Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет19/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

3.2. Егін шаруашылығын химияландыру
Жер қыртысында қоректік заттар көп. Бірақ олар өсімдікті 
керекті барлық заттармен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан оның 


35
құрамын зерттеп, жетіспейтін қоректік заттарды жасанды түрде енгізу 
қолданылады. Егін шаруашылығында егіннің арам шөптерімен, зиянды 
жəндіктермен жəне өсімдік ауруларымен күресуге де химиялық заттар 
қолданылады.
Жердің құнарлылығын көтеру минералды жəне органикалық 
тыңайткыштарды беру арқылы жүргізіледі. Əсіресе, органикалық 
тыңайтқыштар – көң, торф, компост сияқты заттар өсімдік 
қалдықтарынан тұратын болғандықтан, өте тиімді болады. Олар бірден 
жердің құнарлылығын, құрылымын жақсартып, ондағы пайдалы 
жəндіктердің көбеюіне, суды ауаны жеткілікті түрде сақтап, жердің жы-
лы болуына көмектеседі. Қазіргі кезде барлық аймақтарда агрохимия-
лық қызметін атқаратын станциялар, зертханалар жұмыс істейді. Олар 
жерде қанша минералдық заттар бар екенін, қандай өсімдікке оның 
қандай түрі жетіспейтінін анықтап, диқаншыларға тыңайтқыштарды 
тиімді пайдалану туралы ұсыныстар береді. Бұл ұсыныстарды пай-
даланып, өсірілген егін ең аз дегенде, əр гектарынан 1,0-1,5 центнер 
қосымша астық өндіруді қамтамасыз етеді, оның сапасын жақсартады. 
Мысалы 1 т азот ұстайтын тыңайтқыш астық дəнінде болатын сағыздың 
көлемін 1 т-ға дейін өсіреді.
Ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыштардан азоттық, 
фосфорлық, калийлық жəне микроэлементтерден тұратын 
тыңайткыштар қолданылады. Олардың ішінде азот селитрасы, аммо-
ний сульфаты, суперфосфаттардың түрлері, олардың қоспалары көп 
тараған. Оларға гербицидтер қосылуы да мүмкін.
Елімізде тыңайтқыштар көп шығарылады, оның ішінде Жамбыл 
фосфор зауыты көрнекті орын алады.
Минералды тыңайтқыштарды нормадан артық қолдану теріс 
нəтиже беруі де мүмкін. Астықта артық, сағыздың құрамына кіре ал-
май қалған нитраттар, тағы басқа да керексіз заттар адам мен малдың 
денсаулығына зақым келтіреді. Сондықтан оларды тек қана ғылыми-
зерттеу мекемелерінің ұсыныстарына сəйкес пайдалану керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет