Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет30/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
Акмеология
гос практика, гос практика, тыныс алу айжамал

300
301
• Ақпараттық акмебағдарланған технология;
• Бейімделуші-дараланған акмебағдарланған технология;
• Кəсіби перспективалардың акмебағдарланған технологиясы;
• Бақылау мен бағалаудың акмебағдарланған технологиясы;
• Құзыретті акмебағдарланған технология;
• Креативті-зерттеуші акмебағдарланған технология. 
Модульді  оқыту  педагогикалық  еңбектің  жəне  педагогтің 
шеберлігінің  тиімділігін  арттырып  қоймайды,  сонымен  бірге 
студенттердің  білімінің  ұтқырлығын  қалыптастыруға  ықпал  етеді. 
Аталған технологияны оңтайландырудың мəні оқытудың дараланған 
мазмұнын  құрудың  икемділігін  қамтамасыз  етуден,  студенттердің 
меңгеруінің  өзіндік  жылдамдығын  таңдаудың  қарапайымдылығы-
нан,  бастысы,  студенттердің  өзіндік  кəсіби  құзыреттілігін  дамыту 
деңгейін өзіндік талдау жəне өзіндік бағалауды қамтамасыз етуден 
құралады. 
Ақпараттық  акмебағдарланған  технология.  Ақпараттық  акме-
бағдарланған  технологияны  қолдануды  оқытушының  іс-əрекеті 
жалпылама,  дерексіз  ақпаратты  айқындауды,  əлемнің  ғылыми 
бейнесін  қалыптастыруды,  қолжетімді  деңгейде  теориялық 
тұжырымдамаларды  құруды,  теориялық  білімді  практикалық 
міндеттерді  шешуге  алмастыруды  қамтиды.  Мұнда  іс-əрекетте 
компьютер  ақпаратты  іздеу  жəне  өңдеудің,  дидактикалық  жүйенің 
барлық  субъектілерінің  іс-əрекетін  интеграциялау  құралы  ретінде 
болады. Мұнда таным объектісі ретінде, пəннің теориялық мазмұны 
алынады, ал өзіндік зерттеудің пəні ретінде – басты нəрсені айқындау 
қабілеті,  ақпаратты  жүйелеу  жəне  интерпретациялау,  теориялық 
жалпылау  жасау  қабілеті  алынады.  Іс-əрекеттің  негізгі  алгоритм-
дері – салыстыру,  талдау  жəне  біріктіру,  абстракциялау  жəне 
нақтылау, жүйелеу жəне жіктеу, логикалық операциялар, ұғымдарды 
қалыптастыру  операциясы – символдық  формадағы  анықтама, 
белгілер, индуктивті, дедуктивті, нəтижелі ой қорытындысын жасау 
алынады. Оқытудың негізгі əдістері – эвристикалық, проблемалық-
зерттеуші. 
Бейімделген-дараланған акмебағдарланған технология. Аталған 
технология  оқу  үдерісін  студенттердің  дара  ерекшеліктеріне  жəне 
тұлғалық  сапаларына  бейімдеуге  бағытталған,  сондықтан  оның 
құралдары мен əдістемелері ретінде алынатындар: 
• студентке өзінің білім алу траекториясын таңдауға жəне кəсіби 
білім беру мекемесіне шынайы білім беру жүйесін қалыптастыруға 
мүмкіндік беретін жеке білім беру маршруттарын құрастыру; 
• студенттің оқу-əдістемелік кешені. 
СОƏК-нің  құрылымына  инвариантты  жəне  вариативті  ком-
поненттер  енгізілген.  СОƏК-нің  мазмұнының  вариативтілігі  іс-
əрекеттің  белгілі  бір  таңдалған  саласында  ғылыми-өндірістік 
циклді модельдеу арқылы болмысты технологиялық қайта құрудың 
(рухани, интеллектуалды жəне материалды құралдарды қоса) жал-
пы  тəсілдерін  меңгеру  үдерісінде  тұлғаны  кəсіби  дамытуды  қам-
тиды. 
Атап  өтетін  бір  жайт,  студенттердің  оқу-əдістемелік  кешенін 
қолдану  олардың  өзіндік  дамытуға  психологиялық  дайындығын 
қамтамасыз етеді, нəтижесінде олардың өзіндік кəсіби жəне тұлғалық 
өсуін  дербес  жобалауын,  мансаптық  перспективасын  анықтауын 
қамтамасыз етеді. 
Кəсіби-бағдарланған  жəне  акмебағдарланған  жағдайлар,  ав-
тономды  жəне  рефлексивті  тұрғыда  əрекет  етуге  ынталандыра-
ды;  кəсіби  мақсаттарға  интерактивті  түрде  жетудің  алуан  түрлі 
құралдарын  қолдануды;  əлеуметтік-гетерогенді  топтарға  енуді 
жəне  оларға  қызмет  етуге  үйретеді.  Кəсіби-бағдарланған  жағдай 
əлеуметтік  диалогпен  тығыз  байланысты,  себебі  ол  студенттердің 
жеке  жəне  топтық  өзара  əрекет  жағдайында  ұйымдастырушылық 
шеберлікті  қалыптастыруға  бағытталады,  сонымен  бірге  өзіндік 
оқу-практикалық іс-əрекетті жоспарлауға бағытталады. 
Құзыретті    акмебағдарланған    технология.  Акмебағдарланған 
теория контексінде аталған акмебағдарланған технология маңызды 
болып саналады, ол əрекеттегі оқыту ретінде түсіндіріледі (leaming-
by-doing)  жəне  кəсіби-салалық  кеңес  беру,  тьюторлық  жəне 
тəлімгерлік  технологияларына  негізделеді.  Аталған  технология 
екі  мақсатты  көздейді:  біріншісі – белгілі  əрекеттерді  жетістікпен 
орындау  (мəселені  шешу,  жобаны  жүзеге  асыру),  екіншісі – осы 
əрекеттерді  орындау  барысында  оқыту  жəне  алынған  білімді 
тұлғалық жетістік ету. 
Құзыретті  акмебағдарланған  технологияны  қолдану  арқылы 
оқыту,  теория  мен  практиканың  оңтайлы  үйлесімін,  кəсіби 
құзырлылықты  қалыптастыру  мен  жетілдіруді,  озат  тəжірибені 
зерттеуді, командалық жұмыс үшін қажетті  базаны құруды, білімді 
дербес тереңдетуді қамтиды. 

302
303
Қажетті  шарттар  ретінде  алынатындар:  студенттермен  жұмыс 
барысында əрбір сабақ уақытында, бір мезгілде тұлғалық-əрекеттік 
жəне топтық тұғырларды қолдануды қамтамасыз ету; студенттердің 
жағымды тəжірибе рефлексиясы мен меңгеру үдерістерін білім беру 
үдерісіндегі  кəсіби  құзырлылықты  өңдеу  құралы  ретінде  реттеу 
жəне бағыттау. 
Креативті-зерттеуші  акмебағдарланған  технология.  Аталған 
технология студенттердің зерттеуші жобалардағы жұмысын, ғылыми 
тақырыптарды ұжымдық құрастыруды, нақты тапсырма-жобаларды 
жоспарлау мен орындауды, оларды практикалық сабақтарда, коллок-
виумдарда немесе педагогикалық, өндірістік практика барысындағы 
жұмысты 
қамтиды. 
Нəтижесінде, 
студенттер 
ғылымның 
негіздері  бойынша  біріктірілген  білімді  меңгереді,  сонымен  бірге 
олардың  шығармашылық,  логикалық,  ізденістік  қабілеттері  жəне 
эвристикалық құзырлылықтары дамиды. Студенттер өздерінің зерт-
теу  жұмыстарының  нəтижелерін  студенттік  ғылыми-практикалық 
конференцияларда, симпозиумдарда баяндайды. 
Бақылау  мен  бағалаудың  акмебағдарланған  технологияла-
ры.  Аталған  технологияның  негізгі  мақсаты  ретінде,  ең  алды-
мен,  студенттің    профессиограммада  көрсетілген  қызметтер  мен 
талаптарға  оңтайлы  сəйкестікті  анықтауы  алынады.  Əрбір  сту-
дент  өзінің  портфолиосында  персонаграммасы  болып,  өз  бетімен 
құзыреттілікті  дамытудың    жəне  оны  түзетудің  дербес  деңгейінің 
акмебағдарланған  мониторингін  жүзеге  асырады,  ал  соңғы  курс-
та – кəсіби  есеп  береді.  Аталған  технологияны  қолдану  студентке 
өз  бетімен  білімдегі  олқылықтардың  орнын  толтыруға,  өзін  ма-
ман  ретінде  бағалауға,  мансаптық  өсудің  мүмкіндіктерін  бағалауға 
мүмкіндік береді. 
Барлық  акмебағдарланған  технологиялар  студенттердің  жеке 
жəне  топтық  өзара  əрекеттестік  жағдайында  ұйымдастырушылық 
біліктерін қалыптастыруға, сонымен бірге өзіндік оқу-практикалық 
іс-əрекетті жоспарлауға бағытталған. 
Осылайша, акмебағдарланған технологиялар – бұл сатылы диа-
гностикалауды  жүргізуді  қамтамасыз  ететін,  кəсіби  іс-əрекеттің 
барлық  түрлері  мен  құрамдас  бөліктері  бойынша  оқу  үдерісін 
жобалау  арқылы  құрылған  жүйелі,  кəсіби-құзыретті,  дамытушы 
оқыту.  Оқу  үдерісінде  аталған  акмебағдарланған  технологияларды 
қолдану,  кəсіби  құзырлылықтарды  анықтап  жəне  диагностикалап 
қоймайды,  сонымен  бірге  қалыптасу  мен  дамытуда  модельдеуге, 
яғни түзетуге мүмкіндік береді, ең бастысы – болашақ мамандардың 
кəсіби  құзыреттілігін  дамыту  үдерісін  кəсіби  оқыту  сатысында 
практикалық-бағдарлы конструкт ретінде оңтайландыруға мүмкіндік 
береді.  
4.2 Контексті оқыту технологиясы 
Тақырыптың  негізгі  ұғымдары:  белгілік-контексті,  ква-
зикəсіби  іс-əрекет,  əрекеттік  тұғыр,  тұлғаның  белсенділігі, 
проблемалық,  белсенді  оқыту  əдістері,  антиципация,  рефлексия, 
ситуациялық тапсырмалар. 
Жоғары кəсіби білім берудің негізгі мақсаты, студенттің жоғары 
оқу орнында оқыту кезеңінде болашақ кəсіби іс-əрекетінің біртұтас 
құрылымын  қалыптастыру  болып  табылады.  Белсенді  іс-əрекеттің 
көмегі арқылы, əлеуметтік  тəжірибені меңгеру, адамның психикалық 
функцияларын жəне қабілеттерін дамыту, оның объективті əлеммен, 
басқа адамдармен, өзімен қатынастар жүйесі жүзеге асырылады. 
Əлеуметтік  тəжірибені  меңгерудің  əрекеттік  теориясының  ая-
сында А.А. Вербицкий белгілік-контексті оқыту тұжырымдамасын 
құрастырды. 
Осы  теорияның  тұрғысында  инновациялық, «белсенді»  оқыту-
дың  формаларын,  əдістерін  жəне  құралдарын  қолданудың  алуан 
түрлі эмпирикалық тəжірибесі тұжырымдамалы, саналы ұғынылған. 
«Контекст»  категориясы  студенттің  болашақ  кəсіби  іс-əреке-
тінің,  оның  оқу  іс-əрекетінің  формаларына,  үдерісіне  жəне  нəти-
жесіне  мағына-құраушы  əсерін  қамтамасыз  етеді.  Контекст 
жағдаяттың мəнін жəне мағынасын тұтасқа, оның компоненттеріне 
ұсынып,  нақты  жағдаятты  қабылдау,  түсіну  жəне  қайта  құрудың 
ерекшеліктеріне əсер ететін, адамның өмір сүру əрекетінің сыртқы 
жəне  ішкі  факторларының,  жағдайларының  жүйесі  ретінде 
анықталады. 
Ішкі  контекст  адамның  дара-психологиялық  ерекшеліктерін, 
білімі  мен  тəжірибесін  білдіреді;  сыртқы  контекст – адамның  зат-
тық,  əлеуметтік-мəдени,  кеңістіктік-уақыттық  жəне  басқа  сипатта-
маларын білдіреді. 

304
305
Өткен мен болашақтың контексінің нəтижесінде, адам қазіргіні 
саналы ұғынады, ең алдымен əрекет етпес бұрын, контексті ақпарат 
негізінде өзінің мінез-құлқының бағытын таңдайды. 
Контексті «жағдаят» ұғымы ұсынады, ол субъектіні əрекетке ын-
таландыратын жəне оның белсенділігін негіздейтін шарттар жүйесі 
ретінде анықталады. Контекст жəне шарт бір-бірімен тығыз байла-
нысты,  жағдайға  тек  сыртқы  шарттар  емес,  əрекет  ететін  субъект 
қатысады,  сонымен  бірге,  субъектінің  қарым-қатынастағы  жəне 
тұлғааралық өзара əрекеттегі субъектілер қатысады. 
Тұжырымдаманың  авторы  заттық  əрекетті  талдауға  ерекше 
тоқталады.  Кез  келген  заттық  əрекет,  əлеуметтік  контексте 
орындалады,  əлеуметтік  тұрғыда  негізделеді,  басқа  адамдарды, 
олардың жауаптарын, тұлғалық жəне əлеуметтік жауапкершіліктерін 
қамтиды. Сондықтан оқу жəне кəсіби іс-əрекетті талдаудың бірлігі 
ретінде,  қоршаған  əлемнің  əлеуметтік  жəне  заттық  қасиеттеріне 
сүйенетін, əлеуметтік негізделген жəне қалыпты əрекет алынады.  
А.А. Вербицкий оқу іс-əрекеті мен кəсіби іс-əрекеттің арасындағы 
қарама-қайшылықты қарастырады. Жоғары оқу орнында маманның 
тұлғасын  қалыптастыру  мақсаттарына  жету  үшін  іс-əрекеттің  бір 
типінен  (танымдық)  қажеттіліктер,  мотивтер,  əрекеттер,  құралдар, 
нəтижелердің  алмасуына  сəйкес,  басқа  типтегі  іс-əрекетке  (кəсіби) 
өтуді, алмастыруды қамтамасыз ететін оқытуды ұйымдастыру қажет. 
Бұл басты қарама-қайшылық өзінің көрінісін келесі нақты қарама-
қайшылықтарда табады: 
•  Оқу-танымдық  іс-əрекеттің  дерексізденген  пəні  мен  болашақ 
кəсіби  іс-əрекеттің  шынайы  пəні  арасындағы  қарама-қайшылық, 
онда  білімдер  таза  түрінде  емес,  өндірістік  үдерістер  мен  жағ-
дайлардың  жалпы  контексінде  ұсынылады.  Жоғары  оқу  орнында 
берілетін  дəстүрлі  оқыту  осы  қарама-қайшылықты  шешу  үшін 
жеткілікті  тиімді  құралдар  мен  жағдайларды  қамтамасыз  етпейді, 
бұл  өз  кезегінде  формалды  білімнің  таныс  феномендерін,  оларды 
тəжірибеде  қолдану  мүмкіндігін,  өндіріс  жағдайында  түлектердің 
интеллектуалды  жəне  əлеуметтік  бейімделуіндегі  қиындықтарды 
туындатады. 
• Кəсіби іс-əрекетті реттеуде білімді жүйелі қолдану мен оларды 
əртүрлі  оқу  пəндері  бойынша  меңгерудің  «тіркелуі»  арасындағы 
қарама-қайшылық. «Мозаика» түрінде алынған білімді жүйелеудің 
шынайы  мүмкіндігі,  жас  маманның  өзіндік  жұмысы  аяқталғаннан 
кейін байқалады. Білімді «қорда» жəне жүйесіз меңгеру, студенттің 
білімге жəне болашақ кəсіби іс-əрекетке қызығушылығын дамытуға 
ықпал етпейді. 
•  Студенттің  оқу  жұмысының  дара  сипаты,  білімді  меңгерудің 
дара  тəсілі  жəне  кəсіби  еңбектің  ұжымдық  сипаты  арасындағы 
қарама-қайшылық,  ол  жалпы  кəсіби  мақсаттарға  жетуде,  əрбір 
білімгердің жеке үлесін жүзеге асыруда, тұлғааралық өзара əрекетті, 
өнімдермен алмасуды қамтиды. 
• Шығармашылық ойлау жəне əлеуметтік белсенділік деңгейінде 
маманның  тұлғасының  кəсіби  еңбек  үдерістеріне  енгізілуі  жəне 
дəстүрлі  оқытуға  тірек  жасау,  ең  алдымен,  қабылдау,  зейін,  ес 
үдерістеріне тірек жасаудың арасындағы қарама-қайшылық. Дəстүр-
лі  оқытудағы  студентпен  салыстырғанда,  кəсіби  іс-əрекеттегі 
мамандар  белгілі  ситуацияға  түсіп,  онда  анықталады,  жағдайды, 
ресурстарды талдайды, іс-əрекеттің мақсаттарын жəне міндеттерін 
құрады,  оны  жоспарлайды.  Нақты  жағдайда  маманның  қоятын 
міндеттері,  жоғарыдан  «берілмейді»,  олар  маманның  өзіндік 
логикасынан  туындайды.  Бұл  болашақ  маманның  əрекет  етуінің 
моделі  болып  саналады,  ол  контексті  типтегі  белсенді  оқытуда, 
студенттің  танымдық  іс-əрекетінің  жалпылаушы  моделі  қызметін 
атқарады.  Мұнда  маманның  кəсіби  ойлауының  толық  циклі 
модельденеді – проблемалық жағдаяттың, танымдық мотивацияның 
пайда  болуынан,  мəселені  шешудің  тəсілдерін  жəне  олардың 
дұрыстығын дəлелдеудің тəсілдерін табуға дейін. Дəстүрлі оқытуда 
бұл модель қысқартылған, себебі барлық теориялық  жұмысты   ғалым, 
оқытушы  атқарады.  Контексті  оқытуда  студент  саналы  ұғынылған 
білім  алады.  Білімнің  оқыту  үдерісінде  жеткілікті  меңгерілуі  үшін 
студент  екіжақты  ауысым  жасау  керек:  белгіден  (ақпарат)  ойға,  ал 
ойдан əрекетке өту. 
•  Оқытудың  дəстүрі  ұсынатын  (мақсатты  оқытушы  құрады, 
студент  оның  сұрақтарына  жауап  береді,  оқу  тапсырмасын 
орындайды,  ерекше  нұсқау  бойынша  белсенді  болады)  студенттің 
«жауапты»  позициясы  жəне  маманның  бастамашыл  позициясы 
арасындағы  қарама-қайшылық,  бұл  жағдайда  маман  ықтималдық 
жағдайда  шешім  қабылдауы  керек,  өндірісті  дамыту  жəне 
ұжымды  əлеуметтік  дамыту  бойынша  идеяларды  ұсынуы,  жаңа 
технологияларды құрастыруы керек. 
• Белгілік жүйелерде заттанған, өткен əлеуметтік тəжірибеге оқу 

306
307
іс-əрекетінің  мазмұнының  бағытталуы  жəне  оқыту  субъектісінің 
болашақ  кəсіби  іс-əрекеттің  мазмұнына  бағдарлануы  арасындағы 
қарама-қайшылық.  Студент  үшін  болашақ  білімді  қолданудың 
абстрактілі перспективасы ретінде болады, бұл өз кезегінде оқудың 
жеткілікті  мотивациялық  факторы  қызметін  атқара  алмайды. 
Болашақты,  болашақ  кəсіби  іс-əрекетті,  дамудың  əлеуметтік 
жағдайын  детерминациялау,  білімгерлердің  іс-əрекетін  тұлғалық 
мəнмен толықтырады. 
Контексті  оқыту  тұжырымдамасы  сүйенетін  маңызды  психо-
логиялық  фактор  ретінде,  оқытудың  нəтижесінде  меңгерілген 
білімдер,  біліктер  жəне  дағдылар  кəсіби  іс-əрекетте  студенттің 
белсенділігі  бағытталатын  пəні  емес,  оның  маманның  іс-əрекетін 
шешудің құралы алынады. 
Кəсіби  іс-əрекеттен  оқу  іс-əрекетіне  өтудің,  шынайы  міндеттер 
мен мəселелерден аудиториялық міндеттерге өтудің бірлігі ретінде, 
əрекеттік модуль алынады. Əрекеттік модуль маманның белгілі са-
пасын  білдіреді,  ол  студенттердің  іс-əрекеті  үдерісінде,  білім  беру 
мақсаттарының  оқытудың  мазмұнына  адекватты  болған  жағдайда 
қалыптасады. Модульдердің жиынтығы маманды даярлаудың диф-
ференциалды  бағыттары  бойынша  маманның  моделін  құрайды. 
Модуль – бұл  білім,  білік  жəне  дағдылардың  жиынтығы  емес,  ол 
кəсіби міндеттер мен мəселелердің белгілі шеңберін тиімді шешуді 
қамтамасыз  ететін,  маманның  бірқатар  жүйелі  қасиеті («Əрекеттік 
модуль» ұғымы «оқытушы модуль» ұғымынан айрықшаланады, ол 
оқу пəнінің мазмұны жəне əдістемелік материалдың үзіндісі ретінде 
түсіндіріледі). 
Мұндай модельдің сипаттамасы төмендегідей:
•  Ол  əрекеттік  болып  табылады,  яғни  маманның  іс-əрекетінің 
педагогикалық жобасын, кəсіби міндеттер мен функцияларды шешу 
жүйесін білдіреді.
•  Модель  студенттердің  оқу  іс-əрекетінен  маманның  кəсіби  іс-
əрекетке өту жүйесін білдіреді, яғни динамикалық болып саналады. 
•  Модель  жоғары  оқу  орнында  маманды  даярлаудың  негізгі 
бағыттары бойынша сараланған.
• Модель болжаушы болып табылады, яғни жоғары оқу орнының 
түлегінің атқаратын бастапқы іс-əрекетіне бағдарламайды, ол кəсіби 
жəне қызметтік өсудің ұзақ перспективасын қамтиды. 
Модельде жекеленген кəсіби функциялар көрсетілмеген, мұнда 
маманның  іс-əрекетінің  біртұтас  мазмұны  беріледі.  Əрекеттік  мо-
дульдердің  белгілі  жиынтығы,  болашақ  мамандардың  шынайы 
міндеттер мен мəселелерді шешу, кəсіби функцияларды жүзеге асы-
ру қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді. 
Осы  тұжырымдаманың  авторы  атап  көрсеткендей,  контексті 
оқыту  жоғары  кəсіби  білім  беру  философиясында  қарама-
қайшылықтарды  жеңудің  тиімді  тəсілін  табуға  мүмкіндік  береді: 
бір  ғалымдар  фундаментализациялауға  ұмтылады,  екіншілері – 
кəсібилендіруге  ұмтылады.  А.А.  Вербицкий  былай  деп  жазады: 
«егер  осы  жолдың  бірімен  жүретін  болса,  онда  бірінші  жағдайда 
маман іс-əрекетті орындай алатын болады, бірақ аз білетін болады; 
ал екінші жағдайда – көп білетін болады, бірақ іс-əрекетті істей ал-
майтын болады». Контексті тұғырдың қағидаларының бірі ретінде, 
оқу пəніндегі ғылыми пəннің іргесінің көрінісі болатыны алынады. 
Белгілік-контексті  (немесе  жай  контексті  оқыту)  оқыту 
–  студенттерді  кəсіби  даярлауға  бағдарланған  жəне  кəсіби 
контексті  жүйелі  қолдану  арқылы  оқу  үдерісін  кəсіби  іс-əрекеттің 
элементтерімен бірте-бірте толықтыру арқылы жүзеге асырылатын, 
жоғары мектепте қолдануға арналған белсенді оқытудың формасы. 
Контексті  оқытуда  келесі  принциптер  жүзеге  асады:  тұлғаның 
белсенділігі;  проблемалық;  оқыту  мен  тəрбиенің  бірлігі; 
мамандардың  кəсіби  іс-əрекетінің  мазмұнын  жəне  жағдайын, 
білімгерлердің оқу іс-əрекеті формасында бірізді модельдеу. Мұнда 
студенттердің аса жоғары дəрежедегі іс-əрекеттің базалық формала-
рына бірте-бірте, сатылы түрде өтуін жүзеге асыруға ерекше зейін 
аударылады:  академиялық  типтегі  оқу  іс-əрекетінен  квазикəсіби 
іс-əрекетке өту (іскерлік жəне дидактикалық ойындар), содан кейін 
оқу-кəсіби іс-əрекетке өту (СҒЗЖ, практика, тағылымдамалар). 
Контексті  оқытуда  теориялық  тұғырларды  жүзеге  асырудың 
құралдары  ретінде,  белсенді  оқыту  əдістерін  толыққанды  ауқымда 
қолдану  ұсынылады  (А.А.  Вербицикийдің  түсіндірмесінде – 
контексті оқыту əдістері). Сонымен бірге, контексті оқытуда белсенді 
оқытудың  алуан  түрлі  формаларын,  əдістерін  жəне  құралдарын 
дəстүрлі əдістермен үйлесімді қолдануды кешенді тұрғыда қарастыру 
атап көрсетіледі. 
Контексті  оқытуды  білім  беру  технологиясына  жатқызу  керек, 
онда  басты  міндет  ретінде,  оқыту  мен  үйретуді  қабылдау  неме-
се  ес  үдерістеріне  сүйеніп,  ең  алдымен  шығармашылық,  нəтижелі 

308
309
ойлауға,  мінез-құлыққа,  қарым-қатынасқа  сүйеніп  оңтайландыру 
алынады.  Контексті  тұғырда  оқытудың  белсенді,  үдемелі  əдістері 
мен формалары, студент пен педагогтің тұлғасын қарқынды дамыту-
ды қамтамасыз ететін біртұтас технологиялар ерекше рөл атқарады. 
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  тəжірибеде  оқу  үдерісін 
құрастыру,  оқытудың  негізінде  ақпарат  арқылы  немесе  оқытудың 
негізінде іс-əрекет арқылы жүзеге асырылады. 
А.А.  Вербицкийдің  еңбегінде  контексті  оқытуға  студенттердің 
іс-əрекетінің  алуан  түрлерін  интеграциялау  үшін  тұжырымдамалы 
негіз ретінде анықтама берілген (оқу, ғылыми, практикалық). 
Дəстүрлі дидактикалық жүйе өзінің жаһандық мəселесі ретінде, 
білімгерлерді адамзаттық жалпылама жəне жүйеленген тəжірибесіне 
баулуды алады. Бұдан оқытудың мазмұнындағы теориялық білімнің 
жетекші рөлі туралы, ғылымның негіздерін меңгеруге бағдарлануы 
туралы  қағида  шығады.  Əрине,  бұл  интеллектуалдыққа,  теорияны 
тəжірибеден  бөлуге  əкеледі,  мұнда  педагогикалық  дəстүр  белгілік 
жүйенің  тəжірибесін – оқу  ақпаратын  есепке  алады.  Студенттер  
оқу  ақпаратының  көлемі  арқылы  адамзаттың  қоғамдық-тарихи 
тəжірибесін  игереді,  олар  дайын  нəрсені  əлеуметтік  тəжірибенің 
қорынан  алады.  Бұл  жағдайда  студентке  игерілген  білімнің 
мақсаттары  ұсынылады,  оқу  ақпаратының  тұлғалық  мəні  студент 
үшін жоғалады. 
Бұл  əлеуметтік  тəжірибе  арнайы  семиотикалық  құралдар – 
мəтіндер, белгілік жүйелер арқылы беріледі, трансформацияланады. 
Бұл белгілік  жүйелер нақты адам  үшін  шынайы  болмысты  «ал-
мастырады»,  оның  өзіндік  кеңістіктік-уақыттық  контексінен  алып 
тастайды.  Постиндустриалды  қоғам  үшін  бұл  дəстүрлі  оқытушы 
сызбаның  ескіргені  байқалады,  дəстүрлі  білім  беруде  дəстүрлі 
технологияның  аясында  жоюға  болмайтын  бірқатар  қарама-
қайшылықтар болады. 
Бірінші қарама-қайшылық. Дəстүрлі оқытудың мақсаты ретінде, 
белгілік оқу ақпаратын меңгеру алынады, ол көп меңгерілген сайын 
адамның білімділік деңгейі жоғары деп саналады. Алайда, кез кел-
ген  ақпараттың,  оның  ішінде  оқу  ақпаратының  екіжақты  табиғаты 
болады:  біріншіден,  ол  əлемді  танудың  құралы  болуы  мүмкін, 
екіншіден, ол мəдениеттің бір бөлігі, үзіндісі. Студент мəдениеттің 
өзін  меңгермейді,  мысалы,  ол  кəсіптің  мəдениетін,  оны  меңгеру 
құралын  игереді.  Екінші  қабат – бұл  əлеуметтік-психологиялық 
контекст,  онда  іс-əрекет  жүзеге  асады,  мысалы,  хирургтың  немесе 
əуе  диспетчерінің  жұмысы  жүйке  жүктемесімен  байланысты  бо-
лады,  ал  сантехниктің  жұмысының  жоғары  əлеуметтік  беделі  бол-
майды.  Үшінші  қабат – бұл  кəсіптің  этикалық,  экологиялық  жəне 
эстетикалық аспектілері. 
Оқыту  үдерісінде  студент  техника  жəне  өндіріс  технология-
сы  туралы  білімді  меңгереді,  яғни  танымдық  іс-əрекетті  бір  бөлік 
ретінде  таниды.  Мұндағы  мəселе,  түлектерге  өндірісте  өздері 
жұмыс істейтін əлеуметтік контексті меңгеру күрделірек болады, ал 
ұжымдағы өндірістік қатынастар заттық əрекеттерді емес, əлеуметтік 
əрекеттерді үйретпейді. 
Екінші  қарама-қайшылық – мəдениеттің  өмір  сүруінің  қоғам-
дық  формасы  жəне  оны  меңгерудің  дара  формасы  арасындағы 
қарама-қайшылық.  Студент  болашақ  кəсіптің  мағына  құраушы 
контекстерінен ажыратылған мəтіндерді, білімді алады. 
Үшінші қарама-қайшылық – мəдениеттің динамикалық құбылыс 
ретінде  өмір  сүруінің  тəсілі  жəне  оны  статистикалық  белгілік 
жүйелер формасында, оқу мəтіндерінде көрсету тəсілі арасындағы 
қарама-қайшылық.  Біз  кəсіпті  дамытудағы  динамикадан  қалып  ба-
рамыз.  Оқыту  болашақпен  детерминацияланғанда,  озық  жүріп 
оқытуда, ертеңгі күнге маманды даярлауда құнды болады. 
Төртінші қарама-қайшылық – оқытудың мақсаттары, міндеттері 
жəне  оқытудың,  білім  берудің  мазмұны  арасындағы  қарама-
қайшылық.  Психологияда  міндет  деп  шешуді  талап  ететін, 
субъектінің  өзіне  «мақсат»  ретінде  қабылдаған  міндеті  аталады. 
Педагогикада    бұл  «біреудің»  мақсаты – қоғамның  мақсаты,  яғни 
ол  тұлғадан  тыс  мақсат  болып  саналады.  Студенттің  мақсаттарын 
оқытушы  ұсынады,  мұнда  оқудың  мəні  жоғалады,  себебі  біреудің 
тапсырмасын орындау қызықты жəне əділетті емес. 
Оқыту  нəтижесінде  алынатын  маманның  бейнесі,  көрінісі, 
оқытушының санасында ғана болуы мүмкін, себебі нəтижені сезуі 
осы  білім  мен  тəжірибенің  негізінде  пайда  болуы  мүмкін.  Сту-
денттерде  осы  білім  мен  тəжірибе,  сонымен  бірге  оқуға  деген 
қызығушылық та болмайды. 
«Оқыту мазмұны» жəне «білім беру мазмұны» ұғымдарын ажы-
рату қажет. 
Оқытудың мазмұны – бұл оқу бағдарламасы мен жоспарындағы 
мазмұн.  Əдетте,  оқытудың  бір  мазмұнында  адамдар  білімнің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет