Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Дəннің құрылысы мен химиялық құрамы



Pdf көрінісі
бет159/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.10.3. Дəннің құрылысы мен химиялық құрамы
Тарының дəні ұсақ, домалақ немесе аздап сопақтау домалақ болуы 
мүмкін. Олардың үш мөлшері – 2.0; 1,5; 1,2-ден 3,1; 2,5; 2,1-ге дейін 
болады. Ұзыны мен жалпақтығының қатынасы 1,25-кетең.
Жарма жасайтын зауыттарда тарыны 1,6х20 мм-лік елеуіштерде 
елеп, одан 80%-дан көбі өтпей қалса, оны ірі, 80-нен 40-қа дейін өтсе 
орташа, 40% кем болса, ұсақ тары деп есептейді. Ірі дəннен жарма көп 
шығады.
Дəннің түсі ашық сарыдан бастап, ақ, қызыл қоңыр, қызыл, сұр, кей-


215
де қара да болады. Сұр түсті тарының қабығы қалың, ал басқа əсіресе, 
қара, қоңыр түсті дəндерді ақтау өте қиынға түседі. Сондықтан стан-
дарттарда тарының түсіне қарай типтерге бөледі.
Тарының қабығы 12-35 пайызға дейін болады. Ол оның өсіп-өнген 
ауа райына, жер қыртысының құнарына, қолданылған агротехникалық 
шараларға байланысты өзгеріп отырады. Осы аталған жағдайлар 
келіспесе, орысша «остряк» деп аталатын қазақша шөпек немесе 
ұршық дəн деп аталатын тары көбейіп кетеді. Олар сопақ пішінде бо-
лып, жоғарғы шеті үшкір болады.
Тарыдан жарма алғанда түсетін қабықтарында қоректік заттар бол-
майды, тек таза клетчаткадан тұрады. Бірақ оны гидролиз жасап, одан 
бірмолекулалы алты немесе бескөміртекті қанттар алуға болады.
Тарының орташа химиялық құрамы: су – 13,5, ақуызы – 11,2, май 
– 3,8, қант – 2,5, крахмал – 55, клетчатка – 8, күлдік заттар – 3% шама-
сында. Күлдік заттарда K, Ca, Mg, P, Fe көп. Тары дəнінің бір кемшілігі
оның ақуызында лизин аз. Тарының майы тез ашып, қышқылданып 
кетеді. Сондықтан оның жармасын көп сақтауға болмайды, онда тіпті, 
ащы болып кетуі мүмкін. Дегенмен, жарма жасау алдында оның ұрығын 
бөліп, алып тастауға тырысады. Ол ұрықтарды жемге қоспа ретінде не-
месе май алуға пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет