Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Дəннің құрылысы жəне химиялық құрамы



Pdf көрінісі
бет155/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.9.3. Дəннің құрылысы жəне химиялық құрамы
Қарақұмықтың дəні негізінен үш қырлы, кейде екі, төрт, алты 
қырлары да кездеседі, жалпақ дəнділер де болады. Қабығы қатты, түсі 
сұр, күміс тектес, ақшыл қоңыр, қарақошқыл, кейде қара болады.
Қарақұмықты шаруашылық жағдайында үш топқа бөледі. Олар: 1. 
Ірі дəндер – ұзыны 5,5-6,0 мм, көлденеңі 4,0-4,5 мм, 1000 дəнінің масса-
сы 24-30 г; 2. Ұсақ дəндер – ұзыны 4,5-5мм, көлденеңі – 3,0-3,5 мм, 1000 
дəнінің массасы 12-18 г; 3. Орташа дəндер – осы екеуінің арасындағы 
мөлшерге жатады. Бұл топтарға бөлу, оларды сорттау жəне ақтау техно-
логияларын жасау керек.
Дəннің анатомиялық бөліктері: қабығы 17-25%, қабыршағы 1,5-2,0, 
алайрондық қабаты 4-5, эндоспермі 55-65, ұрығы 10-15% шамасында 
болады.
Қарақұмықты кептіргенде жəне оны ақтау алдындағы ылғал-
дау кезінде эндомпермі қоңыр түске боялып кетеді. Ол оның 
қабыршақтарында сулап қыздырғанда қоңыр түске айналатын пиг-
менттер бар екенің көрсетеді. Эндоспермі ұн тəріздес, бос борпылдақ. 
Сондықтан ақтау кезінде аздап үгіліп кетуі де мүмкін.
Ұрығы өте үлкен, S əрпіне ұқсас, эндоспермнің терең ішінде жата-


213
ды. Қарақұмық дəнінің химиялық құрамы: су – 14, ақуыз – 12, май – 2, 
крахмал – 55, қант – 1,5, клетчатка – 11, күл беретін заттар – 2% ша-
масында. Минералды заттарда Na-40, Ca-120, Mg -258, Fe -17, К- 530, 
мг/100г болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет