25
биохимиялық реакциялардың жүруіне, протоплазманың жəне оның
ішіндегі заттардың қозғалуына пайдаланылады.
Тыныс алу от болып жануға ұқсас, яғни бұл үдеріс жүрген
кезде
жылу бөлініп шығады. Бірақ фотосинтез бен тыныс алу үдерістерінің
арасында əжептəуір айырмашылықтар бар. Өсімдіктің тыныс
алу үдерісі тек қана ферменттердің (НАД, НАДФ) қатысуымен
ақырын жүреді. Тыныс алудың қарқыны өсімдіктің əртүрлі
орган-
дарында əртүрлі болады. Жас органдарында, тұқым өнгенде ол өте
жоғары қарқынды жүреді де, кəрі органдарда
олардың қарқыны өте
төмендейді, жоқтың қасы болады. Тыныс алудың астық сақтауда
маңызы зор. Құрғақ дəннің салқын ауада тыныс алуы жоқтың қасы,
ал оның ылғалдылығы мен температурасы
көтерілген кезде тыныс
алудың қарқыны да күшейе түседі. 1 кг құрғақ дəн тəулігіне 0,3-
0,4 мг көмір қышқылын бөледі, ал оның ылғалдылығы көбейсе,
бөлінетін көмір қышқылының көлемі 2000
мг-ға дейін жетеді, де-
мек, оның қарқыны бірнеше мың есе өседі. Тыныс алу үдерісіне
дəннің қоректік заттары пайдаланылып, астықтың салмағы кемиді.
Сондықтан фотосинтез қоректік заттардың қорын көбейтсе, тыныс
алуды азайтады. Бірақ ол тірі организмге өте керекті үдеріс, онсыз
өмір болмайды. Сондықтан бұл екі үдеріс өмірдің екі саласы болып
есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: