Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет34/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Акмеология
гос практика, гос практика, тыныс алу айжамал

342
343
туралы  шығармашылық,  авторлық  түпкі  ойды  жəне  оны  жүзеге 
асырудың авторлық көрінісін айта аламыз. Мұндай шығармашылық 
жұмысты «қабылдау», «қабылдамау» тұрғысында бағалауға болады. 
Жобалар  əдісімен  мүлдем  басқаша  болады.  Мұнда  бағалаудың 
дəл критерийлері болады, себебі мəселені қарастыру үшін зерттеудің 
ғылыми  əдістері,  оны  орындаудың  объективті  жағдайлары 
қолданылады.  Таңдалған  ұстанымды  дəйектеу,  нақты  деректер-
ге,  теорияларға,  білімге,  эксперимент  мəліметтерінің  бақылауына 
негізделеді. 
Оқытушы 
мен 
білімгерлердің 
бірлескен 
іс-əрекетінде, 
оқытылатын  пəндердің  аясында  жобалар  əдісін  сауатты,  сана-
лы  ұғынылған  түрде  қолдану,  оқу  үдерісіне  дəстүрлі  оқытумен 
салыстырғанда, басқаша өзара қатынастар жүйесін, білімгерлердің 
интеллектуалды жəне шығармашылық мүмкіндіктерін құрметтеуге, 
ынтымақтастыққа,  өзіндік  сыни  ойлауға  негізделген  танымдық  іс-
əрекеттегі басқаша жаңа тұғырды енгізеді. 
Қазіргі  заманда  жобалық  оқытуды  жоғары  оқу  орнының  білім 
беру ортасына ойластырып енгізу қажет. Жобалық оқытуды өзіндік 
мақсатқа айналдырмау қажет, ол білім беру үдерісін жетілдіру, білімді 
жақсы меңгеру, оқудағы мотивацияны дамыту, əрбір қатысушының 
жалпы  мəдениетін  табысты  қалыптастыру  үшін  құрастырылады 
жəне қолданылады. 
Жобалық  оқытудың  проблемалық  оқытудан  айырмашылығы, 
онда  білімгерлердің  іс-əрекетінің  нақты  (практикалық)  нəтижені 
алуды жəне оны көпшілікке ұсынуды қамтитын жобалаушы сипаты 
болады. 
Жобалық  оқыту  технологиясы  практикалық  мəнділігі  бар, 
субъективті немесе объективті жаңалығы бар, білімгерлердің жаңа 
нəтижені  оқытушының  бақылауымен  құрастыруға  жəне  құруға 
негізделетін проблемалық оқыту идеяларын дамыту болып табыла-
ды. 
Жобалық оқыту технологиясы – жобалық технология (ЖТ) неме-
се жобалық оқыту (ЖО) – тұлғалық-бағдарлы білім беру жүйесінде 
қарастырылады,  студенттердің  өзбетінділік,  бастамашылдық, 
шығармашылық 
қабілеттер 
сияқты 
тұлғалық 
сапаларын 
дамытуға  ықпал  етеді,  олардың  маңызды  қызығушылықтары  мен 
қажеттіліктерін  тануға  мүмкіндік  береді,  оқу  жобаларын  бірізді 
орындауға  арналған  технологияны  білдіреді.  Кең  мағынасында 
«жоба» ұғымы – ойластырылатын немесе жоспарланатын нəрсе. 
Жобалаудың  материалданған  өнімі ретінде  оқу  жобасы  алына-
ды, ол білімгерлердің өз бетімен қабылдаған проблеманы кеңейтілген 
тұрғыда шешуі, проблемалық жағдаятты шешуі ретінде анықталады. 
Жобада  шешімнің  ғылыми  (танымдық)  жағымен  қатар,  əрдайым 
эмоционалды-құндылықты  (тұлғалық)  жəне  шығармашылық 
қырлары  болады.  Кейде  мазмұнның  эмоционалды-құндылықты 
жəне  шығармашылық  компоненттері,  білімгерлер  үшін  жобаның 
қаншалықты маңызды екендігін, оның дербес қалай орындалғанын 
анықтайды. 
Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  аталған  технология  əрдайым  бі-
лімгерлердің  дербес  (өзіндік)  іс-əрекетіне  бағдарланған – топтық 
немесе жекеленген іс-əрекетке – мұны студенттер белгілі бір уақыт 
кезеңінде  орындайды,  ол  оқытудың  проблемалық  əдістерінің, 
білімгерлерге өзін қайта жасауға қабілетті ретінде сезінуге мүмкіндік 
беретін, мəні бойынша шығармашылық, қайта жасаушы əдістердің 
жиынтығын қамтиды. 
Жобалар  əдісінің  негізіне  білімгерлердің  танымдық,  шығар-
машылық  дағдыларын  дамыту,  білімдерін  өз  бетімен  құрастыру, 
ақпараттық  кеңістікте  бағдарлану  шеберлігі,  сыни  ойлауды  дамы-
ту алынады, бұл өз кезегінде болашақ мамандардың кəсіби өзін-өзі 
анықтауы үшін ерекше маңызды болып саналады.  
Жобалық оқытуға арналған бастапқы теориялық қағидалар ретінде 
алынатындар: зейін ортасында – білімгерлер, оның шығармашылық 
қабілеттерін  дамытуға  ықпал  ету;  педагогикалық  үдеріс  білімгер-
лер үшін тұлғалық мəні бар іс-əрекет логикасында құрылады, бұл өз 
кезегінде студенттің оқуға деген мотивациясын арттырады; жобамен 
жұмыстың  жеке  жылдамдығы,  əрбір  білімгердің  дамудың  өзіндік 
деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді; оқу жобаларын құрастыруда-
ғы  кешенді  тұғыр,  білімгерлердің  негізгі  физиологиялық  жəне 
психикалық функцияларын теңдестірілген тұрғыда дамытуға ықпал 
етеді; базалық білімді терең, саналы ұғынылған түрде меңгеру, олар-
ды əртүрлі жағдаятта əмбебап қолдану есебінен қамтамасыз етіледі. 
Білімгерлердің жобалық оқу іс-əрекеті практикалық міндеттерді 
шешу бойынша шығармашылық оқу жұмысы болып табылады, оның 
мақсаттары  мен  мазмұнын  білімгерлер  анықтайды,  оқытушының 
кеңес беруімен, теориялық қайта өңдеу жəне практикалық іске асы-
руда жүзеге асырылады. Басқа жағынан алғанда, жобалық оқытудың 
компоненті ретінде, педагогтің іс-əрекеті алынады.  

344
345
Педагогикалық  практикада  жобалар  əдісін  қолдану,  жеке-
бағдарланған  білім  берудің  міндеттерін  мақсатты  бағытталған 
тұрғыда  шеше  алады.  Бұл  əдістің  əрекеттігі,  оның  білімгерлерге 
өздерінің  қызығушылықтары  бойынша  іс-əрекетін  таңдауына, 
олардың  қабілеттеріне  сəйкес  келетін,  білімгерлердің  білімдерін, 
біліктерін  жəне  дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталуына 
мүмкіндік  беруіне  негізделеді.  Жобаларды  орындай  отырып,  сту-
денттер  инновациялық  шығармашылық  іс-əрекеттің  алгоритмін 
меңгереді, өз бетімен ақпаратты табуға жəне талдауға, əртүрлі сала-
лар бойынша білімді алуға жəне қолдануға үйренеді, кемшіліктердің 
орнын  толтыруға,  шығармашылық  тапсырмаларды  шешу  тəжі-
рибесін игеруді үйренеді. 
Аталған  əдісті  қолдануда  кəсіби  үдерістің  қатысушыларының 
рөлдері  біршама  өзгереді:  оқытушы  сараптамашы  болып  табыл-
майды,  ол – демократиялық  басшы,  кеңес  беруші,  көмекші,  сұрақ 
беруші  адам,  координатор,  сараптамашы;  оқытушының  ұстанымы 
білімгерлерге өзбетінділіктің кеңдігін беретін жасырын түрде болуы 
қажет, соған сəйкес студент жобалау үдерісінің белсенді қатысушысы 
рөлін  орындайды.  Студенттің  субъектілігін  дамыту,  оқу-танымдық 
іс-əрекетті жоспарлауда жəне мақсатты тұжырымдарда, оны ұйым-
дастыру  мен  қамтамасыз  етуде  көрініс  табады.  Жобамен  жұмыс 
міндетті рефлексивті іс-əрекетті қамтиды: оқу тапсырмасын орындау 
барысында əрбір қатысушының меңгергенін бағалау, сəтсіздіктердің 
себептері  қандай,  неге  қол  жеткізілді,  сəтсіздіктердің  болашақта 
қалай алдын алуға болады жəне т.б. 
Жобалық оқыту өзінің пəні ретінде, білімнің арнайы салаларын 
қамтып қоймайды, ол іс-əрекеттің басқа сфераларына табысты ал-
мастырылатын  танымдық  дағдыларды  жəне  метабілімді  қамтиды 
(білімді  қалай  алу  туралы  білім).  Бұл  əдістің  əрекеттігі  сонда,  ол 
білімгерлерге  қызығушылықтары  бойынша  іс-əрекетті  таңдауға, 
олардың  дамитын  қабілеттеріне  сəйкес  келетін,  білім  мен  біліктер 
беретін, жаңа істерге ұмтылысқа ықпал ететін іс-əрекетті таңдауға 
мүмкіндік береді. 
Жобаларды  құрастыра  жəне  жүзеге  асыра  отырып,  білімгерлер 
ойлау  дағдыларын,  ақпаратты  іздеу,  талдау,  эксперимент  жасау, 
шешім қабылдау, өзіндік жұмыс пен топтық жұмыс істеу дағдыларын 
дамытады. 
Жоғарыда  айтылғандарға  сүйене  отырып,  оқу  жобалаушы  іс-
əрекеттің  практикалық  нəтижесі  ретінде  жоба  алынатынын  атауға 
болады. 
Жобалаушы  іс-əрекет  білімгерлер  үшін  тартымды  болып  сана-
лады, алайда оның тəрбиелік жəне білім беруші тиімділігі жобалық 
оқытудың  мəнін  дұрыс  түсінуге,  оның  мүмкіндіктерін  педагогика-
лық практикада сауатты қолдануға байланысты болады. 
Жобалаушы  іс-əрекетті  оқу  үдерісіне  енгізу  оқытушылардың 
психологиялық-педагогикалық 
даярлығын, 
сонымен 
бірге 
студенттерді  қолданбалы  міндеттерді  щешуге  алдын  ала  оқытуды 
талап етеді. 
Жобалық  технология  зерттеуші  дағдыларының – құзырлы-
лықтардың негізі болып саналады. Олар қарым-қатынасқа, диалогқа, 
бірлескен талдауға, конструктивті сынға, əрекет тəсілдерін түзетуге 
деген  даярлықта,  міндеттерді  шешудегі  жаңа  тұғырларды  іздеуде 
байқалады.  Жауапкершілік,  өзбетінділік  сияқты  тұлғалық  сапалар, 
білімгерлердің мінез-құлқында жəне оқу іс-əрекетінде басым орын 
алады. 
Осылайша,  жобаның  студенттерге  білім  беруші  əсері  ешбір 
пікірталас тудырмайды, жобалаушы іс-əрекет барысында өмір үшін, 
болашақ кəсіптің жетістігі үшін қажетті тұлғаның маңызды сапала-
ры қалыптасады. 
 
4.4 Оқытудың ойын технологиялары 
Тақырыптың негізгі ұғымдары: ойын, ойындық оқыту, ойын 
технологиялары,  іскерлік  ойындар,  имитациялық  ойындар,  рөлдік 
ойындар, дамытушы ойындар, креативті ойындар, кейс-стади (нақты 
жағдаяттарды зерттеу). 
Əлемдік педагогикада ойын ойыншылар арасындағы кез келген 
жарыс немесе сайыс ретінде қарастырылады, онда ойыншылардың 
əрекеті белгілі жағдайлармен шектелген (ережелермен) жəне белгілі 
мақсатқа жетуге бағытталған (жүлде, жеңіс). 
Ойын – бұл  адамның  өзіндік  «Менін»,  шығармашылығын, 
белсенділігін, өзбетінділігін, өзін-өзі жүзеге асыруын зерттеу, таныту 
мақсатында,  оның  шынайы  (немесе  қиялдағы)  болмысқа  енуінің 
еркін, табиғи формасы. Ойында əркім өзіне ерікті рөлін таңдайды. 

346
347
Ойын  арқылы  оқыту — бұл  қоғамдық  тəжірибені  барлық 
көріністерде – білімде,  біліктерде,  дағдыларда,  эмоционалды-
бағалаушы  іс-əрекетте  қайта  құруға  жəне  меңгеруге  бағытталған, 
шартты жағдайдағы оқу үдерісінің формасы. 
Ойын  арқылы  оқытудың  терең  тарихи  түп-тамыры  болады. 
Ойын  қаншалықты  көпқырлы  болса,  ол  оқытады,  дамытады, 
тəрбиелейді,  əлеументтендіреді,  қызықтырады  жəне  демалдырады. 
Алайда ойынның тарихи алғашқы міндеттерінің бірі – оқыту. Ойын 
өзінің пайда болуының алғашқы сəттерінен бастап, оқыту формасы 
ретінде,  шынайы  практикалық  жағдайларды  қайта  жаңғыртудың 
алғашқы  мектебі  ретінде  алынады.  Қажетті  адамзат  белгілерін, 
сапаларын, дағдылары мен əдеттерін, қабілеттерді дамытуды өңдеу 
мақсатында оқыту мектебі болады.
Ойын арқылы оқытудың қазіргі қалыптасуында ойын техникасы 
қозғалысының  стихиялы  ұйымдасуы  ерекше  рөл  атқарады,  ол 
бірінші  кезекте  іскерлік  ойындарды  қолдануға  сүйенеді,  олар  өз 
кезегінде  белсенді  оқыту  əдістері  деген  атқа  ие  болған,  оқытудың 
үлкен  топтарын  дамытудың  əдістерінің  негізі  қызметін  атқарады. 
Оларды  теориялық  тұрғыда  қолдану  бірқатар  тұжырымдамаларда 
негізделген  болатын,  бірінші  кезекте  белсенді  оқыту  теориясында 
негізделді.  Алғашқы  іскерлік  ойынды  М.М.  Бирнштейн  КСРО-да 
1932 жылы құрастырды жəне жүргізді. Əдіс тез қолдауға ие болып, 
жедел дами бастады. Алайда, 1938 жылы іскерлік ойындар КСРО-да 
бірқатар ғылыми бағыттардың күйін кешті – оларға тыйым салынған 
болатын. Олардың екінші рет  пайда болуы тек 1960 жылдары болды, 
содан кейін АҚШ-та алғашқы іскерлік ойындар пайда болды (Ч. Абт, 
К. Гринблат, Ф. Грей, Р. Дьюк, Р. Прюдом жəне т.б.).
Философиялық,  мəдениеттанушы,  психологиялық-педагоги-
калық  əдебиеттерді  талдау,  қазіргі  ғылымда  ойынның  біртұтас 
теориясының болмағанын, ғылымның əртүрлі саласындағы бірқатар 
тұжырымдардың болатынын көрсетті. 
Философияда жəне мəдениеттануда ойын адам болмысының тəсі-
лі ретінде, қоршаған əлемді игерудің құралы ретінде қарастырылады, 
аталған  ғылымдарда  ойынның  аксиологиялық  негіздемелері  жəне 
ойын феноменінің этномəдени құндылығы зерттеледі. 
Педагогика  ғылымында  ойын  феномені  оқыту  мен  тəрбиені 
ұйымдастырудың  тəсілі,  педагогикалық  мəдениеттің  компоненті 
ретінде  қарастырылады,  онда  қазіргі  заманғы  ұрпақтың  ойын 
əрекетін оңтайландырудың формалары мен тəсілдері зерттеледі. 
Психологияда  ойын  психикалық  үдерістерді  белсендіру, 
өмірді  диагностикалау,  түзету  жəне  бейімдеу  құралы  ретінде 
қарастырылады, онда ойын феноменін қамтамасыз ететін əлеуметтік 
эмоциялар зерттеледі. 
Ойын  феноменіне  алғашқылардың  бірі  болып  зейін  аударған 
Ф.  Шиллер  болды.  Ол  ойынды  адамның  дүниетанымын  қалып-
тастырудың əрекеттік  факторларының бірі  ретінде  қарастырады. 
Ф.  Шиллер  бойынша,  адам  ойында  жəне  ойын  арқылы  өзін  жəне 
əлемді қайта жасайды, ойын ойнау арқылы адам болуға болады. 
Г.  Спенсер  ойынның  жаттықтырушы  функцияларына  ерекше 
зейін аударды. Алайда, ойынның мəдениеттің қайнар көзі ретіндегі 
мəніне  нидерландылық  мəдениет  тарихшысы  Й.  Хейзинг  ерекше 
назар  аударды.  Оның  пікірінше,  адамзат  мəдениеті  ойында  пайда 
болады жəне ойын ретінде кеңейеді. 
Ойын  феноменін  ғылыми  тұрғыда  түсіндіруге  Э.  Берн,  Р.  Вин-
клер, Г-Х. Гадамер, Ж.-П. Сартр, З. Фрейд, Г. Спенсер,  Ж. Пиаже 
сияқты  батыс  философтары  мен  психологтары  зор  үлес  қосты. 
Педагогика жəне психологияда ойын əрекеті мəселесін П.П. Блон-
ский, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин құрастырды.    Н.А. Аникеева, 
Н.Н.  Богомолова,  В.Д.  Пономарев,  С.А.  Смирнов,  С.А.  Шмаков 
жəне  т.б.  ойын  педагогикасын,  педагогикалық  үдерістегі  ойынның 
алатын  орнын,  ойын  əрекетінің  құрылымын,  ойынды  басқаруды 
құрастырды. 
Қазіргі кезде барлық дамыған елдерде іскерлік ойындар немесе 
оқытудың  ойын  əдістері  қолданылмайтын  білім  беру  мекемесі 
жоқтың қасы. 
К.  Гростың  теориясы  ерекше  танымал  болып  табылады.  Ол 
ойынның  мəнін  оның  күрделі  іс-əрекетке  дайындық  ретіндегі 
қызметімен  қарастырады;  адам  ойында  жаттыға  отырып,  өзінің 
қабілеттерін  жетілдіреді.  Ерекше  танымалдыққа  ие  болған  бұл 
теорияның  негізгі  жетістігі,  оның  ойынды  дамумен  байланысты 
болатынында,  осы  дамудағы  ойынның  атқаратын  рөлінің  мəнінде 
болады. Оның негізгі кемшілігі – бұл теория ойынның «мəнін» ғана 
көрсетіп қоймайды, сонымен бірге ойынды туындататын себептерді 
жəне ойынға ынталандыратын мотивтерді көрсетеді. 
Г.  Спенсер  Ф.  Шиллердің  идеясын  дамыта  отырып,  өзінің 
құрастырған ойын теориясында, ойынның қайнар көзін күш-қуаттың 
артық болуында қарастырады: өмірде, еңбекте жұмсалмаған артық 
күштер, ойында өзінің орнын табады. 

348
349
Ойынның мотивтерін ашуға ұмтылып, К. Бюлер ойынның негіз-
гі  мотиві  ретінде  функционалды  қанағаттану  теориясын  ұсынды 
(яғни, нəтижеге байланыссыз əрекеттің өзінен қанағаттану). 
С.Л.  Рубинштейн  бойынша,  ойынды  жинақталған  күштерді 
жұмсау  немесе  жүзеге  асыру  ретінде  түсіндіру  формалистік 
болып  саналады,  себебі  ойынның  динамикалық  аспектісін  оның 
мазмұнынан тыс алады. Сондықтан мұндай теория ойынды түсіндіре 
алмайды. 
Л.С.  Выготский  жəне  оның  шəкірттері  ойындағы  анықтаушы, 
бастапқы  негіз  ретінде,  адамның  ойнай  отырып,  өзіне  шынайы 
жағдаяттың  орнына  жалған  жағдаятты  құратынын,  онда  əрекет 
ететінін,  белгілі  рөлді  орындап,  қоршаған  заттарға  мəн  беретінін 
атап көрсетті. 
Д.Н. Узнадзе ойында əрекет ету функциясының шынайы өмірде 
жетілген  жəне  қолданыс  таппаған  үрдістердің  нəтижесі  ретінде 
атайды.  Осылайша,  ойын  толықтырылатын  шынайы  мазмұнмен 
байланысты  емес  формальды  белсенділікке  айналады.  Ойынның 
«мəнін» осылай түсіндіру, оның нақты көріністегі шынайы ойынды 
түсіндіре алмайды. 
Ойын технологияларының тұжырымдамалы негіздері: 
• Ойын əрекетінің психологиялық механизмдері тұлғаның өзін-
өзі танытуындағы, өзін-өзі бекітудегі, өзін-өзі анықтаудағы, өзін-өзі 
реттеудегі, өзін-өзі жүзеге асырудағы іргелі қажеттіліктерге сүйенеді. 
•  Ойын – психогендік  мінез-құлық  формасы,  яғни  имманентті 
тұлғаға іштей тəн форма (Д.Н. Узнадзе).
• Ойын – баланың «ішкі əлеуметтенуінің» кеңістігі, əлеуметтік 
бағдарларды меңгеру құралы (Л.С. Выготский).
•  Ойын – қиялдағы  тұлғаның  еркіндігі, «жүзеге  асырылмаған 
қызығушылықтардың иллюзиялық жүзеге асуы» (А.Н. Леонтъев).
• Ойынға ену қабілеті адамның жасымен байланысты емес, алай-
да əрбір жаста ойынның өзіндік ерекшеліктері болады. 
Ойынның  мəнін  сауықтырушы-рекреативті  мүмкіндіктермен 
тауысу  жəне  бағалау  мүмкін  емес.  Ойын  сауық,  демалыс  ретінде 
болып,  ойын  оқытуға,  шығармашылыққа,  терапияға,  адамзат 
қатынасы типінің моделіне, еңбектегі көріністерге айналуға қабілетті 
болады. 
Оқу  үдерісінің  ойын  моделінде,  проблемалық  жағдаятты  құ-
ру  ойын  жағдаятын  енгізу  арқылы  жүзеге  асады:  проблемалық 
жағдаятты  ойынға қатысушылар ойынға қатысумен жүзеге асыра-
ды, іс-əрекеттің негізін ойындық модельдеу құрайды, білімгерлердің 
іс-əрекетінің бөлігі шартты-ойындық жоспарда жүзеге асады. 
Ойынды оқыту əдісі ретінде, өскелең жас ұрпаққа тəжірибені бе-
ру ретінде ежелден бері қолданып келеді. Оқу үдерісін белсендіруге 
жəне  қарқындатуға  бағытталған  қазіргі  жоғары  мектепте,  ойын 
əрекеті келесі жағдайларда қолданылады: 
• оқу пəнінің ұғымдарын, тақырыптарын жəне тарауларын мең-
геру үшін өзіндік технологиялар ретінде; 
• жалпы технологияның элементі ретінде;
• оқу сабағы немесе оның бөлігі ретінде (кіріспе, бақылау); 
• сабақтан тыс жұмыстың технологиясы ретінде. 
Ойын – кəсіби  қалыптасу  мектебі  жəне  адамзат  қатынасының 
мектебі. Ойында білімнің жеңіл танылатын қайнар көзі, оқытылатын 
адам  болмайды.  Оқыту  үдерісі  əрекет  тілінде  дамиды,  ойынға 
қатысушылар  бір-бірімен  белсенді  байланыс  нəтижесінде  оқиды. 
Ойынға мəжбүрлеп оқытуға болмайды. Ойын  көп жағдайда ерікті 
жəне қалаулы болады. 
Ғылыми  əдебиеттерде  білім  беру  технологияларын  жіктеуге 
талпыныс  жасалды.  Бірнеше  тұғырлар  бар.  Мысалы,  білім  беру 
технологияларын  жіктеудің  тұғырларының  бірін  Н.В.  Бордовской 
жəне А.А. Реан құрастырды. Ғалымдар білім беру технологиясының 
бес  түрін  ажыратып  көрсетеді:  тапсырмалық,  ойындық,  ком-
пьютерлік, диалогты, тренингті технологиялар. 
Аталған  жіктеуде  ойын  технологиялары  педагог  пен 
білімгерлердің  белгілі  сюжетті  жүзеге  асыруы  арқылы  өзара 
əрекетінің  ойын  формаларымен  байланысты  болады  (ойын,  ертегі, 
қойылым,  іскерлік  қарым-қатынас).  Мұнда  білім  беру  міндеттері 
ойынның мазмұнына енгізіледі. 
Сөз  жоқ,  отандық  жəне  əлемдік  педагогикалық  тəжірибеде 
қолданылатын қор жинақталған. Бұл бірінші кезекте, педагогикалық 
технологиялардың құрамдас бөлігі жəне қызығушылық тудыратын 
ойын  технологиялары  болып  саналады.  Олар  біздің  тəжірибемізде 
кең  қолданысқа  ие  болды.  Ойын  технологияларының  басым  білім 
беру  міндеттері  тұрғысында  ауқымды  əлеуеті  болады:  өзіндік  іс-
əрекетке, қарым-қатынасқа қатысты тұлғаның субъектілі позициясын 
қалыптастыру. 
Ойын  оқыту  мен  тəрбиенің  ежелгі  педагогикалық  құралдары-

350
351
ның  бірі  ретінде  қазіргі  кезде  өзіндік  өркендеу  кезеңін  бастан 
кешіруде. Қазіргі кезде ойынға деген қызығушылықтың артуы немен 
байланысты? Бір жағынан, ол педагогикалық теория мен тəжірибенің 
дамуымен,  проблемалық  оқытудың  таралуымен  туындайды,  ал 
екінші  жағынан,  жан-жақты  белсенді  тұлғаның  əлеуметтік  жəне 
экономикалық  қажеттіліктерін  қалыптастыруна  негізделеді.  Ойын 
технологиялары  қазіргі  білім  беру  жүйесінде  «инновациялық» 
болып қалады. 
Оқытудың  ойын  технологиялары,  мəліметтерді  бекіту  үшін, 
оқытылатын материалды шығармашылықпен ұғыну үшін, алынған 
білімді  шынайы  өмірлік  контексте  қолдану  үшін,  құндылық 
бағдарларды қалыптастыру үшін тиімді болып табылады. Нəтижеге 
қол  жеткізу,  ашуға  баулу,  құрастыру  үшін  оқытудың  ерекше 
формалары  қажет.  Олардың  арасында  имитациялық  ойын  жетекші 
орын алады. 
Адам үшін ойын өзін тұлға ретінде жүзеге асыру саласы ретінде 
маңызды  болып  саналады.  Дəл  осы  тұрғыда,  адамға  ойынның 
нəтижесі,  бəсекелестігі  немесе  белгілі  бір  мақсатқа  жету  маңызды 
емес, мұнда ойын үдерісінің өзі маңызды. Ойын үдерісі – бұл өзін-өзі 
жүзеге асыру кеңістігі. Адамзат тəжірибесі адамда болатын немесе 
мүмкін  болар  қиындықтарды  ашу  үшін  үнемі  ойын  жағдаятына 
енгізіледі.  
С.А. Шмаков көптеген ойындарға тəн келесі белгілерді ажыратып 
көрсетеді: 
–  адамның  өзінің  қалауы  бойынша,  іс-əрекет  үдерісінен  қа-
нағаттануы  үшін  қабылданатын  еркін  дамытушы  іс-əрекеті 
(«процедуралық қанағаттану»);
–  шығармашылық,  біршама  дəрежеде  осы  іс-əрекеттің  им-
провизациялық, белсенді сипаты («шығармашылық өрісі»);
–  іс-əрекеттің  эмоционалды  көтеріңкілігі,  бақталастық,  жары-
сушылық, бəсекелестік («эмоционалды қысым»);
–  ойынның  мазмұнын,  оның  дамуының  логикалық  жəне  уақыт 
бойынша бірізділігін көрсететін тікелей немесе жанама ережелердің 
болуы. 
Ойынды зерттеушілердің көпшілігі (С.Л. Рубинштейн, Д.Э. Эль-
конин, Л.С. Выготский жəне т.б.) амбиваленттілік сияқты, ойынның 
басты қасиетін ажыратып көрсетеді, яғни ойын бір мезгілде шынайы 
жəне  шартты  мінез-құлықты  жүзеге  асыруды  қамтиды,  мұнда 
«ойнаушы адам» өзін ойша қиялдағы жағдайларға қояды, ал оның 
осы қиялдағы жағдайда басынан өткеретін сезімдері – бұл шынайы 
сезімдер  болып  саналады.  Ойын  қатынастарының  шарттастығы 
тұлғаның  мүмкіндіктерін  жұмылдырады  жəне  белсендіреді, 
адамның  өзінің  шығармашылық  əлеуетін  жүзеге  асыруға  ықпал 
етеді, оның ойын мəселелерін (өмірлік) шешудің жаңа, əлі игермеген 
тəсілдерін іздеуге ынталандырады, ойын рөліндегі мінез-құлық пен 
қатынастардың  ережелері  мен  нормаларын  меңгеруге  ықпал  етеді. 
Л.С.  Выготский  ойынды  баланың  «ішкі  əлеуметтенуінің»  кеңістігі 
жəне əлеуметтік бағдарларды меңгеру құралы ретінде қарастырды. 
Д.Н.  Узнадзенің  пікірі  бойынша,  ойын  психогендік  мінез-
құлықтың  формасы  болып  табылады,  яғни  бұл  форма  имманентті 
тұлғаға іштей тəн болады. 
Бұл  ұғымды  А.Н.  Леонтьев  аса  қызықты  етіп  сипаттады, 
атап  айтсақ,  тұлғаның  қиялдағы  еркіндігі, «жүзеге  асырылмаған 
қызығушылықтарды иллюзиялық жүзеге асыру» ретінде қарастырды. 
В.С.  Кукушкин  аса  толық  анықтама  берді.  Автордың  ойынша, 
ойын – бұл  мінез-құлықты  өзіндік  басқару  қалыптасатын  жəне 
жетілдірілетін,  қоғамдық  тəжірибені  қайта  құруға  жəне  меңгеруге 
бағытталған жағдаяттар барысындағы іс-əрекет түрі. 
«Ойын технологиялары» ұғымы əртүрлі педагогикалық ойындар 
формасында, кəсіби үдерісті ұйымдастырудың тəсілдерінің ауқымды 
топтарын  қамтиды.  Ойындармен  салыстырғанда,  педагогикалық 
ойынның  маңызды  белгісі  болады – оқытудың  дəл  қойылған 
мақсаты  жəне  соған  сəйкес  педагогикалық  нəтиженің  болуы 
олар  өз  кезегінде  айқын  түрде  негізделеді  жəне  оқу-танымдық 
бағыттылығымен сипатталады. Сабақтардың ойын формасы оқу іс-
əрекетіне  ынталандыру  құралы  ретінде  сабақтарда  ойын  тəсілдері 
мен  жағдаяттарының  көмегі  арқылы  құрылады.  Білімгерлердің 
іс-əрекеті  оқу-тəрбие  үдерісінде  ойынды  жəне  ойын  əрекетін 
шығармашылықпен қолдануға құрылуы керек. 
Білімгердің  жоғары  ойын  жетістігі  шартты  саладан  шынайы 
əрекет саласында өтуі қажет. Білімгерлердің ішкі əлеуеті, қабілеттері, 
күнделікті  іс-əрекетке  жетістікпен  өтуі  үшін  дамудың  деңгейіне 
жетуі қажет. Нəтижесінде, ойын шартты жəне ойдан құрастырылған 
ойын  ретінде  болмауы  керек,  ойын  практикалық  іс-əрекетке 
жалғасуы  керек.  Дəл  осында  имитациялық  оқытудың  қызметі  мен 
мəні құралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет