11.8.2. Ботаникалық сипаттамасы жəне өcipy тəсілдері Күріш тегі дəнді дақылдар тұқымдасына жатады, түрi егістік күріш
(Orusa sativa). Біржылдық өсімдік. Тамырында ауа ұстайтын түтікшелері
бар. Гүл шоқтары ciңсібас. Ол бұтақтардан тұрады. Оның ұшында гүл
орналасқан.
Күріш ылғалдықты, жылылықты cүйетін өсімдік. Сондықтан өніп
шыққан соң піскенше суда өседі. Оны суғарудың көп түрлері бар. Біздің
елде жайып суғару тараған. Жайып суғару:1. Өсімдік барлық уақытта
суда өседі 2. Оқтын-оқтын қайтарып суғару сияқты екі түрлі болады:
Индияда 1000-1200 мм-гe дейін муссон жаңбырлары жауады.
Сондықтан күріш суармай-ақ өседi. Ол үшін осы жаңбыр жауардың
алдында жерді дайындап, eгiп қояды. Бұл жаңбырлы мерзім өткенше
күріш пiciп дайын болады.
Kүріш барлық уақытта суда өсетін болғандықтан піскен кезде
дəнінің ылғалдығы жоғары болады. Сондықтан комбайнмен тура орып-
жинау мүмкін емес. Оны алдымен орып, дестеге салып, кепкен соң жи-
нап бастырады.
Күріш өзімен өзi тозаңданатын өсімдік. Оның дəнінің формасына
қарай индиялық (iпdica) жəне жапониялық (japoпica) деп аталатын eкі
бұтаққа бөледі. Үндістан бұтағына жататын дəн ұзын жіңішке келеді,
ұзынының көлденеңіне қатынасы 3:1; 3,5:1-ге тең, ал Жапония бұтағы
қысқа, олардың қатынасы 1-5:1; 2,9:1-ге тең. Біздің елде Жапония
бұтағы егіледі. Бұл бұтақты кəдімгі жəне желім тəрізді күріш деп eкiгe
бөледі.
Кəдімгі күріш піскенде шашылып тұратын ботқаға, ал желім тəрізді
күріш пісіргенде epiп қою ботқаға айналып кетеді.
208
Күріштің крахмалы көбінесе, амилопектиннен тұрады. Сондықтан
ол йодпен бояғанда коңыр түске боялады.