Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет139/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.6.1. Ботаникалық сипаттамасы
Сұлы дəнді дақылдар тұқымдасына сұлы (Aveпa) тегіне жата-
ды. Түрлері аз. ТМД мəдени өсімдіктері кітабында (1935) 16 түрi бар 
деп көрсетілген. Оның үшеуі – мəдени, басқасы жабайы немесе арам 
шөптер. Мəдени сұлыға – Eгістік сұлы (Aveпa sativa), Византия (A. 
Vizaпtiпa) жəне Құм (A. Strigoza) сұлылары жатады.
ТМД-да тек егістік сұлы өседі. Өзбекстанда, Əзірбайжанда аздап 
Византия сұлысы кездеседі.
Сұлының дəні негізінде қабықты, жалаңаш дəнді түрлері де аздап 
кездеседі.
Сұлының жақын туысы қара сұлы (Aveпa fatua) өте қауіпті жəне 
жа йылып кеткен арам шөп. Оңтүстікте онтүстік қара сұлысы өседі. 
Оңтүстік қара сұлы дəнінің түп жағында таға сияқты таңбасы бар. 
Сондықтан піскеннен кейін төгіліп кетеді. Ал басқа (A. fatua) қара 
сұлысының тізе сияқты бүгілген қылтығыбар. Ол тізенің түп жағы 
спираль түрде ширатылып біткен. Су тисе, таңертең шық түскенде ол 
тарқатылады, ал күндіз кепкенде қайта ширатылады да, өзінің түскен 
жерінен біршама жерге қозғалады. Сондықтан қара сұлы далада 
қозғалып жүреді деп те айтады.
ТМД-да мəдени сұлының мутика, ауреа, аристата сияқты үш түрi 
тараған. Олар бірiнен-бірi сіңсібастарының құрылыстарына қарай 
ажырайды. Олар жан-жағына шашылған немесе атжалды сіңсібасты 
жалаңаш немесе қабықты сұлы болып бөлінеді. Дəндерінің түсі-түрі 
де əртүрлі – ақ, не сары болады. Оның ішінде қызғылт түстілер де 
кездеседі.
Сұлы eгісі жатып қалса, оның дəні сарғайып кетеді. Егер ақ сұлы 
мен сары сұлыны айыру қиын болса, оны азот қышқылының 10 па-
йызды қоспасына 10 минутқа салып, содан кейін кептірсе, 18 сағаттан 
кейін ақ сұлы ақшыл коңыр, сары сұлы – ашық сары болып өзгереді. 
Кейде пicпeй жиналған сұлы көк болып көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет