230
Гүлі жапырақ қойнауында орналасқан. Түсі ақ, қызыл, көк немесе
сарғыш жасыл болады. Бұршағы қысқа, қомақты, ромбыға ұқсас. Əр
бұршаққа 1-ден 3-ке дейін дəн байланады. Дəні сары немесе күлгін
түсті пішіні қойдың басына ұқсас. Сондықтан қойбас бұршақ деп те
атайды. Дəннің екі жарнағы сары түсті. Мың дəннің массасы 200-300 г.
«Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу инс-
титуты» ЖШС ғалымдарымен нуттың «Камила 1255» жəне «Икарда 1»
жаңа сорттары шығарылған.
Камила 1255 сорты 2000 жылдан бастап Алматы, Жамбыл, Қостанай
жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында пайдаланыла бастаған,
түсімділігі 42,8 ц/га. Ал Икарда 1 сорты 2007 жылдан бастап Алматы,
Жамбыл жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында егуге рұқсат берілген.
Нуттың жаңа сорттарына «Волгоградский 10» (1990) жəне
«Жаңалық» (2010) сорттарын жатқызуға болады.
Ноқатқа екі стандарт жасалған. «Ноқат. Техникалық шарттар» деп
аталған. Онда ноқатты дайындаған жəне зауытқа немесе басқа жаққа
жіберген кезде қойылатын шартты межелер көрсетілген. Стандарт бо-
йынша дəннің түсіне қарай екі тип белгіленген: 1. Тамақтық – ақ түстен
сары қызылға дейінгі түсті, 2. Жемдік – қоңыр, қара түсті.
Достарыңызбен бөлісу: