228
229
ұғым жоғары кəсіби білім беру жағдайында болатын өзгерістердің
көпқырлылығын жəне күрделілігін ескеруде қолданылады.
Осылайша, кəсіби қалыптасу өмір сүру əрекетінің жаңа құры-
лымы мен тəсіліне əкелетін, адамның өзіндік ішкі əлемін белсенді,
сапалы қайта құруын қамтиды (Л.М. Митина, А.К. Маркова,
Е.И. Рогов жəне т.б.).
90-жылдардың ортасынан бастап, психологиялық əдебиеттерде
кəсібилік туралы ұғымдардың өзіндік кəсіби іс-əрекетті практика-
лық қайта құрудың пəніне айналдырудың мүмкіндігін негіздейтін,
психологиялық сипаттамаларға алмастыру үрдісі байқала бастады,
яғни мұнда маңызды сипаттама ретінде сананың, кəсіпқойдың
əлемінің біртұтас бейнесін, оның өмір сүру ортасын, əлемді
қабылдау таптаурындарын, тұлғаның əлеуметтік типін белгілі
жүйелі ұйымдастыру алынады (Е.А. Климов).
Адамға өзін-өзі дамытудың субъектісі болуға мүмкіндік беретін
маңызды шарт ретінде, тұлғалық өзіндік сананың деңгейіне
жету алынады, ол өз кезегінде өмірдің өзіндік тəсілін анықтауға
мүмкіндік береді (С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготский, А.Н. Леон-
тьев, А.Г. Асмолов, Д.А. Леонтьев жəне т.б.). Адамның өзін-өзі
ұйымдастырушы, психологиялық жүйе ретінде, оның болашақ
кəсіби іс-əрекетінің əрекеттердің құндылығын жəне мəнін түсінуге
қажетті əлемнің бейнесіне сəйкестігін білдіретін, кəсіби іс-əрекеттің
мазмұнын құрайтын интегралды сипаттамасы ретінде, кəсіби өзін-
дік сана алынады.
Е.А. Климов кəсіби өзіндік сананың құрылымын айқындайды,
оның төмендегі құрамдастарын ажыратып көрсетеді:
• өзінің кəсіби қауымдастыққа қатыстылығын ұғыну: білім,
өзінің кəсіби эталондарға сəйкестік дəрежесі, өзінің кəсіби «рөл-
дер» жүйесіндегі орны, қоғамдық қағидалар «шкаласындағы» орны
туралы пікір;
• адамның кəсіби топтағы икемділік дəрежесі туралы білімі;
• адамның өзінің күшті жəне əлсіз жақтары туралы, өзін-өзі
жетілдірудің жолдары, жетістіктер мен сəтсіздіктердің мүмкін
болатын аймақтары, табысты əрекетінің дара тəсілдері туралы білімі;
• өзі туралы жəне өзінің болашақтағы жұмысы туралы ұғымдары.
Жоғары кəсіби білім беру жағдайындағы іс-əрекетке қатысты,
«болашақ кəсіпқойлардың қандай сапалы əлеуетті жинақтайтыны-
на қарай, өмірдің қандай стратегиясын жүзеге асыратынына қарай,
«акменің» дəл сондай алғышарттарын құратынын» атауға болады
(О.И. Жданов).
Осылайша, тұлғаның кəсібилігін анықтайтын акмеологиялық
категория, кəсіби өзіндік дамудың қайнар көзі ретінде кəсіпқойдың
əлемінің бейнесі (кəсіби іс-əрекеттің барысында кеңейтілетін жəне
тереңдетілетін) жəне кəсіби іс-əрекеттің құндылықты-мағыналық
мазмұны (онда іс-əрекетке деген қатынас өзін-өзі жүзеге асыру,
өзіндік қозғалыс ретінде алынады) арасындағы үздіксіз қайта
жаңғыртылатын сəйкестік алынады (О.М. Краснорядцева).
Адамның шынайы өмірі жағдайында тұлғалық-кəсіби қалып-
тасу (жоғары кəсіби білім беру жағдайында) əлемнің кəсіби бейнесін
құрастыруда көрініс табады, ол өз кезегінде орындалатын іс-
əрекеттің өзі жəне қоғам үшін мəнін жəне құндылығына арналған
міндеттерді шешумен, адамның ойлауын бірте-бірте кəсіби ойлауға
қайта құрумен анықталады (оған тəн дара ерекшеліктерге сəйкес),
ол таным формасы болып, өзіндік тұлғаның шығармашылық
өзіндік дамуының жəне əлемнің қалыптасатын кəсіби бейнесінің
тұтастығын жəне жүйелілігін қамтамасыз етуге қатысады.
Жоғары кəсіби білім беру үдерісі, «акмеге» жетудің мүм-
кіндіктерін ұсынатын, өзіндік кеңістікті, өзіндік шынайылықты
құруға, құрастыру жағдайларын құруға бағытталған, білім беру
үдерісінде пайда болатын психологиялық жаңа құрылымдарды
жəне адамдағы адамдықтың қалыптасуының сатыларының
сабақтастығын ескеріп, «дамудың жəне қайта құрудың дара
формаларының жəне мүмкіндіктерінің» көпшілігі ретіндегі білім
беру үдерісін алмастыру түрінде көрініс табады (В.А. Гуружапов).
Жоғары кəсіби білім беру жағдайында, сапалық өзгерістердің
детерминанттары ретінде, мұнда акме-жағдайлар – ілгері дамушы
тұлғалық-кəсіби қалыптасу тəуелді болатын маңызды жағдайлар
жəне акме-факторлар – адамның жаңаруын, қайта жаңғыруын, қайта
құруын, өркендеуін анықтайтын көпқырлы əлемнің сипаттамасы
алынады.
Тұлғалық-кəсіби қалыптасуды санасы, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі
жүзеге асыру тəсілін меңгерген адам үшін адекватты түсіндіріп, оны
тұлғаның өмір сүруінің саналы ұғынылған тəсілімен байланысты-
руға болады. Бұл тұлғалық-кəсіби қалыптасуды кəсіби білім беру
сатысындағы тұлғаның өмір салтын анықтаушы ретінде айтуға
мүмкіндік береді, ал адамның көпқырлы əлемі өзінің құндылықты
230
231
кеңістігінде шығармашылық өзін қайта құрудың кеңістігі ретінде
болады.
Тұлғалық-кəсіби қалыптасуға біршама ауқымды факторлар
əсер етеді: оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері,
студенттер құрамының əлеуметтік-демографиялық сипаттамасы,
əлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, студенттік топтың ерекшеліктері,
мəдени, саяси жəне кəсіби ақпараттың қайнар көздері, тұлғаның
ерекшеліктері жəне т.б.
Болашақ кəсіби іс-əрекетпен байланысты мақсаттарды қою ұзақ
мерзімге ынталандыруды туындатады. Осы кезеңде жас адам өзіндік
өмірі үшін жауапкершілікке ие бола бастайды, сонымен бірге өзін-
өзі анықтаудың, «өзін іздеудің», өзіндік өмір сүруінің мəнін табудың
жеделдетілген үдерісі жалғасады (И.С. Кон). Бұл адамның өмірлік
əлемін қалыптастыру сатысы, бұл кезеңде адам өзінің мүмкіндіктерін
жүзеге асыруға қабілетті болады, бұл өз кезегінде тұлғаның өзіндік
əлеуетін дербес жүзеге асыру үшін өзін-өзі ұйымдастырудың
деңгейін қамтамасыз етеді (Э.В. Галажинский).
Тұлғалық-кəсіби қалыптасудың ерекшеліктері, сипаты, дең-
гейлері жоғарыда көрсетілгендей, құндылықтар мен мəндер сияқты
психологиялық жаңа құрылымдармен қамтамасыз етіледі, оларға
тұлғаның өзін аса толық жүзеге асыруы үшін өмірлік ортаны таңдау
тікелей тəуелді болады.
Даму бұл жолды тұлғаның белсенділігі салдарында өтеді, ол
жол барлық өзгерістерді ішкі тазалау, сана мен сезімдер арқылы
өткізеді, сонымен бірге, оларды кəсіби қалыптасу барысында өзіндік
практикалық тəжірибе арқылы байланыстырады. Бұл жағдайда
адамның белсенділігі мағынамен толықтырылады жəне «адамның
іс-əрекетінің пəндік сипатын ескеріп сипатталады» (К.А. Абульха-
нова-Славская).
Кəсіби өзін-өзі анықтау құрастырылған мəселелердің бірі болып
табылады, ол мəселе ересек мектеп жасында жүзеге асырылатын
кəсіпті таңдау ретінде немесе тұлғаның біртұтас өзін-өзі анықтау
формасы ретінде түсіндіріледі. Кəсіби өзін-өзі анықтау, көп жағдай-
да кəсіпті таңдаумен байланысты қарастырылады. Е.М. Борисова-
ның пікірі бойынша, кəсіби өзін-өзі анықтау – бұл «тұлғаның өзінің
қабілеттерін дара-психологиялық ерекшеліктерін аса толыққанды
қолдану негізінде, кəсіби іс-əрекеттегі даму үдерісі» болып санала-
ды. Ол белсенді еңбек іс-əрекетінің барлық кезеңін қамтиды».
Өзін-өзі анықтау мəселесін түсіндіруге В.И.Слободчиков үлкен
үлес қосты, ол өзін-өзі анықтау үдерісін ішкі рефлексияның пайда
болуымен, дамудағы дағдарыстармен, адамның өзіндік болмысы-
мен, адамның «өмір сүруінің өзіндік тəсілін анықтауда жəне жүзеге
асыруда шынайы авторлықтың қалыптасуымен» байланыстырады.
Тұлғалық өзін-өзі анықтау үдерісін зерттей отырып,
М.Р. Гинзбург тұлғаның өмірлік өрісін айқындайды, оның аясында
өмірлік жəне кəсіби өзін-өзі анықтау «шынайы əрекет етудің –
өткенді, қазіргіні жəне болашақты қамтитын өзекті жəне əлеуетті
əрекет етудің кеңістігін, мəндерін жəне дара құндылықтардың
жиынтығы» ретінде түсіндіріледі». Автор құндылықты-мағыналық
жəне кеңістіктік-уақыттық табиғаты бар өзін-өзі анықтаудың екі
жоспарлылығын анықтайды.
А.К. Маркова адамды кəсібилендіру үдерісі мен əлеу-
меттендірудің арақатынасы мен өзара əрекеттестігіне талдау
жасады, өзара негізделген, өмірлік жəне кəсіби оқиғалар мен жаңа
құрылымдардың күрделі сипатын көрсетті. Соған байланысты,
автор кəсібиліктің «тұлғалық құзыреттілік» – тұлғаның бұзылуына
қарсы тұрудың құралдарын, тұлғалық өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі
дамыту тəсілдерін меңгеру» сияқты өлшемі туралы пікір білдіреді.
Өзін-өзі анықтаудың алуан түрлерінің – тұлғалық, əлеуметтік, кəсіби
түрлерінің өзара əрекеттестігі туралы мынадай ой түйеді: «Кей
жағдайда олар бір-бірінің алдында болады, мысалы, тұлғалық өзін-
өзі анықтау, кəсіби өзін-өзі анықтаудың алдында болуы жəне оған
ықпал етуі мүмкін, көп жағдайда олар себеп жəне салдар ретінде
орындарын алмастырып, бір мезгілде жүзеге асады».
Тұлғалық-кəсіби өзін-өзі анықтауды психологиялық жүйелер
теориясы тұрғысында ұсына отырып, жүйенің ашықтық-жабықтық
дəрежесін түсіну маңызды, бұл оның тұрақтылығын жəне
қозғалмалығын, «шектен» шығудың жеңілдігін немесе қиындығын,
мінез-құлық таптаурындарының жəне жаңа нормаларды құрудың
ерекшеліктерін негіздейді.
Жалпы жүйелі реттегі құбылыс, яғни жүйенің өмір сүру
мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайлардың қатарына енетін
құбылыс ретінде, тұлғалық-кəсіби қалыптасу əртүрлі аспектілерде
көрініс табады, ол тұлғаның сапасы, ерекше қажеттілігі, іс-əрекет,
үдеріс ретінде зерттелуі мүмкін, алайда оның астарында адамның
ашық, өзін-өзі ұйымдастырушы психологиялық жүйе ретіндегі
бастапқы қасиеті болады.
232
233
Көптеген авторлар атап көрсеткендей (Г.В. Залевский, П. Фресс,
М.С. Роговин), икемділік өзін қайта құруға деген белгілі даярлық,
«туындайтын мəселелерді есепке алып, өзінің іс-əрекетін болжау,
тəжірибені шығармашылықпен қабылдау жəне сыни тұрғыда
бағалау» қабілеті ретінде, вариативті, адекватты мінез-құлықтың
негізінде болады, сонымен бірге тұлғалық-кəсіби қалыптасудың
сапасы ретінде анықталуы мүмкін. Тұлғаның əлеуетіне қаратылған,
қазіргі білім беру үдерісінде, қатаң реттеудің мүмкіндігі болмайды,
нəтижесінде, жүзеге асырылатын іс-əрекетте құндылықтар
жүйесімен өзара байланыстың икемді формалары үлкен рөл
атқарады, сонымен бірге оларды өмірдің өзгермелі жағдайларына
сəйкес алмастыру мүмкіндігі үлкен рөл атқарады.
Кəсібиліктің жалпы акмеологиялық инварианттары болып
табылатындар (А.А.Деркач, В.М.Дьячков):
• дамыған антиципация, олар іс-əрекетті орындау үдерісінде пай-
да болатын жағдайлардың дамуын дəл, «алыс» жəне сенімді болжау
шеберлігінде көрініс табады;
• өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейі, ол өзінің қалпын басқару
шеберлігінде, жоғары еңбекке қабілеттілікте, стреске қарсы
тұрақтылықта, шұғыл əрекеттерге тұрақты дайындықта, қажетті
уақытта өзінің ресурстарын жұмылдыру қабілетінде көрініс табады;
• шешім қабылдау шеберлігі, атап айтсақ, шешім қабылдаудағы
батылдық, шешімдердің сенімділігі, олардың дəлдігі жəне нақ-
тылығы, стандартты болмауы жəне тиімділігі;
• креативтілік, ол жоғары шығармашылық əлеуетте ғана емес, со-
нымен бірге кəсіби іс-əрекетті орындаумен байланысты міндеттерді
шығармашылықпен қоюға жəне шешудегі арнайы шеберлікте
көрініс табады;
• жетістіктердің жоғары жəне адекватты мотивациясы.
Жоғары деңгейдегі кəсіпқойларда бұл инварианттар, басқа
мамандармен салыстырғанда біршама дəрежеде дамыған. Іс-
əрекеттің тиімділігін факторлы талдау, дəл осы сипаттамалардың,
орындалатын іс-əрекеттің жоғары тиімділігін қамтамасыз етудің
факторларының жиынтығы «салмағына» ие болатынын көрсетті
(Е.Н. Богданов, В.Г. Зазыкин).
Адамның күрделілігі бойынша артатын міндеттерді қоюы, өзін-
өзі дамыту қабілетін, өзінің мүмкіндіктерінің шекарасына шығуға
ұмтылысты көрсетеді.
Өзін-өзі реттеу жүзеге асырылатын іс-əрекеттің жағдайларын
есепке алып, өзінің мінез-құлқын алдын ала құру жəне қайта құру
шеберлігін білдіреді;
• іс-əрекетке енгізілу, тұлғаның кемелденуінің белгілерінің бірі
ретінде қарастырылатын жұмсалатын күш-қуаттың қарқындылығы;
• өзінің дамуының қарама-қайшылықтарын саналы түрде жою,
өзінің өткен тəжірибесіне қатынасты сипаттайтын дамудың қырлары
арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету;
• өзін-өзі дамытуға жəне өзін-өзі жаңартуға тұрақты дайындық,
өзінің шекарасынан шығуға дайындық, өзінің кəсіби жолын инте-
грациялау, тəжірибені реттеу, кəсіби қалыптасудағы перспективалар-
ды көру шеберлігі.
Шындығында, адам өзіндік рефлексивті мүмкіндіктеріне сүйе-
ніп, өмірдің жағдайларын жəне өзіндік өмір сүру əрекетін, өмір сүру
салтын жəне белсенді түзету субъектісінің позициясын бағалауға
қабілетті болады, алайда бұл тұлғадан күш-қуатты жəне энергияны,
белсенділікті талап етеді, сондықтан мұның бəрі қалыпты күйде
өзін-өзі ұйымдастырушы ашық психологиялық жүйенің алуан түрлі
көрінісі болып табылады.
Осыған сүйеніп, тұлғалық-кəсіби қалыптасудың акме-
бағдарланған үдерісі, өзіндік қалыптасудың «шыңдағы» сатыларына
қозғалу үдерісі ретінде, өмір салтының құндылықты-мағыналық
негіздерін ұсынып, адам əлемінің қалыптасатын бейнесін
алмастырудың ерекше үдерісі ретінде көрініс табады, олар өз
кезегінде «шың» өзін-өзі жүзеге асырудың мотивациялық негізде-
месі қызметін атқарады. Акме-бағдарланған үдеріске енгізілу,
əлемнің бейнесін алмастыру үдерісінің маңызды буыны болып
табылады, адам əлемінің бейнесінің мазмұнды, құндылықты-
мағыналық құрамының бірлігін қамтамасыз етеді.
Осылайша, тұлғалық-кəсіби қалыптасудан кейін, адамның
қалыптасу мəселесін мүмкіндіктен болмысқа шынайы жүзеге
асырылатын өту ретінде көруге болады. Тұлғалық-кəсіби қалып-
тасудың дара нұсқалары, көпқырлы əлемнің қол жеткізілген
деңгейлері тұрғысында қарастырылады. Бұдан басқа, тұлғалық-
кəсіби қалыптасу адамның көпқырлы əлемінің сипаттамасы жəне
көрсеткіші болып табылады.
Əлемнің кəсіби бейнесі мұнда жүйелі жаңа құрылым болып
табылады, ол көрқырлы əлемді безендіру үдерісінде қалыптасады
жəне мағыналар, құндылықтар арқылы көрсетіледі.
234
235
А.А. Бодалев бұл тұрғыда былай атап көрсетеді: «акмеология
педагогикамен бірлесіп, өте күрделі міндетті шешуі қажет:
адамның өмір жолының əрбір сатысында микроакмесінің қандай
ерекшеліктерінің болуын айқындау, оның жетістікке жететін үлкен
акмесінің қалыптасуы. Шағын акме – бұл адамның макроакмесінің
алғышарттары».
Адамның өмір сүру əрекетінің əртүрлі кеңістігінде жоғары
жетістікке жету мүмкіндіктерін қамтитын жəне жүзеге асыратын,
акменің əмбебап феномен ретінде түсіндіруге сүйеніп, дербес
ғылыми саланы – жоғары кəсіби білім беру саласын ажыратып
көрсету мүмкін болды, сонымен бірге оны психологиялық-
акмеологиялық үдеріс ретінде қарастыру мүмкіндігі пайда болды.
Психологиялық жүйелер теориясы тұрғысында қарастырылатын
тұлғалық-кəсіби қалыптасудың ерекшеліктері адамның өзін-өзі
ұйымдастырушы жүйе туралы ұғымдарын беретін жəне акменің
жетістіктерін көрсететін, білім берудің сапасының өлшемі болуы
мүмкін.
Болашақ мамандардың кəсіби «Менін» психологиялық танудың
проблемалық өрісі, үш негізгі бағытты қамтиды:
Бірінші бағыт. Кəсіби «Меннің» тұлғаның кəсіби маңызды
сапаларымен,
жоғары
рухани
ұмтылыстарымен,
базалық
сенімдерімен, мағыналармен өзара байланысы.
Екінші бағыт. Кəсіби «Меннің» жəне іс-əрекеттің тиімділігінің,
қарым-қатынас пен танымның өзара əсері; кəсіби іс-əрекет
шығармашылық үдеріс жəне оған болашақ мамандардың
шығармашылық дайындығы ретінде, кəсіби «Менді» құрылымдық
ұйымдастырудың, іс-əрекеттің тиімділік деңгейлері мен фактор-
лары арасындағы өзара тəуелділік; жоғары-, орташа жəне аз
тиімді болашақ мамандардың кəсіби «Менінің» мазмұнды си-
паттамаларының айырмашылығы.
Үшінші бағыт. Болашақ мамандардың кəсіби «Менінің» креа-
тивті даму үдерісін оңтайландыру (қиындықтарды талдау, өзін-
өзі жетілдіру резервтері, дағдарыстар мен кедергілерді жеңу
жолдары); зерттелетін үдерісті психологиялық-акмеологиялық
қамтамасыз етудің алгоритмдерін құрастыру; кəсіби іс-əрекетте
болашақ мамандардың өзін-өзі жүзеге асыруға шығармашылық
даярлығының шарттарын айқындау; кəсіби «Менді» рухани «Мен»,
əлеуметтік «Мен», экономикалық «Мен», шығармашылық «Мен»,
денелік «Мен» креативті даму корреляттарын құру; жоғары тиімді
мамандардың өмірлік тарихын талдау; болашақ мамандардың кəсі-
би «Менін» креативті дамытудың акмеологиялық ортасын құру.
Кəсіпқойдың тұлғасының қалыптасуы, адам өмірінің бойында
үздіксіз жалғасатын біртұтас үдеріс ретінде қарастырылған зерттеу-
лер маңызды мəнге ие болады. Мұндай тұғыр С.Л.Рубинштейннің
«адамды барлық ішкі жағдайлардың жиынтығы ретінде қарастыру
қажет» деген қағидасына сүйеніп, негізі қаланған. Мұндай
жиынтықты ғалым іс-əрекетте белгілі бейімдеуші функцияны
орындайтын өзгеше қасиеттердің синтезі ретінде қарастырды.
Əрі қарай Б.Г. Ананьев адамды тұтастық ретінде зерттеудің
перспективасын тəжірибелік тұрғыда дəлелдеді, ол «адамның
даралығын оның сипаттамасының толық жинағы жағдайында
ғана түсінуге болады» деген жайтты атап көрсетті. Ғалымның
пікірінше, «даралық тұлғаның қасиеттері мен іс-əрекет субъектісінің
бірлігі жəне өзара байланысы ретінде түсіндірілуі мүмкін, оның
құрылымында адамның индивид ретіндегі табиғи қасиеттері қызмет
атқарады».
А.А. Деркач, В.Г. Зазыкин, А.К. Маркова бойынша, кəсіпқойды
дамыту тұжырымдамасының негізін, кəсіпқой, тұлғаның кəсібилігі,
тұлғалық-кəсіби даму сияқты категориялардың мəні туралы
акмеологиялық ұғымдар қалайды. Авторлардың анықтамасы
бойынша, кəсіпқой – бұл жоғары көрсеткіштерді игерген кəсіби
іс-əрекеттің субъектісі. «Еңбек адамының кемелденген тұлғасы
үшін кəсібилендіру үдерісін дараландыруға қатысты артатын үрдіс
тəн болады: əрбір жеке адамның қайталанбас кəсіби тəжірибесі,
тұлғаның қалыптасқан сапаларының, жинақталған кəсіби білімдері
мен біліктерінің, меңгерілген кəсіби міндеттердің дара өзіндік
үйлесімін құрады».
А.К. Маркова кəсіпқойға келесі анықтама береді: «Кəсіпқой деп
кəсіби іс-əрекеттің, кəсіби қарым-қатынастың нормаларын меңгер-
ген жəне оларды жоғары деңгейде жүзеге асыратын, кəсіби шеберлік-
ке жеткен, кəсіби этиканы сақтайтын, кəсіби құндылық бағдарлар-
ға сүйенетін; өзінің тұлғасын жəне даралығын кəсіптің құралдары
арқылы өзгертетін жəне дамытатын, кəсіпке шығармашылық үлес
қосуға ұмтылатын, кəсіптің тəжірибесін байытатын адамды атауға
болады».
Əртүрлі мамандарды жүзеге асырудағы жоғары кəсібилігі жəне
236
237
шығармашылық шеберлігі – өзекті мəселелерді оңтайлы шешудің
маңызды факторы болатын, басты адамзат ресурсы.
Осы əлеуметтік-мəдени контексте жаңа интегративті-кешенді
ғылым – акмеология ерекше мəнге ие болады. Осы ғылым «акме»
сияқты кəсібилік пен шығармашылықтың шыңдарын дамытудың
заңдылықтары мен технологияларын зерттейді. Өз кезінде С.Л. Ру-
бинштейн адамның өмірлік жолын талдай отырып, мұның адамзат
мəнінің үздік көріністеріне, жоғары формаларына, аса жетілген
түрлеріне деген қозғалыс деп атап көрсетті.
Акмеологиялық тұғыр адамның аса жоғары жетістіктерге,
тұлғаның аса толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруға деген бағдарларын
жұмылдырудың шарттарын айқындауды қамтиды. Мұнда адамның
кəсібиліктің өзіндік дара бейінін саналы ұғынуына, кəсібилікке
жетудің дара стратегияларын жəне траекториясын ойластыруға
үлкен мəн беріледі. Акмеологиялық тұрғыда, кəсіпқойды бағалауда
оның іс-əрекетінің сыртқы көрсеткіштерін (жетістік, нəтижелілік)
жəне ішкі қалыптарын (мотивация, қанағаттанушылық) ғана емес,
сонымен бірге өркендеуші өзіндік дамуға, жоғары өнімді іс-əрекетке
деген өзгеше, тұрақты мотивацияның болуын есепке алу қажет.
Тұлғаның кəсібилігі – креативті-шығармашылық дамудың жо-
ғары деңгейін көрсететін еңбек субъектісінің сапалық сипаттамасы.
3.2 Акмеологиядағы креативтілік категориясы
Тақырыптың негізгі ұғымдары: креативті тұлға, шығар-
машылық əлеует, шығармашылық жəне интеллектуалды белсенді-
лік, рефлексивті креативтілік, шығармашылық даралық, креативті
үдеріс жəне даму, өзін-өзі маңызды ету, шығармашылық кемелдік,
креативті акмеология.
Жоғары мектеп оқытушыларының креативтілігінің дамуын зерт-
теумен Меңлібекова Г. Ж., Қасқатаева Б., Молдажанова А.А., Оспа-
нова Б.А., т.б. отандық ғалымдар айналысады
Соңғы жылдары креативтілікті зерттеп жүрген ғалымдар
Тұрғынбаева Б.А., Əмірова Ə.С., Сағымбаев Ə.Ə. креативтілік
əрекетпен бірге танымдық жəне ұйымдастыру əрекетіне баса на-
зар аударады. Себебі, шығармашылық жұмыс жəне өз бетінше
əрекет ету арқылы оқушылардың таным үдерісі іске асады, яғни
креативтілікпен бірге таным əрекеті жүзеге асады.
Аталмыш мəселені зерттеуде оқу үдерісінде білімгерлердің
креативтілігін дамытуды қарастырып жүрген Тayбaeвa Ш. Т.,
Yмиpзaxoвa Н. X., Caипoв A., Қoнaқбaeвa Y. Ж. сынды педагогтердің
еңбегін ерекше атап өту қажет.
Қазіргі қоғамды жаңарту, жоғары мектептегі инновациялық
өзгерістердің аксиологиялық əлеуетін жүзеге асырудың қажеттілі-
гін өзекті етеді. Соған байланысты, мамандардың субъектілігі,
кəсібилігі жəне креативтілігі мəселесінің ерекше мəні болады.
Кəсіби акмеологиядағы креативтілікті дамытудың психология-
лық негіздерін зерттеудің өзектілігі, ересек адамның шығармашылық
тұлғасын өзіндік жетілдірудің əлеуметтік жəне практикалық
маңыздылығымен жəне кəсіби іс-əрекеттегі өзін-өзі маңызды ету-
мен анықталады.
Кəсіби акмеологиядағы креативтілік мəселесін зерттеудің
қажеттілігі, ең алдымен, өндірістің барлық салаларында
шығармашылық тұлғаға деген қоғамның əлеуметтік сұранысы
мен акмеологиядағы креативтілікті дамытудың психологиялық
негіздерінің жеткіліксіз құрастырылмауы арасындағы туындаған
қарама-қайшылықпен түсіндіріледі.
Мамандардың шығармашылық кемелдену кезеңінде, креа-
тивтілігінің психологиялық заңдылықтарын зерттеудің əлеуметтік
маңыздылығы, біріншіден, оның тұлғаның өнімді қайта құрушы
бағыттылығын анықтайтынымен, оның өмірдегі əлеуметтік
бағдарының негізгі тірегін құрайтынын анықтаумен, екіншіден,
кəсіби шығармашылықтың базалық детерминанты болатынымен,
үшіншіден, маманның шығармашылық əлеуетін дамытуға ықпал
ететінімен, оның əлеуметтік салада өзін-өзі маңызды етуімен
негізделеді.
Шығармашылық психологиясында креативтілікті зерттеу, оның
бағыттылығына сəйкес екі топқа біріктіріледі:
• тұжырымдамалы, олар зерттеудің əлеуметтік маңызды
нəтижелерін интеграциялау негізінде, шығармашылықтың жалпы
психологиялық теориясын құру мəселесін зерттеуге бағдарланады
(Л.С. Выготский, А. М. Матюшкин, Я. А. Пономарев, С.Л. Рубин-
штейн, О.К. Тихомиров жəне т.б.);
• эмпирикалық, интеллектуалды белсенділікті, тұлғалық сипат-
|