Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет153/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.9. Қарақұмық (Fagopyrum esculentum)
11.9.1. Жалпы сипаттамасы
Қарақұмықтан жарма жəне ұн алады. Оның жармасы адамға өте 
пайдалы диеталық тағам. Оның құрамында лимон, алма, қымыздық 


211
қышқылдары, минералды, фосфор, темір, кальций заттары көп. 
Ақуызының құрамында лизиннің мөлшері 8%-ға дейін жететін 
болғандықтан, олар тамақты жақсы сіңіруге көмектеседі. Денсаулық 
сақтау мамандарының мəлімдемесіне қарағанда қарақұмық ақуызы 
өзінің сіңімділігімен жəне басқа да қасиеттеріне байланысты дəнді 
дақылдардың ақуызынан əлдеқайда пайдалы, толық құрамды. 
Қарақұмық ақуызы ерігіш келеді. Таза суға еритін альбуминдер 
58%, ал тұзда еритін глобулиндер 28%-ға жетеді. Ал оны бидаймен 
салыстырсақ, осы ақуыздар бидай дəнінде 5,2-5,8 %-ы ғана болады. 
Қарақұмықтың ұрығында тиамин, рибофловин, ниацин дəрумендері 
көп жəне ол эндоспермнің орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан оны 
ақтап жарма алғанда осы пайдалы заттар жарманың құрамында қалып 
қояды.
Қарақұмық гүлдерінен аралар бал жинайды. 
Қарақұмықтың сабағы да пайдалы. Онда рутин көп, сондықтан 
одан Р дəруменін алады. Оның тағы бір медициналық қасиеті, оның 
құрамында болатын лецитин заттары қан тамырының ауруы холесте-
ринге қарсы тұра алады.
Қарақұмықтың сабаны мен топанын мал азығына пайдаланады. 
Онда калий көп, сондықтан оның күлінен поташ (сақар – сабын алуға 
арналған химиялық қоспа) алуға болады.
Қарақұмықтың өсу дəуірі ерте басталып ( өнгеннен соң 60-70 күннен 
бастап) гүлдейді де, қысқы аяз басталып үстіне түскенше созылады. 
Ең алғашқы пайда болған дəндері ірі, бірақ аз болады. Сондықтан да 
бал алуға, қыста үсіп кеткен күздік егістіктердің орнына себуге неме-
се малға көк балауса ретінде пайдалануға өте қолайлы. Қарақұмықтың 
тамыры жер қыртысындағы күрделі фосфор қоспаларын тез арада 
қоректік заттарға айналдырады. Оны айдап тастаса, тыңайтқыш та бола 
алады. 
ТМД елдерінде қарақұмық көп егіледі. Оның 70%-ы Ресейде, 20%-ы 
Украинада, 5%-ы Беларусия мен Қазақстанда себіледі. 
Басқа елдерде – АҚШ-та, Канадада, Францияда, Польшада, Герма-
нияда оның егістігі едəуір көлемде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет