11.10.2. Тарының ботаникалық сипаттамасы Тарының 31 түрі бар, оның екеуі ғана мəдени өсімдік. Олар: егістік
тары (panicum miliaceum) – жарма алуға арналған тары. Екіншісі
масақты тары (Setaria italica) – жарма алуда, көктей малға беруге жəне
шөпке жинап шабуға арналған тары. Олар бірінен бірі гүл шоқтары
арқылы айырылысады. Егістік тарының гүл шоқтары сіңсібас, сабақты
тарының гүл шоқтары масақ тəрізді жиналған, яғни əр дəн өзінше өте
қысқа бұтақшада орналасқан.
Егістік тары 5 кіші түрге бөлінеді. Олар бірінен-бірі сіңсібастарының
пішіні арқылы ажыратылады: 1. Бұтақтары жан-жағына бірдей ша-
шыраған; 2. Бұтақтары қысқалау, бірақ шашылып біткен; 3. Бұтақтары
өте қысқа. Сондықтан сіңсібастары масаққа ұқсайды; 4. Масақты тары,
масағы жұмыр; 5. Масағы жалпақтау келген тары.
Тарының дəні домалақ келеді де, түсі əртүрлі болады.
Масақты тарыдан қонақ деп аталатын кіші түрі көп тараған. Бұған
орысша «могор» дап аталатын кіші түрі өте жақын болады. Бұлардың
дəні ұсақ келеді. Сондықтан ауыл шаруашылығында аз тараған, егістік
тары арамшөп ретінде де кездеседі.