32
еске алынады. Көпшілік өсімдіктер тозаңдау кезінде өзінің керекті
тозаңдандыратын өсімдіктерінің тозаңын таңдап ала біледі. Бұл таңдау
бір масақтың ішінде де жүре алады. Сондықтан бір масақтың ішіндегі
дəннің өзі əртүрлі болуы да ықтимал.
Астықтың аналық (матрикалдық) əртүрлілігі дəннің масақтың қай
жеріне орналасуына байланысты. Бір масақтың көлемінде дəннің
əртүрлі болуы оның қоректік заттармен əртүрлі қамтамасыз етілуіне
байланысты болады.
Астықтың экологиялық жағдайларға байланысты əртүрлі сапада
болуы ауа райының жəне басқа да табиғи өзгерістермен түсіндіріледі.
Қолайсыз жағдайлар дəннің сыртқы, ішкі құрылыстарының, химиялық
кұрамының өзгеруіне əкеліп соғады. Осы себептер ауыл шаруашылығы
қызметкерлерінің əрекеттеріне де байланысты болады. Өсімдіктің
күтімі жақсарса, оның сапасы да кенет өзгереді.
Өсімдіктің өсіп-өнуі жəне даму кезеңдері.
Əр өсімдік түрінің өсіп-
өнуі жəне даму кезеңі əртүрлі болады. Ол тұкымның өніп, жер бетіне
шығуынан бастап, жаңа дəн беруіне дейін созылады. Іс жүзінде ол астық
оруға дейін созылады. Өсімдіктің өсіп-өнуі жəне даму кезеңі Қазақстан
территориясында: күздік бидай – 275–350, жаздық бидай – 85-тен 120,
күздік қара бидай – 270-370, жаздық қара бидай – 100-140, жүгері –
85–140, сұлы – 93–103, арпа – 80-100, тары – 90-120, күріш – 90-130,
бұршақ – 85-120, күнбағыс – 75-160 күнге жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: