248
249
дамыған антиципация, өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейі, шешім қа-
былдау шеберлігі, тұрақты бейнелі сала (Деркач А. А., Зазыкин В.Г.,
Маркова А. К.).
Акмеологиялық
зерттеулерде
тұлғаның
модальдығының
көрінісі ретінде, субъектінің өзінің кəсіби-мəртебелі қатыстылығын
ұғынуы алынатыны ерекше көрсетіледі. Авторлар акмеологиялық
тұғырдың акмеологиялық білімнің тұлғаның «шыңдағы» күйінің
жобалығымен, оңтайлы күйге жету үшін қажетті критерийлер,
жағдайлар, факторлардың белгілі болуы, қатаңдығы арасындағы
негізгі қарама-қайшылықты ашуға жəне шешуге мүмкіндік береді,
ол əрбір нақты субъектіде, оның іс-əрекетінің ерекшеліктерімен
жəне тұлғаның резервтерімен анықталады.
Табысты мансап құру үшін адамға қажетті сапалар тұлғалық
сипаттамалардың кең тізімі жатады, оларды құрылымдау төмендегі
жетекші компоненттерді айқындауға мүмкіндік береді: креативтілік
жəне жетістік мотивациясы, резервтік компонент ретінде тұлғаның
коммуникативті қабілеттері жəне іскерлік белсенділігі алынады.
Егер зерттеу жұмыстарындағы табыс бірқатар объективті күй
ретінде қарастырылатын болса, онда оның субъективті деңгейдегі
проекциясын белгілеу үшін «жетістік» ұғымы қолданылады.
«Жетістік» ұғымы субъектіге жəне оның жүзеге асыратын іс-
əрекетіне де қатысты болуы мүмкін.
Адамның интегралды сипаттамасы бола отырып, жетістіктің
бірдеңгейлі психикалық құбылыс болып табылмайтыны анықталған.
Жетістіктің өлшемдері іс-əрекеттің нақты саласына қатысты белгілі
өзгешелікке ие болады. Жетістіктің кəсіп жəне кəсіпқой тұлғасының
қалыптасатын ұғымдары, адамның болашақ кəсіпқой ретіндегі
ұғымдары, ықтимал кəсіби болашақ туралы ұғымдары сияқты
өзара негізделген компоненттері айқындалады. А. К. Маркованың
тұжырымдарына сəйкес, кəсіби іс-əрекетте жетістікке жету үшін
оған субъектінің қандай мағына қосатыны, қандай құндылық
бағдарларға сүйенетіні, аталған іс-əрекетпен не үшін айналысатыны,
өзінің еңбегіне қандай ішкі ресурстарды қосатыны маңызды болып
табылады.
Психологтардың пікірлері бойынша (К. А. Абульханова-
Славская, Б. Г. Ананьев, Л. Н. Анцыферова, Е. А. Климов жəне т.б.),
кəсіби жетістікке жетуді анықтайтын маңызды детерминанттар
ретінде еңбек субъектісінің тұлғалық сипаттамалары алынады.
Тұлғаның жетістігінің тұлғалық детерминаттары ретінде анық-
талатындар: өзіндік сананың, рефлексияның даму деңгейі; тұлғаның
дара-психологиялық ерекшеліктері; оның аффектілі-ерікті саласын,
танымдық қабілеттерін, қалауларын дамыту деңгейі; жетістік
мотивациясы; бақылаудың интерналды локусы; құндылық бағдарлар
жүйесі; коммуникативті дағдылар жəне т.б. (Шевченко Н. Г.). Көп
жағдайда олар нақты кəсіби ортадағы жетістіктің өзгешелігін
көрсетеді.
Эксперименттік психологияның тұғырларына сəйкес, айқын-
далған тұлғалық сипаттамалардың – жетістік мотивациясы, ком-
муникативті толеранттылық, қарым-қатынасқа түсу қабілеті,
креативтілік, іскерлік белсенділіктің – тұлғаның кəсіби жетістігінің
детерминанттары болып табылатынын атауға болады.
Мамандардың жоғары кəсібилігі жəне шығармашылық шебер-
лігі – өзекті жаһандық-дағдарыстық мəселелерді оңтайлы шешудің
факторы болып саналатын маңызды адамзат ресурстарының бірі
болып табылады.
Акмеология кəсіби іс-əрекеттің барлық мүмкін болар түрлерін
оңтайлы жүзеге асырудың акме-формасы ретінде, кəсібилікті жəне
шығармашылықты дамытудың заңдылықтары мен технологияларын
зерттейді.
Акме-формаларды, жетістікті жəне шығармашылық кəсіби
шеберлікті зерттеу жəне талдау, кəсібилікті дамытудың оңтайлы
технологияларын құрастыру мақсатында, акмеология философия,
əлеуметтану, психология, физиология, генетика жəне педагогика
сияқты адам туралы ғылымдардың жетістіктерін біріктіріп, əртүрлі
мамандардың кəсіби іс-əрекетті жүзеге асыруының тəсілдеріне
жəне үдерістеріне кешенді зерттеу жүргізеді. Өзінің онтологиялық
анықтамасын акмеология адамның өмір сүру əрекетіндегі
акме-формалардың феноменологиясын, оның кəсіпқой ретінде
қалыптасуын, кəсіби іс-əрекетті психологиялық шығармашылық
жəне əлеуметтік жетістікпен жүзеге асыруды анықтау, талдауға
жинақтау салдарында ие болады.
Кəсібиліктің жəне шығармашылықтың шыңдарына жетудің
заңдылықтары мен тəсілдері туралы психологиялық-акмеологиялық
зерттеулердің нəтижесінде алынған ғылыми білім, өзінің əлеуметтік-
мəдени табиғаты бойынша интегративті жəне əдіснамалық мəні
бойынша жүйе құраушы онтологиялық атрибутты білдіреді, яғни
250
251
адамның əлеуметтік-мəдени болмысының «акмеологиялығын»
сипаттайды.
Бұл тұрғыда акмеологиялықты адамды өзіндік жетілдіру
түрінде, синхронды жоспарда қарастыруға болады, ал кəсіби
əлеуметтендіру түрінде диахронды жоспарда қарастыруға болады.
Акмеология пайда болғанға дейін психологтар, əлеумет-
танушылар, педагогтар акмеологиялық мəселелер жиынтығы-
мен көп жағдайда ұқсас, ересектерге білім беру, шығармашылық,
кəсібилік мəселелерін зерттеді. Алайда шеберліктің жетілуін, оның
шыңдық акме-формаларын насихаттауды зерттеуге деген ерекше
тірек, алдымен өзгеше акмеологиялық мəселелер жиынтығының
туындауына алып келді, ал содан кейін бірегей акмеологиялық
технологияларды тұжырымдамалы-əдістемелік құруға, əрі қарай
– өзіндік өзгеше пəні мен əдістері бар, ерекше ғылымның пайда
болуына алып келді.
Акмеология
адам
болмысының
диахронды
аспектісін
зерттейді, ол адам өмірінің алуан түрлі жас кезеңінде кəсіби іс-
əрекеттің нəтижелілігіне ерекше тірек жасайды (шығармашылық
табыс, əлеуметтік тану, жеке табыс жəне т.б.). Акмеология үшін
тіректі мəселелердің бірі ретінде, адамның басқару, ғылым мен
өнертапқыштық, кəсіпкерлік, білім беру жəне т.б. салаларды кəсіби
іс-əрекеттің алуан түрлерінде, креативті-шығармашылық əлеуетін
қалыптастыру жəне дамыту мəселесі алынады.
Мұнда əлеуметтік факторлармен негізделген (білім беру, мəнсап
жəне т.б.) адамның жас мүмкіндіктерін ашудан пайда болатын
кумулятивті əсер ретінде кəсіби шығармашылықтың нəтижелілігі
түсіндіріледі, акмеологиялық мəселелер жиынтығына деген жас
ерекшелік тұғырдың (педологияға шығатын) шаблондарын жеңу
қажет.
Акмеологиядағы жүйелі-функционалды тұғыр балама болып
табылады, соған сəйкес ол тұғыр белгілі қоғамдық танылудың жəне
шығармашылық шеберліктің оңтайлы сатысында өз дамуында
жететін, кəсіби іс-əрекетте (оның мəдениеттанушы, əлеуметтанушы,
психологиялық,
физиологиялық,
генетикалық
жəне
басқа
детерминанттары) жетістікке əкелетін, адамның шығармашылық
əлеуетін қалыптастыру үдерістерін зерттеуге бағытталған.
Жетістіктің маңызды психологиялық ерекшелігі ретінде, оның бір
жағынан айқындығы жəне нақтылығы (осы жағдайда ситуативті),
ал екінші жағынан – детерминаттардың өзара əрекетінде, іс-
əрекет субъектісінің біршама қарама-қайшылықты, кикілжіңді
дамуы (яғни, диахронды) алынады. Осылайша, шығармашылық
əлеуеттің дамуын жүзеге асыратын, шығармашылық «акменің»
кəсіби жетістік ретіндегі тұжырымдамасы, диахронды акмеология
мен синхронды конфликтологияның тұжырымдамалы-əдіснамалық
өзара əрекетінің негізінде құрылуы қажет, себебі олар өзара
толықтырушы қатынасында болады, шығармашылықтың макро-
жəне микроаспектілерін зерттейді. Конфликтология шығармашылық
əлеуетті микродамытудың проблемалық-кикілжіңді жағдаяттарын
зерттейді, ал акмеология – микродамудың үдерістері мен нəтиже-
лерін зерттейді.
Шығармашылық іс-əрекетті талдауға арналған синхрония жəне
диахрония категорияларының конструктивтілігі М. Бахтиннің
еңбектерінде атап көрсетілді, қазіргі заманғы шығармашылықтың
рефлексивті психологиясында арнайы зерттелді. Оның аясында
құрастырылған, проблемалық-кикілжіңді жағдаяттарды жетістікпен
шешудің тұжырымдамалы моделі, инновациялық үдерістің
синхронды жəне диахронды аспектілерінің өзара əрекетін ескеріп,
жетістікке шығармашылықпен жетуді сипаттаудың, зерттеудің
конструктивті құралы қызметін атқарады. Осы модельге сəйкес,
шығармашылық іс-əрекет субъектісі санасы мазмұнының екі түрі
айқындалады: интеллектуалды (оның пəнін көрсететін, проблемалық-
кикілжіңді жағдаятты көрсететін жəне оның процедурасын қайта
құратын) жəне тұлғалық (аталған жағдаятты жеңу үдерісінде
ашылатын жəне дамитын «Мен» бейнесін көрсету), сонымен бірге
соған сəйкес мəндер.
Егер интеллектуалды мəндер іс-əрекеттің негіздемесін саналы
ұғынуды қамтамасыз ететін болса, онда тұлғалық мəндер –
проблемалық-кикілжіңді жағдаятты қайта ұғынуды қамтамасыз
етеді. Мұнда жүзеге асырылатын іс-əрекет рефлексияланып
қоймайды, сонымен бірге онда дамитын тұлға рефлексияланады,
бұл кəсіби шеберліктің констелляциясын қамтамасыз етеді. Осы
тұжырымдамалы модель негізінде, эвристикалық рефлексияның,
шығармашылық əлеуетті дамытудың тиімді құралдары құрас-
тырылды, олар синхронды туындайтын проблемалық-кикілжіңді
жағдаяттарды шешу үдерісінде кəсіби шеберліктің деңгейіне жету-
ді қамтамасыз етеді, оларды сəйкес рефлексияда шешу тəжірибесі
шығармашылықты диахронды дамытуға əкеледі.
252
253
Қарастырылатын тұжырымдамаға сəйкес, рефлексия ойлаудың
стереотиптерін ұғынуды, қайта ұғынуды, сананың жаңа мазмұнын
(креативті-инновациялық) құруға дейінгі, оларды эвристикалық
жеңуді білдіреді. Мұндай типтегі рефлексивті қабілеттер жеке
формада дамиды (шығармашылық тапсырмаларды дербес шешуде),
сонымен бірге диалогты жəне топтық формада дамиды (бірлескен
пікірталастар мен өзара əрекетте). Мұнда рефлексияның алуан
түрлері сараланады: интеллектуалды, тұлғалық, коммуникативті,
кооперативті, экзистенциалды, мəдени. Интеллектуалды – когнитивті
іс-əрекетті қамтиды, тұлғалық – жағдаяттағы жеке мінез-құлықты
қамтиды, коммуникативті – тұлғааралық қарым-қатынасты қамтиды,
кооперативті – бірлескен іс-əрекетті қамтиды, экзистенциалды
– өмірлік өзіндік анықталу мен өмір сүруді қамтиды, мəдени –
мəдениетке енуді жəне оны қайта жасауды қамтиды.
Рефлексия жəне оның типтері туралы жоғарыда көрсетілген
ұғымдарға сүйеніп, басқару саласындағы кəсіпқой үшін,
шығармашылық іс-əрекеттегі жетістігі, оның акме-формасына жету
үшін рефлексияның барлық түрлерін меңгеру ғана емес, сонымен
бірге олардың оңтайлы өзара əрекеттестігін дамыту маңызды. Ол
үшін рефлексивті инновациялық ортаның нəтижесінде аса тиімді
жағдайлар құрылады, онда интенсивті ойын əдістері арқылы
адамның рефлексивті шығармашылық мүмкіндіктері дамиды.
Кəсіби білім беруге акмеологиялық тұғырда ендірудің мəні,
білімгерлердің креативті-шығармашылық əлеуетін өзектілеуге,
зерттеуші жəне қалыптастырушы əсерлердің бағыттылығынан,
олардың кəсіби мотивациясын арттырудан, іс-əрекеттегі жетістік
мотивациясын арттырудан құралады, бұлар өз кезегінде студенттерді
оқытудың жəне тəрбиелеудің, өзіндік тəрбиенің жəне өзіндік
дамудың ілгері, қазіргі заманғы əдістемелерін жəне технологияларын
меңгеруге арналған жағдайларды құруды қамтиды. Педагогтарды
даярлау жүйесіндегі акмеологиялық тұғырды жүзеге асырудың
мақсаты ретінде студенттерге акмеологиялық-педагогикалық
əсер ету алынады, бұл студенттердің кəсібиліктің маңызды
көрсеткіші, тіректі қасиеті ретіндегі акмеологиялық бағыттылығын
қалыптастыру үшін қажет.
Студенттерге білім беруді оқу-шығармашылық іс-əрекет ре-
тінде ұйымдастырудың теориялық тұғырларының арасында,
тұлғалық-əрекеттік тұғырға басым орын беріледі. Ол оқытудың
белсенді формаларын жəне əдістерін қолдануды қамтиды (тұлға-
лық бағдарланған немесе дамытушы технологиялар, оқытудың зерт-
теуші, жобалық-конструкторлық, ойын əдістері, оқытудың дара,
топтық формалары), олар тұлғаның шығармашылық қабілеттерін
жəне қажеттіліктерін «арттыруға», оны өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі
маңызды етуге бағдарлауға бағытталған.
Тұлғаның шығармашылық ойлауын белсендіруге, студенттердің
мотивация жəне эмоционалдылық дəрежесін, олардың педагогика-
лық іс-əрекет субъектісі ретіндегі белсенділігін, дербестігін арт-
тыруға мүмкіндік беретін эвристикалық əдістер мен принциптер
біршама ықпал етеді: «миға шабуыл», эвристикалық сұрақтар əдісі,
аналогия əдісі, инверсия əдісі, тапсырманы шешуде басқа деңгейге
өту əдісі, графикалық немесе сызбалық ұсыну əдісі, синектика əдісі
жəне т.б.
Соңғы кезде рефлексивті психологияның жəне шығармашылық
педагогикасының аясында құрастырылатын рефлексияның зерт-
теу əдістері мен білім беру технологиялары (экзистенциалды-
креативті рефлетренинг түрінде, ойын рефлепрактикумы, топтық
рефлепрактикум, рефлетеатрализация, ойын рефлексиясы түрінде)
психотехника, психодрама, психотренинг, ойын техникасы сияқ-
ты белсенді, əлеуметтік-психологиялық əдістердің позитивті
элементтерін біріктіреді жəне конструктивті дамытады.
Топтық белсенді əдістер топтағы креативтілікті арттыру
үшін белгілі жағдайларды құрады, тұлғаның шығармашылық
белсенділігінде қажеттілігін спонтанды ұсынуға ықпал етеді,
нəтижесінде топтық динамикадағы тұлғалық өзін-өзі жүзеге асыру
үдерісін жеделдетеді.
Ойын рефлексиясының құрастырылған дара, диалогты жəне
топтық тəсілдері, білімгерлердің, студенттер мен кəсіпқойлардың
кəсіби-шығармашылық міндеттерді шешуде, сонымен бірге
рефлексияны насихаттауда интенсивті-ойын əдістерін қолдануда,
шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Рефлексивті практикумдардың аясында ұйымдастырылатын
жəне жүзеге асырылатын рефлексивті-инновациялық үдеріс, өмір
сүруде шығармашылық белсенділіктің рөлі, өзіндік дара бейнесі
туралы, адамның ұғымдарын дамыту есебінен, шығармашылық
бірегейлікті көрсетудің саласын кеңейтуге ықпал етеді. Бір мезгілде
тұлғаның акмеологиялық мəдениетінің креативті компоненті жүзеге
асады.
254
255
Акмеологиялық мəдениеттің операционалды, функционалды
компонентін дамытудың тиімді құралы ретінде, өзін-өзі реттеу
принциптеріне негізделген технологиялар қолданылады.
Үздіксіз білім берудің – жалпы мəдени, арнайы кəсіби кеңейтілген
тəжірибесін ғылыми тұрғыда қамтамасыз етуге деген əлеуметтік
қажеттілік, даму психологиясын (адам өмірінің негізгі кезеңдерінде
– балалық шақта, жастық шақта, қарттықта психологиялық
өзгерістерін біртұтас зерттейді) жəне кемелденген адамның
кəсібилігін жəне шығармашылығын зерттейтін акмеологияның
байланысы үшін қосымша қолданбалы алғышарттарды құрады.
Маманның шығармашылық кемелдігі кезеңінде, креативтіліктің
психологиялық заңдылықтарын зерттеудің əлеуметтік мəнділігі,
біріншіден, тұлғаның нəтижелі-қайта құрушы бағыттылығын
анықтайтынына, оның өмірдегі əлеуметтік бағдарланудың
негізгі тірегін құрайтынына негізделеді, екіншіден, кəсіби
шығармашылықтың базалық детерминанты болып табылатынына,
үшіншіден, маманның шығармашылық əлеуетін дамытуға, оның
əлеуметтік сферада өзін-өзі маңызды етуге ықпал ететініне
негізделеді.
Креативті акмеологияның негізгі заңдылықтары үш топ арқылы
берілген: бірінші топ креативті акмеологиядағы қайта құрушы
үрдістердің процессуалды динамикасын ашады; екінші топ
өнімді нəтиже мен шығармашылық үдерістің өзара байланысын
сипаттайды; үшінші топ креативті үдерісті ұйымдастырудың
формаларын жəне жанама басқарудың механизмдерін анықтайды.
Маманның креативті-тұлғалық дамуының заңдылықтары ерекше
топқа айқындалады.
Креативті тұлғаның өзін-өзі маңызды ету үдерісінде, маман-
ның шығармашылық кемелдігінің қалыптасуы жəне дамуы,
акмеологиялық онтогенез барысында, рухани, тұлғалық жəне кəсіби
акмеге (шың) жетуде адам өмірінің нəтижелі кезеңі болып табылады.
Болашақ маманның кəсіби «Менін» зерттеудегі интегративті
тұғыр, психологиялық танымның құрылымына онтологиялық
субъектінің, жүйеліліктің жəне белсенділіктің өзара байланысқан
əдіснамалық принциптерінің негізгі бағыттарын қамтиды.
С.Л.Рубинштейн құрастырған онтологиялық принцип кəсіби
«Менді» «адам-əлем» қатынасының жалпы заңдылықтары
тұрғысында, əлеуметтік-психологиялық категория ретінде талдауға
мүмкіндік береді. Психологияның онтологиялық принципі, кəсіби
«Менді» жүзеге асырудың алуан түрлі тəсілдерін ашады, адамдағы
белсенділіктің қайнар көзі, өзінің қоршауының орталығы ретінде,
болмысты игерудің алуан түрлі типтерін ашады.
К.А. Абульханова-Славскаяның пікірі бойынша, тұлғаның
санасының өзіндік сана, рефлексия ретіндегі өзінің өмірлік
позициясын, өзіне қатынасын анықтау, ұғыну қабілеті ашылады.
Болашақ мамандардың кəсіби «Менін» креативті дамыту үдері-
сін түсіндіру үшін С.Л. Рубинштейннің «адамның құрылысы»
ретіндегі шығармашылық туралы іргелі идеясы ерекше құндылыққа
ие болады. Адам шығармашылықта ең алдымен, осы жолды жəне
өзін жолаушы ретінде қайта жасайды.
С.Л. Рубинштейннің ой-пікірлеріне сүйеніп, шығармашылықты
тұлғаның кəсіби «Менін» креативті дамытудың жасампаздық
қайнар көзі деп санаймыз. Бұл қағида бірінші кезекте күрделі жəне
көпқырлы анықталатын, тұлғаның көптеген қасиеттерін жүзеге
асырудың ортасына қатысты болады. Креативті даму үдерісінде,
тұлға өмірлік əлеуетті, идеалдарды жəне базалық сенімдерді жүзеге
асырады, туындатады, өзін үздіксіз кеңейтеді, іс-əрекет, қарым-
қатынас, таным тəсілдерін, өмір сүру стилін кəсіби «Менмен» сəй-
кес шоғырландырады.
Соған байланысты, К.А. Абульханова «шығармашылық ұғы-
мының, ең алдымен заттар мен өнімдерді құру саласына емес, адам-
дар қатынасына, олардың адамдығының деңгейіне» қатысты бола-
тынын атап көрсетеді. Мұнда шығармашылық жоғары гуманистік
идеалдарға сəйкес, адамзат қатынасын құрудан құралады.
Көріп отырғанымыздай, өзін-өзі жетілдіру жəне кəсіби өзін-өзі
дамыту зерттеулерінде, болашақ мамандардың шығармашылық ішкі
өміріне зейін аудару қажеттілігі көрсетілген.
Бұл тұрғыда А. Маслоудың пікірін атап өткен жөн, оның пікірі
бойынша, «шығармашылық – адамның əмбебап функциясы, ол
адамның өзін-өзі танытуының барлық формаларына əкеледі,
шығармашылық қабілеті туа біткен қабілет болып саналады, ол
əрбір адамның негізіне қаланған, арнайы талантты талап етпейді,
сондықтан шығармашыл адамдар ретінде үй шаруасындағы əйелдер,
бизнесмендер, профессорлар бола алады». Мұнда ол «алғашқы»
жəне «екінші» креативтілікті айқындайды.
«Алғашқы креативтілік» жаңашылдықтың қайнар көзі, идея-
256
257
лардың шынайы жаңашылдығының бастауы ретінде болатын бей-
саналыдан туындайды. Ол интеллектуалды ойынның түрі болып
саналады, адамның өзімен-өзі болуына, фантазиялауына, еркін бо-
луына мүмкіндік береді. Мұндай бірінші креативтілік – бұл əрбір
адамда болатын мұра, жалпы жəне əмбебап жетістік. Ол барлық дені
сау балаларда болады, алайда көпшілік адамдар өсе келе, одан айы-
рылады.
«Екінші креативтілік» ұғымын А. Маслоу шығармашыл
емес адамдардың көпшілік басқа адамдармен жұмыс істей оты-
рып, ұқыпты, зейінді болып, жаңалықтарды жасай жəне аша ала-
тын ұғымынан шығарды. Автор креативтіліктің аталған түрінің
ғылымнан шығатынын жəне логикалық, рационалды болатынын
көрсетеді.
Сонымен, кəсіби «Меннің» креативті дамуы, əрбір болашақ
маманның бірегейлігімен жəне өзіндік бейнесімен байланысты
болады. Аталған үдеріс бір жағынан, оның жоғары білім беру
жүйесіндегі мақсатты бағыттылығын білдіреді, ал екінші жағынан,
болашақ кəсіпқойлардың тұлғалық-кəсіби қасиеттерін қайта құруды
білдіреді.
О.Д. Никитин креативті дамуды тұлғаның өзінің ішкі əлемін
қоршаған ортаны бірте-бірте меңгеру ретінде сипаттайды, бұл
болашақ кəсіби іс-əрекеттегі меңгерілген дағдылар мен құ-
зырлылықтарды қолданудың өзін-өзі тану құралдары болып
табылатынын атап көрсетеді.
Болашақ мамандардың креативті дамуының негізгі өлшемдеріне
О.Д. Никитин келесілерді жатқызады:
• Жаңа тəжірибеге деген ашықтық, кəсіби іс-əрекет саласын-
да жаңа идеялар мен жаңалықтардың жаңа модельдерінің өзара
əрекетін басшылыққа алу мүмкіндігі. Ашықтықтың туындауы жəне
қалыптасуы үшін соған сəйкес жағдайларды құру қажет.
• Шығармашылық əлеуетті көбейту. Шығармашылық ресурс-
тарды белсендіру рөлдік модельдеуді қолдану арқылы жүргізілуі
мүмкін, бұл болашақ кəсіби іс-əрекетте қолданылатын жұмыс
дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
• Кез келген кəсіпте аса маңызды болатын шоғырлану қабілеті.
• Эмпатия. Аталған критерий бірлескен іс-əрекетте позитивті
өзара қатынастарды құруға ықпал етеді.
• Оқу үдерісіне енгізілу. Аталған өлшем кəсіби даярлаудың
əртүрлі сатысында болашақ іс-əрекеттің дағдыларын бекітумен
байланысты. Мұнда теориялық жəне практикалық материалды
координациялау үлкен рөл атқарады.
Болашақ мамандардың кəсіби «Менін» креативті дамыту
нəтижесінде, субъектілі кеңістікті кеңейту, жауапкершілікті арт-
тыруды қамтитын, тұлғаның кəсіби жəне адамгершілік байытуы
жүзеге асады; тұлғаның бағыттылығы өзгереді, жетістік мотивтері
өзектіленеді, өзін-өзі дамыту қажеттілігі артады; іс-əрекеттің дара
стилі жетілдіріледі, креативтілік пен біліктілік артады.
Шығармашыл «Меннің» құрылымының сапалық сипаттамасы
келесі көрсеткіштерді анықтайды: шығармашылық қиял, креативті,
өзін-өзі маңызды ету, синергия, спонтандық, танымдық қажеттілік,
эмоционалды тұрақтылық, рефлексия, мазасыздану, экспрессивтілік,
мінез-құлықтың икемділігі, сезімталдық, интеллект, контактіні қайта
құру қабілеттері.
Компонентішілік
жəне
компонентаралық
байланыстар
шығармашыл «Меннің» құрылымдық ұйымдасуының, деңгейлерінің
жəне типологиясының интеграциялану дəрежесін анықтайды.
Шығармашыл
«Меннің»
құрылымдық
ұйымдастырудың
типіне байланысты, өмірлік маңызды жəне мансаптық бағ-
дарлардың интеграциясындағы мəнді айырмашылықтар құрыл-
ған. Шығармашыл «Мен» теңдестірілген құрылымының тұ-
рақтылығы кəсіби іс-əрекеттің саналы ұғынылуымен анықталады,
ол құндылықтардың жоғары мəнімен, жоғары адамгершілік
сезімталдықпен айқындалады.
Əрекеттік жəне мотивациялық компоненттердің айқын да-
муымен, шығармашыл «Менді» теңдестірілмеген құрылымдық
ұйымдастыруда жаңаны құруға ұмтылыс, өмірлік нақты
мақсаттардың болуы, іс-əрекеттегі ішкі қажеттілікті көрсетеді.
Қазіргі кезде, жоғары оқу орнында студенттердің шығар-
машылығын дамыту мəселесінің ерекше мəні болады. Бұл
ғылымның барлық салаларының, өндірістің, басқарудың, педагогика
мен өнердің, шығармашылыққа бейім адамдарға деген сұраныстың
болуымен байланысты.
Қазіргі білім беру жүйесі студенттердің тұлғасына қатысты,
шығармашылық арқылы əлемді тұлғалық көруді қалыптастыруға
тырысады. Бұл жүйенің күш-қуаты тұлғаны қайта жасауға емес,
индивидтің оқыту үдерісінде қабілеттерін дамытуға бағытталуы
|