11.6. Сұлы (Aveпa sativa) Сұлыдан жарма, жаншыма, ұн жəне спирт алады. Оның ұны,
печеньесі жас организмге өте керекті толық бағалы ақуыздарды көп
ұстайды. Малдың жас төліне де өте кажет. Лизинді 0,8-1,92, кейде
8,0 пайызға дейін ұстайды. Сондықтан оны диеталық жəне балалар
тағамына көп қосады.
Сұлы тағамдарын АҚШ, Англия сияқты елдерде тамаққа көп пай-
даланады. Ол адам денесінде майдың майлануын азайтады, ал бұлшық
ет тканьдарын көбейтеді.
Сұлы eгіс көлемі бойынша 5-ші орында. Оның. барлық eгістігінің
жартысы АҚШ-та егіледі, ал ТМД сұлы eгicінің көлемі бойынша 3
орында. Біздің елде сұлының бір гектарынан алынатын өнім 20-30
центнер жəне одан да жоғары болады. Сұлы жылы жəне ылғалды аудан-
дарда жақсы өседі. Сондықтан Прибалтика жəне coғaн жақын аудан-
дарда көп тараған. Аздаған аязға да төзімді, тамыры жер қыртысында
терең орналасқан. Сондықтан су мен қоректік заттарды жердің төменгі
қабаттарынан тартып ала алады.