11.2. Бидай-бидайық будандары Бидай-бидайық будандары дəнді дақылды өсімдіктердің жаңа
түрлерінің бipi. Оны академик Н. В. Цицин бидай мен бидайық
(Agropyrum jeartn) немесе дала оты атты көпжылдық арам шөпті будан-
дастыру арқылы алған. Бидайық дəнді дақылдастар тұқымдастарына
жататын жабайы өсімдік. Қазір бұл будан жаздық, күздік, екіжылдық
жəне көпжылдық өсімдік ретінде өсіріліп жүр. Бидайдың барлық жақсы
касиеттерімен қатар бидайықтың көп жыл бір жер таңдамай өсе беретін
ерекшелігі тұқым қуалаған. Бірақ қысқа шыдамсыздау. Сондықтан
қысы жылы, қары қалың аудандарда жақсы өседі. Ақуыз бен сағыздың
мөлшері жағынан бидайдан аздап азырақ.
Ең тараған сорты – ППГ 599, т. б.
11.3 Қара бидай 1933 жылдарға дейін Ресейде қара бидай eгісінің көлемі бірінші
орында болды. Қара бидай Ресейдің көп облыстарында қысқа
төзімді болғандықтан, жоғары өнім бepiп келді. Елде колхоздастыру
аяқталғаннан кейін, бидай егістері бірінші орынға шығып, қара би-
дай екінші орынға ығысты. Сонымен қара бидай солтүстік облыстарда
астық алу үшiн жəне онтүстікте мал азығына арналып егіледі.
Қара нанның өзіндік ерекшеліктері бар. Дəмі қышқыл, иici жақсы.
Қара жұмыс істейтін адамға қара нан көп күш береді. Бұған үйренген
халық оны бидай нанынан да жақсы көреді. Бұдан қызыл уыт алады,
мал азығы жəне құрама жемдердің қоспасы ретінде пайдалануға бо-
лады.
Қара бидай көбінесе, күзде себіліп, ерте көктемде тез өседі.
Сондықтан ерте орылып, көк шөп ретінде пайдалануға өте қолайлы.
Сабаны малға азық, малдың астына төсеуге, қағаз шығаруға, мата
жасауға жұмсалады.
Қара бидайдың ең бір қолайсыз қасиеті, күзде дестеде жатып немесе
қырманда жауынның астында қалса, тез өніп кетеді. Сондықтан мұның
орақтан кейінгі пісу кезеңі өте қысқа немесе жоқ деп те есептейді
Екіншіден, ол орылмай тұрған кезде жаңбыр көп жауса жатып та
қалады, масақтың ішінде тұрып та өнiп кетеді.
Қара бидайдың жержүзіндегі көлемінің 50 пайызға жақыны біздің
елде егіледі. Олар солтүстік жəне орталық облыстарда орналасқан. Қара
бидайдың бір жақсы касиеті, ол тез өсетіндіктен арамшөптерді ерте
192
көктемде өсірмей, тұншықтырып тастайды. Сондықтан оны егістіктер
тазалағышы деп те атайды.