218
жаңғақ жəне жаңа дақылдар – кептер бұршағы, канавалия жəне винга
жатады.
Барлық бұршақ жемісті дақылдар Fabales ретіне жатады.
Бұған бұршақ жемісті үш тұқымдас: ноқат немесе көбелек тəрізді
тұқымдастығы кіреді.
Бұршақ тұқымдастардың ерекшелігі
оның құрамында ақуыз көп
жəне адамға керекті барлық амин қышқылдар толық жеткілікті болады.
Сондықтан бұл ақуыздарды толық бағалы ақуыз деп айтады. Олар амин
қышқылдық құрамы бойынша мал етінің ақуызымен бірдей. Оның
екінші бағалы қасиеті тамырында жемістік бактериялар бар. Олар
ауадағы азотты өзіне сіңіріп алып, жердің құнарлығын арттырады.
Ауыл шаруашылығындағы оның ең бір кемшілігі сабағы жерге
төселіп өседі, де жинау өте қымбатқа түседі.
Бұршақ
жемістері сорпа, ботқа, соус, пюре, кофе шығаруға, консерві
жасауға пайдаланылады. Бұршақтан жасанды ақуыздар да алады. Одан
ұн тартып, оны ет шұжықтарына қосады. Үрме бұршақты көктей жеуге
де болады. Бұршақтың жемісінде дəрумендер көп.
Сондықтан көптеген
тағамдардың сапасын көтеруге де пайдаланады.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктерді жəне оның жемісін бұдан былай
«бұршақ» деп бір сөзбен ғана атайтын боламыз.
Бұршақ мал азығына көктей, дəн күйінде, сабан күйінде пайдалануға,
сүрлем салуға жарайды.
Көктей айдап тастап, тыңайтқыш ретінде де
пайдаланды. Соя мен ноғаттықтан пластмасса жəне жоғарғы сорт-
ты желім алады. Соя мен жер жаңғақ ақуыздарымен қатар,
көп май
ұстайды. Сондықтан олардан тамақ майларын алады. Сояны ет орнына
пайдалануға да болады. Одан сүт, ірімшік те алады.
Жер шарында соя көп тараған. Ол, егістік көлемі бойынша, бұршақ
тұқымдастары арасында бірінші орынды алады. Екінші орында үрме
бұршақ, үшінші
орында жер жаңғақ, одан кейін асбұршақ, ноқат, т.б.
таралған.
Қазақстанда ноқат дақылдары ең көп таралған. Ол ерте піседі.
Сондықтан барлық бұршақ егістіктерінің 50%-ын осы дақыл ала-
ды. Одан кейін сиыр жоңышқа, ал үшінші орында соя егіледі. Соядан
басқалары түгел солтүстік облыстарда аудандасқан.
Бұршақтың дəні екі жарнақты. Ол
қатты, су өткізбейтін қабыршақпен
қоршалған. Екі жарнаға «рубчик» деп аталатын мүше арқылы түйіседі.
Міне, осы жерде микропиле тесігі бар. Тек сол тесік арқылы ғана су
дəннің ішіне кіре алады.