Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет33/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Акмеология


330
331
мазмұн, жаңа деректер, құбылыстарды түсіндірудің мүмкін еместігі 
арасындағы  қарама-қайшылықты  табады.  Проблеманы  шешу  көп 
жағдайда  іс-əрекеттің  бірегей,  стандартты  емес  тəсілдеріне  жəне 
нəтижесіне алып келеді.  
Жобалау технологиясындағы контекстілік, білімгерлердің табиғи 
өмір  сүру  əрекетіне  жақын  жобаларды  құруға,  өздері  зерттейтін 
ғылымның адамзат болмысының жалпы жүйесіндегі орнын саналы 
ұғынуға мүмкіндік береді. 
Практикалық-қайта құрушы іс-əрекет контексіндегі оқу жобала-
ры модельдеуші, техникалық-қолданбалы, эксперименттік-өлшеуші 
жəне т.б. болуы мүмкін. Ғылыми-танымдық іс-əрекетті имитациялай-
тын оқу жобалары шынайы жəне ойша экспериментке негізделген, 
олар білімгерлерге кез келген жоғары оқу орнының пəнінде ғылыми-
зерттеуші іс-əрекет үдерісін көрсетуге мүмкіндік береді. 
Кез келген жоба орындалуы бойынша іс-əрекетпен байланысты. 
Іс-əрекет пікірлерді еркін алмасу, орындау тəсілін таңдау жағдайын-
да  жүзеге  асырылады  (шығарма,  баяндама,  сызба,  презентация, 
планшет жəне т.б. формасында). 
Жобаны  орындауда  көрсетілетін  мəліметтер:  проблема;  жоба-
ның  мақсаттары  мен  міндеттері;  аталған  проблеманы  шешу  үшін 
қолданылатын  оқу  материалы  (əдебиет);  білімнің  белгілі  бір 
саласындағы  теориялық  жəне  практикалық  маңыздылық;  мұнда 
білімгерлердің  интеллектуалды,  адамгершілік,  мəдени  дамуының 
мақсаттарын  жеке  көрсету  керек;  жобаны  орындау  мерзімдері; 
топтың құрамы; жобаның нəтижелерін безендіру реті. 
Жобалар  үш  сатыда  орындалады:  дайындық  (зерттеуші);  тех-
нологиялық;  қорытынды.  Жобамен  жұмыстың  əрбір  сатысының 
өзіндік  нақты  өнімі  болуы  керек.  Жобаны  безендіру  келесі 
жұмыстарды қамтиды: жобаның тақырыбы, пəні, топтар, жобаның 
сипаты  (пəнаралық),  ғылымның  тараулары,  жобаның  типі, 
жабдықтар, жобаның мақсаты мен міндеттері. 
Жобаның  тақырыпнамасын  таңдау  əртүрлі  жағдайда  ал-
уан  түрлі  болуы  мүмкін.  Бір  жағдайда  тақырыпнаманы  білім 
беру  ұйымдарының  мамандары  бекітілген  бағдарлама  аясында 
құрастыруы  мүмкін.  Басқа  бір  жағдайда – оны  өзінің  пəні,  табиғи 
кəсіби  қызығушылықтары,  білімгерлердің  қызығушылықтары  мен 
қабілеттері  бойынша  оқу  жағдаятын  ескеріп  педагогтар  ұсынуы 
мүмкін.  Үшінші  бір  жағдайда – жобалардың  тақырыпнамасын 
білімгерлердің  өздері  ұсынуы  мүмкін,  олар  өз  кезегінде  өзіндік 
танымдық жəне шығармашылық, қолданбалы қызығушылықтарына 
бағдарланады. 
Жобалардың  тақырыпнамасы  жоғары  оқу  орнының  бағ-
дарламасындағы  белгілі  бір  теориялық  мəселеге  қатысты  бо-
луы  мүмкін.  Алайда,  көп  жағдайда  білім  беру  ұйымдары  ұсынған 
жобалардың тақырыбы, практикалық өмірде өзекті болып саналатын 
мəселеге қатысты болады. Осылайша, білімді табиғи интеграциялау 
жүзеге асады. Жобаларға арналған тақырыптар өте көп, бұл реттеуге 
жəне шектеуге болмайтын шығармашылық жұмыс. 
Мақсаттарды сауатты түрде құрастыру – ерекше шеберлік болып 
саналады.  Мақсаттарды  құрудан  жобамен  жұмыс  басталады.  Дəл 
осы мақсаттар əрбір жобаның қозғаушы күші болып табылады, оған 
қатысушылардың күш-қуаты сол мақсатқа жетуге бағытталады. 
Мақсаттарды  құрастыруға  арнайы  күш-қуатты  арнау  керек, 
сондықтан  жұмыстың  осы  бөлігін  орындаудың  мұқияттылығына 
жобаның  сəттілігі  байланысты  болады.  Алдымен,  ең  ортақ  немесе 
жалпы  мақсаттар  анықталады,  содан  кейін  олар  бірте-бірте 
бөлшектенеді, содан соң жұмыстың əрбір қатысушысының алдында 
тұрған  нақты  міндеттердің  деңгейіне  барынша  сəйкестендіріледі. 
Егер мақсатты болжауға уақыт пен күш-қуатты барынша жұмсаса, 
онда  бұл  жағдайда  жобамен  жұмыс  барысы  қойылған  мақсаттарға 
қадаммен жетуге айналады. 
Келесі мақсаттар ажыратылады: 
1.  Когнитивті  мақсаттар – қоршаған  болмыстың  объектілерін 
тану;  туындайтын  мəселелерді  шешу  тəсілдерін  зерттеу,  алғашқы 
қайнар  көздермен  жұмыс  дағдыларын  меңгеру;  экспериментті 
жүргізу; тəжірибе жүргізу. 
2. Ұйымдастырушылық-əрекеттік мақсаттар – өзіндік ұйымдас-
тыру дағдыларын меңгеру; алдына мақсат қоя білу; іс-əрекетті жос-
парлау шеберлігі; топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту, пікірталас 
жүргізу техникасын меңгеру. 
3. Креативті мақсаттар – шығармашылық мақсаттар, құрастыру, 
модельдеу, жобалау жəне т.б. 
Қазіргі  заманғы  жоғары  мектептің  алдында  тұрған  аса  жалпы 
мақсаттарды  құрастыруға  тырысса,  онда  басты  мақсат  ретінде 
жобалауға  əмбебап  білік  ретінде  оқыту  алынады. «Студенттерді 
жобалауға  оқытуды  үйрететін,  білімгерлердің  жобалау  іс-əрекетін 

332
333
қалыптастыруға мүмкіндік беретін, дидактикалық, психологиялық-
педагогикалық  жəне  ұйымдастырушылық-басқарушы  құралдар 
кешенін жобалық оқыту деп атауға болады». 
Білімгерлердің танымдық қабілеттерін дамытуда жəне олардың 
танымдық  іс-əрекеттегі  өзбетінділігін  дамытуда  көрінетін  сапалы 
жаңа  нəтижені  алуға  бағытталатын  болса,  онда  мақсаттарға  қол 
жеткізуге болады. 
Оқу  үдерісінде  жобалар  технологиясын  қолдануда  маңызды 
міндеттер шешіледі: 
– білімгерлердің белгілі білімдерді, біліктерді жəне дағдыларды 
меңгерумен сабақтар шектелмейді, олар білімгерлердің эмоционал-
ды саласына əсер етіп, олардың практикалық əрекетімен түйіседі, өз 
кезегінде білімгерлердің мотивациясы артады; 
–  білімгерлер  оқулықтан  ғана  емес,  сонымен  бірге  басқа  қай-
нар  көздерден  қажетті  ақпаратты  өз  бетімен  алып,  ұсынылған 
тақырыптың  аясындағы  шығармашылық  жұмысты  жүзеге  асыруға 
мүмкіндігі  болады.  Мұнда  олар  өз  бетімен  ойлауды,  мəселені  та-
буды жəне шешуді, нəтижелерді болжауды жəне шешімнің əртүрлі 
нұсқаларының мүмкін болар салдарын болжауды, себепті-салдарлы 
байланыстарды құруды үйренеді; 
–  жобада  оқу  іс-əрекетін  ұйымдастырудың  алуан  түрлі  форма-
лары сəтті жүзеге асырылады, оның барысында білімгерлердің бір-
бірімен жəне оқытушымен өзара əрекеттестігі жүзеге асады, мұнда 
оқытушының рөлі өзгереді: ол бақылаушының орнына тең серіктес 
жəне кеңес беруші болады. 
Жобалар  əдісін  қолдануға  қойылатын  негізгі  талаптар  төмен-
дегідей: 
–  интеграциялық  білімді,  оны  шешудің  зерттеушілік  ізденісін 
талап ететін зерттеуші, шығармашылық тұрғыдағы маңызды мəсе-
ленің/міндеттің болуы; 
–  болжанатын  нəтижелердің  практикалық,  теориялық,  таным-
дық мəнділігі; 
– білімгерлердің өзбетінділік іс-əрекеті; 
– жобаның мазмұнды бөлігін құрылымдау (сатылы нəтижелерді 
көрсетумен); 
– зерттеу əдістерін қолдану: зерттеу міндеттерінен туындайтын 
проблеманы анықтау, болжамның шешімін ұсыну, зерттеу əдістерін 
талқылау, соңғы нəтижелерді безендіру, алынған мəліметтерді тал-
дау, қорытынды жасау, түзету, тұжырымдар (бірлескен зерттеу бары-
сында  «миға  шабуыл», «дөңгелек  үстел»  əдістерін,  статистикалық 
əдісті, шығармашылық есепті жəне т.б. қолдану). 
Жобалар  əдісін  құрастырушы,  американ  профессоры  Э.  Кол-
лингс əлемде бірінші болып оқу жобаларын жіктеуді ұсынды. 
–  Ойынның  жобалары – əртүрлі  ойындар,  драмалық  қойылым-
дар жəне т.б. Мақсаты – білімгерлердің топтық іс-əрекетке қатысуы. 
– Экскурсиялық жобалар – қоршаған табиғатпен жəне қоғамдық 
өмірмен байланысты мəселелерді зерттеу. 
– Баяндаушы жобалар, олардың мақсаты – алуан түрлі формада 
əңгімелеуден қанағаттану  – ауызша, жазбаша жəне т.б. 
– Конструктивті жобалар – нақты, пайдалы өнімді құру. 
Жобалардың келесі түрлері ажыратылады: 
•  Зерттеуші  жобалар  жақсы  ойластырылған  құрылымды, 
айқындалған  мақсаттарды,  барлық  қатысушылар  үшін  зерттеу 
пəнінің өзектілігін, əлеуметтік мəнділігін, ойластырылған əдістерді, 
эксперименттік,  тəжірибелік  жұмыстарды,  нəтижелерді  өңдеу 
əдістерін талап етеді. Мұндай жобалар толығымен зерттеу логика-
сына  бағытталған  жəне  шынайы  ғылыми  зерттеумен  толыққанды 
сəйкес келетін құрылымы болады. 
• Шығармашылық жобалардың əдетте қатысушылардың бірлес-
кен  іс-əрекетінің  бөлшекті  құрастырылған  құрылымы  болмайды, 
ол  тек  айқындалады  жəне  соңғы  нəтиженің  жанрына  бағынып, 
əрі  қарай  дамиды,  сонымен  бірге  осы  жанрмен  жəне  бірлескен  іс-
əрекеттің  топ  қабылдаған  логикасына,  жобаға  қатысушылардың 
қызығушылықтарына  негізделеді.  Алайда,  жобаның  нəтижелерін 
безендіру,  бейнефильм  сценарийі,  драматизация,  мерекенің 
бағдарламасы,  шығарманың  жоспары,  мақала,  репортаж,  газеттің 
дизайны  мен  рубрикасы,  альманах,  альбом  түрінде  нақты 
ойластырылған құрылымды талап етеді. 
•  Оқиғалы  ойын  жобалары,  олардың  құрылымы  жобаның  аяқ-
талуына  дейін  ашық  қалады.  Қатысушылар  өздеріне  жобаның 
сипатымен  жəне  мазмұнымен  негізделген  белгілі  рөлдерді  қа-
былдайды.  Мұндай  жобалардың  нəтижелері  жобаның  басында 
анықталуы мүмкін, тек оның соңына қарай айқындалады. Мұндағы 
шығармашылық  дəрежесі  өте  жоғары,  алайда  іс-əрекеттің  басым 
түрі ретінде рөлдік, ойын, оқиғалы іс-əрекет алынады. 
•  Ақпараттық  жобалар  бастапқыда  белгілі  бір  объект,  құбылыс 

334
335
туралы  ақпаратты  жинауға,  жобаның  қатысушыларын  осы  ақ-
паратпен  танысуға,  кең  аудиторияға  арналған  деректерді  талдауға 
жəне жалпылауға бағытталған. Мұндай жобалар зерттеуші жобала-
ры сияқты, жақсы ойластырылған құрылымды, жобамен жұмыстың 
барысында  жүйелі  түзету  мүмкіндігін  талап  етеді.  Мұндай  жоба-
лар  көп  жағдайда  зерттеуші  жобалармен  интеграцияланады  жəне 
олардың үйлесімді бөлігі, модулі болады. 
• Практикалық-бағдарланған жобалар, жобаға қатысушылардың 
іс-əрекетінің  ең  басындағы  нақты  белгіленген  нəтижесі  айрық-
шалайды. Мұндай жоба жақсы ойластырылған құрылымды, жобаға 
қатысушылардың  əрқайсысының  функцияларын  анықтаумен,  іс-
əрекетінің  сценарийін,  соңғы  нəтижені  безендірудегі  нақты  тұ-
жырымдар  мен  əрбір  қатысушының  қатысуын  талап  етеді.  Мұнда 
сатылы  талқылауда,  бірлескен  жəне  жекеленген  күш-қуатты 
түзетуде,  алынған  нəтижелерді  презентациялауды  ұйымдастыруда 
жəне  оларды  тəжірибеге  ендірудің  тəсілдерінде,  жобаны  сырттай 
жүйелі бағалауды ұйымдастыруда, координациялық жұмысты жақсы 
ұйымдастыру ерекше маңызды болып саналады. 
•  Əлеуметтік-маңызды – басынан  адамдардың  белгілі  бір  топ-
тарының  қызығушылықтарына  бағдарланған  іс-əрекеттің  нəтижесі 
дəл  айқындалады;  қатысушылардың  рөлдерін  таратуды,  əрекеттің 
жоспарын, сырттай сараптауды талап етеді. 
Əлеуметтік-маңызды  оқу  жобаларының  арасында  телеком-
муникациялық жобалар ерекше орын алады. Олар өткен ғасырдың 
80-жылдарының  басында  əртүрлі  елдердегі  білімгерлердің  бір-
бірімен  жəне  оқытушымен  қарым-қатынас  жасауына  мүмкіндік 
беретін  телекоммуникациялық  желілердің  пайда  болуымен  мүмкін 
болды. 
Жоба топтық жəне дербес (персоналды) болуы мүмкін. Олардың 
əрқайсысының өзіндік жетістіктері болады. 
Кешенділігі  бойынша  жобалар  моножобалар  жəне  пəнаралық 
жобалар болуы мүмкін. 
Моножобалар бір оқу пəнінің немесе білімнің бір саласының ая-
сында жүзеге асырылады. 
Пəнаралық  жобалар  білімнің  əртүрлі  саласындағы  мамандар-
дың басшылығымен, сабақтан тыс уақытта орындалады. 
Жобалық  технология  бірнеше  сатыларда  жүзеге  асырыла-
ды  жəне  олардың  циклдік  түрі  болады.  Жобалау  іс-əрекеті  бірізді 
айқындалған сатыларды есепке алынып жүзеге асырылады: 
• құндылықты-бағдарлы;
• конструктивті;
• бағалаушы-рефлексивті;
• презентативті. 
Жобалаушы  циклдің  бірінші  сатысы – құндылықты-бағ-
дарлы,  ол  білімгерлердің  іс-əрекетінің  келесі  алгоритмдерін 
қамтиды:  іс-əрекеттің  мотивін  жəне  мақсатын  саналы  ұғыну, 
басым  құндылықтарды  айқындау,  олардың  негізінде  жоба  жүзеге 
асырылады, жобаның түпкі ойын анықтау. Аталған сатыда іс-əрекетті 
жобаны ұжымдық талқылау бойынша ұйымдастыру маңызды болып 
саналады. 
Екінші  саты – конструктивті,  ол  өзіндік  жобалауды  қамтиды. 
Берілген сатыда білімгерлер уақытша топтарға бірігіп немесе жеке 
болып,  жобалау  іс-əрекетін  жүзеге  асырады:  жоспар  құрастырады, 
жоба  бойынша  ақпарат  жинауды  жүзеге  асырады,  жобаны  жүзеге 
асырудың  формасын  таңдайды  (ғылыми  есепті,  баяндаманы 
құрастыру, графикалық модельді, күнделіктерді құру жəне т.б.). 
Үшінші  саты – бағалаушы-рефлексивті.  Оның  негізін  білім-
герлердің  іс-əрекетін  өзіндік  бағалау  құрайды.  Рефлексия  жобалау 
технологиясының əрбір сатысын қамтамасыз етеді. Алайда, дербес 
бағалаушы-рефлексивті  сатыны  айқындау,  мақсатты  бағытталған 
өзіндік талдауға жəне өзіндік бағалауға ықпал етеді. Аталған сатыда 
жоба безендіріледі, жинақталады жəне презентацияға дайындалады. 
Бағалаушы-рефлексивті  саты  жобаға  қатысушының  бүкіл  топтың 
қабылдаған  ақпаратын  «өзінен  өткізетінімен»  маңызды  болады, 
себебі  кез  келген  жағдайда  ол  жобаның  нəтижелерін  презентация-
лауға  қатысатын  болады.  Рефлексия  негізінде  жобаны  түзету 
жүргізілетін  болады  (оқытушының,  топтағы  қатарластардың  сын-
ескертпелерін есепке алу). Білімгерлер жұмысты қалай жақсартуға 
болатынын, əрбір қатысушының  топқа қосқан үлесін ойластырады. 
Төртінші саты – презентативті, онда жобаны қорғау жүзеге асы-
рылады.  Презентация – əртүрлі  топтардың  жəне  жеке  іс-əрекеттің 
жұмыс  нəтижесі,  жалпы  жəне  жеке  жұмыстың  қорытындысы. 
Жобаны  қорғау  ойын  формасында  жүргізіледі  (дөңгелек  үстел, 
баспасөз  конференциясы,  қоғамдық  сараптама  жəне  т.б.),  сонымен 
бірге  ойын  емес  формада  жүргізіледі.  Білімгерлер  нəтижелер  мен 

336
337
тұжырымдарды ұсынып қоймайды, сонымен бірге ақпарат алынған 
тəсілдерді  сипаттайды,  жобаны  орындауда  туындаған  қиындықтар 
туралы  айтады,  алынған  білімді  жəне  біліктерді,  шығармашылық 
əлеуетті,  рухани-адамгершілік  бағдарларды  көрсетеді.  Аталған 
сатыда  білімгерлер  өзінің  іс-əрекетінің  қорытындысын  ұсыну 
тəжірибесін меңгереді жəне көрсетеді. 
Білімгерлерге тақырыпты зерттеуді аяқтаған кезеңге жарнамалық 
пакет,  буклет,  афишаны,  қысқаша  мəтіндері,  суреттері,  фотолары, 
тақырыптың  мəнді  мазмұнын  көрсететін  деректері  бар  альбомды 
дайындау жүктеледі. 
Жобалық 
оқыту 
білімгерлердің 
аталған 
пəнге 
деген 
қызығушылығын  дамытуға,  оқуға  деген  мотивацияны  арттыруға, 
дүниетанымдарын кеңейтуге ықпал етеді. 
Жобаның негізіндегі проблеманы шешу үшін студенттер белгілі 
интеллектуалды, шығармашылық жəне коммуникативті дағдыларды 
меңгерулері қажет. Оларға мəтінмен жұмыс істеу шеберлігін (басты 
ойды айқындау, қажетті ақпаратты іздеуді енгізу), ақпаратты талдау 
шеберлігін,  жалпылау,  тұжырым  жасауды  жəне  т.б.  жатқызуға  бо-
лады;  əртүрлі  анықтамалық  материалмен  жұмыс  істеу  шеберлігін 
де  жатқызуға  болады.  Шығармашылық  біліктерге  жататын-
дар:  пікірталас  жүргізу  шеберлігі,  серіктесті  есту  жəне  тыңдай 
білу  шеберлігі,  дəйектермен  бекітілген  өзінің  көзқарасын  қорғау 
шеберлігі;  серіктеспен  компромисс  табу  шеберлігі;  өзінің  ойын 
білдіру шеберлігі, осылайша, жобалар əдісін сауатты қолдану үшін 
жоғары оқу орнында оқытудың біртұтас жүйесінде жүзеге асырыла-
тын біршама дайындық талап етіледі. 
Бағдарламаның  мəселесін  немесе  белгілі  бір  тарауды  зерттеу-
де,  жобалар  əдісін  қолданбастан  бұрын  барлығын  мұқият  ой-
ластыру,  құрастыру  жəне  есептеу  қажет;  оқу  міндеттерін  нақты 
анықтау,  дайын  шешімдерді  ұсынбай,  студенттерге  қандай  көмек 
беруді  нақты  анықтау  қажет.  Жобалар  əдісін  қолдану  ұсынылатын 
сабақтардың барлық сериясын жоспарлау қажет. Жобалар əдісі шы-
найы практикалық нəтижеге нақты бағдарланған. 
Жобалар  əдісі  қолданылатын  аса  маңызды  педагогикалық 
тəсілдерді атап өтеміз. 
Ең  алдымен,  оқытушы  білімгерлердің  жобалау  іс-əрекетіне 
ерікті енуін қамтамасыз ететін «жобаны қосуды» ойластыруы қажет. 
Бұл проблемалық жағдаятты құру студенттер үшін өмірлік маңызды 
практикалық  тапсырманы  талқылау,  қызықты  перспектива  тура-
лы  əңгімелеу,  əлеуметтік  маңызды  міндеттерді  шешуге  қатысуға 
мəртебелі адамдардың ұсынысын қабылдау болуы мүмкін. 
Басқа  маңызды  тəсіл  ретінде  «толғау  жұлдызы»  алынады. 
Оның  мəні  оқытушы  мен  студенттің  мəселені  қоюында  ашылады, 
ол  өз  кезегінде  сұрақшаларға  бөлінеді  жəне  білімгерлердің  əрекет 
жүйесін анықтайды. Бұл  мəселелерді теориялық жəне практикалық 
шешу,  басты  проблеманы  шешуге  жақындауға  мүмкіндік  береді. 
Мəні бойынша жобалау іс-əрекеті – бұл «толғау жұлдызы» жүйесі, 
білімгерлердің практикалық жəне соған сəйкес танымдық əрекеттер 
жүйесі. 
Жобамен жұмысты «миға шабуыл» əдісінсіз жүзеге асыру мүм-
кін  емес,  мұнда  білімгерлер  жеке  жəне  топта  проблеманы  іздеуді, 
оны  шешудің  тəсілдерін  жүзеге  асырады,  үздік  нұсқаларды,  идея-
ларды іріктейді, қорғайды, өздерінің көзқарасын негіздейді. 
Жобалық  оқытуда  жұмыстың  нəтижелерін  ұсынудың  форма-
сын таңдау маңызды. Жобаны ұсыну формасы оның тақырыбымен, 
мақсатымен,  мазмұнымен,  автордың  жалпы  түпкі  ойымен 
анықталады. 
Жобаны безендірудің келесі құрылымын ұсынуға болады: 
• титул беті (оқу мекемесінің атауы, топ, авторы, жобаның атауы, 
ғылыми жетекшісі, жобаның орындалатын орны мен жылы); 
• мазмұны (жобаның бөлімдерінің тізімі);
•  қысқаша  аннотация,  қажет  болған  жағдайда – шет  тіліндегі 
Summary; 
• эпиграф;
• кіріспе; 
• негізгі бөлім (тараулар, бөлімдер, тармақтар жəне т.б.);
• қорытынды;
• қолданылатын қайнар көздер мен əдебиеттер тізімі; 
• қосымша. 
Жалпы  ұсыныстар  жобаның  жанрына  байланысты  толықтыры-
луы  мүмкін.  Оқу  жобалауының  қорытындысын  шығаруда,  келесі 
тарауларды  қамтитын  пікірлер  бетін  қолдануға  болады:  қызықты, 
əсерлі  сəттер;  толық  ашылған  тақырыптар;  нақтылау,  пікірлер, 
тілектер, басты тұжырымдар. 
Жобаларды  орындау  белгілі  материалды-техникалық  негізге 
сүйенуі керек, оларды қолдану қосымша білім берудің, социумның, 

338
339
өндірістік  құрылымдардың  білім  беру  ресурстарын  тартумен, 
жоғары оқу орнының экономикалық мүмкіндіктеріне сəйкес болуы 
керек. 
Нəтижесінде,  педагогтар  атап  көрсеткендей,  оқытудың  жаңа 
технологияларын  кең  қолдану,  жаңаша  техникалық  құралдар 
кешенін арттыру, оқытудың формалары мен əдістерін өзгерту жəне 
дараландыру  есебінен,  дəстүрлі  репродуктивті  оқытуға  бағдарлан-
ған дидактикалық парадигманың алмасуы қажет. Мұнда өзбетінділік 
жеке жұмыстың аса белсенді түрлеріне ерекше тірек қойылады. 
Жобалар əдісі əрдайым білімгерлердің өзбетінділік іс-əрекетіне – 
жеке, жұптық, топтық  іс-əрекетке бағдарланған, оларды білімгерлер 
белгілі  уақыт  арасында  орындайды.  Бұл  тұғыр  оқытудағы  топтық 
тұғырмен үйлеседі (cooperative learning). Жобалар əдісі бір жағынан, 
оқытудың  алуан  түрлі  əдістері  мен  құралдарды  қолдануда  белгілі 
бір  мəселені  шешуді  қамтиды,  ал  екінші  жағынан – ғылымның, 
техниканың,  технологияның  əртүрлі  саласындағы,  шығармашалық 
саладағы  білімдер  мен  біліктерді  интеграциялауды  қамтиды. 
Орындалған жобалардың нəтижелері «сезілетін» болуы керек, яғни 
егер бұл теориялық мəселе болса, онда нақты шешімі болады, егер 
практикалық  мəселе  болса,  онда  ендіруге  дайын  нақты  нəтиже 
болады. 
Дербес  жұмыс  көптеген  қазіргі  заманғы  білім  беру  тех-
нологияларымен  білім  беру  үдерісінің  міндетті  элементі  ретінде 
айқындалады  (белгілік-контексті,  белсенді,  проблемалық  оқыту 
жəне  т.б.),  себебі  өзбетінділік  оқу  іс-əрекеті  оқу  сабақтарында 
оқу  ақпаратын  қабылдаудағы  олқылықтарды  жоюға  мүмкіндік 
береді;  өзбетінділік  жұмыс  білімгерлердің  қабілеттерін  ашады, 
оқу  мотивациясына  ықпал  етеді;  əрекеттегі  өзбетінділік  «реп-
родукция»  деңгейінен  білімнің  өлшемдері  ретінде  «білік»  жəне 
«шығармашылық» деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. 
Өзбетінділік  жұмыс  өзіндік  жұмысты  ұйымдастыруға  қатысты 
дағдылар мен біліктерді дамытуға ықпал етеді. Бұл өзінің іс-əреке-
тін жоспарлау, өзінің мүмкіндіктерін шынайы қабылдау, ақпаратпен 
жұмыс  істеу  шеберлігі,  бұл  ғылыми-техникалық  ақпараттың 
көлемінің жедел өсуімен жəне білімді жедел жаңартумен байланысты 
ерекше маңызды болады. 
Тар мағынасында өзбетінділік жұмыс сөзі – бұл білімгерлердің 
белгілі тапсырмаларды өз бетімен орындауы, ол оқу уақытында жəне 
оқудан тыс уақытта əртүрлі формада жүзеге асырылады: жазбаша, 
ауызша,  жеке,  топтық  немесе  фронтальды.  Өзбетінділік  жұмыс 
білімгерлердің танымдық іс-əрекетінің маңызды элементтерінің бірі 
болып  табылады;  олардың  еңбекке  қабілеттілігін  ынталандырады, 
білімнің беріктігін арттырады. 
Аса кең мағынасында өзбетінділік жұмыс сөзі – білімгерлердің 
білім  беру  іс-əрекетінің  əмбебап  тəсілі,  ол  білімнің  жиынтығын 
меңгерумен  ғана  емес,  сонымен  бірге  адамның  өзін  жəне  əлемді 
қабылдаудың жəне ұғынудың шекараларын кеңейтумен байланысты 
болады. 
Білімгерлердің  өзбетінділік  жұмысын  дұрыс  ұйымдастырудың 
басты шарттары ретінде келесі шарттарды атауға болады: 
– өзбетінділік сабақтарды міндетті жоспарлау;
– оқу материалымен күрделі жұмыс;
– сабақтардың жүйелілігі;
– өзіндік бақылау. 
Педагогикалық шарттарды құру аса маңызды болып табылады, 
оларды  сақтауда  өзбетінділік  жұмыс  аса  нəтижелі  жəне  тиімді 
болады: 
1) студенттің жағымды мотивациясының болуы,
2)  танымдық  міндеттерді  дəл  қою  жəне  оларды  орындау 
тəсілдерін түсіндіру;
3) оқытушының есеп беру формаларын, жұмыс көлемін, тапсыру 
мерзімін анықтауы;
4) кеңес беруші көмектің түрлерін жəне бағалау критерийлерін 
анықтау;
5) студенттің алынған жаңа білімді тұлғалық құндылық ретінде 
саналы ұғынуы. 
Өзбетінділік  жұмыс  əрдайым  оқытушының  тарапынан  ше-
бер  басқару  жағдайында  оқу  іс-əрекетінің  тиімді  түрі  болып 
саналады. Білімгерлердің шығармашылық тұлғасының қалыптасуы 
педагогтің шығармашылық іс-əрекетімен тығыз байланыста жүзеге 
асырылады.  Соған  байланысты  білімгерлердің  зерттелетін  пəнге 
деген  шығармашылық  тұғырын  қалыптастыру,  білімді  меңгеруге 
шығармашылық  қатынасын  ынталандыру,  осы  білімді  өзбетінділік 
жұмыс арқылы жүйелі толықтыру маңызды. 
Педагогтің  міндеті – студенттің    шығармашылық  ойлауына 
қажетті  бағыт  беру,  жағдайлар  мен  шарттарды  құра  отырып, 

340
341
шығармашылық ізденісті ынталандыру, жүйелі зерттеуге, талдауға, 
жаңа,  белгілі  бір  мəселені  шешудің  өзіндік  жолдарын  іздеуге  ұм-
тылыс  жасау.  Дұрыс  құрастырылған  мақсаттар  мен  міндеттер, 
шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал етеді. 
Зерттеу  əдістерін  қолдану:  проблеманы  жəне  одан  туындайтын 
зерттеу  міндеттерін  анықтау,  міндеттерді  шешудің  болжамын  ұсы-
ну, зерттеу əдістерін талқылау, соңғы нəтижелерді безендіру, алынған 
мəліметтерді талдау, қорытынды жасау, түзету, тұжырымдар жасау 
(бірлескен  зерттеу  барысында  «миға  шабуыл», «дөңгелек  үстел» 
əдістерін,  статистикалық  əдістерді,  шығармашылық  есептерді 
қолдану). 
Орындалған  жобалардың  нəтижелері  материалдық  түрде,  яғни 
белгілі  үлгіде  безендірілуі  қажет  (бейнефильм,  альбом, «саяхат» 
боржурналы, компьютерлік газет, альманах). Жобалық проблеманы 
шешу  барысында  білімгерлер  білімнің  əртүрлі  саласындағы 
білімдер  мен  біліктерді  қолдануына  тура  келеді.  Жобалық  оқыту 
технологиясы    білімнің  кез  келген  пəндік  саласын  оқытуда  жүзеге 
асырылуы мүмкін. 
Ұйымдастырылған оқу үдерісі біршама дəрежеде өзіндік оқыту 
үдерісіне  айналып  барады:  білімгер  өзі  бөлшекті  құрастырылған 
жəне  шебер  ұйымдастырылған  оқу  ортасында  білім  алу 
траекториясын  таңдай  алады.  Курстық  жобаны  құру  бойынша 
мини-бригаданың  құрамында  жұмыс  істей  отырып,  білімгер 
əріптестердің  шығармашылық  ұжымындағы  əлеуметтік  өзара 
əрекет  тəжірибесін  меңгеріп  қоймайды,  сонымен  бірге,  алынған 
білімді  интериоризациялай  (игеріп)  отырып,  өзінің  іс-əрекетінде 
қолданады,  өзін  таным  субъектісі  ретінде  қалыптасуын  белгілеп, 
нақты іс-əрекеттегі өзіндік тұлғалық «Меннің» барлық қырларының 
жиынтығын дамытады. 
Оқытуды  ұйымдастырудың  мұндай  формасы  оқытудың 
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ол əрекеттік кері байланыс 
жүйесін  қамтамасыз  етеді,  бұл  өз  кезегінде  тұлғаны  дамытуға, 
білімгерлердің  өзін-өзі  жүзеге  асыруына,  курстық  жобаны 
құрастыруға  қатысатын  педагогтардың  өзін-өзі  жүзеге  асыруына 
ықпал етеді. 
Н.Г.  Чернилова  жобалық  оқытуды  «базалық  теориялық  білімді 
меңгеруге арналған ақпараттық үзілістермен кешенді оқу жобаларын 
бірізді орындауға» негізделетін дамыта оқыту ретінде қарастырады. 
Бұл анықтама жобалық оқытуға дамыта оқыту типі ретінде қатысты 
болады. 
Атап  өтетін  бір  жайт,  білім  беру  үдерісін  жобалық  оқытуға 
толыққанды алмастыру дұрыс емес болар еді. 
Жобалық оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары: 
– зейін орталығында – студент, оның шығармашылық қабілетте-
рін дамытуға ықпал ету; 
–  білім  беру  үдерісі  оқу  пəнінің  логикасында  құрылмайды,  ол 
студент  үшін  тұлғалық  мəні  бар,  оқуға  мотивациясын  арттыратын 
іс-əрекет логикасында құрылады; 
–  жобамен  жұмыстың  жеке  жылдамдығы,  əрбір  студенттің  да-
мудың өзіндік деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді;
– оқу жобаларын құрастырудағы кешенді тұғыр, студенттің негіз-
гі  физиологиялық  жəне  психикалық  функцияларын  теңдестірілген 
тұрғыда дамытуға ықпал етеді;
– базалық білімді терең, саналы ұғынылған түрде меңгеру, олар-
ды  əртүрлі  жағдайларда  əмбебап  қолдану  есебінен  қамтамасыз 
етіледі. 
Осылайша,  жобалық  оқытудың  мəні  оқу  жобасымен  жұмыс 
үдерісінде,  шынайы  үдерістерге,  объектілерге  қол  жеткізуде 
анықталады. 
Білім беру жүйесінде жобалар əдісі бізге не үшін қажет?
Ең алдымен: 
•  білімгерлерді  өзбетінділік,  сыни  ойлауға,  ақпаратпен  жұмыс 
істеу білігін үйретуге; 
• деректерді білуге, ғылымның заңдылықтарына сүйеніп ойлау, 
негізделген тұжырымдар жасауға;
• өзбетінділік дəйекті шешімдерді қабылдауға;
• əртүрлі əлеуметтік рөлдерді орындап, командада жұмыс істеуге 
үйрету. 
Көріп отырғанымыздай, жоғарыда аталған интеллектуалды жə-
не  əлеуметтік  маңызды  біліктер,  құзырлылық  топтарына,  адамның 
іс-əрекетіне  жəне  адам  мен  əлеуметтік  саланың  əлеуметтік  өзара 
əрекеттестігіне жатады. 
Жобалаушы  іс-əрекет  əдісінің  шығармашылық  іс-əрекеттен 
айырмашылығын  көрсету  қалды.  Кез  келген  зерттеуші,  ин-
теллектуалды  іс-əрекет  шығармашылық  ойлауға  сүйенеді.  Ол 
шығармашылық  ойлаусыз  мүмкін  емес.  Шығармашылық  іс-əрекет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет