Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет26/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
Акмеология


258
259
керек. Қазіргі білім беру жүйесінде қалыптасқан, индивидтің білімді 
меңгерудің  шектеулі  мүмкіндіктері  мен  білімді  жедел  қарқында 
көбейту  арасындағы  қарама-қайшылық,  педагогикалық  теориядан, 
жан-жақты дамыған тұлғаның абсолютті білім беру идеалынан бас 
тартуын  талап етеді, жаңа идеалға – адамның қабілеттерін барынша 
дамыту,  өзін-өзі  реттеу  жəне  өзіндік  білім  алу  қабілетін  барынша 
дамытуға өтуді талап етеді. 
Қазіргі  кезде  креативтілік  ұғымы  адамның  немесе  адамдар 
тобының бұрын болмаған жаңаны құрудағы үдерістің өткен, соған 
сəйкес жəне келесі сипаттамаларын қамтитыны белгілі. 
Жоғары  білім  берудің  басты  құндылығы  ретінде,  адамның 
зерттелетін  құбылыстың  шекарасынан  шығудың  қажеттілігі  мен 
мүмкіндігін,  өзін-өзі  дамыту  қабілетін,  өмір  бойы  икемді  өзіндік 
білім алу қабілетін қалыптастыру болуы қажет. 
Оқыту  кезеңі  бойында  шығармашылық  əлеуетті  дамыту, 
студенттерге  өзіндік  кəсіби  іс-əрекетте  пайдалы  болатын  білімнің 
салаларын берік меңгеруге көмек береді. Интуиция мен фантазияны 
тəрбиелеуде,  дамытудағы  басты  мəселе – практикалық  жұмыс, 
яғни осы тəрбиенің басты құралы – шығармашылық əрекет болып 
саналады. Шығармашылық үдерісі күрделі жəне дара. 
Шығармашылық  өзін-өзі  жүзеге  асыру  индивидуумның  бейім-
делу  кезеңінде,  қысқа  мерзімде  жаңаны  құруын,  жедел  мансаптық 
өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, шығармашылық бастауды 
жүзеге  асыру  үдерісі  ретінде,  философиялық,  психологиялық-
педагогикалық,  акмеологиялық  зерттеулердің  пəні  болады,  оның 
зерттеу  нысаны  ретінде,  ересек  адамдар  мен  олардың  кəсібиліктің 
шыңдарына өзіндік қозғалысы алынады. 
Əлеуметтік-мəдени  саладағы  болашақ  мамандарды  кəсіби 
даярлау  олардың  іс-əрекеттің  алуан  түрлеріне  қатысуы  арқылы 
қалыптасады, бұл маманды кəсіпқой ретінде тəрбиелеуді, білім, бі-
лік жəне дағдыларды меңгерген тұлғаны қалыптастыруды қамтиды. 
Мұндай  кəсіби  іс-əрекет  профиліндегі  мамандардың  алдына, 
əрдайым  дəстүрлі  жолдармен  емес,  креативті  тұғыр  талап  етілетін 
міндеттер қойылады. 
Студенттердің акме-креативті өзін-өзі жүзеге асыруы, тұлғалық-
бағдарлы  тұғырда  жүзеге  асыру,  шығармашылық  ойлауды  дамыту 
үдерісін педагогикалық, рационалды басқаруды құру, əрбір адамның 
өзіндік құндылығы принципіне негізделеді. Жоғарыда айқындалған 
принцип,  қазіргі  жағдайда  оқу-тəрбие  үдерісінің  психологиялық 
жəне  педагогикалық  заңдылықтарын  терең  зерттеуді  қамтиды, 
сонымен бірге жоғары оқу орнындағы оқытушының психологиялық-
педагогикалық  құзыреттілігін  арттыруды  қамтиды.  Студенттердің 
креативті  қабілеттерін,  өзін-өзі  жүзеге  асыруын  қалыптастыруға 
бағдарланған оқытушы, ең алдымен, кəсіби жəне тұлғалық даралық 
ретінде қалыптасуы керек. 
Педагогикалық  үдерісті  қайта  талдайтын  болса,  онда  екі 
жүйені  көруге  болады:  бірінші  жүйе  оқытушыны  креативтілікке 
даярлау  үдерісімен  байланысты,  ал  екінші  жүйе – студенттермен 
тікелей  өзара  əрекет  барысындағы  креативтілік.  Қарым-қатынас 
жəне  ынтымақтастық,  педагогикалық  шығармашылықтың  бөлігі 
ретінде,  білімгерлер  мен  оқытушының  қарым-қатынасына 
шығармашылықтың  енуі – бұл  нəтижелі  педагогикалық  үдерістің 
міндетті  жағдайлары.  Білім  беру  əрекеттестігі  жағдайында,  акме-
креативті  өзін-өзі  жүзеге  асыру,  байланысқа  түсетін  оқытушы 
мен  студенттің  өзін-өзі  дамытудың  бастапқы  деңгейіне  тəуелді 
болады,  олардың  нəтижелерді  меңгеруімен  анықталады.  Өзара 
əрекеттестіктің  өзі,  тұлғалық  дамуға  жағдайлар  құрады,  оның 
барысында  субъект  біршама  дəрежеде  басқаның  көмегі  арқылы 
өзіне терең үңіледі. Мұнда индивид даму деңгейіне сəйкес белсенді, 
таңдамалы позицияны ұстанады. 
Аталған  проблематика  білім  беру  акмеологиясының  пəніне 
қатысты  болады,  оның  орталық  міндеті  ретінде,  болашақ 
мамандардың потенциалды мүмкіндіктерін өзекті ететін, дамытатын 
тəсілдер  мен  жолдарды  іздеу,  олардың  кəсібиліктің  шыңдарына 
жетуге ұмтылысы алынады (В.А. Якунин). Акмеологиялық тұғырды 
қазіргі  кəсіби-педагогикалық  білім  беруде  жүзеге  асыру,  болашақ 
мамандардың  кəсіби  мотивациясын  күшейтуді,  олардың  креативті-
шығармашылық əлеуетін ынталандыруды, тұлғаның акмеологиялық 
бағыттылығын қалыптастыру арқылы кəсіби іс-əрекетте жетістікке 
жету  үшін  тұлғалық  ресурстарды  нəтижелі  қолдануды  жəне 
анықтауды қамтамасыз етеді. 

260
261
3.3  Креативті  акмеологиялық  тəжірибедегі  инновациялық 
үдерістің спецификасы 
Тақырыптың  негізгі  ұғымдары:  инновация,  инновациялық 
іс-əрекет,  инновациялық  үдеріс,  шығармашылық  іс-əрекет, 
акмеологиялық  технологиялар,  креативті  іс-əрекет,  тұлғаның 
инновациялық əлеуеті.  
Қоғамның  жедел  дамуы  жағдайында  білімнің  рөлі  аса  айқын-
дала  түседі.  Педагог  кəсіби  үдерістің  субъектісі  ретінде  болып, 
білім  беру  саласындағы  инновациялардың  басты  əрекет  етуші 
тұлғасы болады. Білім беру саласының қазіргі кезде инновациялық 
іс-əрекетке  даярлықтың  жоғары  деңгейі  бар  педагогтарға  деген 
сұранысы  болады.  Осыған  байланысты  жаңашыл  педагогтарға 
деген  артып  келе  жатқан  қажеттілік,  педагогтарды  инновациялық 
іс-əрекетке  дайындау,  дамыту,  жетілдіру  жүйесін  ұйымдастыруды  
талап етеді. 
Болон үдерісіне қатысып, Қазақстан əлемдік білім беру қауым-
дастығына  енеді.  Бұл  жол  көптеген  мəселелерді  шешуді  қамтиды, 
олардың  бірі  ретінде,  жоғары  білікті  кадрларды  даярлау  алынады, 
ол қазіргі жағдайда инновациялық құрамдассыз мүмкін болмайды. 
Акмеология  іс-əрекеттегі  кəсібиліктің  шыңдарына  жетуге 
ықпал  ететін  факторлар  туралы  ғылым  ретінде,  кəсібилік  пен 
шығармашылықтың  арақатынасы  туралы  мəселесін  қарастырады. 
Бұл  категориялар  инновациялық  іс-əрекеттің  негізіне  алынады. 
Инновация – жаңашылдық,  шығармашылық  іс-əрекеттің  прог-
рессивті нəтижесі, ол кең қолданысқа ие болады жəне адам, қоғам 
өміріндегі біршама маңызды өзгерістерге əкеледі. Яғни, инновация 
жаңашылдық ретінде, осы жаңашылдықты тəжірибеге ендіру үдерісі 
ретінде анықталады. Инновациялық іс-əрекет – бұл инновацияларды 
құру, игеру, тарату жəне қолдану бойынша іс-əрекет. 
Инновациялық 
үдерістерді 
зерттеушілер, 
инновациялық 
үдерістерді  зерттеудің  микро-  жəне  макродеңгейлерін  анықтап, 
инновацияның  «өмірлік  айналымның»  тұжырымдамасын  сипат-
тайды. 
Қазіргі  кезде  ғылыми  əдебиеттерде  инновациялық  үдерістерді 
сатыларға  бөлудің төмендегі сызбасы қалыптасты: 
1.  жаңа  идеяның  туындау  сатысы  (жаңашылдық  тұжырым-
дамасының пайда болуы); 
2.  өнертапқыштық  сатысы  (объектіге  айналған  жаңашылдықты 
құру, материалды немесе рухани өнім-үлгі);
3. жаңа өзгеріс сатысы (жаңашылдықты тəжірибеде қолдану, оны 
өңдеу);
4. жаңашылдықты тарату сатысы (кең ендіру, жаңа салаларға та-
рату);
5. жаңашылдықтың нақты саладағы басымдылығы (жаңашылдық 
өзінің жаңалығын жоғалтады);
6. жаңашылдықты қолданудың ауқымын қысқарту сатысы (оны 
жаңа өніммен алмастыру). 
Инновациялық  іс-əрекеттің  мəнін  талдаудағы  акмеологиялық 
тұғыр,  тұлғаның  өркендеу  кезеңінде  дамуының  заңдылықтарын 
ұғынуға, дара жəне шығармашылық бастауын арақатынаста ұстауға 
мүмкіндік береді. 
Акмеологиялық тұғырда Н.Ф. Вишнякова шығармашылық үде-
рістің келесі сатыларын айқындайды: 
1. идеялардың туындауы; 
2. идеяның жетілуі жəне стратегияны іздеу;
3. мəселені бейсаналы тұрғыда шешу;
4. идеяны материализациялау жəне түпкі ойды жүзеге асыру;
5. маңызды креативті нəтижелерді тəжірибеге ендіру. 
Шығармашылық  үдерістің  сатылары  толыққанды  шамада 
инновациялық  іс-əрекеттің  сатыларымен  арақатынаста  болады. 
Бұл мағынада «шығармашылық іс-əрекет» жəне «инновациялық іс-
əрекет» ұғымдары ұқсас, теңестірілген ұғым болып саналады. 
Инновациялық  педагогикалық  іс-əрекетке  дайындық  деп  бола-
шақ  мамандарды  өзіндік  педагогикалық  іс-əрекетін  жетілдіруге 
бағыттылығын  анықтайтын  сапалардың  жиынтығын  түсіндіруге 
болады. 
Инновациялық  іс-əрекетке  дайындықтың  құрылымында  келесі 
компоненттерді  ажыратуға  болады:  мотивациялық,  когнитивті, 
əрекеттік. 
Инновациялық 
іс-əрекетке 
дайындықтың 
мотивациялық 
компонентінің  негізінде,  таңдалған  кəсіпке,  өзін-өзі  жүзеге  асы-
ру,  өзін-өзі  дамытуға  деген  жағымды  қатынас,  тұрақты  кəсіби 
бағыттылық, кəсіпке деген қызығушылық болады. 
Дайындықтың  когнитивті  компонентінің  негізінде,  оқытыла-
тын  пəнді  меңгеру,  оның  əдістемесін  меңгеру,  педагогтің  кəсіби 

262
263
білім  берудің  нəтижесіне  қойылатын  қазіргі  заманғы  талаптар 
туралы білім саласындағы, инновациялық модельдер мен білім беру 
технологиялар саласындағы құзыреттілігі болады. 
Дайындықтың  əрекеттік  компонентін  инновациялық  үдерісті 
басқару  үшін  қажет  біліктер  кешені  құрайды:  шығармашылықпен 
ойлау шеберлігі, білім беру үдерісін жетілдіру бойынша инновация-
лық  ұсыныстарды  құрастыру  жəне  негіздеу  шеберлігі,  жаңашыл-
дықты ендіру жобаларын құрастыру шеберлігі, өзін инновациялық 
іс-əрекет субъектісі ретінде, инновациялық іс-əрекетті ұйымдастыру 
жүйесін талдау жəне бағалау шеберлігі. 
Инновациялық  іс-əрекетке  дайындықтың  жоғары  нəтижелеріне 
жету,  адамның  креативті-шығармашылық  əлеуетін  дамытуға,  оның 
өзін-өзі  жүзеге  асыруға  бағытталған  акмеологиялық  технология-
ларды жоғары оқу орнының ғылыми-білім беру үдерісінде қолдану-
да мүмкін болады. 
Акмеологиялық технологиялар ғылым ретіндегі акмеологияның 
өзгеше əдісіне негізделеді. Мұнда кəсіби іс-əрекеттің нəтижелілігі-
нің  əртүрлі  деңгейлерін,  жоғары  деңгейдегі  мəнді  белгілерді 
айқындауды  зерттеудің  салыстырмалы  принципі  туралы  айтуға 
болады. Осы принциптің көмегі арқылы, студенттерге тиімділіктің 
əртүрлі  деңгейдегі  мұғалімдердің  іс-əрекетінің  идеалданған 
модельдері  ұсынылады,  білімгерлердің  даму  шамасының  өлшемі 
бойынша,  оқу  ақпаратының  құралдары  арқылы  осы  модельдерге 
дербес  салыстырмалы  талдау  жүргізу  ұсынылады.  Студенттер 
тиімді  іс-əрекетті  ынталандыратын  жəне  оған  кедергі  келтіретін 
заңдылықтарды, жағдайлар мен факторларды анықтайды, өздерінің 
іс-əрекет  бағдарламасы  жүйесіне  қатысты  шығармашылық 
шешімдерді қабылдайды. Осылайша, оларда іс-əрекеттің авторлық, 
өзіндік  жүйесін  жобалау,  модельдеу,  жеке  апробациялау,  түзету 
мəселелерінің  шығармашылықпен  шешу  тəжірибесі  қалыптасады, 
дамиды, инновациялық іс-əрекетке деген шығармашылық дайындық 
дамиды. 
Педагогикалық инноватиканың қалыптасуында, психологиялық-
педагогикалық, аксиологиялық, мəдениеттанушы жəне рефлексивті-
креативті аспектілерін қайта талдау, инновациялар мен инновациялық 
үдерістердің  мəнді  сипаттамасындағы  негізгі  тұғырларды  анықтау 
қажет. 
Психологиялық-педагогикалық  тұғыр,  инновациялық  үдеріс-
терді  білім  беруді  демократияландыру,  гуманитарландыру,  ком-
пьютерлендірудің  бағыты  ретінде,  сонымен  бірге  оқытуды  жəне 
білімгерлердің  оқу  еңбегін  дараландырудың  бағыты  ретінде 
қарастырады. 
Аксиологиялық  тұғыр  инновациялық  білім  беру  үдерістерін, 
педагогтардың  инновациялық  іс-əрекетін  мекеменің  құндылық 
тұжырымдамасының  көрінісі  жəне  кəсіби  іс-əрекетте  тұлғаның 
құндылық бағдарларының көрінісі ретінде түсіндіреді. 
Мəдениеттанушы тұғырда инновациялық білім беру үдерістері, 
əлеуметтік-гуманистік бағдарламасы жəне таңдамалы бағыттылығы 
бар мəдениет құбылысы ретінде болады. 
Рефлексивті-креативті  тұғыр  инновациялық  білім  беру 
үдерістерін  шығармашылық  үдеріс  ретінде  сипаттайды,  оның 
жоғары  деңгейін – авторлық  педагогикалық  жүйелерді  құруды, 
педагогтардың үздіксіз өзін-өзі тануына, өзін-өзі өзгертуге, өзін-өзі 
дамытуға бағдарын құруды қамтиды. 
Инновациялық  үдерістерде  объективті  (əлеуметтік)  жəне 
субъективті  компоненттер  болады.  Білім  беру  мекемесіндегі 
инновациялық іс-əрекет педагогтің жəне кəсіби ұжымның дамуына 
қолайлы  жағдай  жасайтын  рефлексивті-креативті  акмеологиялық 
ортаны құрады (Н.В. Вишнякова). 
Қазіргі  заманғы  зерттеушілердің  еңбектерінде  (В.С.  Леднев,  
Б.Т.  Лихачев,  В.Д.  Шадриков  жəне  т.б.)  білім  беру  индивидті 
ағартудың  тəсілі  ғана  емес,  мəдениетті  дамытудың  механизмі, 
оның  құндылықтарын  меңгеру,  əлемнің  бейнесін  қалыптастыру 
механизмі  ретінде  көрсетіледі.  Соған  сəйкес,  инновациялық 
білім  беру  үдерістері  өзінің  мазмұнына  қазіргі  жəне  болашақ 
ұрпаққа  адамзаттың  өмір  сүруін,  прогресті  қамтамасыз  етуі,  білім 
берудегі  жағымсыз  үрдістерді  жеңуге,  білім  берудің  əлеуметтік 
өмірдің,  мəдениеттің  басқа  формаларымен,  əлемдік  дамудың 
перспективасымен арақатынас жасауға көмек беретін жаңа құндылық 
бағдарларды қамтуы керек. 
Инновациялық үдерістерді зерттеудің маңызды міндеті ретінде, 
білім беру мекемесінің тəжірибесінде педагогикалық жаңашылдықты 
құру  жəне  қолдану  үдерістерін  басқарудың  мүмкіндіктерін  ашу 
алынады.  Қазіргі  білім  беру  мекемесінің  іс-əрекетінің  жоғары 
динамизмі,  сыртқы  жағдайлардың  өзгермелілігі,  инновациялық  іс-
əрекетті  мақсатты  бағытталған  тұрғыда  ұйымдастыруды  қамтиды. 

264
265
Инновациялық  іс-əрекетті  жаңарту,  тұжырымдау  жəне  нəтижелі 
ұйымдастыруды  білім  беру  мекемесін  дамытудың  механизмдері 
ретінде  қамтамасыз  ету  осы  дамуды  қамтамасыз  етудің  маңызды 
бағыты болып табылады. 
Білім  берудегі  инновациялық  үдеріс  білім  беру  ортасын 
ұйымдастыру  үдерісі,  онда  оқыту  мен  тəрбие  мəдениеттанушы 
тұғырда  қарастырылады,  онда  педагогтің  мəдени  құндылықтарға 
қатынасы қоғамдық жəне ұлттық сананы дамытудың, сонымен бірге 
инновацияларды жүзеге асыратын білім беру мекемесінің маңызды 
факторы болады. 
Инновациялық  үдерістің  негізіне  жаңаны  құрудағы  əлеуметтік 
негізделген қажеттілік пен оны қанағаттандыруға қажет жағдайлар 
мен құралдардың болмауы арасындағы қарама-қайшылық алынады. 
Жаңаны бекіту үшін ескінің бөлігінен, дəстүрліден біршама ауытқу 
қажет.  Осы  ескіге  сүйеніп  жəне  педагогикалық  құндылықтарға 
бағдарланып,  педагогтар  қалыптасатын  білім  беру  тəжірибесінің 
пайдасына таңдау жасайды, мұнда олар «зиян келтірме» принципін 
ұстануы  керек.  Инновациялық  іс-əрекеттің  кезекті  буынында, 
маңызды жəне қажеттінің арасындағы келісім басталады, байқалады, 
бұрын  қабылданған  шешімдермен  қанағаттанбаушылық  пайда 
болады, жаңа тұрғыларды талап ететін жаңа мəселе жетіледі. 
Инновациялық 
іс-əрекетті 
ұйымдастырудың 
логикасы, 
акмеологиялық  жəне  педагогикалық  ғылымда  негіздемелі  түрде 
танылған бірізділік құрылады: 
– білім беру жүйесін мəселелік-бағдарлы талдау;
– қаланатын қалыптың тұжырымдамалы жобасын қалыптастыру 
(болашақ);
–  жаңартылған  білім  беру  жүйесіне  өтудің  стратегияларын, 
негізгі бағыттарын жəне міндеттерін құрастыру;
– жаңартылған жүйеге қозғалыстың мақсаттарын құру;
– қайта құрудың операционалды жоспарын құрастыру (іс-əрекет 
жоспары);
– инновациялық даму бағдарламасының сараптамасы (бағалау).
Мəселелік-бағдарлы  талдау  білім  беру  жүйесінің  дамуын  
тежейтін  жəне  шешуді  талап  ететін  негізгі  мəселелерді  анық-
тауға  бағытталған.  Ол  үшін  білім  берудің  мақсаттарын  жəне 
нəтижелерін,  білім  беру  үдерісінің  күйін,  білім  беру  əрекетінің 
ұйымдастырушылық-педагогикалық  жағдайларын  зерттеу  қажет 
болды. 
Қаланатын  қалыптың  (күй)  тұжырымдамалы  жобасын  қа-
лыптастыру  келесі  сатыларды  қамтиды:  жаңашылдықты  іздеу, 
оларды  жүзеге  асыру,  мəселелерді  шешуге,  білім  беру  жүйесін 
жаңартудың  негізіне  алынатын  негізгі  идеяларды  құрастыруға 
мүмкіндік береді. 
Жаңартылған  білім  беру  жүйесіне  өтудің  стратегиясын  құрас-
тыру  келесі  əрекеттерді  қамтиды:  басымдылық  дəрежесі  бойынша 
өзгерістерді топтастыру; қайта құруды талап ететін əрбір іс-əрекет 
бағытының ұзақтығын бағалау; қайта құруды жүзеге асырудың жал-
пылама  кестесін  құру;  оларды  жүзеге  асыру  мерзімдерін  анықтау. 
Əрбір бағытқа қатысты нақты, прогностикалық ұсынылған мақсат-
тар құрастырылуы қажет. 
Операционалды  жоспарлау  жаңартудың  əрбір  бағыты  бойын-
ша жүзеге асырылуы жəне келесі əрекеттерді қамтуы керек: нақты 
əрекеттердің  құрамын  анықтау;  олардың  координациясын  жəне 
тұтастығын қамтамасыз ету, ресурстық қамтамасыз ету, мақсаттарды 
жүзеге асыруды жүйелі бақылау. 
Дамудың  негізгі  ұйымдастырушылық-педагогикалық  шарттары 
ретінде анықталатындар: 
• инновациялық дамытушы ортаны құруға əкелетін инновация-
лық іс-əрекетті мақсатты бағытталған тұрғыда педагогикалық ұйым-
дастыру;
•  кəсіби  ұжымның  инновациялық  іс-əрекетке  дайындығын  қа-
лыптастыру. 
Зерттеушілердің  инновациялық  үдерістерді  басқару  мəселесі 
бойынша ұстанымдарды жинақтап, Т.В. Волченкованың зерттеуіне 
сүйеніп,  инновациялық  іс-əрекетті  ұйымдастырудың  негізіне 
алынатын  бірқатар  түбегейлі  ұстанымдарды  анықтауға  болады: 
болжаудың, жоспарлаудың, оқытушыларды шығармашылық ізденіске 
ынталандырудың  басымдылығы;  жетістікке  бағдарлану,  жұмысқа 
деген  шығармашылық  тұғырдың  тартымдылық  ситуациясын  құ-
ру;  мақсаттарды  жүзеге  асырудың  сатылығы;  жаңа  енгізулердің 
эмоционалды  тартымдылық  «өрісін»  құру;  оқытушылардың 
орындалатын жұмыстың мəнділігін жеке саналы ұғыну. 
Оқытушының  инновациялық  іс-əрекетке  дайындығы  көп 
жағдайда  тұлғаның  қажеттілік-мотивациялық  саласының  күйі-
мен  анықталады.  Кəсіби  ұжымның  инновациялық  іс-əрекетке 
дайындығын  қалыптастыру,  оқытушылардың  аналитикалық  жəне 

266
267
жобалаушы іс-əрекетке мақсатты бағытталған тұрғыда енуі арқылы, 
қазіргі  білім  беру  технологиясын  меңгеру  саласында  біліктілігін 
арттыру  арқылы  шығармашылық  іс-əрекетті  ынталандыру,  инно-
вациялық  əлеуеттік  жəне  оқытушылардың  құзыреттілігін  дамыту 
арқылы жүзеге асырылуы қажет. 
Қазіргі  заманғы  ғылыми  зерттеулер  əлеуетті   «құралдар,    ресурс-
тар, мүмкіндіктердің жиынтығын» білдіретін жалпы ғылыми катего-
рия  ретінде  анықтайды.  Философияда  əлеует  ұғымы  мүмкіндіктер 
мен  ресурстар  туралы  ұғымдармен  байланысты.  Психологияда 
тұлғаның  əлеуеті  ұғымы  өмірдің  мəнін  тануға  ұмтылыспен  (В. 
Франкл);  тұлғаның  жасырын  ресурстарын  табу,  білім,  біліктерді 
жəне  басқа  көрсеткіштерді  нақты  əрекетке  алмастыру  үдерісімен 
байланысты  өзектілеумен  (А.  Маслоу);  адамның  өзін-өзі  дамытуға 
тұлғалық  өсуге  қажеттілігімен  (К.  Роджерс)  байланыстырылады. 
Тұлғаның  əлеуетінің  мазмұнына  А.А.  Деркач  жəне  В.В.  Зазыкин 
«тұлғаның  табиғи-негізделген    қабілеттерін,  тұқым  қуалаушы 
факторларын, сонымен бірге үнемі жаңартылатын жəне көбейтілетін 
ресурстар  жүйесін – интеллектуалды,  психологиялық,  ерікті 
ресурстарды  жатқызады,  бұлар  өз  кезегінде  ілгері  тұлғалық  жəне 
кəсіби дамуға ықпал етеді». 
Жалпы  мағынада  тұлғаның  əлеуеті,  оның  ресурстық  қорын 
білдіреді, ол өзектіленуі мүмкін, тұлғаның қабілеттерін дамытудың 
қолайлы жағдайларында, белгілі нəтижеге жетуде əрекет етуі мүмкін, 
сонымен бірге іс-əрекеттің міндеттерін қою мен шешу сферасында  
тұлғаның мүмкіндіктер шамасында əрекет етеді. 
Тұлғаның  инновациялық  əлеуетін  зерттеудің  теориялық-
əдіснамалық  негізі  ретінде,  тұлғаның  өмірін  талдаудағы  жүйелі-
динамикалық тұғыр (С.Л. Рубинштейн, К.А. Абульханова-Славская, 
Л.И.  Анцыферова);  өзіндік  өмір  сүрудің  субъектісі  ретінде  адам 
туралы  ұғымдарды  талдау  (Д.Н.  Узнадзе,  А.В.  Брушлинский  жəне 
т.б.);  инновациялық  іс-əрекеттің  моделін  құрудағы  акмеологиялық 
тұғыр  (А.Н.  Рыбников,  Б.Г.  Ананьев,  Н.В.  Кузьмина,  А.А.  Деркач 
жəне т.б.) алынады.
Инновациялық  əлеует  адамның  əлеуетінің  алуан  түрлілігі 
контексінде  қарастырылады.  Адамның  қарастырылатын  əлеуетінің 
спецификасы  ретінде  оның  инновациялық  іс-əрекетке  таратушы 
рөлінде  енуі  алынады.  Соған  байланысты  инновациялық  іс-
əрекет  туралы  қазіргі  заманғы  ұғымдарды  зерттеуге  арнайы  назар 
аударылады (Ю.П. Морозов, Э.М. Роджерс жəне т.б.).
Тұлғаның  инновациялық  əлеуетінің  жалпы  құрылымы, 
мотивациялық  (ең  алдымен  жетістік  мотивациясы)  саланы  талдау 
арқылы,  эмоционалды-ерікті,  когнитивті  (ойлаудың  дивергенттігі, 
ойлау  үдерісінің  икемділігі  немесе  ригидтілігі)  саланы  талдау 
арқылы  сипатталады;  іс-əрекет  субъектісінің  дара-психологиялық 
ерекшеліктер  жүйесі  (бағыттылық,  шығармашылық  қабілеті, 
бақылау локусы жəне т.б.) арқылы сипатталады. 
Тұлғаның  инновациялық  əлеуеті  ұғымын,  инновациялық  іс-
əрекетті  жүзеге  асыру  үшін  қажет  ресурстардың  алуан  түрлерінің 
жиынтығы  ретінде;  жаңа  ақпаратты  қабылдау  қабілеті  ретінде; 
өзінің  кəсіби  білімдерін  көбейту  ретінде;  жаңа  бəсекеге  қабілетті 
идеяларды  ұсыну  ретінде;  стандартты  емес  шешімдерді  жəне 
стандартты міндеттерді шешудің тəсілдерін табу ретінде анықтауға 
деген ұмтылыстар жасалуда. 
Тұлғаның  инновациялық  əлеуеті  антропологиялық  тұғыр 
бойынша  адамның  жаңа,  бейімделушіден  жоғары  табиғатын 
қалыптастыратын  əлеуметтік-антропологиялық  сапалар  мен  күш-
қуаттың  жиынтығы  ретінде  қарастырылады.  Осы  сапалардың 
жиынтығы  адамның  барынша  өзін-өзі  жүзеге  асыруын,  оның 
инновациялық іс-əрекетке енгізілуін қамтамасыз етеді. 
Инновациялық əлеует əлеуметтік-психологиялық тұғыр бойын-
ша – бұл  тұлғалық  өзіндік  диагностикамен,  өзіндік  бақылаумен, 
өзіндік  басқарумен,  өзіндік  тəртіппен,  сонымен  бірге  сыртқы  
əлеуметтік  мəселелерді  шешумен  тығыз  байланысты  əлеуметтік-
психологиялық сапалардың жиынтығы.
Тұлғаның  инновациялық  əлеуеті  əлеуметтанушылық  тұғырда, 
бұл – инновациялық  іс-əрекетті  реттейтін,  сонымен  бірге  оның 
белгілі ұйымдастыру аясында пайда болу ерекшеліктерін реттейтін 
əлеуметтік механизмдердің қызмет ету үдерісі. 
Ғылыми-білім  беру  саласындағы  тұлғаның  инновациялық 
əлеуетінің (студент, жас ғалым, оқытушы) кəсіби-педагогикалық іс-
əрекеттің  тиімділігін  жəне  дуальдығын  көрсететін  спецификалық 
сипаттамасы  болады.  Өзгеше-инновациялық  білім  беру  əрекеті 
үдерісінде білім беру үдерісіне қатысушылардың тұлғасында өнімді 
жаңа құрылымдардың дамуы жүзеге асатынынан құралады. Мұнда 
инновациялықтың ажырамас белгісі ретінде білім беру іс-əрекетінің 
акмеологиялық  құрамдасын  көрсететін  өнімділік  алынады.  Бұл 
ғылыми-білім  беру  саласында  тұлғаның  инновациялық  əлеуетінің 
акмеологиялық өзгешелігі туралы айтуға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет