 
деңгейіне жеткен, кəсіби іс-əрекеттің барысында саналы түрде өзін 
өзгертетін, дамытатын, кəсіпке жеке шығармашылық үлес қосатын, 
кəсіпте жеке орнын тапқан, жоғары жетістіктерге бағдарланған, жеке 
мүдделері  мен  қоғамның  мүдделерін  үйлестіретін  тұлға  ретінде 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Атап  өтетін  бір  жайт,  тұлғаның  тəуелсіздігі,  оның  өзін-өзі 
дамытудағы  жəне  өзін-өзі  жетілдірудегі  қажеттілігі,  белгісіздікке 
деген толеранттылығы, қалыптасқан мінез-құлықтық стереотиптерді 
жеңу  қабілеті,  өзін-өзі  өзгертуге  деген  мотивациялық  дайындығы 
–  мұның  бəрі  инновациялық  тұлғаның  көрсеткіштері  болып  табы-
лады.  Аталған  қағидалар  жас  маманның  акме-креативті  əлеуеті 
ұғымына деген жаңа көзқарастарды негіздейді, сонымен бірге оның 
сапалы мінездемелерін анықтауды, оны дамытудың мүмкіндіктерін 
негіздейді. 
Инновациялық  тұлғаның  дамуы  «қалыптасу  даму  ретінде» 
парадигмасынан  (əлеуметтік-педагогикалық  сəйкестілік) «өзін-өзі 
дамыту  қалыптасу  ретінде» (мəдени-психологиялық  сəйкестілік) 
парадигмасына  өтуді  қамтиды.  Бұл  адамның  мүмкіндіктеріне 
жауап  беретін  білім  беру  ортасын  жобалауды  білдіреді,  алайда 
адамның  мұндай  білім  беру  ортасына  енуі,  дербестік,  өзіндік 
күшіне сенімділік, өмірге төзімділік, бастамашылдық, белгісіздікке 
толеранттылық, инновациялық іс-əрекетке енуге дайындық сияқты 
инновациялық  əлеуеттердің  өсуін  туындатып,  мүмкіндіктердің 
болмысқа өтуін қамтамасыз етеді. 
Акмеология  тұрғысында  акме-креативті  əлеуетті  кəсібиліктің 
категориясы  ретінде  дамыту  белгілі  жағдайлармен  жəне  фактор-

298
299
лармен  байланысты  болады,  онда  акмеологиялық  жағдайлар – 
тұлғаның  жəне  жас  мамандардың  іс-əрекетте  жоғары  кəсібилікке 
жетуге  байланысты  болатын  маңызды  жағдайлар  болып  саналады, 
ал  акмеологиялық  факторлар – бұл  адамның  кəсіби  іс-əрекеттің 
шыңдарына,  яғни  жоғары  жетістіктерге  өзіндік  қозғалысын 
негіздейтін объективті себептер болып саналады. 
Жас  мамандардың  акме-креативті  əлеуетін  дамытудың  фактор-
лары  ретінде,  тұлғалық  кемелдену,  өмірдің  саналылығы,  өзіндік 
маңыздануға ұмтылыс, мінез-құлықтың флексибильді формаларына 
бейімділік алынады. 
Жас мамандардың акме-креативті əлеуетін дамытудың шарттары 
ретінде гуманитарлы акмебағдарланған технологиялар алынады. 
Акмебағдарланған  технологиялар  əдістер,  тəсілдер  мен  техни-
калардың жиынтығы ретінде қарастырылады, олардың көмегі арқы-
лы тұлғаның өзін-өзі жүзеге асырудың шыңдарына деген қозғалысы 
ұйымдастырылады,  жүзеге  асырылады.  Технологиялардың  ерек-
шелігі  ретінде  олардың  гуманизм  принциптеріне  сүйенуі,  адам 
дамуының жоғары деңгейлеріне бағдарлануы, сонымен бірге кəсіби 
іс-əрекет саласындағы жоғары жетістіктерге бағдарлануы алынады. 
«Əлеует»  ұғымы  адамды  психологиялық  зерттеудің  дəстүрлі 
пəнінің шекараларын кеңейтудің мүмкіндіктерін қамтиды; сонымен 
бірге, тұлғалық сапалардың адамның жəне оның əлеуметтік-мəдени 
ортасымен  динамикалық  өзара  əрекеттестігінде  дамитынын  жəне 
көрінетінін қамтиды (В.Н. Марков).
Кəсіби  іс-əрекетте  адамның  акмебағдарланған  траектория  бой-
ынша  өзінің  тұлғалық  жəне  тұлғалық-кəсіби  əлеуетін  жүзеге  асы-
руы,  кəсіби  іс-əрекеттің  кеңістігінде  акмебағдарланған  ортаны 
құруға əкеледі, оның ішінде тұлғалық жəне тұлғалық-кəсіби дамуға 
əкелетін, қатысушылардың арасындағы құндылықты-мағыналық ал-
масу жүзеге асады (Н.В. Марков, И.А. Беспалов).
Практикалық-бағдарлы білім беру ортасының акмебағдарланған 
мəні  адамзат  тəжірибесінің  əрекеттік,  қайта  жасаушы  жəне  шы-
ғармашылық сипатын ескеріп, студенттің өзіндік дамуын детерми-
нациялауында  жəне  оның  болашақ  кəсіби  іс-əрекеттің  жағдайлары 
мен ерекшеліктеріне сəйкес, кəсіби құзырлылықтарды оқыту бары-
сында меңгерген интеграция есебінен, тұлғалық жəне кəсіби өзіндік 
жетілдіруіне дамуын детерминациялауында көрініс табады. 
Практикалық-бағдарлы  білім  беру  ортасын  құрудың  міндетті 
принциптерінің  бірі  ретінде  (əрі  қарай  ПББО)  оқу  үдерісін  ұйым-
дастырудағы сызбалық пен шарттастықты алмастыратын, кəсіби іс-
əрекетті сипаттаудағы дəлдікке қол жеткізетін шынайылық принципі 
алынады. 
Аталған принципті жүзеге асыруды əртүрлі тұрғыда ғалымдар-
дың  қарастыратын  акмебағдарланған  технологиялар  қамтамасыз 
етеді. 
Атап айтсақ, арнайы жинақты жəне дидактикалық шарттардың 
əдістерін,  формаларын,  тəсілдерін  анықтайтын  психологиялық-
акмебағдарланған  бағдарлардың  жиынтығы»  ретінде,  қайта  құру-
шы психотехнологиялардың қалыптасуы мен дамуына бағытталған 
əдістердің  жиынтығы  ретінде  (А.А.  Деркач,  Е.В.  Селезнева) 
қарастырылады. 
Оқытудың  акмебағдарланған  технологиялары – бұл,  ең  ал-
дымен,  студенттің  кəсібилігін  жəне  бейімдеуші  мүмкіндіктерін 
арттыруға бағытталған ішкі əлеуеті мен тұрақты мотивациясын да-
мыту  есебінен,  оқытуда  жетістікке  жəне  жоғары  нəтижелерге  же-
туге  бағытталған  технологиялар.  Нəтижесінде,  акмебағдарланған 
технологиялардың  негізгі  міндеті  ретінде  болашақ  мамандарға 
кəсіби білім мен біліктерді беру ғана емес, сонымен бірге, ең алды-
мен студенттердің санасында өзін-өзі дамыту жəне өзін-өзі жүзеге 
асыру  қажеттілігін  қалыптастыру  мен  бекіту,  яғни  тұлғалық  жəне 
кəсіби «Менді» өзіндік жетілдіруді қалыптастыру жəне бекіту алы-
нады. 
Жоғары  оқу  орнының  оқытушысы  өзінің  іс-əрекетін  акме-
бағдарланған  технологиялық  принциптерді  ескеріп  құруы  керек, 
яғни  оны  студенттердің  кəсіби  жəне  тұлғалық  даму  траектория-
сын  құру  дағдыларын  қалыптастыруға  бағыттауы  керек.  Мұнда 
педагогтің алдында оқытудың инновациялық əдістерін кең қолдану 
мүмкіндігі  жəне  сабақты  жүргізудің  белсенді  формаларын  аса  кең 
қолдану мүмкіндігі ашылады. 
Практикалық-бағдарлы  білім  беру  ортасын  ұйымдастыруда 
студенттерге  кəсіби  құзыреттілікті  практикалық-бағдарланған 
конструкт  ретінде  тиімді  дамытуды  қамтамасыз  ететін  келесі 
акмебағдарланған  технологияларды  қолданған  дұрыс.  Осы 
акмебағдарланған  технологиялардың  маңызды  сипаттамаларын 
қарастырайық: 
• Модульді-рейтингілік акмебағдарланған технология;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет