364
365
ұстанымдарды, адамгершілік, эстетикалық жəне дүниетанымдық
бағдарларды қалыптастыру; ынтымақтастықты, ұжымшылдықты,
қарым-қатынасқа түсу шеберлігін, коммуникативтілікті тəрбиелеу.
• Дамытушылық: зейінді, есті, сөйлеуді, ойлауды, салыстыру
білігін, аналогтарды табу, қиялды, фантазияны, шығармашылық
қабілеттерді, эмпатияны, рефлексияны, оңтайлы шешімдерді табу
шеберлігін дамыту; оқу іс-əрекетінің мотивациясын дамыту.
• Əлеуметтендіруші: қоғамның нормалары мен құндылықтары-
на баулу; ортаның жағдайларына бейімделу; күйзелісті бақылау,
өзіндік реттеу; қарым-қатынасқа оқыту; психотерапия.
Осылайша, білімгерлерді оқытуда жəне дамытуда қолданылатын
ойын технологиялары келесі əрекеттерге мүмкіндік береді:
• сабақты дəстүрлі емес формада жүргізу;
• білімгерлердің креативті қабілеттерін ашу;
• студенттердің оқу құзырлылықтарын бағалауға дифференциал-
ды тұрғыда қарау;
• білімгерлердің коммуникативті дағдыларын дамыту;
• еркін пікір алмасуды қамтамасыз ету;
• білімгерлердің жас жəне психологиялық ерекшеліктерін есепке
алу;
• жарыс формасында оқыту үдерісін ұйымдастыру;
• оқу міндеттерін шешуді жеңілдету;
• барлық білімгерлерді оқу үдерісіне ендіру;
• əрбір білімгер үшін нəтиженің мəнділігін сезіну;
• алынған білімді практикалық тұрғыда бекіту;
• білімгерлердің мотивациялық сферасын қалыптастыру;
• студенттердің дүниетанымын кеңейту; бірлескен іс-əрекет дағ-
дыларын қалыптастыру.
Іскерлік ойын жаңа материалды меңгеру мен бекітудің кешенді
міндеттерін шешу, шығармашылық қабілеттерді дамыту, жалпы оқу
біліктерін қалыптастыру үшін қолданылады, білімгерлерге оқу ма-
териалын əртүрлі тұрғыда түсінуге жəне зерттеуге мүмкіндік береді.
Осылайша, ойын – индивидтің ырықты іс-əрекетінің түрін
көрсететін, мəдениеттің тарихи негізделген, табиғи элементі. Ойын-
да алдыңғы ұрпақтың əлеуметтік тəжірибесін қайта жаңғырту жəне
байыту, адамзат іс-əрекетінің нормалары мен ережелерін ойын рөлін
ерікті қабылдау арқылы меңгеру, ойын кеңістігін виртуалды модель-
деу, əлемдегі өзіндік болмысының щарттарын модельдеу жүзеге
асады. Яғни, ойын адамның əлемді жəне ондағы қатынастарды
меңгерудің тəсілдерінің бірі, шартты түрде болмысты ырықты
құрастырудан тұратын адамның өзін-өзі бекітуінің тəсілі болып та-
былады. Оқытудың құралдары, əдістері мен технологиясы ретінде
алуан түрлі ойындар педагогикалық үдерісте қолданылады.
Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар
1. Акмеологиялық технология дегеніміз не, оның мəнді сипатта-
масы жəне психотехнологиядан айырмашылығы қандай?
2. «Технология» жəне «психотехнология» ғылыми категорияла-
рына сипаттама беріңіз.
3. Контексті оқыту сызбасының акмеологиялық əлеуеті неден
құралады?
4. Сіздің кəсіби профиліңіздің форматында контексті оқытуға си-
паттама беріңіз.
5. Проблемалық оқытудың акмеологиялық негізін көрсетіңіз.
6. Проблемалық жағдаяттарды гуманитарлы технологияларды
жүзеге асыру ретінде құру.
7. Қазіргі білім беру тəжірибесіндегі жобалар əдісі.
8. Жобалық оқытудың акмеологиялық мақсаттары жəне ерек-
шеліктері.
9. Сіздің оқыту профиліңізге сəйкес оқу жобасын құрастырудың
сатыларын көрсетіңіз.
10. Ойын негізіндегі оқу үдерісінің акмеологиялық негізгі бел-
гілерін анықтаңыз.
11. Сіздің оқыту профиліңіздегі базалық проблемалар контексінде,
пікірталастың үлгілерімен бірге формаларын көрсетіңіз.
12. Пікірталасты жүргізу ережесін нақтылаңыз жəне олардың
нақты оқу үдерісін жүзеге асырудағы тиімділігін анықтаңыз.
13. Контексті оқытудың мəні неде?
14. Студенттердің оқу-танымдық іс-əрекетін жеделдетуде қол-
данылатын контексті оқытудың қандай формалары мен əдістері бар?
15. Оқу жəне кəсіби іс-əрекеттің құрылымдық буындарын си-
паттаңыз.
16. Кəсіби контексттің түрлеріне сипаттама беріңіз.
17. «Акмебағдарланған технологиялар» ұғымына кеңейтілген
анықтама беріңіз.
366
367
18. Сіздің кəсіби ұстанымызда, қазіргі білім беру тəжірибесін
қамтамасыз етудегі инновациялық технологиялардың мүмкіндікте-
рін түсіндіріңіз.
19. Сіздің білім беру профиліңіздің ерекшелігі контексінде
акмебағдарланған технологияларды жобалаудың сатыларын ұсы-
ныңыз.
20. Сіздің оқыту профиліңізге сəйкес, оқу жобасын құрастырудың
сатыларын ұсыныңыз.
21. Контексті оқытуға анықтама беріңіз.
22. Контексті оқытуды құрастырған авторды атаңыз.
23. Контексті оқытудың мақсаты мен міндеттері қандай?
24. Белгілік-контексті оқытудың ерекшелігі неде?
25. Квазикəсіби іс-əрекет дегеніміз не?
26. Белсенді оқытудың əдістері қандай?
27. Рефлексияға анықтама беріңіз.
28. Тұлғаның белсенділік белгілері қандай?
29. Контексті оқыту технологиясына қойылатын негізгі талап-
тарды атаңыз.
30. Əрекеттік тұғырдың мəні неде?
Рефераттар, эсселердің тақырыптары
1. Ойынды модельдеу – акмеологиялық əдіс ретінде.
2. Сіздің оқыту профиліңізге сəйкес, оқу іс-əрекетіндегі акме-
бағдарланған технологияларды тұлғаның меңгеру үдерісі.
3. Сіздің «профиліңіздегі» идеалды модель – акмебағдарланған
технологияларды ендірудің негізі ретінде.
4. Акмебағдарланған технологиялардың көмегі арқылы жүзеге
асырылатын тұлғаны дамыту деңгейлері.
5. Акмебағдарланған технологиялар – жоғары оқу орнының бі-
лім беру бағдарламаларын құрастырудың негізі ретінде.
6. Акмебағдарланған технологияларды құрастыру: шарттары,
сатылары, тəсілдері, болжамдар.
7. Интегративті-технологиялық тұғырда оқу бағдарламаларын
талдау (Сіздің кəсіби профиліңіз материалында).
8. Проблемалық оқытуды ұйымдастыру: нəтижелерді болжау.
9. Контексті тұғыр – оқыту үдерісінде студенттің белсенділігін
арттыру формасы ретінде.
10. Айқындалған акмеологиялық əлеуеті бар білім беру техно-
логияларын біріктіру мүмкіндігі.
11. Проблемалық оқытуда қолданылатын психологиялық-
акмеологиялық мүмкіндіктер.
12. Сіздің оқыту профиліңізге сəйкес оқу пікірталасының моделі.
13. Жоғары мектептің оқу үдерісінде ойын технологияларын
қолдану.
14. Нақты жағдаяттар негізінде оқыту (кейс-стади): мүмкін-
діктері жəне шектеулері.
15. Білім беру технологияларының базалық психологиялық-
педагогикалық ұғымдары.
16. Студент тұлғасы – білім беру технологиясының субъектісі
ретінде.
17. Қазіргі білім беру жəне педагогикалық технологиялардың
теориялық негіздемесі.
18. Педагогикалық технология ұғымының қазіргі заманғы анық-
тамалары.
19. Педагогикалық үдерістің гуманды-тұлғалық бағдарлануы
негізіндегі педагогикалық технологиялар.
20. Білімгерлердің іс-əрекетін белсендіру жəне жеделде-
ту негізіндегі педагогикалық технологиялар (оқытудың белсенді
əдістері).
21. Проблемалық оқытуды ұйымдастыру: нəтижелерді болжау.
22. Контексті тұғыр – оқыту үдерісінде студенттердің белсен-
ділігін арттырудың формасы ретінде.
23. Сіздің оқыту профиліңізде оқу проблемасын құру тəсілдерін
құрастыру.
24. Белсенді білім беру формалары жүйесінде субъектілі тұғыр-
ды жүзеге асыру.
25. Айқындалған акмеологиялық əлеуеті бар білім беру техноло-
гияларын біріктіру мүмкіндігі.
26. Жоғары мектепте студенттерді оқыту үдерісінде ойын техно-
логияларын қолдану.
27. Болашақ мамандарды акмеологиялық даярлаудағы оқытудың
ойын технологияларының рөлі.
368
369
Əдебиеттер
1. Вербицкий А. А. Активное обучение в высшей школе: кон-
текстный подход/А. А. Вербицкий. – М., 1991. – 207 с.
2. Вербицкий А. А. Контекст как смыслообразующая пси-
хологическая категория // – СПб., 2003. – Т. 2. – С. 98-101.
3. Джексон П. Импровизация в тренинге / П. Джексон. – СПб.:
Питер, 2002. – 256 с.
4. Кречетников К.Г. Проектирование креативной образовательной
среды на основе информационных технологий в вузе. Монография.
–- М., 2002. – 296 с.
5. Ясвин В.А. Образовательная среда: от моделирования к проек-
тированию. – М., 2000. – С. 5-35.
6. Guilford J.P. Basic conceptual problems in the psychology of think-
ing // San Diego. – 1979. – P. 95 - 110 .
7. Flowers L., Pascarella E.T., Pierson C.T. Information technology
use and cognitive outcomes in the fi rst year of college // The journal of
higher education. Columbus. – 2000. – V.71. – № 6. – Р. 637 - 667.
8. Ахметова Д., Гурье Л. Преподаватель вуза и инновационные
технологии // Высшее образование в России. – 2001. -№4. – С.138-
144.
9. Волков Ю., Махов А., Меденцев В. Традиционные и новые
технологии обучения: «принцип дополнительности» // Высшее об-
разование в России. – 2003. №6. – С.35-43.
10. Гусева А.С. Гуманитарные технологии в профессиональном
образовании // Кадры управления: проблемы и система работы в
России и за рубежом. – М., 1992. – С. 191-197;
11. Давыдова Е.М., Мещеряков Р.В., Шелупанов А.А. Проект-
ное обучение – парадигма элитного инженерного образования в
России в условиях стратегии инновационного развития // Высшее
образование сегодня. – 2006. №7 – с.9-15.
12. Деркач А.А., Кузьмина Н.В. Акмеология – наука о путях
достижения вершин профессионализма. – М., 1993. – 23 с.
13. Джонс Дж.К. Методы проектирования / Пер. с англ. 2-е изд.,
доп. – М.: Мир, 1986.
14. Дмитриенко Т.А. Профессионально-ориентированные техно-
логии. //Журн. «Высшее образование в России». – М., 2003. №3. –
с.160-163
15. Ермолаева М.Г. Игра в образовательном процессе. СПб.:
УПМ. – 2003.
16. Загрекова Л.В. Теория и технология обучения. Учебное
пособие для студентов педагогических вузов / Загрекова Л. В.,
Николина В.В. – М. Высшая школа, 2004. – 157 с.
17. Залевский Г.В. Фиксированные формы поведения индиви-
дуальных и групповых систем. – М., Томск, 2004. – 458с
18. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике: обучение
на основе исследования, игры и дискуссии. (Анализ зарубежного
опыта) – Рига, 1995.
19. Козлова Н.В., Сивицкая Л.А., Качалов Н.А. Инновационные
образовательные технологии как условие развития профессиональ-
ных компетенций преподавателей высшей школы // Известия
Томского политехнического университета. – 2006. Т. 309. № 4. – С.
240–243.
20. Левина М.М. Технологии профессионального педагогичес-
кого образования. – М., 2001.
21. Матяш Н.В. Проектный метод обучения в системе техно-
логического образования // Педагогика. – 2000. №4.
22. Платов В.Я. Деловые игры: разработка, организация, про-
ведение. М.: 1991.
23. Савельев А. Инновационное высшее образование. // Высшее
образование в России. – 2001. №6. – С. 42-45.
24. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
25. Современные технологии в инженерном образовании. В. Ма-
нуйлов, И. В. Федоров, М. Благовещенская //Высшее образование в
России. – 2003. №3. – С. 117-123.
26. Степанова О.М., Козлова Н.В., Крючков Ю.Ю., Соловьев М.А.
Внедрение проблемно-ориентированных технологий в практику
обучения студентов технических вузов. Известия ТПУ. – №1. Том
309. – 2006. – стр. 242-247.
27. Тарабакина Л.В. Модель самореализации студента в учеб-
ном процессе. // Развивающаяся психология – основа гуманизации
образования: Материалы научно-методической конференции. – М.,
1998. – С. 222
28. Холодная М.А. Психология интеллекта: парадоксы иссле-
дования. – СПб.: Питер, 2002. – 272 с.
370
371
29. Оспанова Б.А. Джумабаева Л. Оқу үдерісінде студенттердің
сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттырудың мүмкіндіктері.-
Хабаршы ҚазҰПУ. – Алматы, 2014.
30. Оспанова Б.А. Профессиональное саморазвитие современно-
го специалиста в контексте креативной акмеологии / Международная
науч. конф. (доклад на пленарном заседании. – Франция, Париж,
2010. – С. 55-59
31. Оспанова Б.А. Болашақ мамандардың кəсіби шеберлігін
дамытуға бағытталған инновациялық мəселелер / Халықаралық
ғылыми-практ. конф. – Алматы: 2008. – 128-133 б.
32. Оспанова Б.А. Инновационное образование в условиях гло-
бализации. – Педагогическое образование: вызовы ХХI века/Между-
народная науч.-практ. конф. – М., С., 2010. – 66-71
33. Оспанова Б.А. Опыт формирования профессиональных
компетенций. в условиях кредитной системы обучения в вузах
Казахстана / Международная научно-практ. конф. – Чехия, Прага,
2010. – С. 43-46.
34. Оспанова Б.А. Бекмуратов Б. Болашақ мамандардың
интеллектуалдық шығармашылық қабілетін қалыптастыру /
Международная. научно-практ. дист. конф. – Туркестан, 2010. – 273-
277 б.
35. Оспанова Б.А. Ералина А.К. Современные приоритеты выс-
шего образования Казахстана в контексте глобализации и интегра-
ции / Международная науч. конф. – Финдляндия, Хельсинки, 2011.
– С. 197-200.
36. Оспанова Б.А., Беркинбаев К.М. Совершенствование
про-фессиональной подготовки студентов в условиях кредитной
технологии обучения в ВУЗ-ах Казахстана / Международная научно-
практ. конф. – Испания, Мадрид, 2012.
37. Оспанова Б.А. Токкулова Г.Т. Формирование информацион-
но-коммуникативной компетентности как необходимое условие
эффективности профессиональной деятельности будущих специа-
листов / Международная научно-практ. конф. – Испания, Мадрид,
2012.
38. Оспанова Б.А. Токкулова Г.Т. Болашақ педагог-психологтар-
дың кəсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері /
Республ. ғылыми-тəж.конф. – Алматы, 2012. – 39-44 б.
39. Оспанова Б.А., Ташбулатова А. Болашақ мамандардың
креативтік іс-əрекеттерін белсендіру-жаһандану кеңістігіндегі білім
берудің модернизациялық жүйесінің көрінісі / Республ. ғылыми-
тəж.конф. – Алматы, 2012. – 180-185 б.
40. Оспанова Б.А. Сагдуллаев И.И. Акме-креативная готовность
студентов к професcионально-педагогическому общению в процессе
изучения английского языка / Международная научно-практ.конф. –
Новокузнецк, 2013. – С. 146-151.
41. Оспанова Б.А. Джумабаева Л. О готовности развития
критического мышления в процессе когнитивной деятельности
студентов / Международная научно-практ.конф.– Новокузнецк,
2013. – С. 161-164.
42. Оспанова Б.А. Ташбулатова А. Феномен креативности и
самоактуализации в контексте личностного развития студентов/
Международная научно-практ.конф.– Новокузнецк, 2013. – С.167-
172.
43. Оспанова Б.А. Джумабаева Л. Формирование критического
мышления студентов в образовательном процессе вуза / Междуна-
родная научно-практ.конф. Т.22 Педагогически науки. – Болгария,
София, 2013.– С. 34-37
44. Оспанова Б.А. Сагдуллаев И. Креативно-акмеологический
подход в формировании коммуникативной компетенции будущего
учителя английского языка / Международная научно-практ.конф.
Т.19 Педагогически науки. – Болгария, София, 2013. – С. 39-43
45. Оспанова Б.А. Джумабаева Л. Сын тұрғысынан ойлау
технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін артты-
рудың өзіндік ерекшеліктері / ІІ Халықаралық Симпозиум. –
Алматы, 2013. – 253-258 б.
46. Оспанова Б.А. Сагдуллаев И. Акме-креативное развитие
студентов с позиции личностной рефлексии / ІІ Международный
Симпозиум. – Алматы, 2013. – С. 276-280.
47. Оспанова Б.А. Сагдуллаев И. Использование инновационных
технологий как условие реализации акмекреативного развития
личности будущих учителей английского языка / Международная
научно-практ. конф. – Москва, 2013. – С. 174-179
49. Оспанова Б.А. Сагдуллаев И. Генезис развития концепции
формирования акме креативной деятельности студентов в психолого-
педагогической науке / Международная научно-практ. конф. – Турке-
стан, 2013.
372
373
50. Оспанова Б.А. Пралиева Р. Технология деятельности пре-
подавателья по формированию креативности студентов/ Междуна-
родная научно-практ. конф. – Лондон, 2013. – с.693-698
51. Ospanova B.A. S.T.Nyshanova,I.I.Sagdullayev, A.E.Tashbulatova,
N.T. Rustamov, A.E..Bekaev Important priorities of forming of future
teacher’s creativity / Conference on Innovation and Computer Science
Belek-Antalya, Turkey. – 2013
52. Оспанова Б.А. Ташбулатова А.Е. Сагдуллаев И.И. Акме-
креативная самореализация студентов вуза / Materials of the v
international research and practice conference. – Мюнхен, Германия,
2013. – с 30-34
53. Оспанова Б.А. Ташбулатова А.Е. Сагдуллаев И.И. Развитие
креативной личности в профессиональной подготовке будущего
педагога / III «Science, Technology and Higher Education. – Канада,
2013. – с 256-263
54. Оспанова Б.А. Ташбулатова А.Е. Сагдуллаев И.И. Про-
фессионально-контекстное обучение как инструмент развития
креативной компетенции будущего учителя // International Distance
Scientifi c and Practical Conference. – Будапешт, 2013. – с 179-185
55. Оспанова Б.А. Джумабаева Л. Оқу үдерісінде білімгерлердің
сын тұрғысынанойлау қабілетін дамыту– қазіргі заманның өзекті
мəселелерінің бірі / Халықаралық ғылыми-тəжірибелік интернет-
конф. – Түркістан-Мəскеу, 2014.
56. Оспанова Б.А. Калиева А Болашақ мамандардың акме-
креативті қабілетін қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
/ Халықаралық ғылыми-тəжірибелік интернет-конф. – Түркістан-
Мəскеу, 2014.
57. Оспанова Б.А. Научные основы формирования креативности
будущего специалиста в условиях университетского образования.-
Монография. – Туркестан, 2006. – 254 с.
58. Оспанова Б.А. Теория и технология формирования креа-
тивности будущего специалиста. – Монография.
Германия,
2013.
– 486 с.
59. Оспанова Б.А., Жолдасбеков А. А., Жолдасбекова К. А. Креа-
тивті психология. Оқулық. –
Алматы,
2013. –
409 б.
ҚОРЫТЫНДЫ
Акмеология қазіргі заманғы қоғамның тұлғалық кемелденген
жəне жедел өзгеретін əлеуметтік əлемнің жағымсыз жағдайларына
төтеп беруге қабілетті, құзыретті мамандарға, жоғары білікті
кəсіпқойларға деген қажеттілік негізінде туындады.
Сонымен бірге, акмеология адамның өзін кəсіпқой жəне тұлға
ретінде құруда жетілдірудің мүмкіндіктері туралы ұғымдарының
артуына қуатты, кері əсер етуі мүмкін.
Акмеология қазіргі заманғы əлеуметтік, кадрлық, кəсіби, білім
беру, педагогикалық жəне басқа мəселелерді шешу үшін өзінің
маңыздылығын тəжірибелік тұрғыда дəлелдеп, өзіндік, дербес
ғылым ретінде айқындалды.
Акмеологияның интегративті ғылым мен тəжірибе ретіндегі
мəселелері, ең алдымен, субъектіге болмысты ескеріп, өзіндік
өмірін ұйымдастырудың аса оңтайлы тəсілдерін табуға ықпал
етумен байланысты болады, оған сүйеніп, кез келген адам өзінің
қалыптасуында прогрессивті бағыт бойынша акмеологиялық
құралдарды қолданып дами алады. Мұнда қажетті алғышарттар
ретінде, адамның өзіндік сана, рефлексия, өзін-өзі анықтау, өзіндік
қатынас, қалаулар деңгейі, мағыналық құрылым, өзін-өзі реттеу,
өзіндік өмірді ұйымдастыру сияқты бағыттар бойынша өмірлік
стратегияның аясында өзін-өзі жүзеге асыру қабілеті алынады.
Кəсіби білім беру жағдайында, кəсібиліктің мəнін игерудің,
оған жетелейтін жолдарды көру жəне түсінудің теориялық жəне
практикалық мəні болады.
Акмеологияның негізгі ғылыми жəне практикалық қызы-
ғушылықтары саласы көпжоспарлы, ал оның «пəндік өлшемдері»
жоғары кəсіби білім беруде мəні болатын мəселелердің кең
шеңберін қамтиды: топтық əлеуметтік субъектілердің қоғамдық
маңызды қызметінің жағдайлары мен факторлары; əлеуметтік
субъектілердің аса маңызды, өмірлік-əрекеттік байланыстары:
қоғамдық маңызды іс-əрекет, өмірлік қатынастар, шығармашылық
өзіндік даму; əлеуметтік-əрекеттік контекстке толыққанды енудің
негізі ретіндегі кəсібилік; нəтижелі модельдер, алгоритмдер жəне
технологиялардың жиынтығында көрінетін шығармашылық адамзат
əлеуетінің əрекет етуі.
Бұл саланың аталған өрісі толық зерттелмеген, ал континуумы
374
375
оның барлық бағыттары бойынша кеңейеді. Ғылыми тұрғыда жəне
адамның мүддесіне қатысты, акмеологияның барлық қызығушылық
танытатын ғылымдармен бірлескен шығармашылығы өзара пай-
далы болар еді, мұндай бірлескен шығармашылықтың тартым-
ды жəне тиімді бағыттарының бірі ретінде акмеологияның білім
беру психологиясымен жəне педагогикамен өзара əрекеті алы-
нады. Акмеологияның пəні ретінде, тұлғаның барынша өзін-өзі
жүзеге асыруына жəне іс-əрекетті орындаудың оңтайлы тəсілдеріне
жетелейтін, оны өмірлік стратегияға, жоғары кəсібилікке, кəсіптегі
құзыреттілікке əкелетін, тұлғаның өмірде, іс-əрекетте, кəсіпте
жетілдіруі алынады.
Дəл осы кезеңде білім беру, басқару, менеджмент, əлеуметтік
жұмыс саласында, кəсібилік пен шеберліктің жоғары деңгейі бар,
əртүрлі бейіндегі мамандарға деген əлеуметтік қажеттілік ерекше
мəнге ие болады. Сондықтан білімгерлердің жалпы білім алуын
қамтамасыз ету жеткіліксіз болып саналады: оны кəсіби алдын
ала оқыту ретінде қарастыру қажет, яғни жас жəне білімділік даму
контексінде ғана емес, əлеуметтік жəне кəсіби контексте қарастыру
қажет.
Дамыған елдердегі өмір сүру ұзақтығының артуымен байла-
нысты, қарт адамдардың кəсіби жəне өмірлік тəжірибесін, еңбек
қажеттіліктерін, ресурстарын жүзеге асыруға деген əлеуметтік
сұраныс пайда болды, бұл қартаятын адамның кəсіби дамуын
зерттейтін геронтологияға деген қызығушылықпен түсіндіріледі.
Осылайша, ХХ ғасырдың соңғы ширегінде, адам дамуын
біртұтас макроүдеріс ретінде (балалық шақ, кемелдену, қарттықты
қамтитын) психологиялық зерттеуге деген əлеуметтік сұраныс пай-
да болып қоймады, сонымен бірге жаңа кешенді пəндердің – педо-
логия, акмеология, геронтологияның қалыптасуын аяқтау түрінде
қосымша ғылыми алғышарттар қалыптасты.
Үздіксіз білім берудің барынша кеңейтілген тəжірибесін – жал-
пы мəдени жəне арнайы кəсіби тəжірибені ғылыми қамтамасыз
етуге деген əлеуметтік қажеттілік, даму психологиясын (адамның
балалық шақта, жастық шақты, кемелдену, кəрілік кезеңінде өмір
сүруінің психологиялық өзгерістерін біртұтас зерттейтін) жəне ке-
мелденген адамның кəсібилігін жəне шығармашылығын зерттейтін
акмеологияны безендіру үшін қосымша қолданбалы алғышарттар
құрады.
Жоғарыда баяндалғандарға сүйеніп, келесі тұжырымдарды
жасауға болады: соңғы кезде басқару теориясымен, педагогика-
мен жəне психологиямен өзара əрекеттестікте жедел дамитын ак-
меология ғылымы үздіксіз білім беру жүйесіндегі кəсіби даярлық
саласындағы акценттерді біршама өзгертеді.
Акмеологиялық тұғырда кəсіпқойлардың креативті-шығар-
машылық қабілеттерін, оларды даярлау мен жетілдірудің алуан түрлі
аспектілерін есепке алып, дамыту проблематикасы басым орын ала-
ды:
1. Зерттеудің жас аспектісі педология құралдары арқылы (бала-
лар мен жастарды зерттейтін), ересектер андрогогикасы (студенттер
мен кəсіпқойлар) жəне геронтология (еңбек ардагерлері) құралдары
арқылы нышандар мен қабілеттерді диагностикалауға бағытталған.
2. Білім беру аспектісі жалпы, кəсіби жəне үздіксіз білім беру
жүйесінде білім жəне біліктерді диагностикалауға жəне дамытуға
бағытталған.
3. Кəсіби аспект кəсіби жарамдылықты анықтау, аталған еңбек
түріне жəне оның үдерісі мен нəтижесіне əлеуметтік жауапкершілік
дəрежесіне психологиялық дайындықты айқындау арқылы еңбек
іс-əрекетін жүзеге асырудың мүмкіндіктерін жəне нəтижелерін
анықтауға бағытталған.
4. Креативті аспект – шығармашылық үдерісінде алынған
инновациялардың əлеуметтік мəнділігін бағалау, рефлексивті-
инновациялық əлеуетті шеберлік дəрежесіне жетілдіру, кəсібиліктің
деңгейін айқындау жолы арқылы жұмсалатын күш-қуаттың жəне
оны жүзеге асырудың жетістігін анықтауға бағытталған.
Акме-креативті типтегі адамды қалыптастыру, оның ойлаудың
жаңа мəдениетін меңгеруін қамтиды, оның мəні адамның
оқытудың дəстүрлі емес технологияларының көмегі арқылы
интеллектіні дамытуда айқындалады. Мұндай технологияда білімді
ұйымдастыруға жəне қайта өңдеуге емес, оларды туындатуға негізгі
тірек жасалады.
Бұдан кəсіби білім берудің түйінді міндеті ретінде студенттерді
акме-креативті ойлауға үйрету, атап айтсақ, ұжымдық оқытуға
үйрету алынады, ал кез келген кəсіби білім берудің қазіргі заманғы
технологиясының түйінді элементі ретінде жүйелі-креативті ойлау-
ды қалыптастыру жəне дамыту технологиясы алынады.
Тұлғаның табысты кəсіби қалыптасуы үшін психологтар жоға-
|