Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет4/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

1.2. Қазақстанда егіншіліктің дамуы
Қазақстанды негізінен ежелден мал шаруашылығымен айналысқан 
көшпелі халықтар мекен еткен. Мұнымен қатар тарихи-əдеби дерек-
терге қарағанда, кейбір топырағы құнарлы сулы аудандарда аздаған 
егін шаруашылығының болғаны туралы да мəліметтер бар. М. С. Сү-
лейменовтың (1971) деректеріне қарағанда, Қазақстан жерінде біздің 
заманымыздан бұрынғы 11 мың жылдықта Қазақстанның оңтүстік об-
лыстарында бидай егістігі болғаны байқалады.
Тарихи деректерге қарағанда алғашқы кезде бұл жерде жұмсақ 
бидай (Triticum aestivum), құрғақшылық аудандарда тары (Panicum 
miliaceum) егілген. Бидайдың аласа бойлы қожа бидай (Tr. compfctum) 
түрі осы қазақ жерінде пайда болып тараған. Оның себебі көшпелі 
халықтар бидайды қыстауда егіп, өздері мал бағып жайлауға шығып 
кететін де, күзде жайлаудан қайтып оралған соң ғана бидайды орып 
алатын болған. Сонда жуан сабақты, ауа райының қолайсыздығына 


9
төзімді түрлері жығылмай қалып, көшпелі халық соларды жинап алып 
қажетіне жаратқан. Сөйтіп, қожа бидай атты бидайдың бұл түрі табиғи 
жағдайда қазақ жерінде қалыптасқан жəне осы уақытқа дейін кейбір 
аудандарда егіледі.
Батыс облыстарда Ресейден, Ираннан əкелінген қатты бидай (Tr. 
durum) көп егіліп келген.
Қазақстан жерінде жоғары сапалы бидай өсетіні баяғыдан белгілі. 
Академик Д. Н. Прянишников (1965) өзінің кітабында: «Францияда 
бидайдың 100 дəні 4,55 г, Индия да бидайдың дəні – 3,8 г, Америка 
бидайы 3,2 грам, орыс бидайы 2,25 г, ал Қоңыраттың ақ бидайы – 6,2 
грамм, Қожа бидай – 4,5 г тартады», – деп жазған. Қазір ғалым Удоль-
ская осы Қожа бидайдан «Қазақстан 126» атты жаңа сорт шығарды. 
Осы кезге дейін ақ бидай, шөл бидай, Сыр бидай, қызыл бидай сияқты 
тағы басқа да байырғы бидайдың жергілікті сорттары кездеседі.
Қазақ жерінде қыс қатты болып, жұт болған жылдары көп мал 
қырылып, қазақтар кейінірек күнкөріс қамы үшін егіншілікпен де ай-
налыса бастаған. Солардың ішінде Сейтқұл (1770–1830) деген диқан 
қазақтың аты тарихта қалған. Ол Торғай өңірінде тіршілік кешкен, би-
дай, тары, қауын, қарбыз, пияз, асқабақ жəне жүзім сияқты дақылдарды 
бірінші болып еккен. 
1730 жылдарда Қазақстанның Ресеймен байланысының, қарым-
қатынасының кеңеюіне орай, егін шаруашылығы да өркендей бас-
тайды. Кейін келе дəнді дақылдар егісі Əулие Ата уезінде (1900 жыл-
дары) едəуір кеңейтілді. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда 
егістіктің көлемі тез ұлғайды. 1928–1930 жылдары қара шаруаларды 
колхоздастыруға байланысты, егістіктің көлемі өсіп, 3,8 млн гектарға, 
ал 1953 жылы 7 млн гектарға жетті. 1954 жылдан, Қазақстанда тың 
жəне тыңайған жерлерді игеру басталады. 1965 жылы 25,5 млн га жер 
игеріліп, ол жерлерде 337 ірі астық совхоздары құрылды да, сол жыл-
дары үкіметке 10 млн тоннадан астық тапсырылды. Сөйтіп, Қазақстан 
орасан астық өндіретін аймаққа айналды. 
Қазақстан астығының 57 пайызына дейіні үкіметке тапсырылады. 
Республиканың оңтүстік облыстарында күздік, ал солтүстік облыста-
рында жаздық бидай егіледі. 
Ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде бидай жержүзінде өте 
көп тараған дақыл жəне қара бидайды есептемегенде, ұн мен нан сияқты 
кең тараған тағамдарды тек бидайдан ғана алуға болады. Жер шарында 
оның көптеген түрлері бар. Оның ішінде екі: жұмсақ бидай (Triticum 
aestivum) жəне қатты бидай (Tr. durum) түрлері көп таралған. Жұмсақ 


10
бидай көбінесе, нан пісіруге пайдаланылады. Ол өзінің наубайханалық 
қабілетіне қарай үш топқа бөлінеді. Бірінші топ – күшті бидай. Оның 
наубайханалық қабілеті өте жоғары, осал бидайдың наубайханалық 
қабілетін қатардағы дəрежеге жеткізе алады. Оның құрамында ақуыз 
(белок) жəне сағыз (клейковина) көп болады жəне олардың сапасы өте 
жақсы болып келеді. Екінші топқа – қатардағы бидай жатады. Үшінші 
топ – осал бидай – наубайханалық қабілеті қанағаттандырарлықсыз, өзі 
таза күйінде нан пісіруге жарамайды. 
Күшті бидай Қазақстанның тек солтүстік облыстарында өседі. 
Күшті бидай өндірісі бойынша Қазақстан жержүзінде елеулі орын 
алады. Бұл бидай халықаралық стандарттарға сəйкес шетелге 
КС – 14,5 немесе КС – 15,5 деген өзіндік атағымен сатылады. КС 
– Қазақстан спрингі (ағылш. жаздық деген сөз), 14,5 немесе 15,5 
– оның құрамындағы ақуыздың пайызы. Бұл бидай тек алтынмен 
есептелетін бағамен сатылады. 
Күшті бидай Қазақстаннан басқа АҚШ-та, Канадада жəне Ресейдің 
Краснодар өлкесінде өседі. Оның құны өте жоғары, ауыл шаруашылығы 
дақылдарының ішінде ерекше орын алады жəне оның көлемі жылдан-
жылға өсуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет