11.14. Күнбағыс (Helianthus) Ботаникалық сипаттамасы. Күнбағыс тегі күрделі гүлді тұқымдастарға
жатады. Бұл текке 80-ге жақын көпжылдық жəне біржылдық өсімдіктер
түрлері кіреді. Біржылдық өсімдіктерден тек жалғыз майлы күнбағыс ғана
егіледі. Ал көпжылдық түрлерінен топинамбур немесе жер алмұрты деп
аталатын түрі еліміздің оңтүстік облыстарында, Балтық маңы, Ресейдің
орталық жəне батыс облыстарында мал азығына арнап өсіреді. Оның та-
мырында картоп сияқты түйнектер пайда болады. Онда көптеген қоректі
заттар жиналып, екінші жылы одан жаңа өсімдіктер өсіп шығады. Ол
түйнектерді мал азығына, ал өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерін сүрлем
салуға пайдалануға əбден жарамды.
Майлы күнбағыс өзгеріп тұрады. Одан кейде мəдени күнбағыс жəне
жабайы күнбағыс пайда болуы да мүмкін. Мұның себебі ол – шаршы
тозаңданатын өсімдік. Сондықтан оның линиялық тазалығын сақтау өте қиын.
Мəдени күнбағыс екі кіші түрге далалық майлы кіші түр жəне сəндік
гүл ретінде егуге арналған кіші түр болып бөлінген.
36-кесте