Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет143/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.7.2. Ботаникалық сипаттамасы
Жүгері дəнді дақылдар тұқымдасына жатады. Дəні тары тəріздес 
кіші тұқымдастықка жатады. Біржылдық өсімдік. Мəдени бір-ақ түрi 
бар, ол – eгістік жүгері (Zeae mays). Дəні жалаңаш немесе қауызды.
Жүгеріні сыртқы қабығының барлығына немесе жоқтығына, 
дəнінің пішініне, өсу мepзімінe, түсіне, үстіңгі бетінің формасына, 


203
эндоспермінің ұнтəрізділік немесе мүйіз тəрізділігіне қарай 7 кіші 
түрге бөледі:
Кремнилі 
(Z. m. Indurata) 
жүгері. 
Бұл ат орысша «кремнистая (ку-
куруза)» деген сөзден алынған. Ол сөздің химиялық элемент крем-
нийге ешқандай қатынасы жоқ. Бұл домалақ, жылтыр, эндоcпepмінің 
шет жақтары жарқылдап тұратын, ортасы ұнтəріздес жүгері. Веге-
тация кезеңі 60 күннен 130 күнге дейін созылады. Kөбінесе, тамақ 
өнеркəсібінде пайдаланады. Tүci ақ немесе сары болады.
Тістəріздес 
(Z. m. Iпdeпtata) 
жүгері. 
Дəні ұзыншақ, жоғарғы 
үсті тіс тəріздi. Ол пicкeн кезде дəннің үстінің шөгуіне байланысты. 
Мүйізтəріздес құрылым тек дəннің сыртқы қабаттарында, ал ортасы 
ұнтəрізді болады. Бұған көбінесе, мал азығына пайдаланылатын сорт-
тар мен будандар жатады.
Қуырғанда жарылып, айналып кететін (Z. m. Everta) жүгеріге ұсақ 
дəнді, консистенциясы мүйізтəріздес эндоспермнен тұратын 
кіші 
түрлер 
жатады. Мүйізтəріздес эндосперм қуырғанда қысымға шыдамай бытырап, 
жарылып, ыршып кетеді. Көбінесе, үcтi құстұмсық немесе жайдақ бетті 
домалақ жүгерілер жатады. Бұлар АҚШ пен Мексикада көп егіледі.
Қант 
(Z. m. Saccнarata) 
жүгеріге 
балауызданып пicy кезінде тəтті, 
жұмсақ, ал піскенде үстін əжім басып кететін эндоспермі əйнек тəрізді 
жүгері жатады. Мұның ішінде крахмал жоқ, ол тек декстрин мен қант 
күйіндегі заттардан тұрады.
Крахмалды 
(Z. m. Amylaceae) 
жүгеріге 
домалақ дəнді, ұнтəріздес 
эндоспермді, крахмалы 70-80 пайызға жететін жүгері жатады. Бұл 
жүгеріні крахмал алу үшін пайдаланады.
Балауыз 
(Z. m. Cerdtiпa) 
жүгеріге 
екі қабат эндоспермнен тұратын, 
сыртқы пiшіні балауызға ұқсас, бірaқ қатты, iшкі жағы домалақ крах-
мал түйіршіктерінен тұратын, ұнтəріздес құрылымды жүгері жатады. 
Оның, крахмалы бұтақты молекулалы амилопектиндерден тұрады. 
Амилопектиннің саны 100 пайызға жақын.
Қабықты 
(Z. m. Tunicata) 
жүгері. 
Дəні қабықты. Америкада жабайы 
түрде өседі. Биік өсімдік, 60 см биіктікке дейін ауалық тамыр шығарады.
Осы кіші түрлердің əрқайсысы 5-тен 25-ке дейін түрлер бірiктіреді. 
Қазір 83 түрі белгілі.
Жүгері жылы cүйгіш дақыл. Жер бетінің жылылығы10–12°С-қа жет-
кенде ғана өне бастайды. Бірүйлі бөлек жынысты, шаршы тозаңданатын 
өсімдік. Аталық ұрығы ciңciбac, аналық ұрығы собық. Собығында 300-
ден 1000-ға дейін дəн байлайды. Собықтан дəннің шығымы 60 пайыз 
шамасында. 


204


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет