Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет213/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

тығыздық коэффициенті
зияндық коэффициенті;өнімділік коэффициенті.


278
№10-зертханалық жұмыс
Тақырып: «Бізтұмсықпен астық залалдануының жасырын 
түрін анықтау»
Жұмыстың мақсаты:
1. Бізтұмсықпен астықтың залалдануының жасырын түрін анық-
таудың техникасын зерттеу.
2. Жасырын залалдануды анықтауды үйрену.
Тапсырма:
1. Бізтұмсықпен залалданудың жасырын түрін жару əдісімен 
анықтау;
2. Бізтұмсықпен залалданудың жасырын түрін бояу əдісімен анықтау;
3. Зерттелген партияның қабылдану мүмкіншілігін анықтау.
Құрал-жабдықтар:
1. Фарфор тостаған;
2. 4-4,5 есе үлкейтетін шыны (лупа);
3. Анализдік тақта;
4. Алмас немесе скальпель;
5. 1% калий перманганаты ерітіндісі;
6. 50 данадан тұратын астық өлшендісі;
7. 250 данадан тұратын астық өлшендісі.
Жұмыстың орындалуы:
Дəнді дақылдарда залалданудың жасырын түрін бізтұмсықтың бо-
луы стандарт бойынша анықтайды.
Бізтұмсықпен залалданудың жасырын түрін жару əдісімен не-
месе «сынаманы» бояу əдісімен (жұмыртқа тастағаннан кейінгі 
саңылаулардың жабылуы) анықтайды.
Жару əдісі:
Орташа сынамадан бөлініп алынған 50 гр өлшендіден, 50 бүтін 
дəнді санап алып, оларды алмаспен немесе скальпельмен ұзынынан 
жарады. Жарылған дəндерді лупамен бақылап, зерттеп, əртүрлі даму 
сатысындағы зиянкестері бар дəндерді санайды.
Олардың мөлшерін 
Х = n1*100/50=n1*2
формуласы бойынша есептейді (%).


279
Мұндағы, n1 – зиянкестермен залалданған дəндердің саны, (дана);
50 – анализге алынған дəндердің саны, (дана).
«Сынаманы» бояу əдісі:
Орташа сынамадан бөлініп алынған 50 гр өлшендіден, 50 бүтін дəнді 
санап алады. Санап алынған дəндердің «сынамалары» ісіну үшін елек-
ке орналастырып, 1 минут бойы (30ºС) жылы суға батырады.
Елек пластмассадан жасалған ожау секілді. Ыдыстың диаметрі 6,0 
см, биіктігі 2,5 см, табанында металдан тоқылған торы бар. Дəндерді 
жүзіп кетпес үшін оларды шыны таяқшалармен араластырады. 
«Сынамалар» өлшемдері бойынша үлкейеді. Дəн толтырылған 
електі 1% калий перманганаты бар ерітіндіге 20 – 30 секундқа салына-
ды. Дəндердің зақымданған беткейлері жəне «сынамалар» күңгірт түске 
боялады. Дəннің бетіндегі артық бояулар 20 – 30 секунд аралығында 
сумен шайылады. 
Дəндер тездетіп, сүзгіш қағазына жайып, мұқият қаралады. Са-
науды тездетіп жүргізу керек, себебі кебу кезінде «сынамалардың» 
бояуы кетіп қалады. Бүлінген дəндер 0,5 мм-лік шығынқы дөңгелек 
күңгірт дақтарымен ерекшеленеді. Осы дақтар бізтұмсық аналығының 
жұмыртқа қалдырған орындары болып табылады. Дақтары бар 
дəндерді кесіп, даму сатысының кез келген деңгейіндегі зиянкестері 
бар дəндердің санын анықтайды. Ол:
Х= n*100/250=n*2/5
формуласы бойынша есептеледі, (%).
Мұндағы, n – зиянкестермен залалданған дəндердің саны, (дана); 
250 – анализге алынған дəндердің саны, (дана).
57-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет