Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет28/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Байланысты:
Акмеология


278
279
технологияларды  құрастыру,  жүзеге  асыру  қажет;  олар  білімгер-
лердің  білім  беру  бағдарларын,  бастамаларын  қалыптастыруды, 
құруды,  кəсіби,  білім  беруші,  зерттеуші  іс-əрекетте  оларды  жүзеге 
асыруды қамтамасыз етеді; жеке білім беру траекториясын анықтау 
жəне  таңдау  үшін  жағдай  жасайды;  инновациялық  іс-əрекетке 
даярлықты  қамтамасыз  етеді;  кəсіби  саладағы  инновациялық  іс-
əрекетке қажет біліктер мен құзырлылықтарды қалыптастырады. 
Тұлғаның  инновациялық  əлеуетін  дамыту  үшін,  И.В.Пахно 
жəне  Т.А.  Терехова  əлеуметтік-психологиялық  тренингті  ұсынады. 
Тренингтің  құрылымы  инновациялық  үдерістің  сипатын  көрсетеді 
жəне төрт сатыдан құралады: іздестіру, тұжырымдау, оңтайландыру 
жəне  орындау.  Тренинг  интербелсенді  имитациялық  ойындарды, 
рөлдік 
ойындарды, 
белсенді 
дəрістерді, 
пікірталастарды, 
модельдеуді  қамтиды,  олар  шығармашылық,  ұйымдастырушылық, 
коммуникативті  жəне  тұлғалық  біліктер  мен  дағдыларды 
ынталандырады.
  Болашақ  мамандарды  дайындаудағы  тұтас  педагогикалық 
үрдістің теориясы мен практикасы (Н.Д. Хмель, А.А. Бейсенбаева, 
Қ.К.  Жампеисова,  т.б);  мүғалімдердің  зерттеушілік  мəдениетін 
қалыптастыру  (Ш.  Таубаева,  т.б.);  болашақ  мамандардың  креа-
тивтілігін  зерттеу  (Б.А.  Оспанова)  мəселелері  кеңінен  карастыры-
лады. Білімгерлердің креативтілік белсенділігін, ақыл-ой қабілетте-
рін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімнің 
саналылығы  жəне  біліктілігін  қамтамасыз  етуде  көрнекіліктер  мен 
инновациялық технологиялардың маңызы зор.
Студенттер-педагогтардың  тұлғасында  жəне  іс-əрекетінде 
тиімді  құруға  бағдарланған  акмеологиялық  технологиялар  ретінде 
іс-əрекеттің  авторлық  жүйелерін  жобалау  ұсынылады.  Шеберлік 
пен  кəсібиліктің  негіздерін  меңгеру  үдерісінде  құрылатын,  іс-
əрекеттің  авторлық  жүйесінің  жобасы  ретінде  студенттің  тікелей 
педагогикалық  үдерісте  жүзеге  асыратын  өнімі  алынады.  Іс-
əрекеттің  авторлық  жүйесінің  жобасы  түрінде  интеллектуалды 
өнімді құру инновациялық бағыттылық тұрғысында акмеологиялық 
технологияларды  сипаттайды.  Іс-əрекеттің  авторлық  жүйесін 
теориялық жəне практикалық дайындықтың синтезі негізінде жəне 
білімді, тəжірибені, имитациялық-модельдеуші жəне шынайы кəсіби-
педагогикалық  міндеттерді  шешу  үдерісінде  қолдану  мүмкіндігін 
жобалау үдерісінде, студенттердің инновациялық əлеуетін ашу жəне 
инновациялық құзырлылығын қалыптастыру жүзеге асады.  
Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар
1. «Кəсіпқой» жəне «кəсібилік» акмеологиялық категориялары-
ның мазмұнын ашыңыз.
2. «Шеберлік» категориясы психологиялық немесе акмеология-
лық категория болып саналады ма?
3. «Тұлғалық-кəсіби даму» категориясының акмеологиялық маз-
мұны қандай?
4. Акмеологиялық əсер дегеніміз не, оның психологиялық əсер-
ден айырмашылығы мен байланысы қандай?
5. Педагогикалық акмеологияның пəндік саласы қандай?
6. Педагогтің кəсібилік деңгейлері қандай?
7. Оқытушының тұлғалық-кəсіби дамуының міндеттерін шешу-
де, теориялық сипаттағы қандай қиындықтар туындайды?
8.  Оқытушының  кəсіби  іс-əрекетімен  байланысты  басқарушы 
акмеологияның саласын сипаттаңыз.
9. Қолданбалы акмеологияның аталған бағытын сипаттаңыз.
10.  Ерекше  жəне  шұғыл  жағдайларда  іс-əрекеттің  кəсібилігі 
тұжырымдамасының жалпы мазмұны қандай?
11.  Тұлғалық-кəсіби  дамуда  қандай  ерекше  жағдайлар  есепке 
алынады?
12. Рефлексивті мəдениетке кəсібилікті дамытудың факторы ре-
тінде сипаттама беріңіз.
13.  Кəсіпқойдың  қалыптасуындағы  тұлғаның  əлеуетін  ашудың 
рөлі қандай?
14. Өзіндік бағалау мен құндылық бағдарлар туралы жəне олар-
дың тұлғалық-кəсіби дамуға əсері туралы айтыңыз.
15. Кəсібилікті дамытудағы жеке  ресурстар қалай қолданылады?
16.  Кəсібилікті  дамытудағы  моральды  нормативтер  мен  ерікті 
реттеудің рөлі қандай?
17.  Креативті-шығармашылық  іс-əрекетті  акмеологиялық  зерт-
теуді жүзеге асырудағы негізгі қиындықтарды атаңыз.
18.  Креативті-шығармашылық  іс-əрекетті  акмеологиялық  зерт-
теудің мақсаттары, пəні жəне нысаны қандай?
19.  Креативті-шығармашылық  іс-əрекеттегі  АКМЕ-нің  негізгі 
өлшемдерін  атаңыз жəне олардың мазмұнын ашыңыз.
20.  Жеке  акмеограммаларды  құрастыруда  қандай  əдістер  қол-
данылады?

280
281
21. Тұлғаның əлеуеті қандай əдістер арқылы анықталады?
22. Кəсібиліктің интегралды өлшемдерін көрсетіңіз.
Рефереттар, эсселердің тақырыптары 
1. «Тұлға» жəне «субъект» категорияларын акмеологиялық тұр-
ғыда түсіндіру.
2. Тұлғалық-кəсіби дамудағы гетерохрондық феномені.
3. Кəсібилікті дамытудағы акметектоника.
4. Акмеологиялық қызмет жұмысының ақпараттық негізі.
5. Акмеологиялық зерттеулердегі шығармашылық əлеуетті ашу 
мəселесі.
6.  Кəсіби  іс-əрекеттің  нақты  түрлеріндегі  кəсібиліктің  акмео-
логиялық инварианттары.
7.  Өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  дамыту  жəне  өзін-өзі  жүзеге  асыруды 
есепке алып, кəсіби даярлауды жетілдіру.
8. Белсенді білім беру формалары жүйесінде субъектілі тұғырды 
жүзеге асыру.
9. Кəсіби мансап контексінде тұлғалық-кəсіби даму.
10.  Құндылық  бағдарлар  жəне  оқу-кəсіби  мотивацияны 
қалыптастыру.
11. Рефлексивті мəдениет кəсіби дамудың факторы ретінде.
12. Кəсіби іс-əрекеттегі тұлғаның шығармашылық əлеуеті.
13. Адамгершілік категориялар жəне олардың кəсібилікті дамы-
тудағы рөлі.
14.  Оқытудың  Сіздің  профиліңізде  оқу  проблемасын  құрудың 
тəсілдерін құрастыру.
15. Тұлғаның креативті-акмеологиялық өзін-өзі жүзеге асыруы.
16. Кəсіби акмеологияда креативтілікті дамытудың негіздері.
17. Креативті акмеологиялық тəжірибеде инновациялық үдерістің 
ерекшеліктері.
18.  Кəсіби  акмеологияда  креативтіліктің  даму  динамикасын 
зерттеу.
19. Кретивтілік даму үдерісі ретінде.
20.  Акмеология  аспектісінде  кəсіби  шығармашылықты  қалып-
тастыру.
Əдебиеттер
1. Torrance E.P.Guiding creative talent – Englewood Cliffs. NY: 
Prentice-Hall, 1964. 
2. Torrance E.P.The Torrance Test of creative thinking: Technical-
norm manual. Ill, 1974. 
3. Mednich S.A. The associative basis of the creative process // Psy-
chol. Rewiew. – 1969. № 2. 
4. Wollach M.A., Kogan N.A. A new look at the creativity — intel-
ligence distinction // Journal of Personality. 1965. № 33. 
5. Деркач А.А., Зазыкин В.Г., Маркова А.К. Психология развития 
профессионала. – М.: РАГС, 2000.32с.
6.  Анисимов  О.С.  Акмеологическая  концепция  самоорганиза-
ции  педагога:  творчество  и  культура  мышления:  Автореф.  дис. ... 
докт. психол. наук. – М., 1994. 
7.  Богоявленская  Д.Б.  Психология  творческих  способностей. – 
М.: Академия, 2002. 
8.  Дружинин  В.Н.  Проблемы  общих  способностей  (интеллект, 
обучаемость, креативность) – СПб.; Питер, 2007. 
9.  Торшина  К.А.  Современные  исследования  проблемы  креа-
тивности в зарубежной психологии. – М. 1997. 
10.  Туник  Е.Е.  Диагностика  креативности.  Тест  Торренса. 
Методическое руководство. СПб.: Иматон, 1998. 
11.  Станислав  Райх.  Психодиагностика  креативности. – Киев. 
2011. 
12. Маркова А.К. Психология профессионализма. – М., 1996. – 
308 с.
13. Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. – М., 1976. 
– 227 с.
14. Щадриков В.Д. Психология деятельности и способности че-
ловека. – М., 1996.
15. Васина Н.В. К вопросу об индивидуально-психологических 
особенностях  возрастной  динамики  творческой  продуктивности 
профессиональной деятельности. – М., 1996.
16.  Деркач  А.А.  Акмеология:  личностное  и  профессиональное 
развитие человека. Сочинение в пяти томах. – М., 1999-2001.
17.  Богоявленская,  Д.Б.  Психология  творческих  способностей: 
Учеб. пособие для студентов вузов, обучающихся по направлению и 
спец. психологии /Д. Б. Богоявленская. – M., 2002. – 318 с.

282
283
18.  Артемьева  В.А.  Исследование  компонентов  творческой 
деятельности  студентов  технического  вуза:  Автореф.  дис....  канд. 
психол. наук / В. А. Артемьева. – СПб.: 2001. – 24 с.
19. Эльконин Б.Д. Психология развития. – М.: Академия, 2008.
20.  Яблокова  Е.А.  АКМЕ  как  феномен  развития  группы,  общ-
ности // Акмеология. – 2002. № 1.
21. Хайкин В.Л. Активность (характеристики и развитие). – М.– 
Воронеж, 2000.
22.  Фетисова  Е.В.,  Зазыкин  В.Г.  Акме  в  художественно-твор-
ческой деятельности // Акмеология. – 2001. № 1.
23. Реан А.А. Психология изучения личности. –М. - СПб.: 1999
24.  Проблема  субъекта  в  психологической  науке / Под  ред.         
А.В. Брушлинского, М. И. Воловиковой и В. Н. Дружинина. – М.: 
ИП РАН, 2000.
25. Общая и прикладная акмеология. Ч. 1, 2 / Под ред. А. А. Дер-
кача.-М., 2001.
26. Мерлин В.С. Психология индивидуальности. – М. – Воронеж, 
1996.
27. Кузьмина Н.В. Предмет акмеологии. – СПб., 2002.
28. Крайг Г. Психология развития. – СПб.: Питер, 2011.
29. Оспанова Б.А. Креативная психология. Учебник. – Алматы, 
2012. – 420 с.
30. Нарикбаева Л. М. Состояние работы с одаренными студен-
тами в системе высшего образования Республики Казахстан // Білім 
= Образование, 2010. №3. – С. 88 – 91. 
31.  Тұрғынбаева  Б.А.  Акмеологиялық  амал. – Алматы, 2014. – 
285 б. 
32. Таубаева Ш.Т., Таубаев С.З. Студенттер мен магистранттар-
дың ғылыми-педагогикалық зерттеу тақырыбын негіздеу жəне оны 
бағалау туралы білімнің құрылымы мен мазмұны // Білім əлемінде=В 
мире образования, 2010. №2. – 3-7 б. 
33.  Нургалиева  Г.К.  Педагогические  технологии  информатиза-
ции образования. – Алматы: Алем, 2002. – С. 269. 
34.  Тұрғынбаева  Б.А.  Ұстаздық  шығармашылық. – Алматы, 
2007. – 236 б
35.  Əмірова  Ə.С.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  шығар-
машылық  іс-əрекетін  қалыптастырудың  теориясы  мен  технология-
сы. – Алматы, 2008. – 332 б. 
36. Ospanova B.A., Tashpulatova A.E., Sagdullaev I.I. Creative de-
velopment of personality in the professional future teacher training // 
International research and practice conference “Science, technology and 
higher education ” Vol. II. – Westwood, Canada. – 2013.  – 256-263 p.
37.  Жұматаева  Е.Ө.  Жоғары  мектеп  дидактикасы  дамуының 
ғылыми-педагогикалық  негіздері:  п.  ғ.  д. ... автореф.: 13.00.01. 
 
Алматы, 2003. – 46 б.
38.  Таубаева  Ш.Т.  Введение  в  методологию  и  методику 
педагогического  исследования.  Учебное  пособие. – Түркістан: 
«Тұран» баспасы, 2007. – 190 с.
39. Ocпaнoвa  Б.A.  Бəceкeгe  қaбiлeттi  бoлaшaқ  мaмaндapдың 
кpeaтивтiк ic-əpeкeттepiн  бeлceндipy – жahaндaнy  кeңicтiгiндeгi 
бiлiм  бepyдiң  мoдepнизaциялық  жүйeciнiң  көpiнici // A. Яcayи 
aтындaғы XҚТY-2005.-№1(9).-C.42-45.
40.  Оспанова  Б.А.  Болашақ  мамандардың  кəсіби  шеберлігін 
дамытуға  бағытталған  инновациялық  мəселелер / Халықаралық 
ғылыми-практ. конф. – Алматы, 2008. – 128-133 б.
41. Оспанова Б.А. Инновационное образование в условиях гло-
бализации. – Педагогическое образование: вызовы ХХI века/Между-
народная науч.-практ.конф. –  М., 2010. – С. 66-71
42.  Оспанова  Б.А.  Опыт  формирования  профессиональных 
компетенций.  в  условиях  кредитной  системы  обучения  в  вузах 
Казахстана / Международная  научно-практ. конф. –  Чехия, Прага, 
2010. – С. 43-46
43.  Оспанова  Б.А.  Бекмуратов  Б.  Болашақ  мамандардың 
интеллектуалдық 
шығармашылық 
қабілетін 
қалыптастыру/ 
Международная. научно-практ. дист. конф. – Туркестан, 2010. – 273-
277 б. 
44. Оспанова Б.А. Ералина А.К. Современные приоритеты выс-
шего образования Казахстана в контексте глобализации и интеграции 
/ Международная науч. конф.  – Финдляндия, Хельсинки, 2011. – С. 
197-200 б.
45.  Оспанова  Б.А.  Беркинбаев  К.М  Совершенствование  про-
фессиональной  подготовки  студентов  в  условиях  кредитной 
технологии обучения в ВУЗ-ах Казахстана / Международная научно- 
практ. конф. – Испания, Мадрид, 2012.   
46. Оспанова Б.А. Токкулова  Г.Т. Формирование информационно-
коммуникативной  компетентности  как  необходимое  условие 

284
285
эффективности  профессиональной  деятельности  будущих  спе-
циалистов  /  Международная  научно-практ.  конф. –  Испания, 
Мадрид, 2012. 
47. Оспанова Б.А. Токкулова Г.Т. Болашақ педагог-психологтар-
дың  кəсіби  құзыреттілігін  қалыптастырудың  ерекшеліктері / 
Республ. ғылыми-тəж.конф. – Алматы,  2012. – 39-44 б.
48.  Оспанова  Б.А.  Ташбулатова    А.  Болашақ  мамандардың 
креативтік іс-əрекеттерін белсендіру-жаһандану кеңістігіндегі білім 
берудің  модернизациялық  жүйесінің  көрінісі / Республ.  ғылыми-
тəж.конф. – Алматы: 2012. – 180-185 б.  
49. Оспанова Б.А. Сагдуллаев И.И. Акме-креативная готовность 
студентов к професcионально-педагогическому общению в процессе  
изучения  английского  языка / Международная  научно-практ.конф.- 
2013. – Новокузнецк, С. 146-151.
50.  Оспанова  Б.А.  Джумабаева  Л.  О  готовности  развития 
критического  мышления  в  процессе  когнитивной  деятельности 
студентов / Международная  научно-практ.конф.  –  Ново-кузнецк, 
2013. – С. 161-164.
51.  Оспанова  Б.А.  Ташбулатова  А.  Феномен  креативности  и 
самоактуализации  в  контексте  личностного  развития  студентов    / 
Международная научно-практ.конф. – Новокузнецк, 2013. – С. 167-
172.
52.  Оспанова  Б.А.  Джумабаева  Л.  Формирование  критического 
мышления студентов в образовательном процессе вуза / Междуна-
родная научно-практ.конф. Т.22 Педагогически науки.  – Болгария, 
София, 2013. – С. 34-37.
53.  Оспанова  Б.А.  Сагдуллаев  И.  Креативно-акмеологический 
подход  в  формировании  коммуникативной  компетенции  будущего 
учителя  английского  языка / Международная  научно-практ.конф. 
Т.19 Педагогически науки. 2013. – Болгария, София, С. 39-43.
54.  Оспанова  Б.А.  Ташбулатова  А.Е.  Сагдуллаев  И.И.  Акме-
креативная  самореализация  студентов  вуза / Materials of the v 
international research and practice conference. – Германия, Мюнхен. – 
2013. – с 30-34.
55.  Оспанова  Б.А.  Ташбулатова  А.Е.  Сагдуллаев  И.И.  Развитие 
креативной  личности  в  профессиональной  подготовке    будущего 
педагога / III «Science, Technology and Higher Education. – Канада,  
2013. – с 256-263.
56.  Оспанова  Б.А.  Ташбулатова  А.Е.  Сагдуллаев  И.И.  Профес-
сионально-контекстное  обучение  как  инструмент  развития 
креативной компетенции будущего учителя // International Distance 
Scientifi c and Practical Conference. Будапешт, – 2013. с 179-185.
57. Оспанова Б.А. Джумабаева Л. Оқу үдерісінде білімгерлердің 
сын  тұрғысынанойлау  қабілетін  дамыту–  қазіргі  заманның  өзекті 
мəселелерінің  бірі / Халықаралық  ғылыми-тəжірибелік  интернет-
конф.  – Түркістан-Мəскеу, –  2014.
58.  Оспанова  Б.А.  Калиева  А.  Болашақ  мамандардың  акме-
креативті  қабілетін  қалыптастырудың  дидактикалық  мүмкіндіктері 
/  Халықаралық  ғылыми-тəжірибелік  интернет-конф. – Түркістан-
Мəскеу, 2014.
59. Оспанова Б.А, Токкулова Г.Т. Базовая стратегия модерниза-
ции  системы  образования  в  Казахстане. – INTERNATIONAL 
JOURNAL OF EXPERIMENTAL EDUCATION. – №8, 2012. – Москва, 
С. 137-140.

286
287
4-модуль. Қазіргі жоғары білім берудегі 
акмебағдарланған технологиялар
4.1  Жоғары  білім  беру  тəжірибесіндегі  акмеологиялық 
технологиялар
Тақырыптың  негізгі  ұғымдары:  акмебағдарланған  техноло-
гиялар,  технология,  педагогикалық  технологиялар,  оқыту  техно-
логиясы, креативті білім беру үдерісі, акме-креативті əлеует, əлеует, 
тұлғалық-кəсіби əлеует. 
Тұлғалық-бағдарлы оқытудың аясында əртүрлі технологияларды 
қолдануды  талап  ететін  білім  беру  үдерісінің  бірнеше  түрлері 
қолданылуы  мүмкін.  Олардың  үйлесімі  жоғары  оқу  орнының 
оқытушысына  кешенді  технологияларды  қолданып,  студенттерді 
жүйелі-модельдеуші  деңгейге  сатылы  түрде  жетелеуге  мүмкіндік 
береді.  Мұндай  технологиялар  акме-бағдарланған  технологиялар 
болып саналады. 
Акме-бағдарланған  технологиялар  тұлғаның  өзін-өзі  жүзеге 
асыруы 
ұйымдастырылатын, 
жүзеге 
асырылатын 
əдістер, 
тəсілдер  мен  техникалардың  жиынтығы  ретінде  қарастырылады. 
Технологиялардың айрықша ерекшелігі ретінде, олардың гуманизм 
принциптеріне сүйенуі, адам дамуының жоғары деңгейлеріне, соның 
ішінде  кəсіби  іс-əрекет  саласында  жетістікке  жетуге  бағдарлануы 
алынады. 
«Технология» термині грек тілінен аударғанда (techne – «өнер», 
«шеберлік» + logos – «сөз», «ілім») – «өнер туралы ғылым» деген сөзді 
білдіреді. Қазіргі орыс тілінің сөздігінде, «технология» деп белгілі 
бір  істе,  шеберлікте,  өнерде  қолданылатын  тəсілдердің  жиынтығы 
аталады.  Мұнда  келесі  сұрақ  туындайды: «технология»  терминін 
стереотиптік  түрде  болмайтын  жəне  іс-əрекет  субъектілерінің 
мүмкіндіктерін есепке алатын педагогикалық іс-əрекетте қолдануға 
бола ма? Жауабы: егер аталған ұғымды  педагогикалық үдеріс сияқты 
əртүрлі  вариативті  жағдаяттарда  қолданатын  болса,  оқытушыда 
тұлғаның  қажеттіліктері,  мүмкіндіктері,  резервтері  бар  тірі  адам 
болады.   
Педагогикалық  əдебиетте  осы  ұғымды  түсіндіруге  қатысты 
негізгі  төрт  тұғыр  бар,  атап  айтсақ:  технология  дидактикалық 
тұжырымдама,  педагогика  ғылымының  бір  бөлігі  ретінде  анық-
талады (Б.Т. Лихачев, П.И. Пидкасистый, М.А.Чошанов жəне т.б.); 
педагогикалық жүйе ретінде анықталады (В.П. Беспалько, В.В.Гузеев 
жəне т.б.); педагогикалық үдеріс ретінде анықталады (B.C. Безрукова, 
М.М.  Левина  жəне  т.б.);  оқытушы  мен  білімгерлердің  іс-əрекет 
процедурасы  ретінде  анықталады  (В.М.  Монахов,  В.В.  Сериков, 
В.А. Сластенин жəне т.б.).
Қазіргі кезде көптеген авторлар əлеуметтік технологияларды қол-
данудың  қажеттілігін  (Ю.М. Резник),  білім  беру  технологияларын 
(Г.К.  Селевко),  педагогикалық    технологияларды  (В.П.  Беспалько, 
Б.Т. Лихачев, М.В. Кларин жəне т.б.), оқыту технологияларын (Б.С. 
Гершунский, П.И. Пидкасистый, М. Чошанов жəне т.б.), мамандар-
ды  кəсіби  даярлау  технологиясының  қажеттілігін  құрастыруда                   
(Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, Б.Н. Кулюткин). 
Г.Е.  Муравьеваның  пікірі  бойынша,  олар  категориялармен 
арақатынаста  болады:  педагогика,  білім  беру  жəне  оқыту.  Ең 
ауқымды ұғым ретінде педагогикалық технология ұғымы алынады, 
ол білім беру, оқыту жəне тəрбие үдерістерін қамтиды, оқытушының 
кəсібилігін дамыту құралы, инструменті ретінде қарастырылады. 
Б.Т.  Лихачев  аталған  ұғымға  келесі  анықтама  береді: 
«Педагогикалық 
технология – оқытудың 
формаларының, 
əдістерінің,  тəсілдерінің,  тəрбие  құралдарының  арнайы  жинағын 
анықтайтын  педагогикалық-психологиялық  бағдарлар  жиынтығы; 
ол  педагогикалық  үдерістің  ұйымдастырушылық-əдістемелік 
құралдары. 
Педагогикалық  технология  педагогикалық  мақсаттарға  жетуде 
қолданылатын барлық тұлғалық, инструменталды жəне əдіснамалық 
құралдардың  жүйелі  жиынтығы  мен  қызметінің  ретін  білдіреді  
(М.В. Кларин). 
Оқытудың  технологиялық  тұғырының  мақсаты  ретінде, 
ұсынылған  бастапқы  бағдарларға  сүйеніп,  оқу  үдерісін  құрастыру 
(оқытудың  білім  беру  бағдарлары,  мақсаттары  мен  мазмұны), 
сонымен бірге оқу үдерісін оңтайландыру, оперативті кері байланыс 
алынады. 
Г.К.  Селевко  «педагогикалық  технология»  ұғымын  үш  аспекті-
де көрсетеді: 1) ғылыми: педагогикалық технологиялар – оқытудың 
мақсаттарын,  мамзұнын,  əдістерін  зерттейтін,  құрастыратын  жəне 
педагогикалық  үдерістерді  жобалайтын  педагогика  ғылымының 

288
289
бөлімі; 2) процессуалды-сипаттаушы: үдерістің сипаттамасы (алго-
ритмі), оқытудың жоспарланатын нəтижелеріне жетудің мақсаттары, 
мазмұны, əдістері мен құралдарының жиынтығы; 3) процессуалды-
əрекеттік:  технологиялық  (педагогикалық)  үдерісті  жүзеге  асыру, 
барлық  тұлғалық,  инструменталды,  əдіснамалық,  педагогикалық 
құралдардың қызметі. 
Осылайша, автордың пікірі бойынша, педагогикалық технология 
оқытудың  аса  рационалды  жолдарын  зерттейтін  ғылым  ретінде, 
оқытуда  қолданылатын  тəсілдер,  принциптер  мен  реттеушілер 
жүйесі, шынайы үдеріс ретінде қызмет атқарады.
В.А.  Сластенин  педагогикалық  технологияны  басқаша  қарас-
тырады: «педагогикалық технология – бұл педагогикалық іс-əрекет-
тің  операционалды  құрамын  технологиялық  деңгейге, «əдістеме» 
ұғымы  арқылы  көрінетін  дəстүрлі  деңгеймен  салыстырғанда, 
тиімділіктің, оңтайлылықтың сапалы жаңа деңгейіне өтуді қамтитын 
дидактика,  тəрбие  теориясы  мен  əдістеме  арасындағы  аралық 
буынды алатын педагогика ғылымының саласы». 
В.П.  Беспалько  педагогикалық  технология  деп  оқу-тəрбие  үде-
рісін  жүзеге  асырудың  мазмұнды  техникасын  атайды.  Автордың 
пікірі  бойынша,  педагогикалық  технологиялардың  мəні  мынада: 
біріншіден,  педагогикалық  технология  арқылы,  педагогтар 
практикалық  оқытуды  педагогикалық  экспромттарды  барынша 
азайтуға  жəне  алдын  ала  оқу-тəрбие  үдерісін  жобалауға,  жобаны 
қайта жаңғыртуға тырысады. Мұны жоғарыда көрсетілген контексте 
табысты  орындалуы  мүмкін,  яғни  «дидактикалық    міндет»  жəне 
«оқыту технологиялары» ұғымдарына қатысты сəтті болуы мүмкін. 
Екіншіден, педагогикалық технология білімгерлердің оқу-танымдық 
іс-əрекетінің  құрылымын  жəне  мазмұнын  анықтайтын  оқу-
тəрбие    үдерісінің  жобасын  қамтиды.  Үшіншіден,  педагогикалық 
технологияның  маңызды  белгісі – екі  аспектіде  қарастырылатын 
мақсат  құру  үдерісі: 1) білімгерлердің  оқу  материалын  меңгерудің 
сапасын объективті бақылауы жəне диагностикалық мақсат құруы; 
2)  тұлғаның  біртұтас  дамуы.  Төртіншіден,  белгілі  педагогикалық 
жүйенің  жобасы  ретінде,  педагогикалық  технологияның  пəні 
туралы  ұғымдардың  нəтижесінде,  педагогикалық  технологияны 
құрастырудың маңызды принципін құруға болады, ол – оқу-тəрбие 
үдерісінің құрылымдық жəне мазмұндық тұтастығы принципі.  
Тұтастық  принципі  бойынша,  білім  берудің  кез  келген  түрінің 
болашақ  педагогикалық  жүйесінің  жобасын  құрастыруда,  осы 
жүйенің  барлық  элементтерінің  үйлесімді  өзара  əрекеттестігіне 
оқытудың  бір  кезеңінің  аясында  (тоқсан,  семестр  немесе  оқу 
жылы),  оқытудың барлық кезеңінде жетудің қажеттілігін білдіреді. 
Мұнда  педагогикалық  жүйенің  бір  элементіне  өзгеріс  енгізуге 
болмайды.  Берілген  анықтаманың  мəліметтерінен  технологияның 
оқу  үдерісімен – оқытушы  мен  студенттің  іс-əрекетімен,  оның 
құрылымымен, құралдарымен, əдістері мен формаларымен барынша 
байланысты болатынын көруге  болады. 
Осылайша, қазіргі заманғы педагогикада технологияның алатын 
орны туралы мəселе біржақты шешілген деп айтуға болмайды. 
Технологияның орны туралы түсінік, осы аталған ұғымға қандай 
мəн берілетініне байланысты. Г.К. Селевко, В.Д. Сластенин, Г.Е. Му-
равьеваның  пікірлері  бойынша,  технологияны  оқыту,  тəрбие  жəне 
білім  берудің  тəсілдерін  зерттейтін  ғылымның  бір  бөлігі  ретінде 
қарастыратын  болса,  онда  технологияның  орнын  келесі  үлгіде 
көрсетуге болады: педагогикалық теория – педагогикалық техноло-
гия – педагогикалық  практика.  Яғни,  педагогикалық  технология 
теория  мен  практиканың  арасындағы  байланыстырушы  буын 
болып табылады. Əрі қарай Г.Е. Муравьева теориялық қағидаларды 
практикада қолдану үшін оларды технологияландырудың, əрекеттік 
процедуралар  түрінде  сипаттаудың  қажеттілігін  атап  көрсетеді. 
Г.К.  Селевко  бойынша,  егер  технологияны  білім  беру  мекемесінің 
деңгейінде  қарастыратын  болса,  ол  мақсат  қоюдан  нəтижені 
диагностикалауға дейінгі біртұтас үдерісті қамтиды. 
Басқаша  айтқанда,  технология  жоғары  мектеп  (білім  беру 
мекемесі)  жүйесінің  бөлігі,  жалпы  немесе  кəсіби  білім  берудің 
педагогикалық міндеттерін шешудің тəсілдерінің жиынтығы болып 
саналады. 
Егер  технологияны  жеке  оқытушының  іс-əрекеті  деңгейінде 
қарастыратын  болса,  онда  технология  жоғары  нəтиже  беретін  осы 
іс-əрекеттің  тəсілі  ретінде  болады.  Педагогикалық  технологияға 
берілген  осындай  анықтама  аса  кең  тараған.  Педагогикалық 
технологиялардың  мəні  мен  мазмұнын  түсіндірудегі  алуан  түрлі 
тұғырлар, кəсіби міндеттерді шешуге арналған оңтайлы жағдайларды 
құруға бағытталған. 
«Оқыту  технологиясы»  ұғымын  қарастырып,  ЮНЕСКО-
ның  құжаттарында  технология  ұғымы,  міндетті  білім  берудің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет