Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-тарау ӨСІМДІК ЖƏНЕ ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНАН



Pdf көрінісі
бет18/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

3-тарау
ӨСІМДІК ЖƏНЕ ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНАН 
ҚЫСҚАША МАҒЛҰМАТ
3.1. Жер қыртысының құнары
Жер – адамзат үшін баға жетпес байлық. Жер болмаса адам баласы, 
тірі жəндіктер жəне өсімдіктер де болмаған болар еді. Өсімдік жердің 
тек жоғарғы кабатында ғана өседі. Осы өсімдік өсетін жердің жоғарғы 
қабатын жер қыртысы деп атайды. Ауылшаруашылық дақылдарының 
өнімі осы жер қыртысының құнарлылығына байланысты.
Жер қыртысының құнарлылығы деп оның осы өзінде өсетін 
өсімдіктерді оған керекті барлық қоректік заттармен қамтамасыз ете 
білу қабілетін айтады. Жер қыртысының кұнарлылығына онын қоректік 
заттарға байлығы, ылғалдығы, жылулық пен ауанын бар болуы сияқты 
тағы баска да өсімдіктер өміріне керекті жағдайлардың болуы кіреді.
Құнарлылықтың ең басты көрсеткіші – жер қыртысындағы гумус (кара 
шірік) деп аталатын органикалық заттардың шала шіріген қалдықтарынан 
тұратын түйіршіктер. Егер жер қыртысында осы түйіршіктер көп болса, 
оның өз ішінде ылғал, ал олардың аралықтарында ауа жақсы сақталады. 
Адам өзінің күнделікті кызметі арқылы оны жақсартуға мүмкіншілігі 
бар. Осы аталған керекті жағдайлар толық болса, ғана өсімдік көп өнім 
бере алады. Сондықтан егін шаруашылығындағы басты міндет жердің 
құнарлылығын үнемі жақсартып отыру болып есептеледі. Мұны табиғи 
мүмкіншіліктерге сай істеген жөн.
Жер қыртысы неше мыңдаған жылдар бойы, ауа, су, жылу 
мен суықтың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілігі 
арқасында қалыптасқан жаратылыс байлығы. Өсімдік қалдықтары 
микроорганизмдердің тіршілігі арқасында гумусқа айналады. Бұған 
жер қыртысындағы минералды тұздар да қатысады.
Табиғатта зат алмасу үнемі жүріп тұрады. Осы зат алмасуды адам өз 
игілігіне пайдалану өте кұрметті міндет деп түсінуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет