Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жем бұршақ (жылқы бұршақ, орыс бұршақ, боб, т.б.)



Pdf көрінісі
бет173/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.12.9. Жем бұршақ (жылқы бұршақ, орыс бұршақ, боб, т.б.)
(Vicia faba)
Бұл текке көптеген, əлі тексеріліп болмаған, бұршақ тұқымдастардың 
түрлері жатады. Жем бұршақ тегінен тек бір ғана кəдімгі бұршақ деп 
аталатын түрі егіліп жүр. Ол түрдің Eu faba түрі тамақ өндірісінде жəне 
мал азығы ретінде де пайдалануға қолайлы екені анықталған. Оны 
өзінің пайдалану орнына қарай екі топқа бөледі: 1. Ірі дəнді жембұршақ 
немесе бақшалық жембұршақ тобы тамақ өнеркəсібінде; 2. Ұсақ дəнді 
далалық тобы мал азығына пайдаланылады.
Жембұршақтар бір жылдық өсімдіктер. Сабағы төрт қырлы, кіші 
қуыс, жалаңаш, түбінен бұтақтап тік өседі. Биіктігі 90-180 см.
Гүлі ірі, ұзыны 2,5-3,5 см, қара шұбар ақ түсті желкенді, желкенінде 
қоңыр салалары бар, аздап хош иіс бөледі.
Бұршағы түзу немесе аздап қисайған жапырақ қолтығына 
орналасқан. Бұршақтарының ұзындығы 4-30 см-ге дейін. Оның ішінде 
3-4 дəн орналасқан. Дəні өзінің түсіне, пішініне, мөлшеріне қарай 
əртүрлі. Ұзыны 0,5-4 см-ге дейін. Ұзын дəн жіңішке, қысқа дəн жуан 
не жалпақ болады. Түсі ашық сарыдан қара түске дейін ауысады. 


231
Кейбіреулері қара шұбар келеді. Егер көп жатып қалса ақшыл дəндер 
қарайып та кетеді. Мың дəнінің массасы 180-2550 г-ға дейін. Міне, осы 
көрсеткіштеріне қарай оның дəндерін үш топқа бөліп сорттайды: 1 топ 
– ірі дəннің массасы 1100-нан жоғары, 2 топ – орташа ірі дəндер мас-
сасы 700-1100 г-ға дейін, 3 топ – ұсақ дəнді мың дəнінің массасы 700 г 
төмен болса.
Жем бұршақ ТМД-ның барлық аймақтарында, əсіресе, Қиыр 
Солтүстік, биік таулы өлкелерде көбірек орналасқан. Бірақ бақшалық 
жем бұршақ аз егіледі, ал далалық малазықтық жем бұршақ көп өріс 
алған. Оның кіші түрлері Қазақстанның таулы аудандарында жоғары 
өнім береді. Оның дəнінде ақуыз көп. Ақуызының құрамында барлық 
малға керекті амин қышқылдары бар. Ақуызы толық бағалы, құнарлы, 
суда жақсы ериді.
Мұның бағалы сорттарына Аушра 22, Бұрышты 56, Уладов көлгіні, 
Примус, т.б. жатады. Бақшалық сорттардан Беларусь, Русские черные
Биндзор ақ дəнді,Биндзор жасыл дəнді атты сорттар егіледі.
Стандарт. «Жем бұршақ» дайындағанда жəне басқа жерге жібергенде 
қойылатын шарттар». Мұнда дəнді қабылдау, күрделі жемдер жасайтын 
зауыттарға жемге жəне басқа да керектерге пайдаланғанда қойылатын 
шатты межелер белгіленген. 
Оны екі типке бөлген: 1. Ірі дəнді тамаққа жарамды тип – ұзыны 15 
мм жоғары; 2.Ұсақ дəнді жемге арналған жем бұршақ-ұзыны 15 мм-ден 
кем. Олар екі тармаққа: 1. Ұсақ жемдік қоңыр түсті; 2. Қара, қоңыр, 
күлгін, қызыл дəнді жем бұршақтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет