376
377
ры оқу орнында оқыту үдерісінде студенттерді дамыту, қолдау жəне
мадақтаудың қажеттілігін қамтитын, креативті-акмеологиялық əле-
уетке басты рөлдердің бірі берілетінін есте ұстаулары қажет.
5. Рефлексивті аспект тұлғаның дамушы «Мен» ретінде
өзіндік санасымен жəне кəсіби іс-əрекет үдерісінде коммуникация
серіктестерін түсінумен байланысты, ол адамды кəсібилендірудің
айқындалған акмеологиялық аспектілерінің оңтайлы өзара
сəйкестігін қамтамасыз етіп, жүйе құраушы болып саналады.
Ойын рефлексиясының құрастырылған дара, диалогты жəне
топтық тəсілдері, білімгерлердің, студенттер мен кəсіпқойлардың
кəсіби-шығармашылық міндеттерді шешу, рефлексияны наси-
хаттаудың интенсивті-ойын əдістерін қолдану жағдайында,
шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Акмеологияның қазіргі жай-күйін талдау акмеологияның
салыстырмалы түрде жаңа психологиялық-педагогикалық пəн
ретіндегі шешілмеген мəселелерді, сонымен бірге акмеологияны
ғылым ретінде əрі қарай дамытудың перспективасы жайлы
мəселелерді қояды.
Акмеологияның əлі шешілмеген мəселелерін жəне оны дамы-
тудың перспективасының бірқатарын атаймыз.
Акмеологияның əдіснамалық бағдарында, жаратылыстану,
гуманитарлы, əлеуметтік жəне техникалық бағдарланудың ерек-
шеліктері көрініс табуы қажет. Осы қиын, күрделі міндеттерді
толыққанды шешудің жолы əлі табылмады.
Ересек адамның индивид, азамат, іс-əрекеттің белгілі
саласындағы маман, тұлға ретінде дамуындағы шыңдардың негізгі
сипаттамаларын айқындау қажет. Оларды еңбектің көптеген басқа
салаларында қолдану үшін дамыту жəне нақтылау қажет, онда
кадрлардың кəсібилігін арттыру мəселесі ерекше болады.
Қазіргі заманғы демократиялық қоғамдағы адамның жоғары
адамгершілік эталоны бар, тұлғаны зерттеудің əртүрлі саласында-
ғы шыңдарға жетудің өзара байланысын зерттеу аса маңызды болып
саналады.
Адамның кемелдену сатысындағы біртұтас жəне тұлғалық-
кəсіби дамуын акмеологиялық тұрғыда қамтамасыз етудің жүйелі
бағдарламаларын ғылыми тұрғыда негіздеу жəне құру қажет.
Бұл міндеттерді шешу акмеологияның ғылымдар жүйесінде ор-
нын нығайтуға, оның практикалық жəне əлеуметтік маңыздылығын
арттыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан қазіргі кезде университет бітіретін кəсіпқойлар
біздің қоғамның болашақтағы даму векторын анықтайтын бола-
ды, олардың туындайтын, əлі таныс емес кəсіби мəселелер мен
қиындықтарды қаншалықты тиімді жəне жедел шешуі, меңгерген
білімнің сапасына жəне олардың креативті-акмеологиялық ой-
лауының даму деңгейіне байланысты болады.
378
379
АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
Зерттеудің ұғымдық (глоссарий) аппараты келесі əдебиет көз-
дерін талдау негізінде құрастырылған:
1. Философский словарь. М., 1972. С.252
2. Полонский В.М. Словарь по образованию и педагогике. – М.:
Высшая школа, 2004.-512с.
3. Краткий психологический словарь. Под общ. ред. А.В. Пет-
ровского, М.Г. Ярошевского. – М.: Политиздат, 1985. – 431 с.
4. Педагогическая энциклопедия /Гл.ред. И.А.Каиров, Ф.Н.Пет-
ров: в 4 т. – М., Сов.энциклопедия, Т.1, 1964. – 832 с.
5. Краткая философская энциклопедия. – М.: Прогресс, 1994. –
576 с.
6. Большая советская энциклопедия. /Под ред. А.М. Прохорова.
В 30-ти т. 3-е изд. – М.: Советская энциклопедия, 1982. – С.823.
7. Коджаспирова Г.М. История образования и педагогической
мысли (схемы, таблицы, опорные конспекты). – М., 2003. – 223 с.
8.Деркач А.А., Зазыкин В.Г., Маркова А.К. Психология развития
профессионала. – М.: РАГС, 2000. – 124 с.
9. Деркач А.А., Кузьмина Н.В. Акмеология – наука о путях
достижения вершин профессионализма. – М., 1993.
10. Кузьмина Н.В. Предмет акмеологии. – Шуя: Шуйс. Гос. Пед.
Ун-т, 1995. – 242 с.
Акмеология – (грек тілінен. akme – шың, өткірлік) дамудың
аса жоғары деңгейіне жетуде, адамның рухани жəне əлеуметтік-
кəсіби кемелдену сатысындағы дамуының феноменологиясын,
заңдылықтарын жəне механизмдерін зерттейтін ғылым.
Акмеология – тұлғалық жəне кəсіби өзін-өзі жүзеге асыруда
шыңға жету мен жетідірудің заңдылықтарын жəне факторларын
айқындау, іс-əрекеттің өнімділігін арттыру тұрғысында, іс-əрекеттің
алуан түрлі салаларын зерттейтін, ғылыми білімнің пəнаралық
саласы.
Акмеологиялық жағдайлар – бұл ең алдымен, тұлғаның іс-
əрекетте жоғары кəсібилікке жетуіне байланысты болатын маңызды
жағдайлар.
Акмеологиялық зерттеу – акмеологиялық білімді алуға ба-
ғытталған, өзіндік акмеологиялық жəне ғылыми əдістердің көмегі
арқылы жүзеге асырылатын, акмеологияның жетекші əдіснамалық
принциптеріне сүйенетін, акмеологиялық міндеттер мен мəселелерді
шешумен байланысты ғылыми зерттеу.
Акметектоника (грек тілінен. akme – «шың, өркендеу,
кемелдену»; tektonike – «құрылым өнері, шеберлік») – іс-əрекеттің
акме-субъектісінің кəсіби бейнесін бағалаудың, түзетудің, мо-
дельдеудің жəне дамытудың акмеологиялық жүйесі.
Акмеологиялық құзыреттілік – А.К. Маркова ұсынған
категория, жалпы түрде акмеологтың кəсібилік жүйесінің, оның
кəсіби саласының когнитивті компоненті.
Акмеологиялық əсер – бұл ең алдымен, тұлғаны немесе топты
ілгері дамытуға бағытталған, гуманистік мазмұны бар, топқа немесе
тұлғаға қарай жүзеге асырылатын интеграциялық жəне мақсатты
бағытталған əсер.
Акмеологиялық критерий – субъектінің кəсібилік шама-
сы, оның іс-əрекетінің нəтижелілігі, тұлғалық кəсіби сапалар мен
қасиеттердің дамуының көрсеткіші. Олар интегралды, нақты жəне
бөлшекті болады (В.Г. Зазыкин).
Ақпарат – білімнің өмір сүруінің əлеуметтендірілген жəне
материалданған формасы, тұлғалық білім берудің «контейнері».
Ақпараттың түрлері: ғылыми, оқу жəне эмпирикалық.
Акмеологиялық кəсібиліктің инварианттары – бұл іс-
əрекеттің мазмұны мен ерекшелігіне тəуелсіз, іс-əрекеттің жоғары
тиімділігін жəне тұрақтылығын қамтамасыз ететін, кəсіпқойдың
негізгі қасиеттері, сапалары мен біліктері.
Акмеографикалық сипаттау – кəсібиліктің құрылымы
мен мазмұнында жалпы жəне ерекше деңгейіне сəйкес келетін,
акмеограмманың алдында келетін ақпаратты ұсыну тəсілі.
Акмеографикалық сипаттаудың басты формалары ретінде вербаль-
ды немесе лингвистикалық формалар алынады.
Акме бейнесі – бағалау, түзету жəне дамыту процедурасында
алынған, кəсіпқой ретінде іс-əрекет субъектісінің психикалық,
физиологиялық жəне рухани денсаулығын құрайтын жəне
құндылықты-дүниетанымдық,
интеллектуалды,
эмоционалды-
сезімдік, мотивациялық, ерікті, коммуникативті сипаттамалардың
аса жоғары көрсеткіштерінің жиынтығы.
Акмеологиялық технология – «психологиялық технология»
ұғымына туыстас категория, алайда аса тар бағыттылығымен,
380
381
гуманистік мазмұнымен – ілгері, тұлғалық-кəсіби дамуымен
айрықшаланады. Акмеологиялық технологиялардағы басты əдіс
ретінде, акмеологиялық əсер алынады.
Акмеологиялық деңгей – еңбек субъектісінің тұлғаның жəне
іс-əрекеттің кəсібилігінің жоғары деңгейіне жетуінің сипаттамасы
(А.А. Деркач).
Əдіснама – (грек тілінен. Methodos – зерттеу жолы жəне logos –
ұғым, ілім) – 1) іс-əрекеттің құрылымы, əдістері мен құралдары, оны
логикалық ұйымдастыру туралы ілім; 2) ғылыми танымды құрудың
формалары мен тəсілдері туралы ілім, сонымен бірге белгілі бір
ғылым саласында қолданылатын əдістердің жиынтығы туралы ілім.
Бəсеке – (латын тілінен. concurro – қашу, қақтығысу) басқа ин-
дивидтермен немесе топтармен мақсаттары мен қызығушылықтары
бойынша күреске түсу жағдайында, жеке немесе топтық мақсаттарға
жетумен
сипатталатын,
тұлғааралық
өзара
əрекеттестікті
ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі.
Білім беру сапасы – білім беру үдерісінің қандай болу керектігін
жəне оның қандай мақсаты болатыны туралы қоғамда тараған
ұғымдардың сəйкестік шамасын көрсететін, білім беру үдерісі мен
оның нəтижелерінің интеграциялық сипаттамасы.
Гуманитарлы технология – оқытуда, дамытуда жəне іс-əрекетте
тұлғаның білімділігін жəне мəдениетін, гуманитарлы білімдерін
жүзеге асырудың тəсілдері мен механизмдері (А.С. Гусева).
Даралық – адамды басқа адамдардан айрықшалайтын дара
сапаларының өзіндік үйлесімі. Адамның даралығы тəрбие үдерісінде
тұқым қуалаушы нышандар негізінде қалыптасады, бір мезгілде бұл
адам үшін ең бастысы – өзіндік дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру жəне
саналы өзіндік тəрбие арқылы қалыптасады.
Даму – материя мен сананың қайтарымсыз, бағытталған, заңды
өзгеруі, олардың əмбебап қасиеті. Сыртқы жəне ішкі, басқарылатын
жəне басқарылмайтын факторлардың əсеріне негізделген, ағзадағы,
психикадағы, адамның интеллектуалды жəне рухани саласындағы
сандық жəне сапалық өзгерістер үдерісі.
Жоғары өнімді іс-əрекет – тұлғалық жəне əлеуметтік-маңызды
мақсаттарды көздейтін, квантификацияға жол беретін, негізгі
көрсеткіштер бойынша сапаның жоғары көрсеткіштерімен сипатта-
лады.
Жүйелі тұғыр – объектілерді жүйе ретінде түсіндіру негізге алы-
натын, ғылыми таным əдіснамасында жəне əлеуметтік тəжірибедегі
бағыт.
Жаңарту – қазіргі талаптарға жауап беретін жетілдіруді енгізу.
Инновациялық орта – жаңалықтардың пайда болу ортасы, олар-
ды жедел меңгеру жəне тəжірибеде қолдану ортасы (инновациялық
үдерістер болатын орта).
Инновациялық технология – дамуды басқару бойынша ұйым-
дастырылған белсенділік үдерісі.
Интеллект – психологиялық ұғым, ойлау, ұтымды таным
қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Кəсіпқой – кең мағынасында, бұл əлеуметтік-позитивті мəні бар,
тұлғалық жəне кəсіби жетістіктерге, өзіндік дамытуға жəне өзіндік
жетілдіруге үнемі бағытталған, тұлғалық жəне əрекеттік нормативті
реттеудің динамикалық дамушы жүйесі бар, жоғары кəсіби жəне
əлеуметтік мəртебеге ие, іс-əрекетте тұлғаның кəсібилігінің жоғары
көрсеткіштері бар, кəсіби іс-əрекет субъектісі.
Кəсіби жоғары білім берудегі инновациялық технологиялар
– студенттердің жүйелі техникалық ойлауын жəне қабілеттерін
қалыптастыруға бағдарланған, кəсіби өндірістің міндеттерін ше-
шуде стандартты емес техникалық, технологиялық, конструктивті
идеяларды басқару қабілетін қалыптастыруға бағдарланған техноло-
гиялар.
Кəсіби біліктілік – іс-əрекеттің нақты түрінде, белгілі деңгей-
дегі жəне күрделілікте қызметкерге еңбек функцияларын орындауға
мүмкіндік беретін, қызметкердің кəсіби даярлық дəрежесі. Кəсіби
біліктіліктің көрсеткіші ретінде қызметкерге аталған кəсіптің
нормативті сипаттамаларына сəйкес берілетін біліктілік категория-
лары болып табылады.
Креативтілік – (латын тілінен. creatio – құру, жасау) инди-
видтің жаңа ұғымдарды құру қасиетін жəне жаңа дағдыларды
қаыптастыруды көрсететін қабілеті; яғни шығармашылық қабілеті;
аталған ұғым интеллектіден тəуелсіз зерттеледі жəне тұлғаның
шығармашылық жетістіктерімен байланысады.
Кəсіби оқытудың тиімділік өлшемдері – белгілі бір уақыт
аралығында тұрақтылықты игерген, кəсіби шеберліктің объективті,
салыстырмалы көрсеткіштері.
Кəсіби даярлық сапасын бағалаудың өлшемдері – келесі
параметрлердің сандық көрінісі: оқу пəнінің толыққандылығы, іс-
382
383
əрекетті меңгеру деңгейі, абстракция дəрежесі, автоматтандыру,
меңгерудің саналылығы.
Кəсібиаралық құзыреттілік кəсіптердің бірқатарын орындау
үшін қажетті, тұлғаның білімдерді жəне сапаларды меңгеруінен
құралады (жоспарлау қабілеті, жетістік мотивациясы, икемді
кəсіби ойлау, кəсіби іс-əрекетті жобалау қабілеті, кəсіби оқытылу).
Тұлғаның бағыттылығы – тұлғаның мінез-құлқының басты бағытын
анықтайтын, қажеттіліктері мен мотивтерінің жиынтығын білдіретін
ұғым.
Кəсіби құзыреттілік – кəсіби білімдер мен біліктердің, сонымен
бірге кəсіби іс-əрекетті орындау тəсілдерінің жиынтығы.
Кəсіби бірдейлік – өзіндік «Меннің» бірегейлігін жəне кəсіби
стереотиптерді қамтитын кəсіби «Мен-бейнесі»; өзін кəсіби «Мен»
бейнесімен ұқсастығын саналы ұғыну.
Кəсіби тұтастық – қызметкердің орындалатын өндірістік
тапсырмаларды алмастыру дайындығы жəне қабілеті, техникалық
жəне технологиялық қайта құрулардың əсерімен туындайтын жаңа
мамандықтар мен өзгерістерді меңгеру қабілеті.
Кəсіби жарамдылық – тұлғалық сипаттамалардың профес-
сиограмманың зерттелетін талаптарына сəйкестігі, оның аталған
кəсіби іс-əрекетті меңгеру қабілеті.
Кəсіби əлеуметтендіру – маманның кəсіби мінез-құлықтың
топтық нормаларын, құндылықтарын, ережелерін меңгеруі;
маманның өзін кəсіппен теңдестіруі.
Кəсіби өзін-өзі анықтау – кəсіпті таңдаудың белсенді жəне
ұзақ мерзімді үдерісі, ішкі психологиялық негіздемелер жəне осы
үдерістің нəтижесі. Кəсіби өзін-өзі анықтаудың мазмұны – кəсіп
əлемі, оларды таңдау жолдары, кəсіпті меңгеру тəсілдері туралы
хабардарлық; өзіндік талдау жəне өзіндік бағалау.
Кəсіби профиль – маманның тұлғасын бағалаудың кри-
терийлерінің жиынтығы. Іс-əрекет түрлерін, кəсіби маңызды са-
паларды, түйінді біліктіліктерді, əлеуметтік-кəсіби рөлдерді жəне
мінез-құлық тəсілдерін қамтиды.
Кəсіп – жұмыс тəжірибесі мен даярлығы, арнайы білім
нəтижесінде меңгерілетін, белгілі білім жəне біліктерді талап
ететін еңбек іс-əрекетінің түрі. Кəсіптің атауы қолданылатын еңбек
құралдарына сүйеніп (машинист, краншы, токарь), еңбек заттарына
сүйеніп (машина жасаушы, кенші), еңбек затына əсер ету тəсіліне
сүйеніп (штамп басушы, бұрғышы) немесе еңбектің мазмұны мен
сипатына қарай анықталады.
Кəсіби құзыреттілік – акмеологиялық түсіндіруде, бұл тұлғаның
іс-əрекетінің кəсібилік жүйесінің когнитивті басты компоненті,
кəсіби шеңбер саласы, жоғары өнімділігі бар кəсіби іс-əрекетті
орындауға мүмкіндік беретін, үнемі кеңейтілетін білім жүйесі,
шешілетін мəселелер шеңбері.
Құзыреттілік – бұл əрекеттегі білімнің жиынтығы (жүйе).
Қабілеттер – белгілі бір іс-əрекетті табысты жүзеге асырудың
субъективті жағдайлары болатын, тұлғаның дара ерекшеліктері.
Қалаулар деңгейі – адамның белгілі бір іс-əрекеттің түрінде
қалайтын барынша көп жетістік.
Мотивация – адамды мақсатқа жетуге ынталандыратын
мотивтердің жиынтығы.
Маман – белгілі бір іспен негіздемелі тұрғыда айналысатын
адам.
Мақсат – адамның əрекеті бағытталған алдын ала біліп қойған
нəтиженің саналы ұғынылған бейнесі.
Оқытушының инновациялық іс-əрекеті – оқытушының
білімгерді оқыту жəне тəрбиелеу тəжірибесінде, педагогикалық
жаңалықтарды құру, меңгеру жəне қолдану, білім беру мекемесінде
белгілі инновациялық ортаны құру бойынша іс-əрекетке енуі.
Оқытудың инновациялық формалары – оқу сабақтарын,
студенттердің іс-əрекетін ұйымдастырудың дəстүрлі емес тəсілдері.
Орта – адамның дамуы жүзеге асатын шынайы болмыс.
Өзіндік даму – индивидтің өзіндік тұлғасын мақсатты
бағытталған, саналы ұғынылған жəне дербес бақыланатын тұрғыда
детерминациялау үдерісі.
Өзін-өзі жүзеге асыру – тұлғаға өзінің шығармашылық əлеуетін
барынша іске асыруға мүмкіндік беретін, тұлғалық-маңызды
мəселелерді шешуде айқындалған мақсаттарға жетуге арналған,
шығармашылық түпкі ойды жүзеге асыру үдерісі.
Өзіндік маңыздану – (латын тілінен. actualis – шынайы, нағыз)
адамның өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін аса толық айқындау жəне
дамытуға ұмтылысы.
Өзіндік сана – адамның өзін, өзіндік сапаларын, өзіндік «Менін»
саналы ұғынуы.
Өзіндік байсалдылық – адамның ішкі тыныштығын сақтау,
күрделі өмірлік жағдайларда ақылмен əрекет ету қабілеті.
384
385
Өзіндік білім алу – адамның өзін қызықтыратын саласындағы
білімді іздеумен жəне меңгерумен байланысты, белсенді, мақсатты
бағытталған, танымдық іс-əрекеті.
Өзіндік бағалау – адамның өзіндік жетістіктерін, сапаларын,
жетістіктерін жəне кемшіліктерін, басқа адамдардың арасындағы
орнын бағалауы.
Өзіндік реттеу – (латын тілінен. regulare – тəртіпке келтіру,
жақсарту) адамның өзіндік психологиялық жəне физиологиялық
күйлерін, əрекеттерін басқару үдерісі.
Өзіндік тиімділік – А. Бандураның тұжырымдамалы түрде
ұсынған тұлғаның қасиеті, адамның өз бетімен мінез-құлқын жəне
дамуын өнімді болатындай басқаруға сенімділігін қамтиды.
Принцип – (латын тілінен. principium – негіз, бастапқы негіз)
белгілі бір теорияның, ілімнің, ғылымның негізгі, бастапқы қағидасы;
жетекші идея, мінез-құлықтың, іс-əрекеттің негізгі ережесі.
Профессиограмма – денсаулық күйіне байланысты қарсы
көрсетілімдер, қажетті білім, білік жəне дағдыларды, кəсіби маңызды
сапаларды қамтитын, қызметкердің құқықтары мен міндеттерін,
еңбек шартының сипаттамасын қамтитын кəсіптің сипаттамасы.
Профессиограмма адамның кəсіби жарамдылығын анықтауға
мүмкіндік береді.
Профессиология – тұлғаны кəсібилендірудің заңдылықтарын
жəне үрдістерін зерттейтін, философия, əлеуметтану жəне
психологияның түйісуінде болатын ғылыми пəн.
Психологиялық құзыреттілік – бұл бір мезгілде кəсіби
құзыреттіліктің өзге түрі жəне өзіндік түрі. Жалпы түрде
психологиялық құзыреттілік, кəсіби жəне басқа өзара əрекетті
жүзеге асыратын, жеке немесе бірлескен іс-əрекетке енгізілген, ин-
дивид, еңбек субъектісі жəне тұлға ретіндегі адам туралы білімнің
құрылымданған жүйесін білдіреді.
Педагогикалық шығармашылық – оқыту мен тəрбиенің теори-
ясы жəне тəжірибесін байыту, оқытушының оқу-тəрбие міндеттерін
түпнұсқалы, жоғары тиімділікпен шешуі.
Рефлексия – бұл субъектінің өз санасының, өзіндік іс-əрекеті-
нің, қарым-қатынасының мазмұнының мəнін қайта түсіну жəне
қайта құру үдерісі, яғни қоршаған əлемге біртұтас қатынас ретінде
өзінің мінез-құлқын түсіну жəне қайта құру үдерісі.
Реципиент – (латын тілінен. Recipientis – алушы) өзіне ба-
ғытталған хабарламаны қабылдайтын субъект.
Рефлексия – (латын тілінен. refl exio – кері байланыс) 1) толғану,
өзіндік бақылау; 2) адамның өзіндік əрекеттері мен оның заңдарының
мəнін түсінуге бағытталған теориялық іс-əрекет формасы; 3) адам
санасының өзіне жұмылдыру қабілеті.
Сана – адам болмысының психикалық көрінісінің жоғары
деңгейі, оның жалпылаушы бейнелер мен ұғымдар түріндегі көрінісі.
Субъект – (латын тілінен. subjectum – тиісті) таным жəне болмыс-
ты қайта құрудың көзі ретіндегі индивид немесе топ; белсенділікті
таратушы.
Түйінді ұғымдар – ой қорытындысының негізгі тақырыбын
анықтайтын ұғымдар.
Түйінді құзырлылықтар – белгілі кəсіби даярлықтың
шеңберінен шығатын, индивидтің метафункционалды (экстрафунк-
ционалды) білімдері, біліктері, сапалары мен қасиеттері.
Тұлғаның белсенділігі – (латын тілінен. activus - əрекетті)
тұлғаның əлемге əрекеттік қатынасы, адамзаттың тарихи тəжірибесін
меңгеру негізінде, материалды жəне рухани ортаны қоғамдық
маңызды қайта құруды жүргізу қабілеті; шығармашылық іс-əрекетте,
ерікті актілерде, қарым-қатынаста байқалады. Орта мен тəрбиенің
əсерімен қалыптасады.
Тұлғалық даму – тұлғаның субъективтілігін қалыптастыруды
қамтамасыз ететін, тұлға санасының құндылықты-мағыналық сфе-
расын дамыту.
Тұлғалық əлеует – акмеологиялық түсіндіруде, тұлғаның
əлеуетін (қабілеттер, табиғи негізделген кəсіби маңызды сапалар,
позитивті тұқым қуалаушы факторлар жəне т.б.), сонымен бірге
үнемі жаңартылатын жəне көбейтілетін ресурстар жүйесін – ин-
теллектуалды, психологиялық, ерікті жəне т.б. ресурстар жүйесін
қамтиды.
Тұлғаның кəсібилігі – прогрессивті дамуға бағытталған,
құндылық бағдарларды жəне мотивациялық сфераны, қалаулардың
адекватты деңгейін, креативтіліктің жоғары деңгейін, кəсібиліктің
акмеологиялық инварианттарын, кəсіби тұлғалық жəне тұлғалық-
іскерлік сапалардың дамуының жоғары деңгейін көрсететін, еңбек
субъектісінің сапалық сипаттамасы.
Тұлғаның қалыптасуы – бұл тұлғалық мəндерді игерудің
көпқырлы үдерісі, оның маңызды сипаттамасы ретінде,
ықтималдының өзектіге өту алынады.
386
387
Тұлғаның шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру қабілеті
– бұл қабілеттердің мақсатты бағытталған, тұлғалық-маңызды
шығармашылық іс-əрекетпен синтезі, оның барысында тұлғаның
шығармашылық мүмкіндіктері байқалады.
Тұлғаның өзін-өзі анықтауы – адамның өзінің өмірлік жолын,
мақсаттарын, құндылықтарды, адамгершілік нормаларды, болашақ
кəсіпті жəне өмір сүру жағдайларын өз бетімен таңдауы.
Тұлғаның шығармашылық өзіндік дамуы – өзін-өзі тану,
шығармашылық өзін-өзі анықтау, өзін-өзі басқару, тұлғаның өзін-
өзі жүзеге асыру жəне өзін-өзі жетілдіру сияқты жүйе құраушы
үдерістердің тиімділігін арттыруға жəне жеделдетуге бағытталған,
субъект-субъектілі шығармашылық іс-əрекеттің ерекше түрі. Өзін-
өзі дамыту – тұлғаның психологиялық мəртебесін белсенді, бірізді,
прогрессивті жəне біртұтас қайтарымсыз сапалық өзгерту үдерісі.
Тұлғаның қалыптасуы – тəрбиенің, оқытудың, əлеуметтік
ортаның сыртқы əсерлерінің ықпалымен тұлғаны дамыту жəне
қалыптастыру үдерісі; тəрбие мен оқытудың əсерімен тұлғаның
сапаларын, оның белгілі қырларын мақсатты бағытталған тұрғыда
дамыту үдерісі; адамды субъект жəне қоғамдық қатынас объектісі
ретінде қалыптастыру үдерісі.
Іс-əрекеттің кəсібилігі – еңбек субъектісінің жоғары кəсіби
біліктілігін жəне құзыреттілігін көрсететін, тиімді кəсіби дағдылар
мен біліктердің алуан түрлілігін, шығармашылық шешімдерге
негізделетін, кəсіби міндеттерді шешудің қазіргі заманғы
алгоритмдері мен тəсілдерін меңгергенін көрсететін сапалық сипат-
тамасы, бұлар өз кезегінде іс-əрекетті жоғары тұрақты өнімділікпен
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |