388
2. Техникалық таразы;
3. 200 мл көлемдік құты (колба);
4. Конусты құты;
5. 25 миллилитрлік бюретка;
6. Дистилденген су;
7. Азот қышқылы;
8. Теміраммонилі ашутастар;
9. Азот қышқылды күміс;
10. Аммоний радониді.
Жұмыстың орындалуы;
Аналитикалық таразыда тартылған 2 г құрама жем өлшендісін 200
мл-лік құтыға салады, содан кейін оның үстіне өлшендіні сулау үшін 20
мл 10%-дық азот қышқылын жəне 100-120 мл дистилденген су құяды.
Құтыдағы ерітіндіні 5 минут бойы шайқайды да,
белгіге дейін көтеріп,
араластырып, оны 1 минутқа қалдырады.
Сыйымдылығы 50 мл-лік пипеткамен тұнбасына тиіспей 50 мл
ерітінді алып, оны конустік құтыға құяды. Бөліп алынған ерітінді үстіне
2 мл теміраммонилі ашутастарын жəне (5-10 мл) 0,05 н қанықтырылған
азот қышқылды күмісті қосады. Қалдық азот қышқылды күмісті 0,05 н
аммоний радонидімен 10-15 сек өзгермейтін ашық қызғылт түс пайда
болғанша титрлейді.
Ас тұзының мөлшерін пайызбен:
Х = (а*К
1
- бК
2
) *0,002922*V*100/В*м
формуласы арқылы анықтаймыз.
Мұндағы. а – азот қышқылды күмістің мөлшері, мл;
б – титрлеуге қатысқан
аммоний радонидінің мөлшері, мл;
К
1
– азот қышқылды күміс титріне түзету;
К
2
аммоний радониді титріне түзету;
V – өлшеуіш құтыдағысұйық мөлшері, мл;
В – титрлеугі алынған ерітінді мөлшері, мл;
m –
өлшенді массасы, г.
Нəтижелерді жазу
Қосылған азот қышқылды күмістің мөлшері ________________ мл.
Титрлеуге кеткен аммоний радонидінің мөлшері _____________ мл.
Азот қышқылды күміс титрінің түзетуі ________________________
Аммоний радониді титрінің түзетуі____________________________
Өлшеуіш құтыдағы сұйықтық мөлшері _____________________ мл.
389
Титрлеуге алынған ерітінді массасы _______________________ мл.
Өлшенді массасы _________________________________________ г.
Формуладан шыққан мəн Х= ________________________________
Тұжырым (алынған құрамажем партиясы құрамындағы ас тұзы
мөлшерімен стандартқа сəйкес екендігін анықтау)
________________
Достарыңызбен бөлісу: