234
қалған қалдықтарын да 8-ден 10 пайызға дейін май, 30-35 пайыз ақуыз
қалады, ал майы экстракция əдісімен органикалық
еріткіштерді пайда-
ланып, ерітіп бөліп алғанда, одан шрот сығынды деп аталатын қалдық
қалады. Онда 3 пайызға жақын май, 20-дан 50
пайызға дейін ақуыз
қалады. Бұл қалдықты малға жем ретінде пайдалану өте тиімді.
Майлы тұқымды өсімдіктердің кейбіреулері – күнбағыс, саф-
лор, майкене, рапс, қышыбас, арыш, күнжітті тек май алу үшін ғана
өсіреді, ал мақта, зығыр, сора, кенеп, кендір, сияқты өсімдіктерді
негізінде жіп талшықтарын алу үшін өсіреді де,
ұрықтарын май алуға
пайдаланады. Ал олардың қалдықтары, мысалы, «пакля» құрылыста
қолданылады.
Майлы дəнді дақылдар əртүрлі тұқымдастарға жатады. Күнбағыс,
мақсары – күрделі гүлділер, майкене – сүттіген, қыша, рапс, қышабас,
арыш, шаршы гүлді өсімдіктер, зығыр, сора – қалақай,
мақта мальва,
көкнар, күнжіт, соя мен жер жаңғақ бұршақ тұқымдастарына жатады.
Сондықтан олардың дəндерінің пішіні, түсі, мөлшері, химиялық құрамы
жəне құрылысы өзгеше болып, біріне-бірі ұқсамайды. Тек қана олардың
құрамында майдың көп болуы ғана ортақ көрсеткіш болып есептеледі.
Олардан алынатын майдың құрамы да, қасиеттері де əртүрлі болады.
Олардың химиялық құрамы жəне сапалық көрсеткіштері «Астық био-
химясы» пəніне толық беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: